Ң азаматтық іс жүргізу қҰҚЫҒЫ


Шетелдік тұлғалар қатысатын істер бойынша соттылық. Шетелдік сотта іс жүргізудің мәні



бет60/63
Дата18.12.2023
өлшемі2,26 Mb.
#140494
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63
14.2 Шетелдік тұлғалар қатысатын істер бойынша соттылық. Шетелдік сотта іс жүргізудің мәні

ҚР АПК 470 бабына сәйкес Қазақстан Республикасы сот шешімдерін өзара тануды және орындауды көздейтін халықаралық шарт жасасқан шет мемлекеттің соты егер сол тараптар арасындағы, сол нысанасы туралы және сол негіздер бойынша дау жөнінде шешім шығарып қойған болса, Қазақстан Республикасының соты арызды қараусыз қалдырады, ал іс бойынша іс жүргізуді тоқтатады.


Егер шет мемлекеттің сотында сол тараптар арасындағы, сол нысанасы туралы және сол негіздер бойынша бұрын қозғалған дау жөніндегі іс болса, ол бойынша шешім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында тануға жатса, Қазақстан Республикасының соты арызды қараусыз қалдырады, ал іс бойынша іс жүргізуді тоқтатады. Осы баптың ережелері осы іс Қазақстан Республикасы соттарының айрықша құзыретіне жатқызылатын жағдайларды қозғамайды.
ҚР АПК 471 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында Қазақстан Республикасы соттарының құзыретіне жатқызылған істердің соттылығы осы Кодекстің 3 тарауында белгіленген соттылық қағидалары бойынша айқындалады.

Әдебиет:
1 ҚР Азаматтық Процестік Кодексі 2015 жылы 31 қазанда қабылданған (21 қаңтар 2019 ж. өзгерістер мен толықтырулармен) // http://online.zakon.kz


Бақылау сұрақтары:
1 Шетелдік азаматтардың, азаматтығы жоқ тұлғалардың, шетелдік және халықаралық ұйымдардың азаматтық процессуалдық құқықтары мен міндеттері қандай?
2 Шетелдік тұлғалар қатысатын істер бойынша соттылық қалай жүзеге асырылады?


Есеп 17. Аудандық сотқа іс жүргізу трибуналынан (француз жалпы юрисдикциялық бірінші сатыдағы сотынан) Парижде болған жол-көлік оқиғасы бойынша Францияда талап қойылғандықтан, куә ретінде азамат А.С. Маратовтан түісінік алу туралы сұрап соттық тапсырма келіп түскен. Тапсырма француз тілінде жазылған және куәдан түсінік алу туралы және оны француз іс жүргізу заңнамасы бойынша процессуалдық құжат түрінде рәсімдеу туралы сұраған. Тапсырмада Франция АПК-нің тиісті баптары тіркелген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет