Ң азаматтық іс жүргізу қҰҚЫҒЫ


Сот шешімінің заңды күшіне енуі



бет45/63
Дата18.12.2023
өлшемі2,26 Mb.
#140494
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   63
10.2 Сот шешімінің заңды күшіне енуі

Сот шешiмiнiң заңды күшiне енуi ҚР АПК 240 бабында қарастырылған. Бiрiншi сатыдағы соттың шешiмi, егер шешімге шағым жасалмаса немесе прокурор апелляциялық өтінішхат келтірмесе, апелляциялық шағым жасау, прокурордың апелляциялық өтінішхат келтіру мерзімі өткеннен кейін заңды күшіне енеді.


Қаржы ұйымдарын немесе банк конгломератына бас ұйым ретінде кiретiн және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдауды жүргiзу туралы сот шешiмі олар жарияланған күнінен бастап заңды күшiне енедi және дереу орындалуға жатады.
Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы соттың шешімі жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
ҚР АПК 28 бабында көрсетілген істер бойынша шығарылған сот шешімі ол жарияланған күннен бастап заңды күшіне енеді.
Апелляциялық шағым берілген, прокурор апелляциялық өтінішхат келтірген жағдайларда шешім, егер оның күші жойылмаса және (немесе) ол өзгертілмесе, апелляциялық сатыдағы сот қаулысы жария етілген кезден бастап заңды күшіне енеді, ал осы Кодекстің 27 бабы төртінші бөлігінің қағидалары бойынша қаралған істер бойынша шешімдер Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасының қаулысы жария етілген күннен бастап заңды күшіне енеді.
Сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін тараптар және іске қатысатын басқа тұлғалар, сондай-ақ олардың құқық мирасқорлары сол талап қою талаптарын сол негіздер бойынша сотта қайтадан мәлімдей алмайды, сондай-ақ сот анықтаған фактілер мен құқықтық қатынастарды басқа процесте даулай алмайды.
Егер жауапкерден мерзімдік төлемдерді өндiріп алынатын шешiм заңды күшiне енгеннен кейiн төлемдердiң мөлшерiн анықтауға немесе олардың ұзақтығына ықпал ететiн мән-жайлар өзгерсе, тараптардың әрқайсысы жаңа талап қою арқылы мерзімді төлемдердiң мөлшерi мен мерзiмдерiн өзгертудi талап етуге құқылы.


10.3 Шешімді дереу орындау

Соттың шешімін орындауға жіберу ҚР АПК 241 бабында көрсетілген. Шешiм дереу орындалатын жағдайларды қоспағанда, заңды күшiне енгеннен кейiн осы Кодексте белгiленген тәртiппен орындауға жіберіледі.


Соттың шешiмi заңды күшiне енгеннен кейiн атқару парағы жазылып беріледі.
Мүлiк тәркiленген, мемлекет кiрiсiне өндiрiп алынған, сондай-ақ қылмыспен келтірілген нұқсан өндіріліп алынған, алименттер өндіріліп алынған, тарапы мемлекет болып табылатын мертігуден немесе денсаулыққа өзге зақым келуден, асыраушысынан айырылудан келтірілген зиянның орны толтырылған жағдайларда, сот өз бастамасымен ол жазылып берілген күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей атқару құжатын аумағы бойынша тиісті әділет органына орындауға жібереді.
Соттың дереу орындалуға тиiстi шешiмi бойынша атқару парағы шешiм шығарылған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей жазылып беріледі және орындауға жiберiледi.
Атқару парағын (бұдан әрi – атқару құжаты) бiрiншi сатыдағы сот шешiм заңды күшiне енген немесе iс жоғары тұрған соттан қайтарылған күннен бастап үш жұмыс күні iшiнде жазып береді. Атқару құжаты судьяның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылатын электрондық атқару құжаты нысанында жазылып берілуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет