Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет403/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   399   400   401   402   403   404   405   406   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ҚАБЫ

ҚАБЫ


285

бір-бірімен байланысы) заттың түрі, 

түсі,  мөлшеріне  қарамай-ақ  оның 

тұлғасын  тануға  мүмкіндік  береді. 

Қ.  –  түйсіктегідей  бір  анализатор- 

дың ғана қызметі емес, бірнеше ана- 

лизаторлардың  бірлесіп  қызмет  іс- 

теуінің  нәтижесі.  Мәселен,  киноны 

көру  екі  анализатордың  (көру,  есту) 

өзара  байланысып  жұмыс  істеуінен 

болады. Қ-дың мағыналығы, бұл не- 

гізгі  айырмашылығын  жақсы  көр- 

сетеді.  Объектілердің  мазмұнын  тү- 

сінбейінше, белгілі тұжырымдар мен 

сөз  арқылы  аталмайынша,  ол  толық 

қабылданбайды.  Қ-да  объекттің  аты 

сөзбен берілсе, қандай нәрсе болса да 

оңай  және  тез  қабылданады.  Мәсе- 

лен, өзіміз түсінбейтін тілде сөйлеген 

сөздерді  мүлде  ұқпайтын  болсақ, 

азын-аулақ хабарымыз бар тілді ша- 

ла-шарпы  қабылдаймыз.  Адам  ана 

тіліндегі сөздерге жақсы, толық түсі- 

нетіндіктен  ғана  оларды  толық  қа- 

былдайды.

Заттар мен құбылыстардың мағына- 

сын түсінудің қарапайым түрі – та- 

ну.  Нәрсені  танымайынша,  оны  аң- 

ғарып, қабылдау қиын. Тану жалпы- 

лай  және  даралап  тану  болып  екіге 

бөлінеді.  Жалпылай  тану  дегеніміз 

талғаусыз  қалай  болса,  солай  тану. 

Жалпылай  тануда  адам  нәрселердің 

өздеріне  тән  қасиеттерін  біле  бер- 

мейді. Объектілерді даралап тану ар- 

қылы  ғана  оларды  анық,  толық  қа- 

былдауға мүмкіндік туады. Мәселен, 

көпшілік  арасынан  таныс  адамды 

бірден  танудан,  көп  киімнің  ішінен 

өз пальтоңды бірден тану оңай.

Қ-дың  таңдамалылығы,  толып  жат- 

қан  объектілердің  ішінен  біреуін 

іріктеуіміз (оның қасиетін, сапасын) 

қабылдаудың  таңдамалылығы  делі- 

неді. Мәселен, кітап оқығанда онда- 

ғы бірер сөз қате жазылған болса да 

байқамай  оқып  кете  береміз.  Егер 

кітапта «университет» деген сөз «ун- 

верситет»  деп  қате  жазылса  да  біз 

мұны «университет» деп дұрыс оқи- 

мыз.  Кітап  оқығанда  оның  мазмұ- 

нына  ерекше  көңіл  бөлінетіндіктен, 

мұндай  қателер  көзге  түспей  қала- 

ды. Ал жеке сөздерге, жеке әріптер- 

ге  шұқшия  көз  салған  жағдайда 

(мәселен,  корректорлар)  мәтіннің 

мазмұны  ұғылмай,  күңгірт  қалып 

қоятын  кездері  болады.  Қ-да  зейін 

аударып, талғаудың зор маңызы бар.

Мұндай  жағдайда  объекттің  назар 

аударылған  белгілерін,  қасиеттерін, 

керек  жақтарын  ғана  қабылдаймыз. 

Біздің  назар  аударатынымыздың 

ішіндегі  ең  бастылары,  қазірде  іс- 

теп жатқан әрекетімізге қажет қызық- 

тыратын, қажетімізге жарайтын нәр- 

селер  болып  табылады.  Қ-дың  таң- 

дамалылығы  әр  түрлі  объективтік 

(объектілердің  ерекшеліктеріне  – 

күші,  қозғалысы,  қарым-қатынасы 

т.б.)  және  субъективтік  (адамның 

қабылданатын  затқа  қызығуы,  оны 

қажетсінуі,  сол  кездегі  психикалық 

көңіл күйі т.б.) себептерге де байла- 

нысты болып келеді. Мұғалім бірне- 

ше  оқушыдан  үй  тапсырмасын  сұ- 

раған  кезде  оған  бір  баланың  жауа- 

бы ерекше ұнайды.

Бұған ол аса зейін қояды. Сонда мұ- 

ғалімнің оъектісі сол бала болады да, 

қалғандарының жауабы жөнді елен- 

бейді.  Қ-да  ерекше  айқын  көрініп 

тұрған  нәрсе  (жоғарыдағы  мысалда 

баланың сабақты жақсы айтуы) фигу- 

ра  делінеді  де,  қалғандары  (осы  сұ- 

раққа  жөндеп  жауап  бере  алмаған 

оқушылар) соның фоны болады. Сөй- 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   399   400   401   402   403   404   405   406   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет