Қ ұ р ы л т а й ш ы : Казақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет6/25
Дата03.03.2017
өлшемі2,35 Mb.
#6453
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

Литература
_______________________________
1 Самаркин В.В. Историческая география западной Европы в средние века. – М.: Высшая школа, 
1976. – 249 с. 
2 Ртвеладзе Э.В. Этюд по исторической географии Бактерии и Согдианы во время походов Алек-
сандра Македонского // РАН Вестник Древней истории. – М.: Наука. – 2000. – № 4. – С. 104-109.
3 Стеблена-Каменская М.И. К истории восстания султана Кенесары Касымова. // Исторические 
записки. – М.: Наука. – Т. 13. – 1942. – 243 с.
4 Бекмаханов Е.Б. Казахстан в 20-40-е гг. ХІХ в. – Алма-Ата: Наука. – 1947. – 229 с.
5 Бекмаханов Е.Б. Казахстан в 20-40-е гг. ХІХ в. – Алматы: Қазақ Университеті, 1992. – 400 с.
6 Галиев В.З. Начальный этап национально-освободительного движения под предводительством 
Кенесары Касымова // Отан тарихи. – 2006. – №1. – 224 с.
7 История Каркаралы в документах и материалах. Алматы: Мектеп, 2009. – Т. 2. Каркаралинский 
внешний округ. – 494 с.
8 Дильмухамедов Е.Д. Восстание казахов под руководством Кенесары Касымова в 1837-1847г. 
– Алматы: Print, 2010. – 200 с.
9 Национально-освободительного борьба казахского народа под предводительством Кенесары 
Касымова. Сборник документов. – Алматы: Гылым, 1996. – 426 с.
10  Рязанов  А.Ф.  Восстание Кенесары Касымова (1837-1847). Исторический очерк. –  Алма-Ата: 
Айкап, 1993. – 32 с.
11 История Казахстана с древнейших времен до наших дней. В пяти томах. – Алматы: Атамура, 
2000. . – Т. 3. – 768 с.
12 Середа Н. Бунт киргизского султана Кенесары Касымова (1838-1847). – Уральск: отд-ние Каз-
фонда культуры «Диалог», 1992. – 216 с.
13 Серебренников А.Г. Сборник материалов для завоевания Туркестанского края. – Ташкент: 
Типо-лит. В.М. Ильина, 1912. – Т. 2. – 321 с. 
Түйін
Мақалада Кенесары Қасымұлы көтерілісіне географиялық ортаның әсері қарастырылған. Жалпы 
географиялық  әдісті  пайдалана  отырып  тарихи-географиялық  тұрғыда  қарастыру  арқылы  аталған 
тақырыпты  жаңаша  зерттеуге  болады.  Себебі  табиғат,  қоршаған  орта  қоғамның  дамуына  әсерін 
тигізеді.  Аумақ  ұлт-азаттық  күрес  аймағы  ретінде  және  кез-келген  көтерілістің  маңызды  саяси  көзі 
болып  табылады.  Географиялық  қоршаған  орта  тарихи  даму  үдерісіне  өзіндік  із  қалдырады,  оны 
жылдамдатады немесе баяулата отырып оның жергілікті ерекшеліктерін құрайды. Дегенмен ол оны 
түбегейлі өзгерте алмайды. 
Summary
The  article  examines  the  influence  of  geographical  environment  on  the  uprising  Kenesary  Kasimov. 
Historical-geographical  approach  to  the  use  of  general  geographic  method  allows  for  -  the  new  highlight 
this theme. Thus, the nature, the environment involved in the development of society. The area serves as the 
scope of the struggle of national liberation movement and is an essential resource for any political uprising. 
Geographical environment has a certain effect on the process of historical development progress uprising, 
speeding up or slowing it down, forming its specific local circumstances, but it can not radically change the 
thread of it.
46

ӘӨЖ 94(574)
С.К. РҮСТЕМОВ
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Сыртқы байланыс,
ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д., доцент
1916 ЖЫЛҒЫ БОСҚЫНШЫЛЫҚ
Аннотация
Мақалалда  1916  жылғы  көтерілісті  патша  өкіметінің  басып-жаншуы  нәтижесінде  Шығыс 
Түркістанға босып барған қазақтардың тақсіреті және олардың 1917 жылғы ақпан революциясынан соң 
елге оралу мәселесі қарастырылған.  Мұрағат деректері, мерзімді басылымдардың мәліметтері және 
жарияланған құжаттар негізінде жазылған мақалада босқындарды қазақ жеріне көшудің ауыр жүргені 
және босқындарға көмек көрсету үшін халықтың көмек ұйымдастыру жайы баяндалған. Автор Жетісу 
өңірінен Шығыс Түркістанға ауып арған 300 мыңға жуық қазақ-қырғыз босқындарының жартысына 
жуығы    Уақытша  үкімет  кезінде  елге  оралғанын  және  бұл  оралған  босқындардың  өз  жерінде  де 
қиыншылықтарға тап болғанын негіздейді. 
Түйін сөздер: көтеріліс, босқын, ашаршылық, Жетісу, Шығыс Түркістан, Шыңжаң.
1916 жылы 25 маусым күнгі «бұратана» ер азаматтарды тыл жұмысына «реквзициялау туралы» 
патшаның  25 маусым күнгі жарлығының түрткі болуымен шілде айында басталған толқулар тамызда 
Орталық  Азияның  басым  бөлігін  қамтыған  қарулы  көтеріліске  ұласты.  Патшалық  Ресей  бірінші 
дүниежүзілік  соғыс  майдандарында  әскери  қимылдар  жүргізіп  жатқанына  қарамастан  көтерілісті 
басуға қаруланған жазалаушы отрядтар шығарып, Түркістан өлкесінде әскери жағдай жариялады.
Көтеріліске  қатысушылар  мен  оған  қолдау  көрсетушілерді  жазалау  қанды  қырғынға  ұласып, 
жергілікті халық өкілдерін көршілес елдерге өтіп кетуге мәжбүр етті. Мұндай жағдай басқа өңірлерге 
қарағанда Жетісуда айқын аңғарылды. 
95  рота,  24  казак  жүздігінен  тұратын,  16  зеңбірегі  мен    47  пулеметі  бар  жазалаушы  отрядтар 
Жетісудағы қазақтар мен қырғыздардың 94 ауылын ойрандап, 5377 үйін өртеп, 1905 адамын өлтіріп, 
684-ін жаралап, 1105 адамын тұтқынға алды [1, с. 290-297]. Мұнымен қоса патша өкіметі шенеуніктері 
тарапынан қолдау мен қорғауға ие болған орыс қоныс аударушылары қарулы топтар құрып, қазақ пен 
қырғызды  қырып  жатты.  Кінәлі  ме,  жоқ  па  деп  қарап  жатпай  атып  кету,  өлтіріп  тастау,  тіпті,  бала-
шағасымен қырып жіберу жиі орын алуына орай бас сауғалаған  300 мыңға жуық адамды құрайтын 
жетісулық  қазақтар  мен  қырғыздар  Қытай  жеріне  асты.  Соның  нәтижесінде  1916  жылдың  соңына 
қарай  қазақтардың  үлес  салмағы    Жаркент  уезінде  73%-ға,  Лепсі  уезінде  47%-ға,  Верный  уезінде 
45%-ға азайды [2, с. 162]. Кейбір болыстықтарда қазақ түтіндерінің саны бірнеше есеге кеміп кетті. 
Мәселен, Верный уезіне қарасты Қызылбөрік болыстығындағы 1129 түтіннен 263 ғана қалып, түтін 
саны 4 еседен астамға қысқарды [3, 6-п.].
Орталық  Азияда  көтерілістің  орын  алуы    Ресейдің  халықаралық  беделіне  белгілі  дәрежеде  өз 
нұқсанын тигізді. Көтеріліс басталған кезде Үрімжідегі қытайлық азаматтар арасында Ресей бірінші 
дүниежүзілік  соғыста  жеңіліс  тауып  жатқандықтан  қазақтарды  мобилизациялауда  деген  пікір 
қалыптасып, Ресейдің консулдығы қызметкерлеріне менсінбей қараушылық белең алды [4, с. 265]. 
Бұл жағдайды Жетісудан ағылған босқындардың Қытай жеріне келуі күрделендіре түсті.
Қытайға қазақтар мен қырғыздар ғана емес, майданның қара жұмысына шақырылған дүнгендер де 
өтіп кетті. 1916 жылғы шілденің ортасына қарай тыл жұмысына шақырылған дүнгендердің біразы өз 
туыстарымен бірге Ақсу мен Құлжа жаққа өтіп, қытайлық дүнгендер арасына қосылған еді. Соған орай 
Құлжадағы Ресей консулы Л.Г. Бродянский Жетісу облысының әскери губернаторы М.А. Фольбаумға 
дүнгендердің Қытайға қашуы қазақтар мен қырғыздарға үлгі болады деп дабыл қаққан еді [5, 109-п.].
Ресей  консулының  хабарлауынша,  Құлжа  өңірінде  алғашқы  қазақ  босқындары  1916  жылғы  тамыз 
айының ортасында пайда болған. 3 мың түтінді құрайтын бұл босқындарды бастапқыда жергілікті қытайлық 
әкімшілік елдің ішкі тыныштығына теріс әсер етуі мүмкін деп, оларды кері көшіріп жібергісі  келді [6, 19 п.]. 
47

Қытай билігі Шыңжаңға Ресей иелігі аумағынан бас сауғалап барғандарды «босқындар» деп емес, 
«қашқындар» ретінде қабылдап, оларға қайырымдылық көмек жасаудан құтылуды көздеді. Шекарадан 
өтіп кеткендерді қуып шығуға әрекеттенді. Бірақ мұндай шараны шекара әскері күшінің әлсіздігіне 
байланысты атқара алмайтынын және оны қарумен шешудің тиімсіздігін Қытай билігі ескерді [7, 
213 б. ]. Сонымен қатар  босқындарды қайтаруды шұғыл түрде жүзеге асыру Шыңжаңдағы мұсылман 
халықтарының наразылығын туғызатындығын, оның соңы көтеріліске ұласып кетуі де ықтимал екенін 
назардан тыс қалдырмады [4, с. 270]. 
Өз  кезегінде  Жетісу  облысының  әскери  губернаторы  Құлжадағы  Ресей  консулдығы  арқылы 
қазақ  босқындарын  кері  қайтуға  шақырды.  Ол  өз  мәлімдемесінде  қайта  оралған  қазақтарға  жаза 
қолданылмайтындығы жөнінде кепілдік беретінін де айтқан-ды [6, 20 п.]. Бірақ әскери губернатордың 
мұндай  ұсынысын  қазақ  босқындары  Жетісуда  қанды  қырғын  жалғасып  жатқанына  байланысты 
қабылдамады.  Қазақ  босқындары  патша  өкіметінің  жазалаушы  отрядтары  мен  қарулы  орыс  қоныс 
аударушыларының халықты қыруды күшейе түскені жөнінде жаңа босқындар легі арқылы хабардар 
болып  отырды.  Мұндай  қорқынышты  хабарлардан  шошынған  босқындар  Қытай  азаматтығын  алу 
жөнінде Шыңжаңдағы билік орындарына өтініштер білдіре бастады [6, 54-п.].
Жазалаушы отрядтардың қысымымен қазақ-қырғыз босқындары көп жағдайда Қытай шекарасын бұ-
зып өткен. Сондай-ақ қытайлықтардың шекара маңына шоғырланған қазақтар мен қырғыздарды өт-
кізіп жіберу үшін төлем ретінде 9 жорға, 9 арғымақ, 10 мың сом және 12 жамбы алған кездері де болған 
[8, с. 86-87].
Қытай жеріне қашып келген босқындардың өзін орыс әскерлері шекарадан өтіп барып жазалауға 
ұмтылды. Сондай сәтте Тарбағатай өңіріне босып барған қазақтарды қытайлық қазақтар өз арасына 
қосып  алып,  орыс  жазалаушы  отрядтары  жете  алмайтындай,  шекарадан  қашықтау  жерлерге  көшіп 
кетіп  отырды.  Тарбағатайдағы  қытайлық  қазақтар  жергілікті  әкімшілікке  өздерінің  бұл  әрекеттерін 
бүркемелеп, жиі көшу себептерін жердің жұтаңдығымен байланыстырды [7, 210 б.]. Мұның астарын 
аңғарған  Қытай  билігі  Бейжіңдегі  ресейлік  елшілікке  патша  өкіметінің  жазалаушы  отрядтары 
«бүлікшілердің» соңына түсіп, Шыңжаңға өтіп кетпеуі керек деген шарт қойды [9, с. 307].
Қазақ-қырғыз  босқындарының  Шыңжаңдағы  қандастары  тарапынан  қолдауға  ие  болуынан 
сескенген патша өкіметі Қытай билігінен «бүлікшілердің» басшыларын ұстап беруді талап етуін және 
орыс жазалаушы отрядының Шыңжаңға енуіне рұқсат сұрауын үдете түсті. 
Шыңжаңдағы Қытай әкімшілігін ондағы әскердің санынан босқындар санының артып кетуі толғандырмай 
қоймады. Осыған қарамастан Қытай билігі орыс әскерлерінің Шыңжаңға еніп, босқындар арасында 
жазалау  шараларын  жалғастыруына  қарсылық  білдірді.  Мұндай  шараның  жүзеге  асырылуынан 
қытайлықтар  да  жапа  шегеді  деп,  босқындар  мәселесін  бейбіт  түрде  шешуге  кірісті  [8,  с.  88].  Осы 
мәселе  бойынша  Іле  аймағының  әкімі  Яң  Фичян  Құлжадағы  Ресей  консулына  жолығып,  оған  бас 
сауғалап келген қазақ босқындарын адамгершілік принциптері тұрғысынан орыс әскерлерінің қолына 
тапсыра  алмайтынын  ашық  мәлімдей  отырып,  патша  өкіметінің  Жетісудағы  отарлық  әкімшілігінің 
қазақ босқындарын қуғындуын, жазалауын доғаруы керектігін талап етті [7, 211 б.].
Қазақ  және  қырғыз  босқындарының  Шыңжаңға  барып  орналасуын  патша  өкіметі  Қытайдың 
«арандатушылық  бағыттағы  жымысқы  әрекетімен»  байланыстырып,  Қытай  азаматтарының  Ресейге 
келуіне  уақытша  тыйым  салды.  Бұл  шарадан  Ресей  иеліктеріне  келіп  сауда  жасайтын  қытайлық 
көпестер зиян көре бастады. Қытай өкіметі осыған қарамастан босқындарды Ресейге кері қайтару ісін 
қолға алуға асығыстық танытпады. Шығыс Түркістандағы Қытай әкімшілігі шенеуніктерінің арасында 
босқындармен жақсы қарым-қатынас орнатуға тырысқандар да болды. Ондай шенеунітер босқындарға 
белгі дәрежеде көмек ұйымдастырды және оларға қарақшылық жасап жүргендерден қорғану үшін біраз 
қару таратып та берді [4, с. 267]. 
Бірінші  дүниежүзілік  соғыс  басталғаннан  кейін  Шыңжаңдағы  мұсылман  тұрғындар  арасында 
Түркияға ілтипат танытушылық белең алып, Қашқардағы мешіттерде оқылған намаздар кезінде түрік 
каруының  жеңіске  жетуі  тіленетін  [9,  с.  308].  Қалыптасқан  осындай  жағдайда  Шыңжаңдағы  елді 
мекендерде Осман империясы түріктерінің бой көрсетуі патша өкіметін бей-жай қалдырмады. Ресей 
консулдықтарының хабарлауына қарағанда, түрік азаматтары Қашғарда, Құлжада, Кучарда, Үрімжіде, 
Жаркентте және Хотанда байқалған. Патша өкіметі Шыңжаңға келген түрік азаматтары «Иттихад вә 
тәррәки» ұйымының мүшелері ретінде қазақ-қырғыз босқындарын жергілікті түркі-мұсылман халықта-
рымен бірге Ресейге және оның оның соғыстағы одақтастарына қарсы үгіттеуі мүмкін деп сезіктенді. 
Түрік азаматтарының әрбір қадамын, іс-әрекетінің астарын айқындауды патша өкіметі Шыңжаңдағы 
48

консулдықтарына  тапсырды.  Осыған  байланысты  Ресей  консулдығының  кызметкерлері  Англияның 
консулдығы  қызметкерлерімен  бірлесіп,  Қытай  билік  орындарына  шағым  түсіру  арқылы,  түрік 
азаматтарының бірқатарын германдық тыңшылар ретінде Шыңжаңнан кетіруге қол жеткізді [6, 53-п.].  
Османдық  түріктердің  қазақ-қырғыз  босқындарына  ықпалы  болуы  мүмкін  деген  патша  өкіметінің 
күдігі негізсіз емес тұғын. Өйткені 1916 жылдың тамыз айының соңына қарай Мұзарт арқылы Қытай 
шекарасынан өтпек болған босқындар шоғырын казактар жүздігінің қоршауынан Шыңжаңда жүрген 
4 түрік азаматының құрған жасағы аман алып шыққаны отарлық билік орындарына мәлім еді [10,126 
б.].  Бұл  түрік  азаматтары  1915  жылы  Кавказдағы  соғыс  майданында  әскери  тұтқын  ретінде  қолға 
түсіріліп,  Қапалға  жіберілген  болатын  [11,  1-п.].  Олар  кейіннен,  көтеріліс  кезінде  Қапалдан  қашып 
шығып,  Құлжаға  өтіп,  ондағы  Мұсабаев  деген  ұйғырдың  көмегімен  босқындарға  қолдау  көрсетуге 
ниет танытқан [10, 125 б.].   
Жетісудан  эмиграцияға  кетушілер  легінің  жуық  арада  бәсеңдей  қоймайтындығын  ескерген 
қытайлық  билік  1916  жылдың  қыркүйек  айынан  Шыңжаңға  босқындардың  енуіне  тосқауыл  қою 
шараларына кірісті. Мұны жүзеге асыра алмаған әскери шенеуніктер жазаланатын да болды. Мәселен, 
Файзабад  гарнизонының  бастығы  Жетісу  қазақтарының  шекарадан  өтіп  кетуіне  жол  бергені  үшін 
Қашғар титайы тарапынан қатаң сөгіс алды [6, 30-п.].  
Қытай билігінің мұндай шараларына қарамастан, Жетісудан қазан-қараша айларында шекарадан 
өтуге  талапынған  қазақтар  мен  қырғыздардың  саны  арта  түсті.  Қытайлық  әскерилердің  тосқауыл 
қойғанын  аңғарған  босқындар,  шекараның  тау  шатқалдарындағы  осал  тұстары  арқылы  Шыңжаңға 
өтіп  кетіп  жатты.  Мұндай  босқындарды  кері  қуып  шығуға  Шыңжаңдағы  қытайлық  қазақтар  мен 
қырғыздардың өз қандастарының тағдырына алаңдаушылық танытуы кедергі келтірді [6, 6-п.].
Қазан-қараша айларында тау шатқалдары арқылы Қытайға өтіп жатқан босқындарға жазалаушы 
отрядтардың  қуғындауының  екпін  алуымен  қатар,  ауа  райының  суып  кетуі  өзіндік  қиындықтар 
туғызды. Босқындар үсікке шалдықты. Олар айдап шыққан малдың біразы тау шатқалдарын қар басып 
қалуынан, шөптің тапшылығынан қырылды [12, 190-п.].
«Бүлікшілердің»  Шыңжаңға  өтуіне  жол  бермеу  үшін  патша  өкіметі  шекара  маңына  тосқауыл 
отрядтарын  қоюды  да  жүзеге  асырды.  Мұндай  тосқауыл  отрядтары  пулеметпен  және  зеңбірекпен 
атқылап,  көптеген  босқындар  легінің  жолын  кесті.  Соған  орай  Мұзарт  арқылы  шекарадан  өтуге 
талпынған босқындардың  біразы  Қытай  жеріне  жете  алмай  қалды.  Бұл  босқындар  кері  қайтуға 
жазалаушы отрядтың қырғынынан үрейленіп, қысты тау шатқалдарында өткерді. Мұзартта қалған 
босқындардың 2 мыңға жуық адамы аштықтан және суықтан өлді [10, 125 б.].
Қазақ-қырғыз босқындары жазалаушы отрядтардың тонауынан және жолда қырылған малының 
аман  қалғанын  Қытай  жеріне  айдап  барғанда  сондағы  қалмақтардан  құрылған  қарақшылар  тобына 
тағы тоналды [13, 2-п.].
Қытайға бас сауғалап барған босқындар Шыңжаңның алты аймағына – Іле, Тарбағатай, Алтай, Қашқар, 
Ақсу және Байынғұлын  аймақтарына шашырай орналасты. Оның ішінде босқындар ең көп барған 
аймақтар Іле мен Тарбағатай болды. Шамамен 200 мыңдай босқын Іле аймағын паналады [7, 221 б.]. 
Босқындардың қатарында мал-мүлкінен айырылғандардың саны тым көп еді. Ондай босқындарға 
Қытай жерінде босқыншылықтың тақсіретін тартуға тура келді. Өз жерінде жазалаушы отрядтардың 
ойранын бастан өткеріп, Шыңжаға жеткен қазақ-қырғыз босқындарының ауыр жағдайға душар болға-
ны жайлы  М. Дулатов былай деп жазған -ды: «Жаяу, үй-күйсіз Қытай жеріне жеткенде қар жауды, қыс 
түсті. Онда жаны ашитын жан таба алмай, қара басты. Аштан өліп бара жатқан соң қалмақ, қытайларға 
бала-шағаларын сата бастады. Адам базары ашылып, баланың құны бір шелек бидайға шықты. Бой 
жеткен қыздарын, жас келіншектерін қаны қара қалмақтар алып кетті. Аш-жалаңаш, аузына не түссе, 
соны жеп, қайда болса, сонда жатып, неше түрлі дертке ұшырап тағы қырылды. Бақытсыз сорлылардың 
мұңзарын, көз жасын естір құлақ, көрер көз болмады. Туған жер, өскен ел, кешегі бастан кешкен қызық 
дәурен көздерінен бұл-бұл ұшты. Мыңды айдап, жүзді сапырып шалқыған байлар бір үзім нанға зар 
болды. Әлпештеп өсірген балалары телміріп, көрінгеннің көзіне қарап, мойнына дорба салып қайыршы 
болып кетті. Бай-кедей, жас-кәрі, жақсы-жаман айырмасы бітіп, бәрі бірдей сорлы болды. Бәрі бірдей 
мұңлы болды. Атадан ұл, анадан қыз, жардан жар айырылды.  Жүрек қанға, көз жасқа толды» [14, 3 б.]. 
1916 жылы желтоқсанда «бүлікшілердің басшыларын»  ұстау мақсатында Шыңжаңның аумағына 
енуге  қол  жеткізген  жазалаушы  отряд  қазақ-қырғыз  босқындарының  мүшкіл  хәліне  куә  болды. 
Казак  жүздігінен  тұратын  бұл  отрядтың  басшысы,  старшина  Бычков    аптасына  екі  күн  –  дүйсенбі 
және  бейсенбі  күндері  болатын  базарда  аштық  қырсауына  іліккен  босқындардың  қыздарын  ғана 
49

емес, ұл балаларын да сатып жатқанын өз көзімен көрді. Ол Жетісу облыстық әскери губернаторына 
берген  мәлімдемесінде: «Үштұрпандағы  біздің  қазақ, қырғыздардың  кедейлігіне таң  қалмасқа шара 
жоқ. Мұндай жағдайда олар көктемге қарай барлық малынан ажырап, өздері де сүзек пен қарқұлақ 
ауруларынан өліп бітеді» [15, 291 б.], – деп жазды. 
Ашыққан босқындарға қытайлық қандастары мен діндестері қамқорлық танытып, оларға азық-
түлік таратып беріп тұрды. Бірақ мұндай қамқорлық саны жағынан тым көп босқындардың жағдайын 
түзете алмағандықтан елді мекендерде қайыр сұраушылар малайлыққа жалданушылар қаптап жүрді 
[10, 127-128 б.].
Тамақ  іздеп  төңіректі  шарлап  кетуші  босқындардың  көбеюі  Шыңжаңдағы  билік  орындарын 
әбігерлікке  түсірді.  Үштұрпандағы  әскери  мекеме  тарапынан  босқындарды  Ресей  иелігі  аумағына 
қайтару керек немесе оларға үкіметтік деңгейде көмек көрсету қажет деген мазмұндағы пікір білдіріле 
бастады.
Тарбағатайдағы шекара күзетінің басшылығы қазақ «қашқындарын» тамақтандыру «бүлікшілерді» 
қамқорлыққа  алумен  бірдей,  ал  оларды  қырып  тастау  дипломатиялық  дауға  қалдыратынын  айтып, 
үкіметтен бұл мәселе бойынша нақтылы нұсқау сұраған еді. Бұған қайтарылған үкіметтің жауабында 
былай  делініп  көрсетілді:  «Ресей  қазақтарының  Қытай  жеріне  қашып  келуі  –  орыстардың  оларды 
қырғындауынан бой тасалау екен. Егер оларға әскер жұмсап шабуыл жұмсайтын болсақ, онда олар барар 
жер таппай тәуекелшілікке басып, жеріміздің тас-талқанын шығаруы сөзсіз. ... Оның үстіне Ресейге 
келген қазақтар көп, біздің Тарбағатайдағы әскеріміз аз, оларға шабуыл жасалған күннің өзінде, олардан 
басым түсіп жеңіске жете қоюымыз неғайбыл. Онда мемлекетіміздің абыройына нұқсан келтіреміз, 
сондай-ақ соғыстың соңын тоқтату қиынға соғады. Сондықтан бейбіт жолмен Ресей қазақтарын кері 
қайтарып жіберу – ұтымды саясат болады деп ойлаймыз. Қысқасы,  Ресей қазақтарын бағуға да, қыруға 
да болмайды. Оларды кері қайтарудан басқа шара жоқ. Жағдайға қарап жұмыс істеңдер»  [7, 214-215 б.]. 
Қытай билігі босқындарға Ресей үкіметі кешірім жарияламайынша, оларды кері қайтару мүмкін 
емес екенін ескеріп, бұл мәселе бойынша 1917 жылдың бас кезінен бастап, Ресей елшілігімен келіссөздер 
жүргізуді қолға алды. Сонымен бірге босқындардың толық тізімін алу бағытындаы шараларды жүргізіп, 
босқындардың қандай шарттар бойынша Ресей иелігіне қайта оралғысы келетіндіктерін айқындауға 
тырысты [4, с. 270].
Түркістан  генерал-губернаторы  А.Н.  Куропаткин  босқындарды  елге  қайтару  үшін  олардың 
біріншіден, өздерімен бірге алып кеткен орыс тұтқындарын қайтаруы тиістігін, екіншіден, қолдарындағы 
қаруларды  жасырмай,  түгелдей  тапсыруы  керектігін,  үшіншіден,  «бүлікке»  бастаған  басшыларын 
ұстап беруі қажеттігін, төртіншіден, жасаған «бүліктері» үшін өкініштерін білдіріп, тыл жұмысына 
«реквизициялау туралы» патша жарлығының барлық талаптарын орындауға міндеттенуін, бесіншіден, 
бұрын  пайдалануында  болған  жерлердің  «орыс  қаны  төгілгені  үшін»  қазыналық  қорға  алынып 
қойылатындығына көнуін қалады [16, с. 684]. Ресей үкіметі бұл шарттарды орындатуға мәжбүрлеу істі 
асқындыратынын ескеріп, алдымен қайтуға ниет танытқан босқындардың қолдарындағы қаруларды 
жинап,  «бүлікшілердің»  басшыларын  тұтқындап  алу  керектігі  жөнінде  ұйғарым  жасады.  Қытай 
билігі Ресей тарапынан «бүлікшілердің» басшысы ретінде ұсынылған тізімдегі 54 адамды ұстап беру 
босқындардың кері оралуына кедергі келтіреді және мұны жүзеге асыру қақтығыс тудыруы мүмкін 
деген пікірде болды. Бірақ Ресей шенеуніктерінің талап етуімен Қытай билігі 54 адамның бәрін емес, 
оның 12-сін ұстауға келісім берді. Сөйтіп, 1917 жылдың 7 ақпан күні старшина Бычковтың жазалаушы 
отряды Ақсудағы босқындар арасынан қазақтардан   Б. Исабековті, қырғыздардан    Ә. Әлібековті, А. 
Мусинді, Б. Боранбаевты тұтқынға алды [15, 189-190-п.].
Осындай шаралардың жүзеге асырылуымен патша өкіметі Шыңжаңдағы босқындардың кері ора-
луына Ресей шекарасының ашық екенін мәлімдеді. Бірақ патша өкіметі Қытай билігі талап еткендей 
«қашқындарға» кешірім жариялап, оларға елге оралғанда жаза қолданбайтындығына кепілдік бермеді. 
Бұл өз кезегінде босқындардың кері оралуға құлшыныс таныта қоймауына алып келді. Соған байла-
нысты  Шыңжаңдағы  Қытай  билік  орындары  «қашқындар»  арасында  Ресейге  оралуды  насихаттаған 
жұмыстар жүргізе бастады. Мәселен, Ақсудағы 2 мыңдай адамды құрайтын қазақ босқындары Ресей 
иелігіне оралудан бас тартқанда, олардың арасында жергілікті әкімшілік өкілдері насихат жұмыстарын 
жүргізді.
Насихат  жұмыстарының  жүргізілгеніне  қарамастан,  Ақсудағы  «қашқындар»  өздерінің  кедейлен
геніне байланысты кері орала алмайтындығын, әрі патша өкіметінің жазалау шараларынан сескенетін
дітерін айтып, әлі де Қытай жерінде қала беруді қалайтындықтарын білдірген [4, с. 272].
Қазақ босқындары бұрын сатып жіберген ұл-қыздарының тағдырына алаңдап, кері оралуға құлық 
50

танытпады. Олар өздерінің саудаға түскен ұл-қыздарын билік орындары қайтарып әперсе, оралуға даяр 
екенін білдіріп жатты. Бұл талапты орындауға Шыңжаңдағы билік орындары шартты түрде уәде берді.
Қытай билігі бейбіт түрде Шыңжаңды босқындардан тазартуды мақсат етіп қойып, оған қол жеткізу 
үшін барлық амалды қолданды. Жергілікті әкімшілік орындар аш босқындарға шамалы болса да азық-
түлік беріп, оларды шекараға дейін шығарып салып тұрды. Ресейден келген босқындарды шығарып 
салу ісін жақсы атқарған аудан әкімдеріне үкімет сыйлық беріп марапаттады [7, 218-219 б.].   
Тамақ  беріп,    шығарып  салудың  жолға  қойылуы  босқындардың    шекараға    жетуін  едәуір 
жеңілдетті. Бірақ босқындарды кері қайтару қыстың күні жүргізілуі көп қиындықтар туғызды. Суықтан 
босқындардың  жас өспірімдері арасында өлім-жітім көбейді, егде тартқан және ауру босқындар жол-
жөнекей көз жұмып, көмусіз қалып жатты [10, 129-130 б.].
Босқындардың алғашқы легінің атамекенге оралуы аса қайғылы жүрді. Бұл кезде патша өкіметінің 
Жетісудағы отарлық әкімшілігі Жер шаруашылығы министрлігімен бірлесіп босқыншылыққа ұшыраған 
қазақтар  мен  қырғыздардың  жерінің  бәрі қоныс аударушылар пайдасына алынуы  тиіс  деген  шешім 
қабылдап, Жетісуда таза орыс ауданын құруды ойластырып қойған еді [18, с. 274-275]. Сондықтан да 
қоныс аударушылар босқындардың Жетісуға оралуын  қаламай, оларды шекарадан өткен сәтте қарумен 
«қарсы  алып»,  қанды  қырғынды  қайта  жалғастырды.  Мұндай  жағдай  босқындардың  оралуына  зор 
кедергі келтірді.
Шыңжаңдағы  босқындардың  өз  жеріне  оралу  үдерісі  тежеліп    қалғалы  тұрған  шақта  оған 
1917 жылғы Ақпан революциясының нәтижесінде патша өкіметінің құлауы және Уақытша үкіметтің 
1916 жылғы көтеріліске қатысушыларға 7 наурыз күні кешірім жариялауы серпін берді [19, 11-п.]. 
1917  жылдың  көктемінен  бастап  босқындардың  елге  оралуы  жиілей  түсті.  Уақытша  үкіметтің 
Түркістан комитеті мүшесі М. Тынышбаевтың мағлұматынша, шілдеге дейін өз жеріне шұбырып жеткен 
босқындардың саны 69 мың адамды құраған. Сол мерзімге шейін Қытай жеріндегі аштықтан, түрлі 
аурулардан және оралған кезінде қоныс аударушы орыс шаруалары құрған қарулы топтың қолынан 
83 мың босқын қаза тапты [20].
Небір  қиындықтарды  бастан  кешкен  босқындар  атамекенге  жеткеннен  кейін    жаңа  тауқыметке 
тап болды. Босқындар бұрындары өздері орналасқан жердің қоныс аударушылар қолына өтіп кеткенін 
аңғарумен қатар, азық-түлік тапшылығынан қайтадан аштыққа ұрына бастады. Оның үстіне қоныс 
аударушылардан  құралған  қарулы  топтардың  қырғынға  ұшыратуды  доғара  қоймауы  жағдайды 
аурлатып жіберді. Осыған орай Жаркент уезінен Уақытша үкіметтің Түркістан комитетіне жолданған 
жеделхатта Шыңжаңнан оралған албандар мен суандар қару-жарағы жиналып алынбаған орыс қоныс 
аударушылары  тарапынан  қырғынға  ұшырап,  ашығып,  жемтік  жеп  жатқандығы,  олардың  үкіметтік 
көмекке зәру екені айтылған еді [21, 5-п.].  
Қытай жерінен қайтқан босқындарға бірінші қол созып, жанашырлық танытқан Жетісу облыстық 
Қазақ комитеті болды. Бұл қоғамдық-саяси ұйым тек жанашырлық танытып қоймай, босқындарды 
орналастыруға  ыңғайлы  жерлерді  белгілеп,  қоныс  аударушы  орыстар  төндірген  қауіптен  қорғап, 
жұмыс тауып беру, аштарға тамақ беретін пункттер ашу сияқты нақты көмектер ұйымдастырды.
Екі  бағыт  бойынша,  Ақсу  мен  Құлжа  жақтан  арып-ашып  қайтқан  босқындарды  қоныс 
аударушылардың қарулы тобының қолынан қырылып кетпеуі үшін қауіпсіздеу жерге орналастыру ісі 
аса маңызды болды. Сондықтан Жетісу облыстық Қазақ комитеті 1917 жылы 12-13 сәуір күндері өткен 
облыстық  қазақ  съезінде  қабылданған  босқындарды  орналастыру    шешімді  жүзеге  асыруды  қолға 
алды. Съездің шешімі бойынша Қашқар, Ақсу аймақтары жақтан қайтқан босқындарды Пржевальск 
жақтағы қауіпсіздеу жерлер Ұлар, Семізбел, Тоң өңірлеріне, Пішпек уезінің Қошқар, Сусамыр, Жұмғайт 
аңғарларына,  Нарын  жақтағы  Тоғызтарау,  Құланақ,  Аңдалы  өңірлеріне,  Құлжадан  қайтқандарды  – 
Верный  уезінің  шығыс  жағына  және  Жаркент  уезінің  Шонжа,  Шөлтатыр  аңғарларына,  Бесқарағай 
мен  Қарқара  өңірлеріне  орналастыру  қарастырылған  болатын.  Бірнеше  мың  десятина  аумақты 
алып  жатқан  бұл  жерлер  қазыналық  жерлер  болып  саналатын.  Жетісу  облыстық  Қазақ  комитетінің 
төрағасы И. Жайнақов 26 сәуірде Түркістан комитетінің төрағасы Н.Н. Щепкинге съездің бұл шешімін 
жолдай отырып, оны іске асыруда қақтығыстар, түсінбеушіліктер тумауына және босқындарға арнап 
тамақтандыру пункттерін ұйымдастыруға билік орындарының кепілдік бергені жөн екенін мәлімдеді.
Жетісуға оралған босқындар жағдайы Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов секілді қазақ 
қайраткерлерін шет қалдырмады. Олар «Қазақ» газеті арқылы қазақ жұртын  босқындық тауқыметін 
тартқандарға көмек көрсетуге шақырды. Олар жақсы істі өздері бастап, елге үлгі бола білді. Мысалы, 
М. Дулатов бұрын патша өкіметі қолына түспей, сақталып қалған мың дана «Оян, қазақ!» шығарма-
51

сының  ақшасын  босқындарға  арнадым  деп  мәлімдеді.  Мұқтаждықтың  мол  шырмауына  қалған 
босқындардың    бұл  азаптан  тезірек  шығуына  беріліп  жатқан  жәрдемдер  әлі  де  аздық  ететінін 
түсінген Ә. Бөкейханов Түркістан комитетінің мүшесі М. Тынышбаевқа қазынадан қаражат бөлдіру 
керек деген кеңес берді.
Түркістан комитеті 13 мамырда  елге оралған босқын қазақ-қырғыздың қайыршылық жағдайын 
ескеріп, Жетісу облыстық Қазақ комитетіне 100 мың сом бөлді. Бұл қаражатқа Қазақ комитеті Қытай-
дан оралған босқындарға жәрдемақы, азық-түлік беруді ұйымдастырды [22, 15-16 б.]. 
Елге оралған босқындарға көмек көрсетуде Пішпек уезіне қарасты Қарақоңыз қыстағындағы Бұлар 
Магуев бастаған дүнгендер де тартылды. Олар екі айдан аса уақыт 1700-дей аш босқындарды асырап 
тұрды. Сонымен қатар босқындарға күрке жасап алу үшін 20 мың бау қамыс және отын мен суын та-
суға деп  7 арба бөлді [23].
Ресейдегі 1917 жылғы ақпан революциясынан кейін де Қытай жерінде қалып қойған босқындар 
да көмеккке зәру еді. Осындай қиын жағдайдағы қазақ-қырғыз босқындарына Ресейдегі және Шың-
жаңдағы өзге түркі-мұсылман халықтары қол ұшын соза білді. Мұның жарқын үлгісі ретінде Құлжа-
да С. Ювашев төрағалық ететін, 38 адамнан тұратын «Босқын қырғыздарға жәрдем комитетінің» 
құрылуын айтуға болады. Бұл комитет құрылған бетте босқындарға жәрдем есебінде Құлжа мұсыл-
мандарынан З. Алдияров 1000 сом, «Тяньшан» серіктігінен Низамалдин 1000 сом, М. Қабылбаев 
500 сом, ағайынды Ювашевтар 400 сом,  М. Сабыров 200 сом, С. Хасенов, Х. Барақов, М. Абулқасым-
баев, Қ. Мұқтаров, Инғалжан ахун, Р. Ахунбабаев 100 сомнан және басқа кісілер өз үлестерін қосты. 
Бір көңіл аударарлық жағдай, Құлжа тұрғыны Хасен қажы Мұсабаев мыңға жуық босқындарды бағып, 
осы мақсатта 35 мың сом өз қаржысын жұмсайды. Ал босқындарға жәрдем комитеті ашылғанда тағы 
да 1 мың сом ақша қосады.
Құлжадағы жәрдем комитеті атына мамыр айында Жетісу облыстық Қазақ комитетінен 10 мың 
сом, Орынборда шығып тұрған татар тіліндегі «Вакыт» газеті басқармасынан 598 сом, Ырғыз уезін-
дегі қазақтардан 251 сом, Павлодар мұсылмандары комитетінен  275 сом, Ақтөбе мұсылмандары бю-
росынан 300 сом, Семей мұсылмандары комитетінен 1 мың сом, Түркістандағы Нәсіровтен 100 сом, 
Омбы имамынан 117 сом, Троицкідегі Яушевтан 835 сом, Құлжа мұсылмандарынан 1240 сом, барлығы 
14716 сом қаржы жиналады  [24, 271-282 б.].
Қытай  жерінде  қалып  қойған  босқындарға  көмек  көрсетуді  мақсат  тұтқан  Құлжадағы  комитет 
Текес маңындағы босқындар туралы мәлімет жинап, сол төңіректегі қытайларға және дүнгендерге 
сатылып кеткен босқындардың әйелдері мен қыздарын босатып алу үшін төрт адамнан тұратын ко-
миссия құрды. Ондай босқындарды босатып алуға, яғни қайтадан сатып алуға комиссия комитеттің 
есебіндегі  халықтан жиналған қаражатты пайдалатын болды. 
Жетісулық босықындарға көмек ұйымдастыру барысында қазақ және қырғыз халықтарының  өзара 
туыстық қатынасы жаңа қырынан көріне білді. Қазақ жұрты жетісулық босқындарға жәрдем көрсет-
кенде оларды қазақ, қырғыз деп бөліп жармады.  Босқындарға жәрдем берушілердің арасында 46 сом 
жинап  жіберген  Петропавл  уезіндегі  Пресногорков  мектебінде  оқитын  шәкірттер,  312  сом  жинаған 
шалқарлық мұғалімдер, 745 сом жинаған Басқұншақтағы «Игілік қауымы», халықтан 1 мың сом ақша 
жинап жіберген Омбыдағы «Бірлік» қауымы бар еді. Жәрдем қорына жалақысының 5%-ын берген-
дердің арасында Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Есболв, Ә. Бірімжанов, Р. Мақатов және басқалар 
болды. Босқындарға көмек ұйымдастыру барысында орын алған елеулі оқиғаның бірі қырғыз халқы-
ның ағартушы ғалымы И. Арабаевтың қазақ халқына үндеуінің жариялануы еді. Ол өз үндеуінде 
босқын қырғыздарға белсене қамқорлық танытқан Жетісу облыстық қазақ комитетінің төрағасы 
Ы. Жайнақовқа алғысын білдіре отырып, қырғыздардың әлі де жәрдемге мұқтаж екенін білдірген 
еді [24, 282-285 б.].   
Босқындарға елдің түпкір-түпкірінен түрлі көмек көрсету ұйымдастырылып жатқанда қоныс 
аударушы орыс шаруаларының қарулы тобы қоқан-лоқы көрсетуін үдете түсті. Олар босқындар 
арасында тұтқын орыстар бар, соларды құтқару керек деп тінтулер жүргізе бастады. Сондай топтың 
бірін  басқарған  Зимин  Уақытша  үкіметтің  Жетісу  облыстық  комиссарының  атына:  «Босқын  қа-
зақ-қырғыздың арасында әлі күнге тұтқын орыстар бар көрінеді, бірақ оларды қайтарар ойлары жоқ. 
Босқындар орыс делегаттарын оқпен қарсы алды. 9 шілде күні екі адамды ғана құтқару мүмкін бол-
ды. Бүлікшілерге ықпалы жүретін комиссар Тынышбаевты Қытай маңына орыс тұтқындарын қайта-
руға үгіттеу үшін жіберуді сұраймыз. Егер босқын қазақтар мен қырғыздар тұтқындарды босатпаса 
немесе өлгендердің көмілген жерін көрсетпесе, тамақтандыру пункттерін ашуға, елге оралғандардың 
52

онда тамақтануына жол бермейміз» [25, 1-п.], – деген мазмұнда жеделхаттар жіберіп, аштан бұралған, 
ауру-сырқау  босқындарға  азық-түлік  комитеттерінен  тамақ  беру  секілді  істерге  барынша  қарсылық 
көрсетіп бақты.
Жетісуға Уақытша үкіметтің Түркістан комитеті мүшелері ретінде 1916 жылғы көтерілістің ауыр 
салдарын жою, облыста ұлтаралық келісім орнату және жаңа биліктің органдарын құру істеріне көмек-
тесу үшін арнайы іссапарға жіберілген М. Тынышбаев пен О. Шкапский Шыңжаңнан оралған босқын-
дар мәселесіне ерекше мән беріп, оған орталық билік орындарының назарын аудартуға күш салды. 
Мәселен, О. Шкапский  Министрлер Кеңесінің төрағасы князь Г.Е. Львовқа, Уақытша үкіметтің бірқа-
тар министрліктеріне, Түркістан комитетінің төрағасы Н.Н. Щепкинге, Мемлекеттік думаның Мұсыл-
ман фракциясына және «Речь»,  «Дело народа» секілді т.б. газеттердің редакцияларына жеделхаттар 
жолдап,  өз  көзімен  көрген  Жетісудағы  қайғылы  жағдайды  мынандай  мазмұнда  жеткерді:  «Бірінші 
маусымда уездік комитеттің, комиссияның басқа мүшелерімен бірге Жырғалаң және Түп өзендерінің 
жоғарғы сағасына келіп жеткен Қытайдан оралған босқындардың үш қосынында болып қайттым. Олар-
дың ауыр тұрмысы адамды есеңгіретіп тастағандай. Адамдардың үстіне киген киімдері алба-жұлба, 
әбден тозған, балалар өте аз, барларының көпшілігі тамақтың жетіспеуінен рахит ауруына шалдыққан. 
Бой жеткен қыздар мен жас келіншектер жоқтың қасы, олар қытайлық Түркістанда нанға сатылған. 
Киіз үй дегеніміз таяққа қыстырылған ескі киіздің қиындылары, мал басы өте аз, оны да Қытай жерін-
де тонап алған. Таудағы керемет жайлаулар өмірсіз. Ең жаманы сол – босқындар аштықтан қырыла 
бастады. Қарқараға бара жатқан жолда көмусіз қалған жиырма адам тәнін кездестірдік, олардың ара-
сында бірнешеуі балалрдікі. Орыстардың қырғыздарға қатынасы адамгершілікке жатпайды. Олардан 
шыққан қарақшылар қарғадай тап беріп, қырғыздардың Қытай Түркістанынан аман алып келе жатқан 
малдарын тартып алуда. Мен келер қарсаңда Түпке демалысқа келген солдаттардан құрылған бандылар 
шабуыл жасап, жұмыс істету үшін малымен үш отбасын ала кеткен. Жолда оларға малдарын сойғызып, 
астырып, тамақ ішіп болған соң ақшаларын алып, өздерін атып кеткен. Аман қалған бір әйел маған 
келіп, болған істі түсіндіріп, шалажансар жас сәбилердің өлген ата-аналарының үстімен қалай еңбек-
теп жүргенін көргенін айтты. Қарақшыларды іздеу басталды. Бұл жалқы көрініс емес» [24, 276-277 б.].
Жергілікті  халқының  біраз  бөлігі  босқыншылыққа  ұшыраған  Жетісу  облысында  қалыптасқан 
ауыр жағдайды жан-жақты талдап, қорыта келіп М. Тынышбаев пен О. Шкапский Петроградтағы 
үкімет орындарына, Ташкенттегі Түркістан комитетіне дағдарыстан шығудың өздері ұсынған жол-
дарын баяндаған бірнеше мәлімдемелер жолдайды. Оларда мынандай ұсыныстар жасалған еді: 1. Ең 
алдымен Қытайдан оралып жатқан босқындарды жерге орналастырып, оларға үй-жай, азық-түлік және 
ақшалай қаржы түрінде көмек көмек көрсету. 2. Құрылыс материалдары мен ақшалай көмек көтеріліс 
нәтижесінде күйзеліске ұшыраған қоныс аударушылардың 9989 қожалықтарына да берілмейінше об-
лыста ұлтаралық жарасымдылық орнамайды. 3. Облыстағы ашаршылықпен тиімді күрес жүргізу үшін 
астық  монополиясын  енгізу.  Ол  басы  артық  астықты  жиып  алып,  мұқтаж  болып  отырғандарға  тең 
бөліп беру мүмкіншілігін туғызады. 4. Күн өткен сайын панасыз қырғыз бен қазақ ауылдарын тона-
ушылықтың, оларға қарсы жасаған түрлі зорлық-зомбылықтың кең қанат жаюына байланысты мем-
лекеттік билік жүйесін петроградтан, Ташкенттен интеллигент-кадрлар жіберу арқылы күшейте түсу, 
әсіресе сот ісін жүргізе алатын мамандар жіберу. 5. Қазақ пен қырғызды осындай ауыртпалыққа алып 
келген 1916 жылғы көтерілістің негізгі себебі – әділетсіз қоныс аудару саясаты. Сондықтан да үкімет 
осы жағдайды ескере отырып, бір жағынан, ішкі Ресейге қайтадан қоныс аударуды қалайтын отбасыла-
рына қаржылай көмек көрсетіп, екінші жағынан, керісінше ішкі Ресейден қазақ және қырғыз жерлеріне 
шұбырған қоныс аударушылар легін тоқтатуды көздейтін шаралар белгілеу керек [24, 275-276 б.].  
Қоныс аударушылар құрған қарулы топтарға 1917 жылдың ортасына қарай соғыстан қашқан сол-
даттар  мен  ақ  билеттілер  (әскер  қатарынан  босап  шыққандар)  келіп  қосылуымен  босқыншылыққа 
түскен жергілікті халықтың мал-мүлкін тонап алу үйрешікті әдетке айналды [26]. 
Покровский селосындағы шаруалар құрған 30 адамдық қарақшы топ 6 маусым күні Үштұрпаннан 
оралған босқындардың 59 жылқысын, 32 ірі қара малын, 400 қойын тартып әкетті [27, 82-п.]. Пішпек 
уезінде осындай қарулы топ бір түнде Геогриевка селосында 3 қазақ пен 8 қырғызды өлтіріп, жергілікті 
халықтың мүлкін тартып алған [28, 51-п.]. Босқындар орналастырылған Тоң өңірінде 20 адамнан тұратын 
қарулы топ 42 адамды өлтіріп, 15-ін жаралап, қолдарына түскен мал-мүлікті алып кеткен [27, 132-134-п.]. 
Жүгенсіз кеткен қарулы топ босқындарға ойран салғаны соншалықты, қазақ босқындарының тартып 
алар мал-мүлкі болмаған жағдайда, олардың қыздары мен әйелдерін масқаралап кететіп отырды [29].   
Мұндай қарақшы топ мүшелерін Жетісу облыстық Қазақ комитетінің төрағасы Ы. Жайнақов 
53

бастаған жергілікті ұлттық зиялы қауым өкілдері жазаға тартылуын талап етіп, облыстық билік орында-
рына, одан қалды Түркістан комитетіне сұраулар салды. Қазақ комитеті жанынан қылмыскерлердің ісін 
қарайтын халыққа жайлы сот құру керек деген ұсыныс та білдірді. М. Тынышбаев пен О. Шкапский де 
қарақшыларды тезірек соттауды жүзеге асыру үшін уақытша сот құруға Әділет министрлігінен рұқсат 
сұрады. Бірақ бұл шаралардың бәрі жоғары билік тарапынан қолдауға ие бола қоймады.
Түркістан  өлкесі  қазақтары  мен  қырғыздарының  1917  жылы  2-5  тамыз  аралығында  Ташкентте 
өткен жалпы жиналысында Жетісуда қалыптасқан жағдай арнайы қаралып, Соғыс министріне, Ішкі 
істер министріне, Пероградтағы жұмысшы және солдат дептутаттары кеңесіне орыс шаруларының қо-
лынан қару жиналып алынсын деген жеделхат жіберілді. Сонымен бірге қабылданған қаулыда  босқын 
қазақтар мен қырғыздардан 1916 жылы тартылып алынған малдың құны қазақ-қырғыз ұйымдарына 
берілуі керектігі талап етіліп, Сырдария, Самарқан және Ферғана облыстарындағы ұлттық ұйымдар-
дың «Бірлік туы» газеті арқылы  қазақ-қырғыз босқындарына жәрдем пұл жинауға атсалысуы қажеттігі  
аталып көрсетілді [30].
Жетісу өңіріндегі босқыншылықты бастан кешкен қазақтар мен қырғыздардың Уақытша үкімет 
жағдайында  қоныс  аударушылар  тарапынан  қысымшылық  көріп  жатқаны  өзге  өңірлердегі  жұрт-
шылықтың қынжылысын тудырды. Жетісудағы қанды оқиғаларға тыйым салуға билік орындарының 
назарын аударту мақсатында 1917 жылдың 15 тамызы күні ташкент қаласының мұсылман тұрғында-
ры демонстрацияға шықты. Осы демонстрация жөнінде «Бірлік туы» газетінде былайша мәлімделді: 
«Ташкентте мұсылмандар Жетісу оқиғалары тақырыпты демонстрация (қыр көрсету) жасады. Бұған 
шаһардағы сарт, ноғай, қазақтан көп адам қосылды. Демонстрация күндіз сағат 1-2 шамасында баста-
лып, кешкі 9 шамасында тарқады. Демонстрацияшылар 3-4 ту көтеріп, өлең айтып көшелерді аралады. 
Туларда «Бітсін зорлық, жасасын туысқандық» һәм «Бітсін Жетісу қырылысы» деп жазылған» [31].
Түркістан  өлкесіндегі  жетісулық  қазақтар  мен  қырғыздардың  басына  түскен  ауыр  жағдай  1917 
жылдың 12-15 тамызы аралығында Уақытша үкіметтің ұйымдастыруымен Москвада өткен Мемлекет-
тік мәжілісте әзірбайжан халқының көрнекті қайраткері Ә. Топчибашев тарапынан көтерілген-ді. Ол 
елдегі қоғамдық-саяси ұйымдардан, армиядан, кооперативтерден және түрлі мекемелерден 2414 өкіл 
қатысқан осы мәжілісте жетісулық босқындардың Қытайда, сондай-ақ елге оралған кезінде 83 мыңы-
ның аштықтан, түрлі аурулардан әрі қуғын-сүргіннен көз жұмуын мұсылман халықтары мүддесінің 
ескерілмеуінің айқын көрінісі ретінде бағалады [32, с. 80]. 
Семей өңіріндегі қазақтар арасында да Жетісудағы қанды оқиғалар айыпталды. Соған орай Р. Мәр-
секов төрағалық ететін Семей облыстық Қазақ комитеті жетісулықтарға мынандай ұсыныс та білдірді: 
«Жетісудағы қазақ, қырғыз өзіңді-өзің сақтамасаң, сендерді қорғайтын өкімет жоқ деп біліңдер. Жақ-
сылықты аспанға қарап, жоғары ауылдар өзі әкеліп етегіме салар деген үміттен безу керек. Ұлт қазына-
сына пұл жинап, жігіттерден милиция құру керек» [15, 308 б.].
Түрлі күштердің талап етуімен Уақытша үкіметтің Түркістан комитеті 1917 жылдың қыркүйек ай-
ында Жетісу облысында әскери жағдай жариялап, қарақшылық істерді тексеру үшін тергеу бригадасын 
жіберді [24, 288 б.]. Сонымен бірге мұның артынша, яғни 6 қазанда Уақытша үкімет 1916 жылғы 
көтерілістің Жетісудағы зардаптарын жою үшін қазынадан 11 млн. 150 мың сом бөлді. Бұл қаржы-
ның 6 млн. 150 мың сомы орыс қоныс аударушыларына, 5 млн. сомы жергілікті халыққа берілуі 
тиіс болды. Жергілікті халыққа бөлінген қаржыдан әр түтінге 100 сом көлемінде беру көзделді [33].
Босқындардың жағдайын жақсарту үшін тек қаржылай көмек ғана емес, 1916 жылғы көтерілістен 
кейін шиеленісе түскен ұлтаралық қатынасты реттеу керек еді. Өйткені Жетісудағы орыс жұртының 
арасында қазақтар мен қырғыздар тағы да көтеріліс жасағалы жатыр екен деген өсек құйындай кезіп 
жүрді. Мұны естіген орыс жұрты үрейленіп, билік орындарынан әскер гарнизондарын үлкейтуді, олар-
дың құрамына демалысқа келген солдаттарды, әскер қатарынан босап келгендерді алуды талап етті. 
Мұндай өсектер шындық есебінде Петроградтағы үкімет орындарына да жетіп жатты. Ал үкімет орын-
дары, өз ретінде, жергілікті басқару орындарынан орыс жұртын «бұратаналардың» шабуылынан қорғау 
мақсатында нақты шараларды іске асыру жолдарын қарастыруды тапсырды [24, 275 б.].
Жергілікті халық босқыншылықтан қажып, қайтадан көтеріліске шығайын деп жатыр деген қау-
есеттің  негізсіз екенін әшкерелеуге және қоныс аударушы орыс шаруаларын тату көршілік қатынасқа 
шақыруға Жетісудағы ұлттық қоғамдық-саяси ұйымдар баса мән беріп, орыс тілінде үндеулер тара-
туды қолға алды.  Сондай үндеулердің бірінде: «Егер достық қолдарыңды уақытында созбасаңдар, 
онда өздеріңе-өздерің жау болғандарың. Зорлық, ұрлық жасаушылар және күш көрсе тушілер ха-
лықтың жаулары», - делініп көрсетілді [22, 19-20 б.]. 
54

1917 жылы тамыздың соңында Жетісу облысындағы барлық қоғамдық ұйымдардың біріккен жи-
налысында халықтың бір бөлігін екіншісіне айдап салып, ұлттық араздықты тудырушы арандатушы-
ларды  ауыздықтап,  тізгіндеу  үшін,  сондай-ақ  елдегі  бейберкеттікпен  күресу  мақсатында  қоғамдық 
қауіпсіздік  комитеті  құрылған  болатын  [34,  233-п.].  Мұндай  шаралар  1916  жылғы  дүрбелең  кезінде 
босқыншылыққа ұшыраған жергілікті халықтың және орыс қоныс аударушыларының тұрмыс-тіршілі-
гінің бір қалыпқа түсуіне оң ықпал етуге бағытталған еді. Бірақ араға көп уақыт салмай, 1917 жылдың 
25 қазанында Уақытша үкіметтің құлап, кеңестік билік орнықты. Соған байланысты кеңестік билікті 
Қытай жерінде қалып қойған босқындардың елге оралуын қамтамасыз ету және Жетісуда орын алған 
ұлтаралық қырқысты тоқтатып, бейбіт өмір орнату жолындағы зор жұмыс күтіп тұрды. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет