373
дағы дыбыстардың ешқандай мағы-
насы болмағандықтан нақтылы ті-
тіркендіргіштер ретінде тиісті жауап
реакциясын туғызбайды.
Адамдарда екі сигнал жүйесінің
қатарынан болуы адамға бейнелеу
тәсілінің ең жоғары түрі тән екенді-
гін көрсетеді. Адамның сөзі барлық
нақтылы тітіркендіргіштердің ор-
нына жүреді де, ол ми қабығында сан
алуан қозулар мен тежелулер туғыза-
ды. Сөз тек жеке, жалғыз, нақтылы
зат туралы ғана хабар беріп қоймай,
толып жатқан біртектес заттарды да
білдіреді. Сөз арқылы ой қорытын-
дыларын жасауға, абстракті түрде
ойлауға, түрлі ұғымдарды қалыптас-
тыруға мүмкіндік туады. Екінші сиг-
нал жүйесі (сөз) адамды тәрбиелеу-
ге де, ұрпақтан ұрпаққа тәжірибе
жинауда да зор маңыз алады.
И.П.Павлов адамдардың сигнал жү-
йелері бір-бірімен үнемі тығыз бай-
ланысты, екініші сигнал жүйесі адам-
ның тарихи даму процесінде туған
және бұл бірінші сигнал қызметін
реттеп, бақылап отырады деп тұжы-
рымдады.
Адамның сигнал жүйелері даму-
дың, оқу-тәрбиенің барысында қа-
лыптасады. Сөздік сигналдар адам-
ның айналасындағы қоршаған дү-
ниемен белсенді қарым-қатынас жа-
сауының арқасында біртіндеп қор-
ланып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: