Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет256/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ЕРІК

ЕРІК


180

«...Тілектің алды-артын тексеріп үй- 

ренген адам балалықта ебедейсіз ер- 

келіктен,  қияңқылықтан,  есейгенде 

есерліктен аман болмақшы» (М.Жұ- 

мабаев).  Соңғы  жағдай  ғана  адам- 

ның  тілегін  нақтылы  кесімді  түрге 

келтіреді. «Жақсы ниет жарым ырыс» 

деп халық тегін айтпаған. Адамның 

алдындағы  мақсаты  осылайша  ай- 

қындалғаннан кейін, әрекеттің орын- 

далу жолын қарастырады, оны жос- 

парлайды. Егер адам мақсат қояр кез- 

де өзіне «Не істеу керек?» деп сауал 

қоятын  болса,  әрекетті  жоспарлау 

үстінде «Қалай істеу керек?», «Қандай 

жолдармен  мақсатқа  жетуге  бола- 

ды?» деген сұрақтар қояды. Осы ара- 

да  адам  мақсатқа  жетудің  ыңғайлы 

жолын  іздестіреді,  айналасына  көз 

тастап, алда тұрған қиыншылықтар- 

дың сыр-сипатын, оны жеңудің жол- 

дарын белгілейді. Мәселен, біреудің 

стол  жасап  алғысы  келді  дейік.  Ол 

алдымен бұған қандай материалдың 

жарайтындығын,  оны  қайдан  алуға 

болатындығын, қандай құрал-сайман 

керектігін,  жұмыстың  көлемін  т.б. 

топшылап  алады.  Қандай  болмасын 

іс-әрекеттің  жоспарын  жасау  –  күр- 

делі процесс.

Ол  –  адамның  белгілі  білімін,  өмір 

тәжірибесін,  ойының  орамдылығын 

қажет етеді. Мақсатқа жетудің жолда- 

ры  белгіленіп,  жоспар  жасалғаннан 

кейін адамның тілегі оның нақтылы 

қалауына көшеді. Қалау – мақсаттың 

айқындығы, оған жеткізетін тиісті 

жоспардың жасалуы, ойдың бекем- 

дігі. Дегенмен, тілек те, қалау да өз- 

дігінен  адамның  ерік-жігерін  толық 

көрсете алмайды. Өйткені бұлар кей- 

де  бір-біріне  үйлесе  алмай,  қайшы 

келіп отырады. Мәселен, орта мектеп- 

ті  бітірген  оқушы  бірде  педагогтық 

институтқа түсіп, мұғалім болып шық- 

қысы  келеді.  Ол  сондай-ақ  өзінің 

ауыл  шаруашылығы  маманы  болға- 

нын да жақсы көреді.

Бұл арада оған осы екі мамандықтың 

біреуін  қалау  қажет.  Ал  осы  маман- 

дықтар  жөнінде  толық  түсінігі  бол- 

маса,  ол  өз  ойынан  тайқақтайды, 

бұлардың қайсысын қалауын білмей, 

әуре-сарсаңға түседі. Міне, осындай 

жағдайда  тілек  пен  қалаудың  ара- 

сында  үйлеспеушілік  туады.  Мұны 

психологияда  мотивтер  күресі  деп 

атайды.  Мұндай  түрлі  мотивтердің 

ішінен  ақылға  қонымдысы  –  нақты 

жағдайға тура келетін біреуі жеңеді, 

тек содан кейін ғана адам белгілі бір 

тоқтамға келе алады. Мотивтер күре- 

сін  Н.В.Гоголь  «Үйлену»  комедия- 

сында жақсы көрсеткен. Некесі қиы- 

лайын деп тұрған надворный совет- 

ник  Подколесин  аяқ  астында  үйле- 

нудің тиімді-тиімсіздігін ойлап басы 

қатады.  «Үйленбей  жүрген  жұрт- 



тың  шетінен  есуас  екеніне  көзім 

тек енді ғана жетіп отыр. Қыруар 

жұрттың,  көрер  көзге,  адасып 

жүргені-ай  десейші.  Алда-жалда 

бір елге патша бола қалдым ғой, қол 

астымда  жалғыз  бойдақ  қоймай, 

жұрттың  бәрі  түп-түгел  үйленсін 

деп әмір берер едім...». Ол осы арада 

ойланып,  ақылға  салып  үйленген 

жөн  шығар,  өмір  бойы  бойдақ  болу 

ақылсыздық болар деген ойға келеді. 

Бұл  оның  үйлену  жөніндегі  бірінші 

мотиві.


Екінші мотив – семья бақыты. «Шы- 

нында  ойлап  тұрсам,  мінеки,  әне-

міне дегенше, әйелді боп шыға келге- 

лі  отырмын.  Сөйтіп  енді,  тілмен 

айтып  жеткізе  алмайтын,  тіпті 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет