Ң азаматтық іс жүргізу қҰҚЫҒЫ



бет52/63
Дата18.12.2023
өлшемі2,26 Mb.
#140494
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   63
Байланысты:
680916393060 Дәрістер АІЖҚ 2020-2021



Бақылау сұрақтары:

  1. Оңайлатылған іс жүргізу деген не?

  2. Бұйрық арқылы іс жүргізу деген не?

  3. Сот бұйрығы деген не?

  4. Сот бұйрығын шығару тәртібі, мерзімі қандай?

  5. Сырттай іс жүргізу деген не?



Есеп 12. Сот отырысының басында үйден шығару туралы іс бойынша жауапкерлердің біреуі келмей қалғаны мәлім болды. Іс материалдарында оның қатысуынсыз істі қарау туралы өтініші болмай шықты. Талапкер сот отырысын істі сырттай жүргізу тәртібімен өткізуді өтініп сұрады, себебі келмей қалу дәлелді себеп емес және жауапкер істі сотта қарау мерзімін созып отыр деп мәлімдеді. Екінші жауапкер сырттай іс жүргізуге қарсы емес екенін білдірді. Сот сырттай іс жүргізуді өткізуден бас тартып, сот отырысын кейінге қалдырды. Сот дұрыс жасады ма?
Есеп 13. Сот сырттай шешім шығарды. Жауапкер сырттай
шешімнің күшін жоюдыц және істі мәні бойынша қарауды қайта бастау туралы арызбен сотқа жолданды. Арызды қарау барысында жауапкердің келмей қалу себебі қызметтік іс-сапарға кетуі болғаны анықталды. Қандай да бір басқа іс бойынша жаңа мән-жайлар мен дәлелдемелерді жауапкер бермеген, бірақ сот даулы құқықтық қатынасты реттейтін құқық нормасына дұрыс емес талқылаған және сотқа өз пікірін білдіргісі келетінін атап көрсеткен. Сот арызды қанағаттандырды. Сот дұрыс жасады ма?


12. Ерекше талап қою ісін жүргізу. Ерекше іс жүргізу
12.1 Ерекше талап қою ісін жүргізу
12.2 Ерекше іс жүргізу ұғымы және мәні


12.1 Ерекше талап қою ісін жүргізу

Ерекше талап қою өндірісі кейбір ерекшеліктері бар талап қою өндірісінің бір түрі болып табылады:


1) дау субъектілердің азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзған шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану жолымен шешіледі;
2) іс сырттай іс жүргізу тәртібімен шешілуге жатпайды;
3) іс бітімгершілік келісіммен аяқталмайды;
4) аталған санаттағы істер бойынша талап қоюдың қысқартылған мерзімі және істерді қараудың қысқартылған мерзімі белгіленген.
Ерекше талап қою ісін жүргізу осы категорияны қарау АПК-нің белгіленген нормаларын сақтай отырып, талап қою ісін жүргізу тәртібімен жүргізіледі. Заттай немесе міндетті құқықтық қатынастардан туындайтын құқық туралы дау туындаған жағдайда сот істі талап қою ісін жүргізу тәртібімен қарау туралы ұйғарым шығарады.
Ерекше талап қою өндірісі ҚР АПК 27 тарауында сайлауға, республикалық референдумға қатысатын азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің сайлау құқықтарын қорғау туралы арыздар бойынша іс жүргізуді қарастырады. ҚР АПК 28 тарауында жергiліктi атқарушы органдардың азаматтардың алқаби ретiнде қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысу құқықтарын бұзатын шешiмдеріне, әрекеттерiне (әрекетсiздігіне) дау айту туралы арыздар бойынша іс жүргізуді қарастырады.

ҚР АПК 29 тарауында мемлекеттік биліктің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілердің шешімдері мен
әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы істер бойынша
іс жүргізуді қарастырады. ҚР АПК 30 тарауында нормативтік құқықтық актінің заңдылығын даулау туралы істер бойынша іс жүргізуді қарастырады [1].






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет