Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет828/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   824   825   826   827   828   829   830   831   ...   877
ФИЛОГЕНЕз  (грек.  рhylon  –  түр, 

туыс және genesis – шығу тегі) – ор- 

ганизмдер  топтарының  тарихи  тұр- 

ғыдан  қалыптасуы;  организмнің  та- 

рихи дамуы немесе органикалық дү- 

ниенің әртүрлі тип, класс, отряд, туыс 

және  түрлердің  эволюциясы.  Жеке-

дара даму – онтогенез бен тарихи да- 

му – филогенез тірі табиғаттың бір- 

тұтас дамуының ажырамас қырлары 

болып  саналады  және  бір-біріне  өз- 

ара әсер етеді. Филогения – организм- 

нің тарихи дамуы. Ф.терминін 1866 ж. 

неміс биологі Э. Геккель (1834–1919) 

ұсынады.  Ф.  процесін  және  оның 

заңдылықтарын  филогенетика  зерт-

тейді. Ф.-дік зерттеулердің мақсаты – 

жануарлардың,  өсімдіктердің,  мик- 

роорганизмдердің  эволюциялық  өз- 

герістері негізінде олардың тегін және 

организмдер  арасындағы  туыстық 

байланыстарды  анықтау.  Ағылшын 

эволюцияшысы В. Гарстанг филоге-

незді ұрпақтан-ұрпақка өтетін онто- 

генез  деген  пікір  ашты.  Бұл  пікірді 

орыс биологі И. И. Шмальгаузен (1884- 

1963) дамытып, филогенезді онтоге- 

нездің белгілі қатары деп атады.



ФЛЕГМАТИК  (сылбыр,  керенау 

кісі).  Ф.  темпераменті  көңіл  күйдің 

салқындығымен сипатталады;  флег-

матикті  өзі  үшін  байсалды  кәдуілгі 

күйде шығарып әкету оңайға түспей- 

ді; ол жүріс-тұрысы мен сөзінде сыл- 

быр,  оның  мимикасы  онша  айқын 

емес, қимылдары сараң. Ф. эмоциялық 

қозуы  әлсіз  болады,  қызуланып  же- 

лікпейді, елеуреп ашуланбайды көңіл 

күйлері байсалды, орнықты қалпында 

ұзақ  сақталады,  баяу  өзгереді,  жар- 

қырап  қуануы  да,  жабырқап  қайғы- 

руы да қиын, аз қозғалады, сылбыр, 

керенау қимылдайды, сезім күйлерін, 

дене  қимылдарын  білдіріп  тұрмай- 

ды,  мимикасы,  өзге  қимылдары  мә- 

нерсіз.  Бірсарынды  монотонды  сөй- 

лейді. Кісімен араласып жақындасуда 

мардымсыз, іске ырғалып-жырғалып 

барып кіріседі. Іс-әрекетін байсалды, 

тиянақты  орындайды,  бастаған  ісін 

қадағалап  істейді,  аяқтап  шығады. 

Ф. байсалды, баяу, орнықты болады. 

Кісіге үйірлігі аз, өзі ешкімге тиісіп, 

соқтығыспайды. Біреу жанжалға ша- 

қырса, есебін тауып жалтарып кетеді, 

тыныштықты  жақсы  көреді.  Көңіл 

көтеретін сауыққа да әуес емес, бөтен 

кісіге міндет артып өкпелемейді.



ФОБИЯЛАР  (грек.  phobos  –  қор- 

қыныш) – субъектіні белгілі бір жағ- 

дайда кісіні билеп алатын вегетация- 

лық (жүрек дүрсілі, ағыл-тегіл терлеу 

және т.б) нақты мазмұндағы барабар 

емес  жабыспа  қорқыныш  сезімдері. 

Ф.-лар невроз көп жағдайда, психоз-

дар мен мидың органикалық ақаула- 

ры кезінде пайда болады. Невроздық 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   824   825   826   827   828   829   830   831   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет