Ң азаматтық іс жүргізу қҰҚЫҒЫ



бет47/63
Дата18.12.2023
өлшемі2,26 Mb.
#140494
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   63
10.4 Сот ұйғарымы. Хаттамалар

ҚР АПК 22 тарауы сот ұйғарымына арналған. ҚР АПК 268 бабында сот ұйғарымы және оны шығару тәртібі реттелген.


Іс мәні бойынша шешілмейтін сот актісі ұйғарым нысанында шығарылады. Сот ұйғарымды осы Кодекстің 223 бабында көзделген тәртіппен дербес процестік құжат түрінде шығарады.
Сот күрделі емес мәселелерді шешкен кезде сот отырысы залынан шықпай-ақ ұйғарым шығара алады. Ұйғарымның мазмұны туралы сот отырысының хаттамасында көрсетіледі.
Ұйғарым не оның қарар бөлігі шығарылғаннан кейін дереу жарияланады. Ұйғарым түпкілікті нысанда шешімнің қарар бөлігі жарияланғаннан кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде дайындалуы мүмкін.
ҚР АПК 26 тарауы хаттамаларға арналған. ҚР АПК 281 бабына сәйкес хаттама жүргізудің міндеттілігі деп аталған. Бірінші сатыдағы соттың әрбір сот отырысы туралы, сондай-ақ отырыстан тыс жасалған әрбір жеке процестік әрекет туралы жазбаша нысанда хаттама не сот отырысының аудио-, бейнежазбасы жүргізілген кезде қысқаша хаттама жасалады.
Іске қатысатын адамдардың бәрі сот отырысына келмеген жағдайда аудио-, бейнежазба жүргізілмейді.
Істі бірінші сатыдағы сотта сот талқылауына дайындау кезінде алдын ала сот отырысында, осы сатыда даудың мәні бойынша шешім шығарылатын жағдайларды қоспағанда, хаттама соттың қалауы бойынша жүргізіледі.
Істі апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша қарайтын жағдайларды қоспағанда, сондай-ақ осы Кодекстің 413-бабының екінші бөлігінде және 420-бабының төртінші бөлігінде көзделген қағидалар бойынша жаңа дәлелдемелер зерттелген жағдайда апелляциялық сатыдағы соттың сот отырысында хаттама жүргізу міндетті емес.
Кассациялық сатыдағы сотта хаттама жүргізілмейді.

Әдебиет:
1 ҚР Азаматтық Процестік Кодексі 2015 жылы 31 қазанда қабылданған (21 қаңтар 2019 ж. өзгерістер мен толықтырулармен) // http://online.zakon.kz




Бақылау сұрақтары:

  1. Бірінші сатыдағы соттың актілері қандай?

  2. Сот актілерінің түрлері қандай?

  3. Сот шешімнің мәнісі және мағынасы қандай?

  4. Шешімнің мазмұны қандай?

  5. Сот шешімінің заңды күшіне енуі деген не?

  6. Шешімді дереу орындау қалай жүргізіледі?

  7. Сот ұйғарымы деген не?

  8. Хаттама деген не?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет