165
сы жоралғысы не деп сұраса, онда
Сізді меймандостықпен құрметке
бөлеуді айтқан болар едім».
Мұхаммед Хайдар Дулати сол кезде-
рі құрыла бастаған Қазақ хандығы-
ның күш-қуатын ерен тұлғалардың,
аса қабілетті басшылардың қадір-
қасиеттеріне қарай таразылайды.
Оның ойынша, білікті ел басшысы –
мемлекет күштілігінің тұтқасы. Ав-
тор осындай ерен тұлға қатарына
Қасым ханды жатқызып, «Қасым
салған қасқа жол» деген ұлағатты
сөздің мән-мағынасын түсіндіреді.
Қасым хан билік құрған кезде Қазақ
хандығы өзінің саяси-әлеуметтік қуа-
тымен бүкіл Еуропа жұртына мәлім
болғаны белгілі. Хандықтың тер-
риториясы батыста Сырдарияның
оңтүстік жағалауынан басталып, оң-
түстік-батысы Түркістанға дейін же-
тіп, оңтүстік-шығыста Жетісудың
солтүстік бөлігіндегі таулы алқаптар-
ды қамтыған. Хандық халқының са-
ны бір миллионнан асып, орыс князі
Василий III бірінші болып онымен
дипломатиялык байланыс орнатқан.
Қасым хандық құрған кезде ел басқа-
ру ісінде қолданылатын әдет-ғұрып
заңдарының ережелері жасалды. Бұл
заңда көтерілген мәселелер: 1) жер,
мал-мүлікті иемдену мәселесі; 2) ұр-
лық, кісі өлтіру, талау, шабу, ойран
салған кісілерді жазалау тәртібі; 3) әс-
кери заң (қосын жасау, аламандық
міндет, ер-азамат құны); 4) елшілік
мәселесі (халықаралық қатынастағы
әдептілік, сыпайылық, шешендік
өнер); 5) жұртшылық заңы (түлен
тарту, ас, той, мереке үстінде қол-
данысқа түсетін ережелер, жасауыл,
тұтқауылдардың міндеті). Қасым
салған қасқа жолдың заңдары ешбір
өзгеріссіз XVII ғасырға жетіп, Есім
ханның (1595-1693) кезінде ол «Есім
салған ескі жолға» жалғасты.
Мұхаммед Хайдар Дулатидің ел ба-
сының психологиясы жайлы айт-
қандарына қысқаша талдау жасайық.
Орта ғасырда Шығыс Аристотелі
атанған Әбу Насыр әл-Фараби ел-
басының бойында 18 қасиет болу ке-
ректігін айтқан. Осы іспеттес тұжы-
рымға 5 ғасырдан кейін Мұхаммед
Хайдар Дулати да оралыпты. Оның
пікірінше, ел басқару – қыры мен сы-
ры мол, ерекше өнер. Басшы – қа-
жырлы, салиқалы, терең ақыл-пара-
сатты, зерек те зерделі, әрдайым ел
тыныштығын, халық қамын ойлай-
тын ерен тұлға. Басшының сарқыл-
мас ерік-жігері, нәтижелі іс-әрекеті
оның ақыл-ой парасатымен ерекше
ұштасады. Оның бес аспаптылығы,
адам жанын жазбай танитын абзал
қасиеті ылғи да көзге түсіп, жұрт кө-
ңілінен шығып тұрады. Басшы адам
өзге көрмегенді көре алады. Онда
өзін елге беделді ететін небір тамаша
қадір-қасиет мол. Ол өзінің жайсаң
мінезділігімен, батылдығымен ерек-
шеленеді, бүкіл өмірін халық тағды-
рына бағыштап, осы мақсатына же-
ту жолында бұлтартпайтын шешім
қабылдап отырады. Осындай қасиет-
тері бар адамның іс-әрекеті қылыш
пен садақтың оғынан әлдеқайда асып
түседі.
Тіршіліктің сан қилы талабынан туын-
дайтын өзекті мәселелерге ерекше
мән беріп, ол жөнінде жұртпен кеңе-
сіп, олардың көзқарасын ой таразы-
сына салып, керектісін алып, келең-
сізінің ауаға жайылып кетпеуін, қы-
ңыр, қырсық адамдардың пікірінен
ел ішінде алауыздық пен араздық
Достарыңызбен бөлісу: