Ң азаматтық іс жүргізу қҰҚЫҒЫ


Партисипативтік рәсімнің ұғымы және мәнісі



бет37/63
Дата18.12.2023
өлшемі2,26 Mb.
#140494
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   63
Байланысты:
680916393060 Дәрістер АІЖҚ 2020-2021

8.6 Партисипативтік рәсімнің ұғымы және мәнісі

Тараптар сот АПК-нің 179 бабында көзделген ережелер бойынша кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы өтініш жасауға құқылы. Бірінші немесе апелляциялық сатылардағы соттарда осы себеп бойынша істі он күнге кейінге қалдыру немесе іс бойынша іс жүргізуді осы мерзімге тоқтата тұру мүмкін болады. Кассациялық сатыдағы сотта мұндай өтінішхат партисипативтік сот тәртібімен жасалған келісімді бір мезгілде ұсына отырып, мәлімделуі мүмкін, себебі іс бойынша іс қарауды кейінге қалдыру немесе іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру АПК көзделмеген.


Партисипативтік рәсім екі тараптың да адвокаттарының дауды реттеуіне жәрдемдесетін тараптар арасында келіссөздер жүргізу жолымен судьяның қатысуынсыз өткізіледі. Тараптар арасындағы құжаттар алмасуды олар, олардың адвокаттары үшінші тәуелсіз төрешінің қатысуынсыз жүзеге асырады. Тараптар дауды шешудің нұсқаларын ұсынады және тараптар мен адвокаттар қол қойған партисипативтік рәсім тәртібімен жасалған келісімді сотқа ұсынады. Бұл ретте талап қоюдың нысанасын немесе негіздемесін бір мезгілде өзгертуге жол берілмейді. «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңға сәйкес тараптардың татуласуына жәрдемдесу адвокаттардың міндеті болып табылады. Сотта өкіл ретінде сөз сөйлегенде, адвокат іс жүргізу заңына сәйкес бітімгерлік рәсімдерді жүргізуге құқылы. Адвокаттардың партисипативтік процедураны сәтті өткізу кезінде бірінші сатыдағы сотта істі қарау сатысында кәсіби өкілдік азаматтар жиі талап етеді деп болжануда.

Әдебиет:
1 ҚР Азаматтық Процестік Кодексі 2015 жылы 31 қазанда қабылданған (21 қаңтар 2019 ж. өзгерістер мен толықтырулармен) // http://online.zakon.kz


2 Жоғарғы Соттың 2001 жылғы 13 желтоқсандағы № 21 «Азаматтық істерді сот талқылауына дайындау туралы» Нормативтік қаулысы // http://online.zakon.kz

  1. ҚР «Медиация туралы» 2011 жылы 28 қаңтарда қабылданған Заңы // http://online.zakon.kz

  2. ҚР «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» 2018 жылғы 5 шілдедегі № 176-VІ Заңы // http://online.zakon.kz





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет