Зерттеу пәнін анықтау Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау Зерттеу тақырыбын айқындау Географиялық мониторинг әдістері



бет5/63
Дата17.01.2023
өлшемі1.55 Mb.
#61591
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
Географиялық сараптама әдістері
Географиялық сараптаманың ерекшеліктері. Географиялық сараптама жүргізу үшін аумақтық мәселелер таңдалып, география ғылымы тұрғысынан негіздеме беріледі. Бұл мәселелер көбінесе аумақтарды игеру, жаңа кәсіпорындар мен жолдар салу, табиғат қорғауға қатысты болады.
Географиялық сараптама жүргізудің бірқатар шарттары бар. Географиялык сараптамалар сппатына байланысты экологиялық-географиялық және экономикалық-географиялық болып бөлінеді.
Сараптама әдістері. Сараптама зерттеу нысаны мен мақсатына сәйкес әртүрлі (географиялық, техникалық, экологиялық, медициналық және т.б.) болады. Сараптама нәтижелері қорытынды түрінде рәсімделеді. Сараптама жеке және топтық болып екіге бөлінеді. Жеке сараптама сарапшылардың тәуелсіз көзқарасына негізделеді.
Дельфи әдісі - топтық сараптаманың ен кең тараған түрі Ол белгілі бір оқиғаның ықтималдығын анықтау және бағалау үшін қажет. Дельфи әдісі 1964 жылы америкалық зерттеу орталығы «РЭНД» корпорациясында (ағылшынша «Research and Development» тіркесінен құралған) негізделген болатын. Дельфи әдісінің ерекшеліктері: көп деңгейлілігі, жасырындылығы, сырттай жүргізуге болатындығы, салыстырмалы түрде әділдігі. Ен соңғы кезенде шешімдер жарияланады.
Миға шабуыл әдісі ұжымдық идеялардың генерациясы (жинақталуы) арқылы жүзеге асырылады. Әдістің атауының өзі осыған байланысты шыккан.
Дельфи әдісімен сараптама жасау кезеңдері: сарапшылар тобын құру, мәселені әр сарапшының тәуелсіз қарастыруы, сарапшылардың жауаптарын талдау, нәтижелерді жалпылау, шешім қабылдау, нәтижелерді жариялау.
Белгілі бір мәселенің шешімін табу мақсатында мамандар тобының ойлау қабілетін арттыру арқылы жаңа идеялар жинакталады. Зерттелетін нысанның дамуы мен оған баға берудің варианттары ұсынылып, талдау жүргізіледі. Миға шабуыл әдісінің ұйымдастырылу сипаты жағынан бірнеше түрі болады.

Географиялық аудандастыру әдістері
Аудандастыру географиядағы маңызды әдістер қатарына жатады. Аудандастырудың ғылыми негіздері XVIII ғасырдын соны мен XIX ғасырдың басында қалыптасты. Аудандастыру арқылы аумақтағы географиялық жағдайлары ұқсас бөліктер жүйеленіп, өзіндік әркелкіліктері бар аумақтық жүйелер айқындалады. Аудандастыру негізінде географиялық кеңістік жіктеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет