Бақылау сұрақтары: 1 Ерекше талап қою ісін жүргізу деген не?
2 Ерекше іс жүргізу деген не?
3 Ерекше талап қою ісін жүргізу мен ерекше іс жүргізудің айырмашылығы қандай?
Есеп 14. Алматы қаласының Жетісу аудандық соты құрамында төрағалық етуші судья К., сот отырысының хатшысы Б., Алматы қаласы Жетісу аудандық прокурорының аға көмекшісі К.-ның қатысуымен, арыз беруші - Ш., мүдделі тұлға - К., Алматы қаласы Жетісу аудандық әкімдігі аппараты қамқоршлық және қорғаншылық органының өкілі - Ж., маман ретінде қатыстырылған «Алматы қаласы қалалық наркологиялық орталығының» дәрігер-наркологы – З.-ның қатысуымен ашық сот отырысында Ш. – анасының Ш.-ны әрекет қабілеттілігін шектеу туралы арызы бойынша істі қарады.
Ш.-ның арызы келесідей негізделеді: ұлы Ш. спирт ішімдіктеріне салынған, пәтердегі Ш.-ның мүліктерін сатқан сөйтіп оны материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратқан. Арыз беруші Ш. Оған анасы болып келеді. Ш.-ның өз отбасы жоқ, анасымен бірге өмір сүріп жатыр. Сот отырысында арыз беруші Ш. Арызда негізделген дәлелдерді құптады және арызын қанағаттандыруды сұрады. Арызға тіркелген медициналық анықтамадан белгілі болғандай, Ш. «Алкагольды пайдалану нәтижесінде психикалық және мінез-құлықтық күйзеліске ұшырау. Тәуелділік синдромы» диагнозымен есепте тұрған. Алкоголизмнен стационарлық емдеуде 27 рет өткен.
Арыз беруші Ш.-ның түсінігінен анықталғандай, ш. Спирт ішімдіктерін үнемі пайдаланады. Жұмыс істемейді, спирт ішімдіктерін сатып алу мақсатында азын-аулақ ақшаға пәтердегі заттарды үшінші тұлғаларға сатады. Емдеу мекемелерінде көп рет стационарлық емдеуде болған, бірақ нәтиже бермеген. 2015 жылдың 21 шілдесінен бері «Алматы қаласы қалалық наркологиялық орталығында» стационарлық емделуден өтуде.
Іс бойынша мүдделі тұлға ретінде қатыстырылған К., арыз берушінің қызы болады, арызды қанағаттандыруға қарсы емес. К. сотқа сондай түсінік берген.
Іс бойынша маман ретінде қатыстырылған «Алматы қаласы қалалық наркологиялық орталығының» дәрігер-наркологы Зиябекова Д.А. Ш-ның 2015 жылдың 21 шілдесінен бері стационарлық емделіп жатқанын растады, оның ауыру жағдайын көрсетіп, оның есепте
тұрғанын, бірнеше рет стационарлық емдеуде болғанын атап көрсетті.
Ш. ауыру жағдайына байланысты сот отырысына шақырылмады.