Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет806/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   802   803   804   805   806   807   808   809   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ҰҒЫМ

ҰҒЫМ


560

дігінше дәлірек бейнелеу үшін өңдел- 

ген,  икемді,  қозғалғыш,  салыстыр- 

малы,  өзара  байланысты,  дүниені 

қамтитындай, қарама-қарсылықтарда 

біртұтас болуға тиіс. Бұл қағида диа- 

лект,  логиканың  Ұ.  жайлы  ілімінің 

ең маңызды жақтарының бірі. Ұ. -да 

тек  жалпылық  бейнеленгенімен  бұл 

оның жекеше мен ерекшеге қарама-

қарсылығы деген сөз емес. Жалпының 

өзі  жекеде  ғана  өмір  сүреді.  Жеке 

нәрселердің  сапалық  ерекшеліктері- 

нің  негізін  құратындықтан  ол  жеке- 

ше мен ерекшені түсіндіруге мүмкін- 

дік береді. Тұтас алғанда класс жай- 

лы жалпы Ұ. негізінде ғана нәрселер- 

дің ерекше топтарын, түрлерін және 

сондай-ақ бұл кластың жеке нәрселе- 

рін ажыратып, танып білуге болады. 

Ұ.  жайлы  диалект.–логикалық  түсі- 

нік қазіргі ғылымдардың даму бары- 

сында айқындалады, сөйтіп ғыл. та- 

ным әдісінің қызметін атқарады.



ҰҒУ  –  адамның  білімді,  іскерлікті, 

дағдыны  меңгеріп  дүниені  тануы. 

Мысалы,  мектепте  оқушылардың 

оқу  материалдарын  әртүрлі  дәреже- 

де  ұғынуы  олардың  жас  және  қабі- 

лет ерекшеліктеріне байланысты. Ұ. 

адамның  ақыл-ой  әрекетін  дамыта- 

ды.  Нәрсенің  ерекшеліктерін,  сипа- 

тын, қасиеттерін ұқпай тұрып, адам- 

да ойлау процесі дамымайды. Ұғым 

болмыстағы нәрселер мен құбылыс- 

тардың  жалпы,  мәнді  және  белгі- 

қасиеттерін  бейнелейтін  ойлау  фор- 

масы.  Ұ.  –  заттар  мен  құбылыстар- 

дың  мәнді  белгілері  мен  ерекшелік- 

терін  бейнелейтін  жалпылаушы  ой- 

лау формасы. Ғылыми пәндердің бәрі 

ұғымдар  жүйесінен  құралады.  Кез 

келген ұғымның мазмұны мен көле- 

мі  болады  және  ол  қолдану  ретіне 

қарай өзге ұғымдармен түрліше бай- 

ланыста  болады.  Ұ.  дерексіз  ойлау 

нәтижесі арқылы жасалып, оның маз- 

мұны мен көлемі анықталады. Ұғы- 

ну – адамның білімді, іскерлікті, дағ- 

дыны меңгеру арқылы дүниені тануы.



ҰЖЫМ (коллектив) – топтың ең жо- 

ғары  деңгейде  қалыптасқан  түрі.  Ұ. 

ішіндегі қарым-қатынас жалпы мақ- 

сатты  іс-әрекеттер  арқылы  жүзеге 

асып, әрбір адамның мақсаты қоғам- 

дық  мақсат-мүддемен  ұштасады.  Ұ. 

бір мақсатқа бағытталған мекемелер- 

де  жұмыс  істейтін  аламдардың  не- 

месе  білім  беру  орындарында  оқи- 

тын  студенттердің,  оқушылардың 

және  т.б.  тобы  болып  та  танылады. 

Ұ.  –  қоғамдық  пайдалы  іспен  шұ- 

ғылданатын жоғары деңгейде дамы- 

ған адамдардың ұйымдасқан тобы.

Ұ.-дағы  адамдардың  өзара  қарым-

қатынасы  олардың  бірлесіп  атқара- 

тын  қоғамдық  істері  мен  мақсат-

мүддесінің бірыңғай болуында. Ұ. – 

бір мақсатқа бағытталған мекемелер- 

де жұмыс істейтін адамдардың неме- 

се  білім  беру  орындарында  оқитын 

студенттердің,  оқушылардың  және  

т.б. тобы.  Әрбір ұжымның  – заман- 

ның  ағымына  қарай  дамып,  қалып- 

тасқан өз дәстүрлері бар (қауымдасу, 

көмектесу,  қоғамдық  іс  атқару,  той 

өткізу,  т.б,).  Ұжымның  дәстүрлері 

ұйымдастыруға  байланысты  жаңа- 

рып, толысып отырады. Мысалы, мек- 

тепте  «Алғашқы  қоңырау»,  «Соңғы 

қоңырау»,  «Ана  тілің  –  арың  бұл» 

кештерін  ұлттық  тәрбиемен  байла- 

ныстырып  жаңаша  өткізуге  бола- 

ды.  Ұ.-ның  дәстүрлері  ұжым  мүше- 

лерінің  өз  ықыластарымен  ұйым- 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   802   803   804   805   806   807   808   809   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет