Бақылау сұрақтары: Сот актілеріне аппеляциялық шағым жасау деген не?
Наразылық білдіру деген не?
2 Аппеляциялық шағым, наразылық бойынша істерді қарау қалай жүзеге асырылады?
3 Кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу қалай жүзеге асырылады?
Есеп 15. И.Р. Бобровтың денсаулығына келтірілген залалды өтеу туралы істі қараған соң 2 күн өткеннен кейін сотқа куә Фирсова жолданды. Ол соттың шешімі әділетсіз деп санайды және басқа тұлғаның (Бобровтың) құқықтары мен заңдық мүддесін қорғау үшін іс жүргіузге қатысушы тұлға ретінде өзіне берілген шешімге шағым келтіру құқығын пайдаланғысы келеді. Осыған байланысты ол өзінің айғақтары жазылған сот отырысының хаттамасының көшірмесін және сотттың шешімінің көшірмесін беруді талап етті.
Сотқалайәрекететуі тиіс?Фирсовағақандайтүсінікберу қажет? Есеп 16. Елесеевтің құрылыс ұйымына – жоғары қауіптілік көзінің иесіне «Toyota» автокөлігін жөндеу ақысын өндіру туралы талабын қарау барысында іске шағынды келтіруші кінәлі - автокөлік жүргізушісі Суслов қатыстырылды. Сот талапты қанағаттандырды.
Шешім заңды күшіне енген соң бірнеше айдан кейін талапкер кассациялық шағым келтірген, онда шешім орындалмай жатыр, себебі ұйымның есеп-шотына тиым салынған, сол себепті шешімді өзгертіп, жауапкерге көлігін жөндеп беру міндетін жүктеуді сұраған.
Істікассация тәртібінде қайтақарауғанегізбарма?