575
белсенділігін арттырады. Ф.Ж.-нің
нәтижесі оның жүйе құру факторы
болып келеді. Ф.Ж.-ге құрамды бөлім
ретінде рефлекс кіреді. Организмнің
функциялық жүйесі – объективтік
шындық, сондай-ақ қазіргі кездегі
физиологиялық субъективтік катего-
риясы. Ф.ж. тірі организмнің жұмы-
сын және оның қоршаған ортамен
қатысу қағидаларын зерттеуге мүм-
кіндік береді.
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ПСИХО-
ЛОГИЯ (лат.
functio – атқару) –
ұғыну, сана процестерін, олардың ағ-
заның ортаға бейімделуіндегі фун-
кциясы тұрғысынан зерттейтін ба-
ғыт. Биологиядағы эволюциялық
теорияның ықпалымен және әлеу-
меттік практиканың сұрамдарына
орай пайда болады. Бұл практика
кұрылымдық психологиядағы са-
наның стильдік әр элементтік талда-
нуын индивид үшін өмірлік маңызы
бар міндеттерді орындау кезіндегі
сананың іс-әрекеттік рөлін зерттеуді
талап еткен болатын. Ф.п.-да бірне-
ше ағым болды. Психология ағзаның
қажетсінулеріне қатысты және оның
өзгермелі табиғи және әлеуметтік
ортаға пәрменді бейімделу міндетте-
ріне байланысты сананың функция-
лары туралы ғылым деп ұғынылады.
Осы арқылы психология саласы едә-
уір ұлғайтылды.
Ол сананы ғана емес, мінез-құлық-
ты, бұның түрткі себептерін, адам-
дар арасындағы даралық айырмашы-
лықтарды, үйрету механизмдерін жә-
не психологияны практикамен жа-
қындастырған басқа да проблема-
ларды қамтитын болды. Бұл бағыт-
ты жақтаушылар эксперименттік
психологияға елеулі үлес қосты.
Алайда олардың теориялық пози-
цияларының босаңдығы салдары-
нан ғылыми ықпалынан айырылып
қалды. XX ғасырдың 20-жылдарында
америкалық функциялық психоло-
гияны бихевиоризм ығыстырып шы-
ғарды.
Достарыңызбен бөлісу: