13.3 Кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу
Кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу Қазақстан Республикасының барлық соттарының заңды күшіне енген сот шешімдері мен ұйғарымдарының заңдылығы мен негізділігін тексеру жөніндегі азаматтық сот ісін жүргізуді білдіреді.
Жоғарғы Соттың кассациялық сатысы осы Заңда қадағалау элементтері бар кассациялау өкілеттігіне ие.
Кассациялық саты тек қана заңды күшіне енген сот актілерін өтінішхаттың, ұсынымның дәлелдері шегінде олардың заңдылығы тұрғысынан қайта қарайды.
Бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың дау айтылатын сот актілерінің заңдылығына ықпал еткен өтінішхатта, ұсынымда, наразылықта келтірілмеген шешімдер қабылдауы кезінде материалдық және іс жүргізу заңының елеулі түрде бұзылуы анықталған жағдайда заң шығарушы кассациялық сатының заңдылық мүддесінде өтінішхаттың, ұсынымның, наразылықтың шегінен шығу құқығын көздеген.
Жоғарғы Сот жергілікті және басқа соттардың заңды күшіне енген сот актілерін оларға шағым берудің апелляциялық тәртібі сақталған жағдайда кассациялық тәртіппен қайта қарауы мүмкін.
Аталған бағытталған жеделдету рәсімдері, сот ісін жүргізудің мүмкіндігі, дұрыс шешім қабылдау, іс бойынша неғұрлым ерте сатыда процестің ерекшелігіне негізделген сот ісін жүргізудің апелляциялық сатыдағы шегінен апелляциялық және кассациялық қарау.
ҚР АПК-нің 413-бабына сәйкес істі апелляциялық тәртіппен қарау кезінде сот бірінші сатыдағы сот шешімінің заңдылығы мен негізділігін толық көлемде тексереді. АПК-нің 416-бабының екінші бөлігіне сәйкес апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы сот үшін көзделген ережелер бойынша істі дұрыс шешу үшін маңызы бар, тараптар ұсынған немесе олардың өтініштері бойынша талап етілген қосымша материалдарды, алынған сараптамалық қорытындыларды зерттейді, сот отырысына шақырылған адамдардан жауап алады. АПК 449-бабының нормалары істі кассациялық тәртіппен қарау шектерін белгілейді. Мәселен, кассациялық сатыдағы сот істе бар материалдар бойынша сот шығарған сот актілерінің заңдылығын өтінішхаттың, ұсынымның немесе наразылықтың дәлелдері шегінде тексереді.
Сонымен, келтірілген нормаларды талдау апелляциялық сатыдағы сот істе бар дәлелдемелерді, сондай-ақ тараптар ұсынған жаңа дәлелдемелерді зерттей отырып, бірінші сатыдағы соттың олқылықтарын іс жүзінде толықтыратыны туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Кассациялық сатыдағы сот қолда бар материалдар бойынша сот актілерінің заңдылығын тексереді.
Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының Сот актілері кассациялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін.
ҚР АПК 434 бабына сәйкес сот актiлері кассациялық тәртiппен қайта қарауға жатпайды келесі жағдайларда:
1) осы Кодекстің 12 және 13 тарауларында көзделген оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралған;
2) татуласу келісімімен, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісіммен аяқталған;
3) талап қою сомасы екі мың айлық есептік көрсеткіштен кем болған кезде жеке тұлғалардың және талап қою сомасы отыз мың айлық есептік көрсеткіштен кем болған кезде заңды тұлғалардың мүліктік мүдделеріне байланысты;
4) талап қоюдан бас тартуға байланысты аяқталған істер бойынша;
5) төлем қабілетсіздігін реттеу туралы, сондай-ақ оңалту рәсімі және банкроттық рәсімі шеңберінде туындайтын даулар жөніндегі істер, оның ішінде борышкер жасасқан мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы, борышкердің мүлкін қайтару туралы, банкроттықты немесе оңалтуды басқарушының талап қоюлары бойынша дебиторлық берешекті өндіріп алу туралы істер бойынша.
Әдебиет:
1 ҚР Азаматтық Процестік Кодексі 2015 жылы 31 қазанда қабылданған (21 қаңтар 2019 ж. өзгерістер мен толықтырулармен) // http://online.zakon.kz
2 Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне түсініктеме. - Астана: Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Кітапханасы, 2016. – 808 бет.
Достарыңызбен бөлісу: |