167
неология познавших истин») деп
аталатын еңбегі кезінде сопылардың
қажетті құралына айналған. Дулати
Мұхаммед Қазиға сопылық жайын-
да сұрақ бергенін, оның қайтарған
жауабын өз рисаласында баяндап
кеткен. Мұхаммед Хайдар Дулати өз
пікірлерінде Мұхаммед Қазидің мем-
лекетті басқарудың он түрлі шарты
мен он жеті түрлі ауыр күнә болаты-
ны туралы ойын талдаған. Бұдан
оның дін мәселесінің кейбір пікірта-
лас жақтарын көпшілікке түсіндіру-
ге тырысқаны байқалады.
Сонымен бірге дала ойшылының
шеиттер мен сунниттер арасындағы
қайшылыққа көңіл бөлуі де оның
дін мәселесіне терең зейін қойғанын
байқатады. Мысалы, «Тарих-и-Ра-
шидидегі» мына бір оқиғаның си-
патталуы көңіл аудартады. Исмаил
шахтың ғұлама Шаих әл-Исламды
шейттердің құрамына кірмегені үшін
азаптап өлтіруін Дулати айтқан діни
танымдағы қарама-қарсылықтың кө-
рінісі ретінде қарастыруға болады.
Мұхаммед Хайдар Дулати Моғол-
стандағы шеиттер, сунниттердің ді-
ни өмірі мен сопылық ағымның іс-
әрекетін көрсетумен бірге Тибет пен
Кашмирдегі діни қозғалыстардан
да мәлімет беріп отырады. Кашмир
жеріне Ирак елінен келген Шамс ат-
ты ғұламаның діни қағидаларына кө-
ңіл бөліп, мұның суннит пен шеит ді-
ни ағымынан бөлек екенін көрсетеді.
Ғұлама ғалым ел басшысына қажетті
қасиеттерді былайша тұжырымдайды:
біріншіден, өзің ойлап тапқан істі
аяқсыз қалдырмау; екіншіден, анды-
ған арсыздарға өзіңді алдырмау. Бұл
кісіден үлкен қажыр-қайратты, асқан
құдіреттілікті қажет етеді, үшіншіден,
ел басшысы өзінің жарлығы мен
бұйрығының орындалуын қадағалау-
ға ерекше мән беруі керек.
Мұхаммед Хайдар Дулатидің пікірін-
ше, қоғамдағы аурудың негізгі көзі
адамның күнәһарлығына келіп тіре-
леді. Күнәһарлық үйде де, түзде де,
қоғамда да өте бір келеңсіз, сұрқия
қасиет. «Күнәһар адамдарға кімдер
жатады?» деген сауалға ғұламаның
берген жауабы тайға таңба басқан-
дай. Біріншіден, бұлар ата-тегі,
шыққан діні мен ділінен бейхабар
адамдар; екіншіден, ар-намысын жо-
ғалтып, әділеттік үшін күресте бас
сауғалап, бұғып қалғандар; үшінші-
ден, адамдардың тыныс-тіршілігіне
немқұрайдылықпен қарап, жетім-же-
сірлерді желеп-жебемейтіндер; төр-
тіншіден, көзжұмбайлыққа салынып,
халық байлығын ысырап етіп, талан-
таражға салатындар; бесіншіден, ата-
анасының бетінен алып, олардың
ақыл-кеңесін тыңдамайтындар.
Бүкіл Шығыс еліне аты мәлім араб
ғалымы Әбу-Талип Макки 17 күнәнің
түрі барын айтқан. Мұхаммед Хай-
дар Дулати осы мәселені қайтадан
көтеріп, бұларды кеңінен талдауға
алған. Ғұлама күнәнің 17 түріне си-
паттама береді. Мәселен, күнәһар-
лықтың төртеуі жүрек қызметіне
байланысты туындайды дей келіп,
оған көп құдайға табынушылықты
да жатқызады. Мұсылман адам тек
бір құдайға табынып, кұдай бір,
пайғамбар ақ-хақ деп танығаны абзал.
Өсек-өтірікті судай ағызу, суайттық-
қа салыну, жалған ант беру, жазық-
сыз адамға құр бекер айып тағу, дуа-
лықпен шұғылдану да күнәһарлыққа
жатады. Қолмен істелетін күнә екеу.
Бұлар – ұрлықпен айналысу, біреудің
Достарыңызбен бөлісу: