Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет525/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   521   522   523   524   525   526   527   528   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

МИДЫҢ  ТАЛДАУ  ЖӘНЕ  ЖИ- 

НАҚТАУ  ҚЫзМЕТІ.  И.П.Павлов 

ми  қабығының  негізгі  жұмысы  ана- 

лиздік, (талдау) және синтездік (жи- 

нақтау)  қызметтен  тұратындығын 

және  бұл  миды  зерттеудің  басты 

приндиптерінің бірі екендігін көрсе- 

тіп берді. Мидың анализдік қызметі  

түрлі  тітіркендіргіштердің  жеке  бө- 

ліктерін айыруда, осы жеке тітіркен- 

діргіштерге  шартты  рефлекстер  жа- 

сауда  көрініп  отырады.  Ал  мидың 

синтездік  қызметі  жеке  тітіркендір- 

гіштерді  біріктіруден,  яғни  ми  қа- 

бығында  уақытша  байланыстардың 

жасалуынан  көрінеді.  Мысалы,  ит- 

тің  аяғын  электр  тогымен  тітіркен- 

діргенде  (шартсыз  тітіркендіргіш), 

мұны даусы әлсіз қоңыраумен нығай- 

татын  болсақ  (шартты  тітіркендір- 

гіш),  ит  одан  аяғын  көтеріп  корға- 

натын болады. Электр тогымен тітір- 

кендіруді  даусы  күшті  қоңыраумен 

нығайтсақ  та  осындай  реакцияны 

байқаймыз. Бұл жерде ми қабығында 

екі ұқсас тітіркендіргішке (әлсіз жә- 

не  күшті  коңырау)  бір  жауап  бері- 

ліп  отыр.  Бұдан  біз  мидың  синтез- 

дік қызметін көреміз.

Мидың анализдік, синтездік қызметі 

организмнің  өмір  сүруінің  басты 

шарты  болып  табылады.  Мысалы, 

жануарлар  үшін  әрбір  сыбдыр,  әр- 

бір  көлеңке,  болмашы  иіс,  ауадағы 

болмашы қозғалыстар т.б. тамақтың 

не  қауіптің  алыс-жақын  екендігін 

білдіретін  сигналдар  болып  табы- 

лады».  Жануарлар  сыртқы  дүние- 

нің тітіркендіргіштерін өте нәзік айы- 

ра  және  біріктіре  алуы  нәтижесінде 

ғана өзіне төнген қауіпті не тіршілігі- 

не қажетті нәрсені дер кезінде сезіп, 

өмір сүретін ортасына дұрыс бейім- 

деле алады.

Анализ бен синтез мидың бірімен-бі- 

рі  тығыз  байланысты,  біртұтас  қыз- 

меті  болып  саналады.  Мидың  бұл 

қызметі жүйке жүйесінің структура- 

лық  дәрежесіне  қарай  әр  түрлі  си- 

патта көрініп отырады. Мысалы, ми 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   521   522   523   524   525   526   527   528   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет