Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет255/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   877
ЕРІКТІК  АМАЛДЫ  ТАЛДАУ  – 

ерік  қимылы  адамның  даму  проце- 

сінде  біртіндеп  жетіліп,  қалыптаса- 

тын  күрделі  процесс  екендігін  тө- 

мендегі  структурасынан  да  жақсы 

көруге болады. Адамның еркі алдына 

мақсат қоюдан басталады. Мәселен, 

орта  мектепті  бітіретін  оқушының 

арнаулы  оқу  орнына  түсуге  талабы 

бар дейік. Оқушының бұл мақсатты 

алдына  қоюына  оның  мәдени  қаже- 

ті, білім алуға тырысуы себеп (мотив) 

болады. Кез келген адамнан «сен не 

үшін  оқисың?»  деп  сұрасаң,  оның 

нендей болса да бір дәлел айтатыны 

түсінікті.  Адам  осылай  өзінің  келе- 

шекте белгілі бағытта істейтін ісінің 

мәнін,  жоспарын  белгілейді.  Мұны 

еріктік  амалдың  бастамасы  –  тілек 

немесе  ниет  деп  атайды.  Тілек  – 



келешекте  істейтін  ісіміздің  ойға 

бекуі.

Мәселен,  «газетке  мақала  жазсам», 

«өзенге барып шомылсам», «домбыра 

тартып үйренсем» т.б. деген сөйлем- 

дерде  адамның  түрлі  тілегі  бейне- 

ленген.  Бұларда  белгілі  бір  қажетті 

өтеу  көзделген,  бірақ  оны  орындау 

жолдары  әлі  де  болса  көмескі,  яғни 

оның жоспары сызылмаған. Дегенмен 

осы секілді тілектерде еріктік амалға 

тән талғамалылық сипат бар. Ал тал- 

ғау  ниетке  ой  әрекетінің  араласуын 

қажет  етеді.  Ой  тезіне  салу  арқылы 

адам өзіне қажетсіз тілектерді тежей- 

ді  де,  қажеттілерін  орындау  үшін 

тиісті жоспар сызып, амал-айла, әдіс 

қарастырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет