Ң азаматтық іс жүргізу қҰҚЫҒЫ



бет39/63
Дата18.12.2023
өлшемі2,26 Mb.
#140494
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   63
Байланысты:
680916393060 Дәрістер АІЖҚ 2020-2021

Тараптардың дәлелдері дұрыс па? Сотқа қалай әрекет ету қажет? Төрелік туралы және медиация туралы ескертулер сотқа жолдану құқығына кедергі келтіреді ме?


III БІРІНШІ САТЫДАҒЫ СОТТЫҢ АЗАМАТТЫҚ ІСТІ ҚАРАУЫ. ОҢАЙЛАТЫЛҒАН ІС ЖҮРГІЗУ. ЕРЕКШЕ ТАЛАП ҚОЮ ІСІН ЖҮРГІЗУ. ЕРЕКШЕ ІС ЖҮРГІЗУ. СОТ АКТІЛЕРІН ҚАЙТА ҚАРАУ БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ. АТҚАРУШЫЛЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ


9. Бірінші сатыдағы соттың азаматтық істі қарауы
9.1 Сот талқылауының мәнісі. Сот отырысындағы төрағалық етушінің ролі
9.2 Істі мәні бойынша қарау. Соттық жарыссөздер. Прокурордың қорытындысы
9.3 Шешім шығару және оны жариялау
9.4 Сот отырысының хаттмасы, оның мазмұны мен мағынасы


9.1 Сот талқылауының мәнісі. Сот отырысындағы төрағалық етушінің ролі

ҚР АПК 184 бабына сәйкес сот азаматтық істі талқылауды іске қатысатын адамдарды міндетті түрде хабарландыра отырып, сот отырысында жүргізеді.


Азаматтық істер бойынша 185-221 АПК баптарына сәйкес сот отырысы залында отырыстар өткізу міндетті [1].
Сот азаматтық істерді АПК-нің 2-тарауында баяндалған азаматтық сот ісін жүргізудің барлық қағидаттарын сақтай отырып қарайды және шешеді (Кесте 31).
Іске қатысушы адамдардың сот отырысының орны мен уақыты туралы тиісінше хабарлау сот отырысын өткізу үшін міндетті шарт болып табылады. Хабарлама АПК-нің 127-133-баптарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл жағдайда сот талқылауына тікелей қатысу талабы маңызды мәнге ие болады, ол өзгелердің қатарында 15-баптың төртінші бөлігі АПК-нің 186 бабында көзделеген.
ҚР АПК 185 бабына сәйкес төрағалық етушiнiң мiндетiн судья атқарады. Төрағалық етушi азаматтық сот ісін жүргізу қағидаттарына сәйкес процестік әрекеттер жасаудың сабақтастықтығы мен тәртiбінiң сақталуын, процеске қатысушылардың процестік құқықтарын жүзеге асыруын және олардың процестік міндеттерді орындауын, процестің тәрбиелiк ықпалын қамтамасыз ете отырып, отырыстың барысына басшылық жасайды.
Іске қатысатын қандай да бір тұлғаның төрағалық етушiнiң процестік әрекеттерiне қарсылық бiлдiруі сот отырысының хаттамасына енгiзiледi.
Төрағалық етушi сот отырысында тиiстi тәртiптi қамтамасыз етуге қажеттi шаралар қолданады. Сот отырысында тәртіпті сақтау жөніндегі талаптар іске қатысатын барлық тұлғалар және олардың өкілдері, мамандар, сарапшылар, аудармашылар үшiн, сондай-ақ сот отырысы залында қатысып отырған азаматтар үшiн мiндеттi.
Төрағалық етушінің сот отырысында тәртіпті сақтау жөніндегі талаптарын орындамау осы Кодекстің 119 және 120-баптарының талаптарына сәйкес заңда көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
ҚР АПК 186 бабына сәйкес сот іс пен дауды қараған және шешкен кезде iс бойынша дәлелдемелердi тiкелей зерттеуге міндетті.
Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралатын істерді қоспағанда, сот тараптардың және іске қатысатын басқа да тұлғалардың түсiнiктемелерiн, куәлардың айғақтарын, сарапшылардың қорытындыларын, мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқаруоргандарының қорытындыларын тыңдауға, құжаттармен танысуға, заттай дәлелдемелердi қарап шығуға, дыбысжазбаларды тыңдауға және бейнежазбаларды, киноматериалдарын, фотоматериалдарды көруге, ақпаратты түрлендірудің өзге де құралдарының материалдарымен танысуға мiндеттi. Қажет болған жағдайларда iс бойынша дәлелдемелердi зерттеген кезде сот маманның консультациялары мен түсiндiрмелерiн тыңдайды.
Сот отырысында істi талқылау ауызша жүргiзiледi. Істі қарау процесінде судья алмастырылған жағдайда талқылау басынан бастап жүргізілуге тиіс.
Сот іске қатысатын басқа да тұлғалар тараптарының түсініктемелерін, куәлардың айғақтарын, сарапшылардың қорытындыларын, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қорытындыларын тыңдауды бейнеконференцбайланыс арқылы жүзеге асыра алады.
ҚР АПК 187 бабына сәйкес судья сот отырысы залына кiрген кезде залдағы қатысып отырған адамдар орындарынан тұрады. Шешiм шығармай аяқталатын істегі сот шешiмiн немесе ұйғарымын сот отырысы залында қатысып отырғандар түрегеп тұрып тыңдайды.
Іске қатысатын адамдар мен сот отырысы залында қатысып отырған азаматтар судьяға «Құрметті сот» деп сөйлейді.
Түсініктемелер мен айғақтарды, сұрақтар мен оларға жауаптарды процеске қатысушылар төрағалық етушінің рұқсатымен түрегеп тұрып береді. Бұл қағидадан ауытқуға төрағалық етушiнiң рұқсатымен ғана жол берілуі мүмкiн.
Іске қатысатын адамдар, сондай-ақ сот отырысы залында қатысып отырған азаматтар сот отырысы залындағы тәртіпті сақтауға міндетті.
ҚР АПК 183 бабына сәйкес бірінші сатыдағы соттың азаматтық iстердi қарау және шешу мерзiмдерi айқындалған. Азаматтық істі қарау мерзімі оның іс жүзіндегі күрделілігіне және іске қатысатын адамдардың мүдделеріне сәйкес келуге тиіс.
Сот істі сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап екi айға дейiнгi мерзiмде азаматтық iстерді қарайды және шешедi.
Жұмысқа қайтадан алу, әке болуды анықтау және алименттерді өндiріп алу туралы азаматтық істерді, сондай-ақ ерекше талап қою және ерекше іс жүргізу істерін сот істі сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап бір айға дейiнгi мерзiмде қарайды және шешедi.
Ереуілдерді заңсыз деп тану туралы істер талап қою арызы сотқа түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады және шешіледі. Уәкілетті органның мемлекеттік сатып алуды өткізуді тексерудің қорытындылары бойынша шешімдерін, қорытындыларын, нұсқамаларын даулау туралы істер істі сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады және шешіледі. Осы Кодексте азаматтық iстердiң жекелеген санаттары үшін оларды қараудың және шешудің өзге де мерзiмдері белгiленуi мүмкiн.
Қарсы талап қою берілген істерді қарау және шешу мерзімінің өтуі негізгі талап қою бойынша істі сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап есептеледі. Сот ақылға сыйымдылықты және жеткілілікті ескере отырып, мерзімді белгілеуге тиіс.
Негізгі істен бөліп алынған істі, сондай-ақ бірлесіп қарау үшін бір іске біріктірілген істерді қарау және шешу мерзімінің өтуі осы Кодекстің 167-бабының төртінші бөлігіне сәйкес есептеледі. Осы Кодексте белгіленген тәртіппен соттың ұйғарымына шағым жасалған кезде істі қарау және шешу мерзімінің өтуі, талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарымға шағым жасау жағдайларын қоспағанда, істі жоғары сатыдағы сотқа жіберген кезден бастап ол бірінші сатыдағы соттың іс жүргізуіне түскенге дейін үзіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет