Ң азаматтық іс жүргізу қҰҚЫҒЫ



бет49/63
Дата18.12.2023
өлшемі2,26 Mb.
#140494
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   63
Байланысты:
680916393060 Дәрістер АІЖҚ 2020-2021

11. Оңайлатылған іс жүргізу
11.1 Оңайлатылған іс жүргізудің ұғымы
11.2 Бұйрық арқылы іс жүргізу
11.3 Сот бұйрығының ұғымы, шығару тәртібі, мерзімі
11.4 Сырттай іс жүргізудің ұғымы


11.1 Оңайлатылған іс жүргізудің ұғымы

Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу институты сот ісін жүргізуді одан әрі оңтайландыру, соттардың істерді жедел қарауды қамтамасыз ету, тиімді сот қорғауы, сотқа жүгінетін субъектілердің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін уақтылы қалпына келтіру мақсатында азаматтық істердің жекелеген санаттары бойынша азаматтық процеске енгізілді.


Істі жалпы тәртіппен талап қою ісін жүргізу ережелері бойынша қарау және жеңілдетілген (жазбаша) іс жүргізуде істі қарау соңғы жағдайда күрделілік тудырмайтын істер қаралатындығымен ерекшеленеді, бірқатар іс жүргізу әрекеттері жүргізілмейді, бұл істі бір ай мерзімде қарауға мүмкіндік береді.
ҚР АПК 13 тарауы оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібіне арналған [1]. ҚР АПК 144 бабына сәйкес сот істерді осы Кодекстің 14 тарауының қағидалары бойынша осы тарауда белгіленген ерекшеліктерімен бірге оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарайды.
Судья істерді арыз қабылданған күннен бастап бір ай мерзімде оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарайды. Істерді оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарау мерзімі ұзартылуға жатпайды.
Сот, егер:
1) тарап бұл туралы өтінішхат берсе;
2) үшінші тұлғаның іске кіруі туралы өтінішхаты қанағаттандырылса;
3) қарсы талап қою қабылданса;
4) осы іс бойынша қабылданған сот актісімен басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделері бұзылуы мүмкін болса;
5) дәлелдемелерді олардың тұрған жерінде қарап тексеру және зерттеу жүргізу, сараптама тағайындау немесе куәның айғақтарын тыңдау қажет болса;
6) қосымша мән-жайларды анықтау немесе қосымша дәлелдемелерді зерттеу қажет болса істі талап қою ісін жүргізу қағидалары бойынша жалпы тәртіппен қарау туралы ұйғарым шығарады.
Істі талап қою ісін жүргізу қағидалары бойынша жалпы тәртіппен қарау туралы ұйғарымда іске қатысатын адамдар жасауға тиіс әрекеттер мен осы әрекеттерді жасау мерзімдері көрсетіледі. Іс осы Кодексте тиісті санаттағы істер үшін белгіленген мерзімдерде қаралуға тиіс. Істі қарау мерзімі талап қою арызы алғаш қабылданған күннен бастап есептеледі.
Егер бір мезгілде бірнеше талап мәлімделсе, оның біреуі немесе одан да көбі осы Кодекстің 145 бабында көрсетілген тізбеге сәйкес келмесе және сот осы талаптарды жеке іс жүргізуде бөліп қарамаса, олар осы Кодекстің 14 тарауында белгіленген тәртіппен қаралады.
ҚР АПК 145 бабына сәйкес оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралатын істер келесідей:
1) егер талап қою бағасы заңды тұлғалар үшін – жеті жүз айлық есептік көрсеткіштен, жеке кәсіпкерлер, азаматтар үшін екі жүз айлық есептік көрсеткіштен аспаса, ақша сомаларын өндіріп алу туралы талап қою арыздары бойынша;
2) талап қою бағасына қарамастан, талап қоюшы ұсынған, жауапкердің ақшалай міндеттемелерін белгілейтін құжаттарға және (немесе) шарт бойынша берешекті растайтын құжаттарға негізделген талап қою арыздары бойынша істер оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарауға жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет