Қ ұ р ы л т а й ш ы : Казақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет14/25
Дата03.03.2017
өлшемі2,35 Mb.
#6453
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25
біріншіден, бұған дейін әлемдік тарих ғылымында этникалық 
109

жағынан біртұтас деп есептелетін этрускілер бір тілді халық болған жоқ. Этрускі федерациясында 
басқа халықтармен бірге түркі және славян тілдес халықтар болуы мүмкін. Мақалада үш мәтін тал-
данады. Екіншіден, О. Сүлейменов Этруриядан табылған ойын сүйектерінің жиегіндегі «и-ва-ест-ор
ти-канус-уолоте»  сөздерін  талдауға  жаңа  қырынан  келеді  және  онысы  мейлінше  нанымды  шығады. 
Этрускологтар бұл тіркестердегі алғашқы әріптен кейінгі әрбір сөзге бір әріптің қосылып отырылған-
дығына назар аударған еді. Бұл сандардың атауы - әрбір әріптің саны белгілі бір санның символы деп 
есептелінетін.  Бірақ  сөз  мағынасы  жұмбақ  қалды.  О.  Сүлейменовтің  ойынша,  этрускі  жазғыштары 
«и-ва-ест-орти-канус-уолоте» сандық реті үшін бұрын түркі ойын сүйектеріндегі жазу дәстүрінде бар - 
«вар-ика-ес-торт-икаиус-уолоте» тіркестерін пайдаланған. Осындай әріптік-сандық приципті қарадүр-
сін механикалық қолданудың нәтижесінде ол: и-ва-ест(т)орт(и)-каиус, уолоте-ге айналған. 
О. Сүлейменов мұндай сәйкестікті кездейсоқ деуге болмайды деп есептейді. О. Сүлейменов ІV ға-
сырдағы Скандинавия руна жазуларына қатысты да соны пікірлерін жол жөнекей айта кетеді. Оның 
ойынша, зерттеушілердің көпшілігінің оның түп тамырын бүгінгі Скандинавия елдері - швед, норвег, 
дат, фин т.б - халықтарының тілдерінен іздеумен шектелу дұрыс емес. ІV ғасырда ғұндардың да Скан-
динавияға дейін барғаны тарихтан белгілі. Ақынның келесі бір болжамынан туындайтын ой түтркісі-
нен «Қыш кітаптан» асып түскен фантазияға кенелеміз. Автор тарихи дерек атауынан мүлде жұрдай 
адамзаттың тарихқа дейінгі - Кіші адамзат дәуіріне өзінің ғана қолында бар құралдарымен бойлайды. 
Ақынның өзі айтқандай «адамзаттың табиғи тіл дәуіріне қатысты қазіргі ғылым үшін фантастикаға 
толы  болжамдарын  ұсынады.  Адам  тілінің  алғашқы  қатпарлары  жануарлардың  атауынан  тұрды  де-
ген болжам айтылады. Тасқа қашалып бейнеленген мүйіз «бұқаны» білдірсе, төңкеріліп түскен мүйіз 
«сиырды» немесе «өлген бұқаны» білдіреді. Олжастың поэтикалық философиясы бойынша, жануар-
лардың атауы, осы жануарларды бейнелейтін таңбаларға ауыстырылғанда, сөз жасамының алғашқы 
қадамы басталған. Адам жер-жаһанға тарай орналасты. Олармен бірге ең алғашқы бір жерде пайда 
болған таңбалар мен белгілер - атауларымен бірге таралды. Бұл процеске қоршаған ортадағы басқа да 
ұқсас заттарды бейнелеу де тартылды. Ақынның жорамалынша, бір бірінен өте алыс тілдерді салы-
стырудың мүмкін болуы осы - Бастаудан басталады. Осылайша, осы жорамалымен О. Сүлейменов 
кеңестік тілтанудың атасы Н.Я.Маррдың тілдің глоттогониялық процесс (көмейлік) туралы қағидасына 
қарсы келген еді. 
О.  Сүлейменовті  жақсы  білетін  зерттеушілердің  көпшілігі  оның  немен  айналысса  да  әрбір  әре-
кеті, іс-қимылына айрықша мінез, ерен қылық тән екенін атап көрсетуден жалықпайды. Ақынның 1962 
жылдан бастап республикалақ «Простор» журналында және 60 жылдардың екінші жартысынан Ор-
талық басылымдарда «Жырға» қатысты жарияланған мақалалары, атақты академиктер В.Ф. Соболев-
ский, В.И. Стеллецкий және И.Г. Добродомов, А. Югов және т.б. белгілі зерттеушілер тарапынан да 
қызу пікірталастарын туғызып қоғамдық және ресми сипат алды [8]. Қазіргі оқырмандар үшін айта 
кететін жәйіт, кеңістік ғылым жағдайында белгілі академиктердің ешқандай ғылыми атағы жоқ, қара-
пайым геолог-ақынның мақалаларына жарыса үн қосуының өзі тосын жағдай еді. Тіпті, ғылым доктор-
ларының диссертациялары, жекеленген монографиялары да мұндай пікірлер легін тудыра алмайтын. 
Бұл әрине «Жырдың» жаңа зерттеушісі ізденістерінің сонылығы мен көзқарастарының кеңдігінен еді. 
Мысалы, В.И. Стеллецкий «бусово время» («босқын уақыт»), «гот», «напевы готских дев» («гот 
қыздарының  әуендері»)  тіркестері  бойынша  О.  Сүлейменовпен  толығымен  келіседі.  Бірақ  «босый» 
сөзін  «босый  волк»  немесе  «босови  врани»  тіркестерін  де  түсіндіргенде  Стеллецкий  оны  «босу» 
сөзімен емес түркілік «бос» (ежелгі орыс тілінде де «бось - дьявол») сөзімен байланыстырады.Алайда, 
осы тұста Сүлейменовті В.Ф. Соболевский қолдайды. 1963 жылы «Простор» журналының № 5 санын-
да В.Ф.Соболевскийдің «Игорь полкі туралы жырдағы» Гот қыздары» атты көлемді мақаласы жарық 
көрді. Бұл О. Сүлейменовтің «Босқын бөрі және гот қыздарының әуендері» мақаласына жауап мақала 
еді. Автор «О. Сүлейменовтің «босу» ұғымына қатысты терең және өте қызықты лингвистикалық 
ізденістері « босый волк» сөзін түсіндіргенде оның бірінші бөлімі ғана бағалы» - де атап көрсетті, яғни 
Соболевский «время бусово» пікірлеріне қатысты О. Сүлейменовтің түсіндірмелерін қабылдамайды. 
Соболевский - О. Сүлейменовтің басқа да көптеген пікірлерді жаңа тұрғыда түсіндірулеріне қарсы уәж 
айтады. Бұған итермелеген Соболевскийдің «патриотизмі» еді. Дегенмен автор: «Жырды» зерттеу ісі-
не соншалықты жарқын да терең араласқан О. Сүлейменовтің ізденістерін және зымырап өтіп кеткен 
ғасырлардың қойнауына жаңаша қарауға мімкіндік беретін біздің бауырлас қазақ тілін шын ниетпен 
қолдау керек. Оның ізденістері «Жыр» туралы зерттеу әдебиеттерін одан әрі, жаңа, әзірге жасырын 
жатқан материалдармен, оның ішінде қазақ, парсы, черкес және т.б тілдердің арасындағы материал-
дармен де байыта беруге болады деуге мүмкіндік береді. Бұл факті айрықша елеулі, өйткені қазірдің 
110

өзінде «Жырды» зерттеу «барлық материалдар пайдалынылып болғандықтан» тұйыққа тірелді дегенге 
саятын сарыуайымды үндер естіле бастады» [1, 226 б.] деп мойындауы - «Жырды» зерттеуге қатысты 
дағдарыстық көріністерден хабардар береді. 
Өкінішке орай, «бір шөкім тюркизмдер», «тюркизм дейтіндер» деген кекесінді тіркестерді қол-
данған «Жырдың» қарт зерттеушілерінің бірі А. Югов 1968 жылы «Комсомольская правданың» 23 қа-
рашасындағы «Болат сынаның құпиясы» атты мақаласында: - «бір шөкімдей тюркизмдердің табылуы 
өте елеулі факт. О. Сүлейменовтің «Көрінбейтін сөздер» - «Білуге құмарлық» мақалаларында осындай 
олжалар және олардың кең оқырман қауымы үшін маңызы туралы айтылады, сондықтан оларды құптау 
керек» - деп айта келіп, ең бірінші кезекте «ХІ-ХV ғасырлардағы орыс қылыштарының батыс европа-
лық  тегі  болғандығы»  туралы  О.  Сүлейменовтің  болжамдарымен  келіспейді  (әңгіме  «Харалужные» 
сөзінің төркіні туралы болып отыр. Д.С.). Дегенмен автор, зерттеушінің өз қателігін мойындай білерлік 
ер мінезді қасиетінде атап көрсетеді [9].
О. Сүлейменовтің зерттеулеріне орай жазылған мақалалардың бірі 1968 жылы «Русская речь» жур-
налының № 6 санында жарияланған И.Г. Добродомовтың «Половцы и поля» атты мақаласы болды. 
Авторды О. Сүлейменовтің «половец» сөзі мен «Жыр» мәтініндегі көшірушілердің «қателерін» еркін 
оқуы, тарқату әрекеттері ызаландырады. Түркі тілін сөздік деңгейінде ғана білетін «түркітанушы» бар-
лық түркі тілдерінің атынан сөйлей отырып, ғылыми әдебиетте таптаурын болған ескі дәйектерді алға 
тартады. Мақаласының соңында И.Г. Добродомов: «Игорь полкі туралы жырдың» тіліндегі шығыс сөз-
дері сияқты маңызды да ірі тақырыптың «Комсомольская правда» газетінің беттерінде жеткілікті білік-
тіліксіз жарыққа шыққаны өте өкінішті» [1, 233 б.], – деп орынсыз наразылық білдіреді. 
60-жылдары О. Сүлейменов түркітануға қатысты да соны мақалалар жариялап мәселеге жаңа қы-
рынан келді. Оның ғылыми мақалаларының сипаты мен мазмұны, оның осы жылдары - славист, түр-
кітанушы, тарихшы, әдебиеттанушы, жаңа тұрпатты талантты лингвист ретінде әбден қалыптасқан-
дығын көрсетеді. Ол өзінің «Аз и Я» сына баяу да болса, дұрыс бағытта жылжып келе жатты. Алайда, 
әдетте  О.  Сүлейменовтің  кеңестік  гуманитарлық  ғылымдарда  қалыптасқан  стереотиптерімен  күресі 
орыс - кеңес тарих, тілтану ғылымындағы үлкен бедел иелерімен тартысымен шектеледі де, республи-
ка көлеміндегі осы бағыттағы қоғамдық ғылыми қызметі мен игілікті істері көзден таса болып көрінбей 
жатады. О. Сүлейменовтің республикалық гуманитарлық ғылыми ортада қалыптасқан келеңсіздіктер-
мен күресінің құрамдас бөлімдерін – ғылымындағы ұйымдастырушылық, теориялық, фактілік және 
әдіснамалық мәселелер құрайды. 
70-жылдары Қазақстан ғылымының ұйымдастырылуына қатысты қордаланған мәселелер қашанда 
ақынның назарында. Ғылыми академиялық институттар мен жоғарғы оқу орындарында қалыптасқан 
берекесіздіктер мен ауыр моральдық ахуал да О. Сүлейменовті қынжылтады. Көптеген ғалымдар таза 
ғылыми мәселерден гөрі ғылым маңайындағы пәтуасыз ұйымдық құйтұрқы істермен әуре. Ғылым мүд-
десінен пендешілік мүдде алға шығып кеткен, ғылым шығармашылықтан гөрі кәсіпке айналған. «Ға-
лым болу немесе ғалым болып көрінуге ұмтылушылық философиялық мәселе ғана емес. Сондай-ақ 
экономикалық мәселеге айналуда», - дейді О. Сүлейменов. - Тек Алматыда ғана ғылым докторлары 
мен кандидаттарының саны 600-ге жуық. Ал егер бұған аспиранттар армиясын қосар болсақ, сандық 
көрсеткіш жағынан біздің жағдайымыз жаман емес. Ғалымдарға деген зәрулік жоқ, тек ғылымға де-
ген зәрулік бар. Әсіресе гуманитарлық ғылымдар саласында. Еріксіз өзіңе өзің сұрақ қоясың «аспи-
рант-кандидат-доктор-академик» схемасы бойынша жас ғалымдарды даярлау жүйесі қазіргі талапқа 
сай келе ме? Сызықша математикада теріске шығаруды, әдебиетте белгілі бір сөздің жоқтығын біл-
діреді. Біздің схемамызда сызықша «таланттың» жоқтығын және оның «пайдалылық» сөзімен алмасып 
отырғандығын білдіреді... Менің бір кандидаттық диссертацияның қорғалуына қатысу «бақытына» ие 
болғаным бар. Ғылыми хатшы келіп түскен пікірлер тізімін оқып берді, оның ішінде Копенгагеннен 
белгісіз бір профессордың атынан дат тілінде жазылған пікір де бар екен. Пікір жағымды. Осы ха-
бардың өзі диссертацияның қорғалуына қарсылар үшін ешқандай үміт қалдырмады. Ғылыми кеңесте-
гі  көңіл  күйден-ақ  барлығы  түсінікті  болды  -  Копенгаген  Қостанай  емес.  Бір  шар  ғана  қара  болып 
шықты. Оны кімнің салғанын барлығы біледі: - кеңестегі жалғыз әдебиеттанушы. Ақ шар салғандар 
университет, ғылыми кеңесінің басқа мүшелері химик, физик, математик, геолог.... болып шықты. Ал 
қорғалып жатқан тақырып әдебиеттанушылық. Осы да байсалдылыққа жата ма? «Сызықша» жүйесі 
ғылым маңайында докторлардың санын көбейте түсуде. Ал ғылымның өзі ешкімге пайдасы жоқ әлсіз 
де дәрменсіз диссертациялардан қорғануға мұқтаж болып отыр» [10]. 
1970-жылдары  О.  Сүлейменовтің  ғылыми  көпшіліктің  пікірін  аударған  мәселелерінің  бірі 
111

ғылымдағы - Ұстаз бен Шәкірт мәселесі. Ақынның ойынша, кеңестік Қазақстан ғылымында ұстаздар 
мен шәкірттердің арасындағы қарым-қатынас тым жаймашуақ та мамыражай қалыптасқан. Ғылыми 
тартыс пен күреске орын жоқ. Мұндай жағдайда жас ғалымдар шәкірттік деңгейден шығармашылық 
деңгейге дейін көтеріле алмайды. Оның себебі де түсінікті. Өйткені кеңестік ғылым жағдайында жас 
ғалымдардың белгілі бір категориясы ғылымға көбіне көп пендешілік мақсатпен барып отырды және 
диссертацияларында міндетті түрде ғылыми бедел иелерінен мол сілтемелерді келтіріп отыруға тиісті 
еді. Сөйтіп цитаталар коллекциясын жинаушыларға айналды. Белгілі бір дәрежеде бұл ғылымдағы схо-
ластикалық тенденцияны күшейтті. «Біздің университетімізде бір профессор өзінің аспиранттарына 
мынандай мінездемелерді беріп отырды, - дейді О. Сүлейменов, - «Тұрмыста және жұмыста сыпайы». 
Осы құжатпен олар ғылымның қыры мен сырын мүжуге аттанды... «Ғылым - идеялар тартысы» дей-
тін формуланың мәні ұмытылды, мұны былай деп тарқатып айтуға да болар еді: - «шәкірт пен ұстаз 
идеяларының тартысы, сонымен бірге бірлігі». Идеалды жағдайда бақытты ұстаз, қабілетті шәкіртінің 
қолын ризашылық сезіммен қысады,бірақ оның күшін өзінің күшімен қызғана салыстырмайды. Біз бе-
дел иелеріне деген құрмет сезімінде тәрбиеленгенбіз. Бірақ ғылыми пікірталаста ешқандай бедел иесі
- келтірілген дәлелдер мен уәжді алмастыра алмайды. Ғылымдағы ең үлкен бедел иесі - фактілер және 
оған деген адал да объективті көзқарас» [11]. О. Сүлейменовтің Қазақстан ғылымында қалыптасқан 
кеселді көріністерге қарсы күресі тарихи жазба жәдігерліктердің сақталуы және қорғалуы мәселерінде 
қамтиды. Алайда уақыт көрсеткеніндей О. Сүлейменовтің Қазақстан ғылымының ұйымдық мәселе-
леріне  қатысты  пікірлері  қалыптасқан  кеселді  дәстүрді  бұза  алған  жоқ.  Жапандағы  жалғыздың  үні, 
бөтендердің ішіндегі өз адамының ізгі ниеті деңгейінде қалып қойды.
1963 жылы «Лирикада саясаттың болат серіппелері жасырылған. XX ғасырдың тенденциясы сон-
да кездейсоқ па, әлде қажеттіліктен бе, поэзия -жердегі саясатты шешуші болады» [12, 14-15 б.] де-
ген О. Сүлейменовтің Үлкен саясаттан тыс қалуы да мүмкін емес еді. XX ғасырдың 60-жылдарынан 
Қазақстанның қоғамдық саяси өмірінде аса маңызды роль атқарған Д.Қонаев пен О. Сүлейменовтің 
қарым-қатынасы - қазіргі билік пен зиялылар үшін үлкен тағылым мектебі. Бұрыннан бірін-бірі сы-
рттай білетін екі қайраткер 1962 жылдың жайма шуақ күні Алматы көшелерінде кездейсоқ кездесіп 
Д.Қонаевтың ықылас білдіруімен жұмыс бөлмесіне барып жақын біліседі. Кездесу соңында Д. Қона-
евтың «қандай өтінішің бар?» - деген сұрағына, айта беретін пәтер мәселесі көкейінде тұрса да, Олжас 
үндемей қалады. Республика басшысының бұл ықыласы жас ақынға үлкен құрмет еді. Алайда Олжас 
та «қарыз» болып қалмайды. Осы жылдың 16 желтоқсан күні Д. Қонаев орнынан алынып, И. Юсупов 
тағайындалғанда  биік  мінбеден  ресми  түрде  қарсылық  білдірген  О.  Сүлейменов  қана  болады. 
«Таныстығымыздың барлық жылдарында бірде бір рет мен өзіме пәтер де, қызмет те, орден де, лауреат-
тықты да сұраған емеспін, - дейді Олжас. - Бұлардың барлығы маған өзінен-өзі келді. Мүмкін бірінші 
хатшы бұған араласқан шығар, бірақ менің өтінішімсіз. Ал басқалар үшін сұрадым. Тек қана жазушы-
лар үшін 300 пәтер алып бердім. Жазушылар одағына жылына екі-үш пәтер бөлінеді. Лимитіміз қаңтар 
айында-ақ  таусылады.  Жылдың  ортасында  мен  З.  Нұрқаділовке  (қала  әкімі  –  Д.С.)  «пәленше  деген 
жазушыға біздің «мифтік лимитімізден» екі бөлмелі үй беріңіз» деп өтініш жазамын. Оған бұл анықта-
ма қатты ұнап мүмкіндіктер табатын» [13, 322 б.]. 
1971-80  жылдары  О.  Сүлейменов  Қазақстан  Жазушылары  Одағының  хатшысы  қызметін  атқар-
ды. 1977 жылдан Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің мүшесі болған О. Сүлейменовтің 1983 
жылдың аяғынан 1991 жыл аралығында республика жазушылары одағының бірінші хатшысы қызметін 
атқаруы – қоғам қайраткері ретінде әбден танылған  жылдары. Сол жылдары Қазақстан Компартия-
сы  орталық  комитетінде  және  Жазушылар  одағында  әртүрлі  қызмет  атқарған  жазушы  Б.  Тілегенов: 
«Әнуардың кезінде (Әлімжанов – Д.С.) одақтық, халықаралық жиындар жиі өтуші еді... Халықаралық, 
Одақтық жиындар өткізу дәстүрі кейін Олжас келген соң қайта қалыптасып, қайтадан жүзеге асты.
Одақтың  басшысын,  үлкен  ұйымның  жетекшісін  жазушылар  ғана  емес  қарапайым  жұртта  қадірлеу 
керек екен. Ол орынның қасиетін, биіктігін, Олжас кезінде байқадық. Жұбан да (Молдағалиев – Д.С.), 
одан кейін Олжас та КСРО Жоғарғы Советінің депутаты болып сайланды. Бірақ осы екеуінің депутат-
тық қызметі екі түрлі еді. Жұбанның кезінде депутатын іздеп келіп, Одақтың табалдырығын тоздырған 
адамдарды көре алмадық... Ал Олжастың кезінде осы дәстүр бұзылды. Жазушылар одағының екінші 
қабатындағы кең фойе мен Олжастың қабылдау бөлмесі топырлаған жұрттан арылмайтын. Олжас жұ-
мысқа келеді деген күні жазушы да, басқа да қаптап кететін... [14, 279-280 б.]. Шынында да Олжастың 
қабылдауына әлеуметтік әділдік іздеп барған отандастардың саны өте көп болғанын мемлекеттік хат-
шы Қ. Саудабаевтан бастап, Желтоқсан көтерілісіне қатысушылар және қарапайым мыңдаған адамдар 
112

растайды. О. Сүлейменов бірнеше рет 1980-84 және 1984-89 жылдары шақырылған Қазақстан Жоғарғы 
Советінің, ал 1989-91 жылдары КСРО Жоғарғы Советінің депутаты болып сайланды. 
Қазақстан басшысы Д. Қонаев - Олжасты іш тартып,жоғарғы лауазымды қызметтерге тағайын-
дағысы келген адам, бірақ өз халқының алдындағы жеке бағдарламасына адал Олжас тектілік таны-
тып, одан бас тарта білген. Д. Қонаевтың бұл ниеті республика имиджінен туындаған болуы мүмкін. 
Дегенмен Д. Қонаевтың 1980 жылы бір рет қана О. Сүлейменовті жоғарғы қызметке көндіруінің сәті 
түсті. Онда да шығармашылықпен байланысты - Қазақстан кинемотаграфистер Одағының хатшысы 
қызметі. 1981 жылы ақын кинемотография істері бойынша ҚазССР мемлекеттік комитетінің төрағасы 
болып тағайындалды. 1984 жылдың көктемінде Республика Жоғарғы Кеңесі президиуымының төраға-
сы Саттар Имашев кенеттен қайтыс болып, оның орнына Д. Қонаев - О. Сүлейменовті қойғысы келеді, 
бірақ бұл жолы да көндіре алмайды. «Мен келісімді берсем, менің өмірлік бағдарламама түпкілікті 
жерошақтың қазылатынын түсіндім. Сөйтіп батыл түрде бас тарттым, - дейді О. Сүлейменов. - Бірне-
ше аптадан кейін Бәйкен Әшімұлы Президиум төрағасы болды да, оның орнына Нұрсұлтан Назарбаев 
келді» [13, 321 б.].
Алайда,  О.  Сүлейменовті  республика  басшысының  осыншалықты  іш  тартуын,  жалпыхалықтық 
аңызға  айналған  биік  беделін  идеология  хатшылары  мен  кейбір  әріптестері  көтермейтін.  Олар 
В.И. Лениннің 100 жылдығына орай поэма жазуды талап етсе, Олжас «Вавилония жөзекшесі» туралы 
кітап жазды. «Көсемдер» Қазақстандағы қой санын 50 млн-ға жеткізу туралы тақырыбында белгілеп 
- «50.000000» поэма жаз десе, ол «Қойлар неге жүдейді» деген өткір публицистикалық, жүйенің ша-
мына тиетін мақала жазды. «Жоғарғы жақ» қазақ жастарын ауылға шақырса, Олжас қалаға шақыр-
ды. Бейресми ортада Олжастың идеология хатшыларын меңзеп «көсемдер не дер екен» деп айтқан 
мысқылы  да  хатшылардың  құлағына  жетіп  жатты.  «Кішкентай  ұлылармен»  санаспаушылықтың 
ақыры «З. Камалиденов - О.Сүлейменов» текетіресуіне алып келді.
1985 жылы КСРО да Жоғарғы билікке М.Горбачевтің келуімен елдің әлеуметтік-экономикалық 
және саяси өмірін қайта құру бағыты жарияланды. М. Горбачевтің «ескі гвардия» өкілдерінің бірі 
Д.  Қонаевқа  күрт  қырын  қарауы  басталды.  Тағдырдың  тәлкегімен  1986  жылдың  нақ  16  желтоқсан 
күні Д. Қонаев екінші рет орнынан алынып - қазақ жастарының көтерілісін тудырды. КСРО мем-
лекеттік қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары Ф.Д. Бобков «КГБ и власть» кіта-
бында: «Камалиденовтің басты кемшілігі Орталық комитеттің қолдауына ие болғаннан кейін дөрекі 
қателіктерге жол берді. Оның кейбір сөздері қазақтардың ұлттық сезіміне тимей қоймады. Осының 
негізінде ол қазақ зиялылармен, тіпті, О. Сүлейменов сияқты лайықты адам, даңқты ақынмен ұрысты. 
Мен МХК де бірге қызмет атқарып жүрген уақытта бұл туралы Камалиденовке бірнеше рет айттым да. 
Зақаш өз халқының алдында беделінен айырылмасын деп қателіктерден сақтандырып түзеп жібергіміз 
келді. Бірақ ол өзінің интернационалистік сөздері құлақтарына майдай жағатындарды ғана тыңдаумен 
болды... Мына бір нәрсе есімде қалыпты: әлдекім тәртіпсіздіктердің ең негізгі бастаушысы деп атақты 
қазақ ақыны О. Сүлейменовті табандылықпен қайталаумен болды. Шынында да тобыр оның митингі-
де сөйлеуін талап етті. Осы кезде мен қазақ жолдастардан Сүлейменов қайда деп едім, Камалиденов: 
«Оны таппадық, қаладан кетіп қалыпты» деп жауап берді. Кейінірек мен Сүлейменовтің бұл күндері 
қалада болғанын, азаматтардың алдында сөйлегісі келгенін, бірақ оған мүмкіндік берілмегенін білдім» 
[15, 329-330 б.] деп жазады. 
1986  жылдың  16  желтоқсан  күні  сағат  10-  да  өткен  және  бар  болғаны  18  минөтке  созылған 
Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Пленумы ұйымдастыру мәселесін қарады. Орталықтың 
шешімімен  ұзақ  жылдар  республиканы  басқарған  Д.  Қонаев  орнынан  босатылып,  Г.  В.  Колбин 
республика партия ұйымының бірінші хатшылығына тағайындалғанда, оған бір-ақ адам – Пленум 
мүшесі, Қазақстан Жазушылары Одағының бірінші хатшысы О. Сүлейменов қана қарсы дауыс берді. 
Өздерін Д. Қонаевтың «шәкірттеріміз» дейтіндер одан бойын аулақ ұстай бастағанда,  Олжас қана сол 
күндері көрер көзге Д. Қонаевқа жақын жүрді. 
Ел  басына  күн  туған  жан  қысылған  шақта  жиналған  халықтың  билік  басындағыларды  емес, 
даңқты ұлдарын көргісі келгенінің символдық маңызы бар. 1986 жылдың 17-18 желтоқсан күндері 
алаңға жиналған дүйім жұрттың Олжасты іздеп «Олжас халықтың алдына шықсын» деген өтініштерін 
желтоқсан оқиғасына қатысушылар да, Республика МХК қызметкерлері де мойындайды. 
Жазушы С. Сматаевтың айтуынша, 17 желтоқсан күні О. Сүлейменовтің «жастарға басу айтсам қай-
теді» деген өтінішіне З. Камалиденов «тек бюро мүшелері сөйлейді» деп тұрып алған. Қазақ теледидары-
113

ның тілшісі Евгений Найко - Олжастың оқиға туралы ой толғамдарын жазып алып, көрермендерге ұсынбақ 
болғанда, Орталық партия комитетінен «көрсетпеңдер» деген тапсырма түседі. МХК қызметкерлері 
Олжастың әрбір қадамын аңдып жүрді. Бұл орайда кеңестік чиновниктік психологияның жеңгендігін 
айту керек - «біздің қолымыздан келмеді, ал жиналған тобыр шынында да Олжасты тыңдап кетсе, біз 
жоғарғы жақтың бетіне қалай қараймыз?...». 
Көтеріліс басылып жаншылысымен 19 желтоқсан күні О. Сүлейменов ҚазМҰУ-дің студент-оқы-
тушылар ұжымымен кездесу өткізеді. Кездесуге келгендердің «Өткен оқиғаларға кім кінәлі?» деген 
басты сұрауына О. Сүлейменов «партия чиновниктері» деп жауап беріп, атақты «қасқырдың бөлтірігі» 
өлеңін оқиды... Кездесуден кейін университеттің көптеген оқытушыларын: «кездесуде О. Сүлейменов 
не туралы айтты» деп тергейді. Осы тұста Мәскеулік тергеушінің кездейсоқ «қатесі» болашақ тарихи 
әділеттілікке қызмет етті. Оның «бір минөтке» сыртқа шығып кеткенін тәжірибиелі профессор ұтымды 
«пайдаланып», тергеушінің алдындағы парақтарға асығыс көз жүгіртеді. Оның мазмұны «жастардың 
партияға қарсы ұлтшылдық көтерілісінің басты ұйымдастырушысы - О. Сүлейменов» дегенге саяды. 
Астында белгілі қазақ жазушыларының қолдары тұр [16, 99 б.]. Қазақстан билік басындағылары ғана 
емес, сондай-ақ зиялылардың топтары да Олжасты құлататын кез келді деп есептеген болуы керек. 
2006 жылдың мамыр айында О. Сүлейменовтің 70 жылдығы республика зор тұлғасына сай аталып өтті. 
15 мамыр күні ҚазМҰУ-дің жастар сарайында болған кездесуде желтоқсанның сол бір ызғарлы күн-
дерін бір сәт еске алған ақын, өзінің үстінен арыз жазған көзі тірі жазушылардың атын атамай кешірім-
мен қарады. «Бар болғаны мен оларға қол беріп амандасуды қойдым» деумен шектелді.
Кеңестік  жүйе  екі  тұлға  «Қонаев-Сүлейменов»  жұбының  қазақтардың  қордаланған  ұлттық 
сана сезімінің оянуындағы орнын инстинктивті түрде сезді, бірақ олардың «қылмыстарына» дәлел 
таппай аңтарылды. Жаңа билеуші Г. Колбин де биік тұғырдан көріне алмай жатты. Белгілі қаламгер 
Г. Толмачев: «Геннадий Васильевич күндіз (30 желтоқсан 1986 жыл) Жазушылар Одағында Олжаспен 
кездеседі, қатты құшақтасып көріседі де қалың еріндерімен бірнеше рет сүйеді, ал кешке қарай өзінің 
кеңесшілерімен: «О. Сүлейменовті тұтқындаймыз ба әлде артын күтеміз бе деген дилемманы шешумен 
болды» [17, 102 б.] деп еске алады. 1986 жылдың желтоқсанынан 1987 жылдың сәуіріне дейінгі аралық 
О. Сүлейменов өміріндегі ең тартысты сәттердің бірі болды. Тарихшы профессор В.М. Козьменконың 
айтуынша КСРО-ның көрнекті жазушылары Ш. Айтматов, А. Вознесенский, Ю. Семеновтардың -  
М. Горбачевқа шығып «Олжасты қозғамау» туралы өтініштері де оң септігін тигізген болуы керек. 
Г. Колбиндік Қазақстан жылдарындағы билік пен зиялылар арасындағы қарым-қатынас желісін 
аңдау өте мұқияттылықты талап етеді. Билік басындағылардың өздері де жапа шекті. Әртүрлі «істер»: - 
«Асанбаевтың ісі», «А.Г Статениннің ісі» дейтіндер жүріп жатты. Алайда, кең қоғамдық мазмұн алған 
З. Камалиденов пен О. Сүлейменовтің тартысы болды [18]. Республикалық идеологиялық кеңес, пле-
нум, жиналыс, мүшел тойларда бұл текетірес айқын сезіліп тұрды. Биресми кездесулерден бөлек 1986 
жылдың желтоқсаны - 1987 жылдың наурызы аралығында Г. Колбин үш рет О. Сүлейменовті жеке 
қабылдады, арада мәмлегерлік те, өзара қошемет сөздер де болды. Мұнымен біруақытта 1987 жылдың 
14 наурызында өткен Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің VIII пленумында О. Сүлейменов-
ке қатысты екі мәселе қаралды: 1. Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің мүшесі О. Сүлейме-
новтің, қылмыскер, Д.А. Ковинконы (Алматы ет өнімдерін шығару бірлестігінің директоры) қорғау-
дағы субъективтік көзқарастарының себептері. 2. Д. Қонаевтың 70-жылдығына арналған кинофильмді 
шығарудың жағдайлары туралы.
Пленумда сөйлеген барлық шешендердің сөздері ертеңіне республикалық басылымдарда жарық 
көрді. Тек Сүлейменовтің пленумында сөйлеген сөзі жарияланбады. 1987 жылдың 16 наурызында бұл 
туралы СОКП орталық комитетінің органы, Бас газет болып саналатын «Правда» газеті жазды [19]. Осы 
жылдың 26 наурызында республикалық «Казахстанская правда» газетіндегі «қоғамдық пікір» рубри-
касымен оқырмандардың «наразылыққа толы» хаттарының топтамасы «О. Сүлейменов қашанға дейін 
орталық комитетті шыр айналдыра бермек?» сарынында берілді. Топтамада: «Пленумдағы О. Сүлейме-
новтың сөзі бұрынғы ескі әуендік сипатта болып, форумда салтанат құрған жалпы ашық атмосфераға 
кереғар келді. Пленумға қатысқандардың көпшілігі оның көзқарастарын қолдаған жоқ. О. Сүлейме-
новтің  сөздерінде  идеялық–теориялық  сипаттағы  қате  пікірлер  болды.  Оның  өзі  орталық  комитетке 
келіп, көңіл күйінің аурушаң жағдайда болғанын айтып сөздерін жарияламау туралы өтініш білдірді. 
Орталық комитет оның өтінішін қанағаттандырды. Келесі Пленумда, мүмкін ол Орталық комитет мү-
шелеріне өзінің бұл қылығын түсіндіретін болар» [20] деген бопсаға, қайшылыққа толы түсінік берілді. 
Айта кету қажет, бұл Пленумда О. Сүлейменов Д. Қонаевты қорғап, керісінше Г. Колбинді Қа-
114

зақстанға білмей келген идеалист деген еді: 1987 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 
Наурыз Пленумында «Қонаевтың жеке басына табынушылықты» сынау басталды. Кінә арту үшін не-
гіздеме қажет болды. Пленум материалдары ертеңіне газеттерде жарияланып, ақынның ғана сөздері  
жарияланбайды. Ақын трибунаға шыққан кезде лық толы залдың ортасында жалғыз өзі отырған 
Д. Қонаевқа көзі түседі. Оның жанындағы орындардың барлығы бос болады. Олжас залға: «Жолдастар, 
Орталық комитет мүшелері сіздерге не болған? - деп сұрайды - Бұрын сіздің әрқайсысыңыз Димекеңе 
жақындауды, амандасуды, онымен бірге суретке түсуді абырой санайтын едіңіздер ғой, ал енді неге 
жалт бұрылдыңыздар. Сіздер ол кісіден қателестіңіздер ме? Әлде ол сіздерден қателескен бе? Сіздер 
Қонаевтың жеке басына табынушылық туралы айттыңыздар. «Жеке адамға табынушылық» - қатардағы 
қарапайым партия мүшелерінің өздерінің көрнекті жолдастарын жазалаған тікенекті сымдарды, дөрекі 
сот процесстерін еске түсіреді... Бұл Пленумды мерейтойлық деп атауға болады. 
Біз 37-жылдың 50 жылдығын атап өтіп отырмыз. Бұл жылдары біздің санамызда не өзгерді? Маған 
Мәскеуден,  Болгариядан  достарым  телефон  шалып  Г.  Колбин  жолдастың  жеке  басы  жайлы  білгісі 
келеді. Мен ол жергілікті жағдайды білмей келген идеалист деп жауап бердім» [13, 325 б.]. Жағдайдың 
ушығуы осыдан еді. 
Осындай  жағдайда  КОКП  Орталық  Комитеті  Саяси  Бюросының  мүшесі,  биік  парасат  иесі 
А.Н.      Яковлев  -  О.  Сүлейменовке  түсіністікпен  қарады.  О.  Сүлейменов  бұл  айларда  өзін  сабырлы 
ұстап, оның есесіне М. Шаханов, С. Шаймерденов, Ә. Нұршайықов, ғалымдар С. Зиманов, Д. Кішібе-
ков, Ж. Әбдилдиндер белсенділік көрсетіп, биліктің екпінін басып отырды. Г. Колбин республикадан 
кетпей тұрып М. Шаханов желтоқсан оқиғасына әділ баға беру жөніндегі іс шараларды өрбітті.   
Д.  Қонаев айтқандай «Олжас пен Мұхтар ылғи бір-бірлерін қолдап қуаттап... Ізгілік пен зұлымдықтың 
ешқашан да бітім таппас күрестерінде дайым осылай бірге жүрді. Мұндай дара қатынастар ұлтымыз 
үшін қажет болды» [21, 284 б.].
1989 жылдың 28 ақпанында О. Сүлейменов Кеңес Одағында бірінші болып қоғамдық ұйым «Нева-
да-Семей» қозғалысын құрды. 1986 жылдың желтоқсанында жігері құм болған ұлттық рухтың еңсесі 
қайта көтерілді.1986-89 жылдары қоғамдық-саяси белсенділіктен Қазақстан Одақта алдыңғы қатардан 
көрінді. Қозғалыс халықаралық резонанс туғызды. 1989 жылы Олжастың Кеңес Одағының тарайтыны-
на көзі жетеді. 1990 жылдың 25-ші ақпанында М. Горбачев пен Саяси Бюро мүшелерінің бірқатарына 
КСРО-ны Европалық қауымдастық үлгісінде Евразиялық Одаққа айналдыруды, сөйтіп жаңа тұрпатты 
конфедерация құруды ұсынады. Олжастың логикасы бойынша Әлем, Европа елдерінде бірігу тенден-
циясы байқалуда, ал КСРО ыдырауда. Қоғам дамуының әлемдік тенденциясына қайшы келмес үшін, 
Тәуелсіз елдер конфедерациясын құру қажет болып табылады. Бұл қантөгіске жол бермей мемлекет-
тердің саяси тәуелсіздігі негізінде жаңа кеңістікке шығу еді. Бірақ Саяси Бюро мүшелерінің ортодок-
сальдылығы бұған жол бермеді. О. Сүлейменовтің - М. Горбачев пен төңірегіндегілерге берген келесі 
бір кеңесі алдымен экономикалық, сонан соң саяси реформалар көзделген Қытайлық жолмен жүру еді. 
Кремль «азиялық елден» үлгі алуға арланды, бұған да құлақ аспады. Осылардың барлығы есінде бо-
луы керек, 1991 жылы желтоқсан айында Қазақстаннан Мәскеуге аттанар алдында Ресей президенті  
Б. Ельцин биресми жағдайда болса да «Олжас бүкіл адамзаттың данышпаны» деп мәлімдеді. 1994 жылы 
Қазақстан президенті Евразиялық идеяны ұсынған кезде көп уақыт өтіп кеткен еді. 
О. Сүлейменовтің геосаяси және геомәдени парасатын орыс-кеңес қоғамының сол тұстағы табыну 
деңгейіндегі бірден-бір тұлғалары А.Д. Сахаров пен А.И. Солжиныцын деңгейлерімен салыстыру қа-
жеттігі туындайды. Екі тұлға да Ресейдің болашақ даму тұжырымдамаларын ұсынды. Алғашқысының 
конвергенция теориясы жауласушы  екі әлемді – капитализм мен социализм – жақындастыруға бағыт-
талған гуманистік бағдарлама болып, қоғамдық пікірде зор қолдауға ие болғанымен, «Жаңа Консти-
туциясы» Ресейдің реальдылықтарына сәйкес келмей, оны нығайтуға емес ыдыратуға алып келетін.  
Ал  коммунизмге  қарсы  күресуші  және  оның  жеңімпазы    А.  И.  Солженицын  –  ұлы  күрескер,  бірақ 
Ресейдің ішкі қоғамын модернизациялау және геосаясатына қатысты пікірлері орыс патриоттары мен 
демократтарына да түсініксіз болды. Мұны ұлы ақыл-ой иелерінің интеллектуальдық тұйыққа тіре-
лулері деп бағалап, бірақ қазақ тұлғасына қатысты қолдануға болмас еді. О. Сүлейменов КСРО – ның 
болашағына, жаңа жағдайларға бейімделуіне  қатысты тарихтың өзі ұсынып отарған бірден бір дұрыс 
жолды нұсқады. Алайда, кеңес билігі субьективтік факторлардың жетегінде кетті. Осылайша КСРО та-
рауының бір парасын кеңес басшылары мен Ресей қоғамының  интеллектуальдық жеңілісі құрады. Бел-
гілі тарихшы, профессор Х.М. Әбжановтың айтуынша ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан-
ның қоғамдық, саяси-мәдени өмірінде Д. Қонаев пен О. Сүлейменовтің қызметі айрықша орын алады. 
115

Қайта құру жылдары мен тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы О. Сүлейменовтің қоғамдық қыз-
метінің  құрамдас  бөлімін  -  экономикалық  мәселелер  құрады.  Ақын  1984-1989  жылдары  бұрынғы 
шақырылған КСРО Жоғарғы Кеңесінің мәдениет бөлімінде жұмыс істесе, жаңадан шақырылған кеңе-
сте экономика саласын таңдап, бағалау комитетінде жұмыс істеген еді. Сөйтіп нақты экономикалық 
мәселелермен айналысты. Бұған мәжбүрлеген елдің өте ауыр экономикалық жағдайы еді. Осы орайда 
1990 жылдың басындағы экономикалық даму индекстерін анықтау жолындағы О. Сүлейменовтің із-
деністерінің нәтижелерін экономикадағы жаңалық деңгейінде қабылдауға болар еді. Бюджетті толтыру 
үшін белгілі бір елде қанша шағын және орташа кәсіпорын болуы керек?. Есептеу өте қарапайым жүр-
гізілді. Дамыған елдердегі (АҚШ, Жапония, Германия, Франция, Англия, Канада, Италия) халықтың 
саны сол елдердегі кәсіпорындар санына бөлінді. Айталық АҚШ халқы 260 млн. болса, кәсіпорындар 
саны 13 млн. болды. Бұл 260 млн. халықтың «5%»-ы. Кәсіпорын қожайындарының саны халықтың 
20/1 бөлігін құрады. Қалған елдердегі есептеулер де осыны көрсетті. Осылайша, О. Сүлейменовтің 
«5%-ы принципі» қағидасы дүниеге келді. Қалған зерттеулер көрсеткендей бұл қазіргі экономиканың 
универсальды заңы болып шықты. Қазақстанда халықтың 16 млн. болған жағдайда 11 мың кәсіпорын 
емес, - 800 мың шағын бизнес кәсіпорындары керек болып шығады. Яғни 800 мың кәсіп иесі нақ сол 
5%-ы құрайды. «Жыл сайын мыңдаған фирмалар пайда болады, бірақ қорытындысында» 5%-ы сақта-
лып қалады, - дейді О. Сүлейменов. - Егер бұл сан ұлғайса артық өндірілген экономика қызынады да 
артық кәсіпорындар табиғи жолмен ығыстырылып тасталады. Нарық - өзін-өзі реттейтін ұғым. Жапо-
ния мен Германияда да шамамен осындай арақатынас. Неғұрлым кемшіндеу дамыған елдерде пайыз-
дық көрсеткіш аздау. Нашар дамыған елдерде - пайыз үлесі мүлде аз. Бұл заңдылық - экономикалық 
даму дәрежесін айқындайтын жақсы классификациялық белгі бола алады. Сөйтіп мемлекет қызметін 
жоспарлауға да жәрдемін тигізер еді» [22].
Горбачев төңірегіндегі «аспирант» кеңесшілері (Г.Явлинский) сияқты, О. Сүлейменовтің ұсыныста-
рына Қазақстан республикасының алғашқы үкіметтері де дер кезінде үн қоса алмай жатты. Кейбір ұсы-
ныстары ғана баяу да болса, астыртын қабылданып жүзеге асып жатты. Бұл орайда бюрократиялық 
жалған «намысшылдық» та, чиновниктік эгоизм, жанаярлықта өз дегенін істеуі мүмкін. Дегенмен 
О. Сүлейменовтің экономикалық сценарийіне жақын бағытта дамыған бұрынғы КСРО республикалары 
да болды. Ең бірінші кезекте Балтық жағалауы республикалары, әсіресе Эстония. Ресейдің Б. Немцов 
басқарған Нижний Новгород губерниясы да осы қатардан көрінеді. Балтық жағалауы республикалары 
1993 жылдың өзінде-ақ дағдарыстық кезеңді басынан өткеріп үлгірді. Мұның барлығы Кремль кеңес-
шілерінің тарихи қолы тимей, ал Қазақстан үкімет басшылары тыңдауға намыстанса да О. Сүлейме-
нов экономикалық концепцияларының ғылыми негізді болғанын көрсетеді. Ақынның тұжырымдары 
әлемдік экономиканың беделді тұлғалары тарапынан да қолдау тауып отырды. Францияны генерал де 
Голь басқарған жылдары, оның экономикалық кеңесшісі болған Алекс Москович, ақынның экономика-
лық көзқарастарына былайша баға береді: «Мен сіздің баяндамаңызды мұқият, тіпті, өте мұқият оқып 
шықтым және көп жағдайларда сізбен пікірлес екендігімізге Сізді сендіргім келеді. Әсіресе,экономика-
лық мәселелер бойынша... Қытай үлгісі ең үздік дәлелдеме болып табылады,соған ұмтылу керек деген 
Сіздің пікіріңізбен, мен үзілді- кесілді келісемін... Біздің сирек кездесетінімізге қарамастан, Сіздің тең-
десі жоқ ақыл иесі екендегіңізді мен тамаша түсінемін және сізде жақсы түсінесіз» [22].
Түйіндей келгенде О. Сүлейменовтің дербес ғылыми ізденістері де қоғамдық сипат алып, жоғарғы 
академиялық ғылым өкілдерінің назарын өзіне қаратты. Әсіресе орыстың ортағасырлық әдеби жәдігері 
«Игорь полкі туралы жырды» зерттеу тәжірибелері «Жырдың» зерттелуіндегі байқалған дағдарыстық 
элементтерді жеңіп, оның деректік аясын түркі-қазақ материалдарымен кеңейтті. Жас геолог ғалымның 
мақалаларына беделді ғалымдар үн қосты. Алғашқы ғылыми ізденіс нәтижелерінен-ақ, ақынның ресми 
академиялық ғылымға қарсы ұстанымы айқын байқалды. О. Сүлейменовтің жеке «қоғамдық ғылымы» 
мен академиялық ғылымның арасындағы теориялық әдіснамалық, ұстанымдық қайшылықтар көрін-
ді. Ақын пендешілік мансап жолына түспей, ұлттық тарих алдындағы азаматтық позициясына адал 
болып - ғалым және қайраткер ретінде қалыптасты. Ұлттық сананың нығаюындағы О. Сүлейменов 
шағармашылығының ықпалы Желтоқсан көтерілісі күндері кеңестік биліктің ақын тұлғасына қатқыл 
ұстанымынан да көрінді. Ақынның геоэкономикалық және геосаяси көзқарастары да әлемдік беделді 
ғалымдар тарапынан мойындалды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет