Ң азаматтық іс жүргізу қҰҚЫҒЫ


Сот отырысының хаттмасы, оның мазмұны мен мағынасы



бет42/63
Дата18.12.2023
өлшемі2,26 Mb.
#140494
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   63
Байланысты:
680916393060 Дәрістер АІЖҚ 2020-2021

9.4 Сот отырысының хаттмасы, оның мазмұны мен мағынасы

ҚР АПК 26-тарауы сот отырысының хаттамаларына арналған [1]. ҚР АПК 281 бабына сәйкес хаттама жүргізудің міндеттілігі анықталған. Бірінші сатыдағы соттың әрбір сот отырысы туралы, сондай-ақ отырыстан тыс жасалған әрбір жеке процестік әрекет туралы жазбаша нысанда хаттама не сот отырысының аудио-, бейнежазбасы жүргізілген кезде қысқаша хаттама жасалады.


Іске қатысатын адамдардың бәрі сот отырысына келмеген жағдайда аудио-, бейнежазба жүргізілмейді.
Істі бірінші сатыдағы сотта сот талқылауына дайындау кезінде алдын ала сот отырысында, осы сатыда даудың мәні бойынша шешім шығарылатын жағдайларды қоспағанда, хаттама соттың қалауы бойынша жүргізіледі.
Істі апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша қарайтын жағдайларды қоспағанда, сондай-ақ осы Кодекстің 413 бабының екінші бөлігінде және 420 бабының төртінші бөлігінде көзделген қағидалар бойынша жаңа дәлелдемелер зерттелген жағдайда апелляциялық сатыдағы соттың сот отырысында хаттама жүргізу міндетті емес.
Кассациялық сатыдағы сотта хаттама жүргізілмейді.

Әдебиет:
1 ҚР Азаматтық Процестік Кодексі 2015 жылы 31 қазанда қабылданған (21 қаңтар 2019 ж. өзгерістер мен толықтырулармен) // http://online.zakon.kz




Бақылау сұрақтары:

  1. Бірінші сатыдағы соттың азаматтық істі қарауы қалай жүргізіліледі?

  2. Сот отырысындағы төрағалық етушінің ролі қандай?

  3. Істі мәні бойынша қарау деген не?

  4. Соттық жарыссөздер деген не?

  5. Реплика деген не?

  6. Шешім шығару және оны жариялау қалай жүзеге асырылады?

  7. Сот отырысының хаттмасы дегеніміз не?



Тапсырма 1. Сотта іс жүргізуге дайындық. Студенттер ата-аналық құқықтан айыру туралы іс бойынша сот талқылауына іскерлік ойын өткізуі тиіс. Іс жүргізудің соңында соттық іс тапсырылуы тиіс.
Ахметова Сәуле Талғатқызынан Алматы қаласы кәмелетке толмағандардың істері жөнінде мамандандырылған ауданарлық сотқа Ануаров Самат Сағындықұлын ата-аналық құқықтан айыру туралы талап арыз келіп түскен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет