Зерттеу пәнін анықтау Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау Зерттеу тақырыбын айқындау Географиялық мониторинг әдістері



бет10/63
Дата17.01.2023
өлшемі1.55 Mb.
#61591
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   63
Microsoft Excel. Оны 1979 жылы экономика маманы болуды мақсат еткен Гарвард студенттері Даннэль Бриклин мен Боб Френкстон ойлап тапқан. Тарихта бірінші рет электронды кесте бағдарламасын жасап, оны VisiCalc (Көрсеткіш калькулятор) деп атады. 1982 жылы алғаш рет электрондық кесте жасай алатын Multiplan процессоры шығарылды. Қазіргі Excel -дің алғашқы нұсқасы 1985 жылы, ал бірінші Windows 1987 жылдың қараша айында АҚШ-та қолданысқа берілді.
Кестелік құрылымды құжаттармен жұмыс істеуге арналған кең таралған құралдардың бірі - Microsoft Excel бағдарламасы. Ол негізінен сандық мәліметтермен жұмыс істеуге арналған.
«Ақпарат» сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген мағынасын білдіреді. Бүгінгі таңда ақпарат күнделікті тұрмыста, ғылымның барлық саласында кеңінен қолданылады.
Географиялық деректерді визуализациялау
Географиялық деректерді визуализациялау – компьютерлік технология көмегіменцифрлық ақпараттар мен физикалық құбылыстарды байқау, бақылау және талдау үшін қолайлы сипатта берудің ең қажетті және тиімді әдіс-тәсілдерінің жиынтығы.
Визуализациялау үшін түрлі әдістер - 2D және 3D өлшемді бедерлі карталар. цифрлық анимация. көлемді бейнелер, диаграммалар жасауда кеңінен қолданылады.
Карта бетіндегі статистикалық мәліметтерді визуализациялау көме-гімен берудің ең маңызды әдістерінің бірі - картограмма мен картодиаграмма жасау.
Картодиаграмма әдісі - абсолюттік статистикалық мәліметтерді әкімшілік бөліну бірліктері бойынша картограмма түрінде көрсету. Диаграммалар әртүрлі геометриялық пішіндер түрінде беріледі: шеңбер, квадрат, үшбұрыш, бесбұрыш. Сондай-ақ бағаналы диаграммалар да кеңінен қолданылады. Картодиаграмма картограмма әдісімен салыстырғанда нақты әрі көбірек ақпарат бере алады.
Картограмма әдісі деп географиялық картада салыстырмалы ста- тистикалық көрсеткіштердің нүкте және түс қанықтығы бір-бірінен ажыратылатын бояумен берілуін атайды. Картограммалар фон құраушы және нүктелік болып бөлінеді.
Фон құраушы картограммадағы штрих немесе бояу түсінің қоюлануы бір әкімшілік бөліну бірліктері бойынша көрсеткіш мәнінің жоғары екенін айқындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   63




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет