ҚОЖАХМЕТОВ СҰЛТАНБЕК
(1912-1945) – Ұлы Отан соғысына
дейінгі кезеңде Қазақстанда педаго-
гика, психология ғылымдарын жұрт-
шылыққа кеңінен насихаттаушылар-
дың алдыңғы қатарында жүрген ға-
лымдардың бірі. Ол Көкшетау об-
лысындағы қазақ ауылдарының бі-
рінде шаруа отбасында дүниеге кел-
ген. Ресей қалаларында оқып, білім
алған. Ол 1937-38 жылдары Қазақ
мемлекеттік университетінде педаго-
гика теориясы мен тарихынан, пси-
хологиядан сабақ береді.
1938 жылы Абай атындағы Қазақ
педагогика институтына ауысады,
мұнда да аталмыш пәндерден дәріс
оқиды. Мұғалімдік қызметімен қоса
Қазақ КСР Оқу халық комиссариаты-
на қарасты мектеп Ғылыми-зерттеу
институтында педагогика бөлімінің
меңгерушісі болып қызмет істейді.
Ұлы отан соғысына қатысып, сонда
ерлікпен қаза табады. С.Қожахметов –
педагогика ғылымы саласында дидак-
тика теориясынан қазақ тілінде алғаш
диссертация қорғаған қазақ зиялыла-
рының бірі (1939), кейіннен оны «Пе-
дагогика мәселелері» деген атпен
жеке кітап (1940) етіп шығарды. Мұн-
да шәкірт меңгеретін білімнің сана-
лылығы мен жинақтылығының өл-
шемдері баланың өз бетімен кітап
оқу дағдысын қалыптастыру мәсе-
лелері, оқушының эстетикалық (сұ-
лулық) талғамдарын дамытып, қа-
лыптастыру, оның алған білімі мен
дағды, іскерлігін бағалай білудің ғы-
лыми негіздері қарастырылады. Мы-
салы: «Түйсіксіз білімнің тиянақты
болмайтындығы жұрттың бәріне мә-
лім. Түйсік субъектив пен объектив-
тің қолма-қол туралай байланысы. Біз
түйсік арқылы ғана барлық заттар
туралы және олардың процесі жөнін-
де ұғым ала аламыз. Түйсік барлық
ғылыми түсініктің және ұғымның
негізі. Міне, сондықтан білімді тия-
Достарыңызбен бөлісу: |