Ң азаматтық іс жүргізу қҰҚЫҒЫ



бет55/63
Дата18.12.2023
өлшемі2,26 Mb.
#140494
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   63
Байланысты:
680916393060 Дәрістер АІЖҚ 2020-2021

1. Бұл іс азаматтық сот өндірісінің қай түріне жатқызылады?
2. Бұл жағдайда кім арыз беруші болып табылады?
3. Ш-ның арызы қанағаттандыруға жатады ма?
4. Сот ісін жүргізудің бұл түрі талап қою ісінен несімен ажыратылады?
5. Ұқсас арыздар бойынша қандай сот актісі шығарылады?
6. Іс бойынша оң шешім шығарған сот кейін оны жоя алады ма және қандай жағдайда?
7. Осы санаттағы істер бойынша қандай процессуалдық ерекшеліктер бар?


13. Сот актілерін қайта қарау бойынша іс жүргізу
13.1 Сот актілеріне аппеляциялық шағым жасау, наразылық білдіру
13.2 Аппеляциялық шағым, наразылық бойынша істерді қарау
13.3 Кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу
13.1 Сот актілеріне аппеляциялық шағым жасау, наразылық білдіру


Апелляциялық іс жүргізудің мәні бірінші сатыдағы сот ұйғарымдары мен шешімдері нысанында шығарған сот актілерінің заңдылығы мен негізділігін заңдылық пен негізділік тұрғысынан тексеру болып табылады.
АПК 52 тарауы сот актілеріне аппеляциялық шағым жасау, наразылық білдіру сұрақтарына арналған [1].
Апелляциялық шағым жасау құқығын жүзеге асыру сот қорғауының бір нысаны болып табылады. Оларға тараптарға және шеңбері заңмен айқындалған іске қатысушы басқа да адамдарға берілген (АПК-нің 43-бабының бірінші бөлігі). АПК-нің 413-бабының бірінші сатыдағы сот актілерінің заңдылығы мен негізділігін толық көлемде тексеру туралы ережелерін ескере отырып, іске қатысушы адамдардың шағымдарының дәлелдері шағым жасалған сот актісімен олардың мүдделерін қозғағанына қарамастан тексеруге жатады.
АПК 46, 401-баптары ережелерінің мағынасын негізге ала отырып, апелляциялық шағым беру құқығы тараптарда, прокурорда, уәкілетті мемлекеттік органдарда және соттың іске қатысуына тартылған басқа да тұлғаларда пайда болады.
АПК 401 бабының төртінші бөлігінің ережесіне сәйкес іске қатысуға тартылмаған тұлғалар, егер сот олардың құқықтары мен міндеттері бөлігінде шешім қабылдаған жағдайда, апелляциялық шағым бере алады. Осылайша, іске қатыспаған, құқықтары мен міндеттеріне қатысты сот шешім шығармаған адамдарға апелляциялық шағымдану құқығы жоқ деген қорытындыға келуге болады. Мұндай адамдар сот шешімімен қандай да бір негіздер бойынша келіспеген жағдайда, заңда белгіленген тәртіппен осы баптың үшінші бөлігінің тәртібімен өкілеттіктерді жүзеге асыру үшін прокурорға жүгіне алады.
Мысалы, үшінші тұлғаның талап-арызы бойынша кепіл берушінің кепілдік мүлікке құқық белгілейтін құжаттары жарамсыз деп танылған жағдайда кепіл ұстаушы шағым беру құқығын жүзеге асыра алады.
АПК 402 бабына сәйкес апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын қарайтын соттар деп анықталған.
Аудандық және оларға теңестірілген соттар шығарған шешімдерге апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын облыстық және оған теңестірілген соттың азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы кемінде үш алқа судьясының алқалы құрамында қарайды.
АПК 27 бабы төртінші бөлігінің қағидалары бойынша қаралған істер бойынша шығарылған шешімдерге апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасы кемінде үш алқа судьясының алқалы құрамында қарайды.
Аудандық және оларға теңестірілген соттар оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен шығарған шешімдерге апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын, ұйғарымға жеке шағымды, прокурордың өтінішхатын судья жеке-дара қарайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет