Ү. Субханбердина, С. Дәуітов



Pdf көрінісі
бет18/22
Дата06.03.2017
өлшемі28,49 Mb.
#7831
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Азамат   Алашұгылы.
Партиялық
Қазақта  намыс деген  әзәзіл  бар, 
Болады  намысқа  еріп  талай  жаттар. 
Ж олы на  бір  аллан ы ң   еш  айтбайды, 
Төгілер  штат десе  қанш а  малдар!
Халықты  бүзып  кеткен  партиялық, 
Әзәзіл  м үны ң  өзі  белгілі  аны қ. 
Ысырап  қып  біраз  малын
ш аш қан н ан   соң, 
Ж ияды  қол  астынан  салып  салық.
Кішісі  хакімдіктің ауы лнайлы қ, 
Оған  да  керек  болар  біраз  байлық. 
Болысқа төрт-бес жүз сом ақш а берсе, 
Халыққа  болып  ш ы ғар  ол  ылайық.
Болған  соң ақш а
шешіп  ондырмайды, 
Белгісіз  елді  жерге  қондырмайды. 
Ауылнай,  елубасы,  би,  болыстар, 
Дау тапсаң,  пара жеуге болдырмайды.
Штатқа  партия  боп  таласады, 
Әрқайсы  жеңу  жағын  қарасады.
104

Баилары  ақш аменен  үй  көбейтіп, 
Бәленше  үй  болды  деп  санасады.
Екінші  үйі  азғантай  болған  жағы, 
Болыстың аузын  алып  жарасады. 
Іске  аспай  үй  жалдаған  ақшалары, 
Қап  бәлем,  қылармын деп тарасады.
Бірі  оң,  бірі  теріс  партия  боп,
Ж о қ  жерден сылтау іздеп дауласады. 
Ісіміз  біздің  нағып  алға  барсын, 
Ағайын  өз-өзімен  жауласады.
С.  Жолауишм.
Бірге  қозғалалық
„Айқап" 
журналы 
жарыққа 
ш ы ққаннан 
бері 
қарай 
онда 
бірталай  сөз,  бірталай  ой  жазыла 
келді.  Бірақ  ондағы  ой,  іс  сөздердің 
көбі  шаруашЬілық  жайында  болды. 
Оқу,  оқыту  турасында  бүгінгіше 
(қүдай  біледі)  сөз  шыққан  жоқ 
шығар.  Сондықтан  мен  ойлаушы 
едім,  бүл  турада  қазақ  білімділері 
неге  кеңеспейді?  Әлде  осы татарлар- 
дың бастапқы төрт жылғы  жаңа мек- 
тептерінің  барлық  программаларын 
қабыл  қылып,  тек  сол  жөніндеГі 
кітаптардай  қазақ  тілінде  мектеп 
кітаптарын ш ығарар ма екен? — деп. 
Көп  кешіккен  де  жоқ  нақ  сол 
ойлағанымша  татар  әліппелері  жо- 
лынш а  қазақ  тілінде  әліппе,  басқа 
кітаптар  майданға да  шыға  бастады. 
Бүл кітаптар  майданға кеңессіз кесіп 
келш  жатқаны  да  ескерусіз  жатқан 
оқу турасында  „Айқаптың"  N  4  сан- 
ында  „А.  Б"-ның  қолыменен  „жазу 
тәртібінің  аталуы  бір  жазу  көрінеді. 
("А.  Б"  Ахмет Байтүрсыновтың псев- 
донимы  С.  Д.).
Бірақ  ол  м ы рзаны ң  ойы  біздің 
ойымызға 
жақындамастай 
басқа 
көрінеді.  Шенки  ол  манағы  жазуын- 
да  орысша  аз  болғанда  8-10  жыл 
оқымай,  өзіңе  керекті  білім  алып 
болмауын 
айтады 
да 
қазақш а 
оқығанда  екі  жылда  жазып,  жеткен- 
дей  оқып  болуды  сөйлеп:  „Қазақша 
оқу  дегенде  мен  осы  күнгі  оқып
жүрген  мүсылманша  оқуды  айтпай- 
мын.  Бү  күні  мү<:ыл’*анш?  оқудың 
бүлғалақ-шырғалағы  көп.  Онымен 
жүріп 
орысша 
білуге 
кеткен 
уақыттан  аз  уақыт  кетпейді"  —  деп 
өзінің  молласы  алдында...  отырған 
қызғанышты 
замандарын 
еске 
түсіреді.  Бү  м ы рзаны ң  қарауында
мүсылманша 
оқу 
әлі 
бүлғалақ- 
шырғалақ.  Ары  кетсе  үш  айда  бала- 
ларды  оқып,  жазуға  түсіндіретін 
татар  айтуынша  „Осүл  жәдит"  — 
қазақша  төте  оқу,,,  оған  мағүлым 
емес.
Мен  А.  Б.  мырзаны  бүлайша  хабар- 
сыз деп ойлағым  келмейді. Тек түркі 
оқуды  жөнге  салушы  қүрметгі  Ыс- 
мағүлбек  Гаспринский  бір  татар 
болған  соң татарлардың үстаздығын 
қабыл 
еткісі 
келмейтін 
шығар 
деймін.  Шенки  ол араб хәріптерімен 
бірге  сіңгендіктен  амалсыз  ғана 
алуға  зорланғанын  аңдатады.  Бірақ 
не қылмақ керек, өзің қисық болсаң, 
айнаға  өкпелеп  болмайды.  Ж алғыз 
татар  менен  қазақ  қана  емес,  ол 
қадірлі  Ысмағүл  бабаның  салған 
төте  жолы  Үндістанға  да  барып 
қабыл  қылынды.  Менің  қарауымда 
тілесе  қандай  жүрт  болсын,  өзіне 
қарай  бір  артықтығы  бар.  Бү  күнде 
оқу  жөнінің  артықтығы  татарларда 
болған  сықылды,  қазақтарда  шын 
түріктіктің  ғадеті,  тілі  уа  басқа 
қымбаттары  сақталып  келгендігіне 
ешкім  қарсы  келмейді.
Татардағы  әліппелер  соның  ішінен 
Россиядағы  бытырап  жатқан  мүсыл- 
ман-түріктердің 
мектептерінің
көбіне  қабыл  қылғанын  Ахмет-һәди 
Махсүдтың  „Мүғалім  алауыл"  деген 
әліппесі, 
сол 
татар 
әліппелері 
жөніменен  тәртіп  қылынған  Уфа 
медресесі 
ғалиясындағы 
қазақ 
шәкірттерінің төте  оқу  ...  бәрі  де  та- 
тарда  я  қазақта  А.  Б.  мы рзаның 
айтқанындай 
24 
дыбыс  ^  бар 
делінбей,  28  дыбыспенен  майданға 
таралды.  Бүған  қарсы  келген  жан 
жоқ,  Шенки  барлық  түрік  баласы 
ойлаған  ойын  сол  28  дыбыспен  жа- 
зып,  басқаларға  өз  керегін  түсіндіре 
алады.  Ол  28 дыбыс:  і,  б,  п  т,  ж,  ч,  х, 
р,  з,  ж,  е,  ш,  ц,  ғ,  ф,  қ,  к,  г,  ң,  л,  м,  н. 
о,  у.  һ,  и.  Бірақ  А.  Б.  мырзаның 
айтқанынша  .  бесеуі  дауысты,  он 
жетісі  дауыссыз,  екеуі  жарты  дау- 
ысты  емес.  Бәлки  28-і  де  жарты  дау- 
ысты.  Шенки  араб  харіптері  керек 
түрік  сөзі,  керек  араб  сөзі  болсын 
ешқайсысынЬің  басында  орыстар- 
дың  дауыссыз  дыбыстары  сықылды 
б,  с,  р  болып  оқылмайды.  Бәлки  сөз 
басында  келгенде  барлығы  да  үстіне 
кішкентай  (уау  белгісі)  қойылып  б, 
т,  о,  ш  суретінде оқылады.  Орыстар- 
дың  „Степан"  деген  атын  қазақша 
Стіпан  деп  жазып  көрсетілсе,  әр  жа-
105

зу  таны ған  қазақ  алдына  бір  „і"  ды- 
быстын, керек екенін сөйлейді.  Міне, 
сол  жарты  дауысты  28  дыбыстың 
іш іне  екінш і  бір  дыбысқа  қосылып, 
дауыстыға  айналатындары  төртеу 
болады.  Үшеуі толық дауысты,  біреуі 
қысқа.  Толық  дауысты  дыбыстың 
бірісі „А“  болады.  Мұны МА“ дыбысы 
сырттан  қарағанда  көп  кісі  жалғыз 
дыбыс деп түсінеді. Әммә ол асылын- 
да  „ЫА"  деген  екі  дыбыстан  жа- 
салған.  Яғни  бір  „Ы“  дыбысына 
екінш і  „А“  дыбысы  қосылып  дау- 
ысты 
болған. 
Бұл 
сыр 
араб 
хәріптеріне  таны с  адамдарға  жасы- 
ры н  болмаса  керек.  Ө ңге  дыбыстар 
да  „А“  сықылды  „ба,  та,  жа,  ға“  деп 
дауысты  қылады.  Бұл хәріп әр  уақыт 
дыбысгарды  үстілі  қылып  қысқаш а 
ғана  созады:  бе,  же,  іе,  ре  ... 
сықылды.  Сондықтан  орыстардың 
кеңірдектен келетүғын  „Э“ дыбысын 
э,  а,  у  дыбысын  о,  ы,  и,  і  деп  жеті 
түрде  ж азу ы н ы ң   һәммәда  ие  дыбы- 
сын,  е  дыбысын  е,  я,  ю,  ь  деп  төрт 
түрде  ^ а з у ы н   ауы рсы нбауш ы лар 
үш ін біздегі екі түрлі и,  ы  менен төрт 
түрлі  бүғаз  ды бы стары ны ң  <1,  а,  і,  һ 
болып 
жазылуларында 
ешбір 
қи ы н ш ы л ы қ болмаса  керек.  Шенки, 
мүндайға  ғана  өзгелік  орыстардың 
бас  һәм  орта  хәріптерінде де  бар.
А.  Б.  28  дыбысты  былайш а  санайды: 
А,  а,  п,  т,  ж,  ч,  д,  з,  р,  с,  ғ,  қ,  к,  г,  л, 
м,  н,  о,  ы,  и,  ие,  о,  Әммә  (т,  ц,  ү,  ж, 
ф)  дыбыстарын бүлар араб-парсы уа 
басқа  түріктерге  керек  болса  да 
біздің  қазаққа  тіпті  керегі  жоқ  деп 
етек-жеңін  түріп  қашады.  Арабтар- 
ды ң  өңге дыбыстарын қабыл алғанда 
өз  тілімізде  сөйленетүғын  (т,  ц,  ч,  ф) 
менен  шет  тілден  араласқан  (жур- 
нал)  сықылды  ж аңа  сөздерді  жазу 
үш ін  п ар сы н ы ң   ж  хәрпінен  қалай 
қаш уға  керек?  Ө ңге тілдерде бір  ды- 
быс  бес-алты  түрде  жазылған  шақта 
бізде  бір  ды бы сты ң  екеу  яки  үш 
түрде  ж азылуын  қиы н  көріп,  еркін 
түріктің  майданы нан  шығып,  біз 
түрік  емес,-  қазақпы з  деп  өз-өзіңді 
қысудан  қанш а  пайда  шығар?!  Бүл 
А.  Б-ны ң  қабылдамаған  дыбыстары 
қ а зақ   сөзінде  бәрі  де  бар.  Алайық: 
ш аң ы р ақ   бар  және  жібек  матаның, 
бір  түріне  чай"  деп  айтылады.  Міне, 
„чай“  деген  сөзді  „ш ей“  деп  жазу 
қандай  келіссіз  болса,  „ч аң р ақ“  деп 
жазу үнамсыз.  Ж ән е  де „сөз“,  соз, со, 
сыз,  сын,  тік,  тыз,  тын,  тон  деген 
қазаш а  сөздерде  шек  жоқ,  өз  дыбы-
сымен  жазу  керек  болады.  Ал  енді 
ды бы сы ны ң  қазақ  тілінде  аш ы қ 
айтылатыны 
есепсіз 
көп
болғандықтан,  оған  мен  үқсасын 
келтіріп  те  түрмаймын.  Енді  бүлай 
болғанда  бір  дыбыс  екі  түрлі  жазы- 
лып  екі  дыбысқа  есептелсе  де  А.  Б- 
ны ң  (Ахмет  Байтүрсынов  С.  Д.) 
жіңішкерту 
дәйектісі 
ешуақытта 
қиындық 
келтірмейді. 
О йлап 
қарайық,  дәйекті  қағида  болсын, 
бірақ 
е ш ,  қағидасыз 
қойылған 
дәйекшіден 
не 
мағына 
шығар? 
Дәйекті  қойылған  уақытта  да  оны ң 
үстіне 
қарағанда 
қалындық, 
жіңішкелікті 
өздігінен  түсіндіріп 
түрғандай  бір  белгі  болуға  керек. 
Бүлай  болмаған  дәйекті,  дәйекті 
емес,  таяқш а  болмақ...
Әлі  оны ң  бір  қы зы қ  сөзі  және  бар: 
„М енің  бүл  сөздеріме  қарсы  түскен 
адам болса, сөзін сәріф.  Нахумен аж- 
бат  етсін!“  —  деп  қорқытып  қояды. 
Апырмау,  ж аңа  ғана  шығып  жерді 
жасырып 
жатқан 
бидайш ықтан 
„маған  осы  егіннен  нан  пісіріп  б ер “ 
деп  біреуге айту  қандай  күлкі  болса, 
сөз  болып  үйытпаған  дыбыстардың 
қалай  болуын  Сәріф,  нахумен  ажбат 
етілуін  сүрау  сонша  күлкі  емес  пе?! 
Ж ам ан,  жақсы  болса  да  қазақш а 
майданда  бірнеше  кітап  жазғандар 
бар,  оларға  мойын  бүрмау  орынды 
болмас. 
Бастап 
сол 
майдандағы 
кітаптарды  көзден  өткізіп,  кімдікі 
болса да  көрсету  керек.  Оларды  еле- 
мей,  сөз  сөйлеуші  адам ны ң  сөзі  ол 
кітаптар 
жағындағы 
адамдар 
қасында  еленбес.  Міне,  соны ң  үш ін 
бірге 
қимылдалық, 
бірге
қозғалалық!
Ж .  Ш ияшов.
Туысқан-бауырларыма  бір  насихат
Әй,.  қазақ 
ағайындар! 
Ж ы лдан 
жылға  кедей  болып,  жоқ  жерде  мал- 
дары ңнан  айры лы п 
қалып, 
күн 
асқан  ^айын  кеміп  барамыз,  мұны 
кімнен  көресіз.  Қыс  алды,  боран  ал- 
ды  дейсіз,  қыс  пен  боран  алатүғын 
болса, қоян неге өлмейді, торғай неге 
өлмейді.  Бораннан  ығып,  суықтан 
үсініп  бір  қоянның,  бір  торғайдың 
өлгенін  көрген  жан  жоқ.  Қазақта  бір 
мақал  бар  „Ж ам ан  Құдайш ыл  ке- 
леді’  дейді.  Ол  сөздің  мағынасы 
қүдай,  қүдайдың  жазуыменен  болды 
десеңіз,  бұл  сөздің  түрғаны  теріс.
1 0 6

Өзі  жаратқан  мүлкін, өзі  бар  қылған 
мақүлығын  қүдай  неге  қырады.  Кім 
болсаЛ  ол 
болсын, 
өзі 
жасаған 
нәрсесін 
өзі 
бүзбайды. 
Қүдай 
тәбәрак  оттағала  мүнша  жаратқан 
мақүлығын  жоқ  қылуға  мөлшер 
қылған  болжалды  мезгілі  бар.  Ол 
мезгіл  Ысырапыл  періштенің сүрын 
үруымен  болмақ.  Немесе осы  болған 
борандарды 
Ысырапыл 
періште 
сүрын үрды деп білесіздер  ме?!  Жоқ, 
жоқ!  Ысырапыл  періште  үрса  дүни- 
еден 
не 
қалмақ? 
Онда 
дәнеме 
қалмақшы  емес!
О сынш ама 
кемшілік, 
осынша 
қорлық 
қайдан 
келіп 
жатыр? 
Нығымет 
не 
екенін
білмегендеріңнен.  Ол  Нығыметтің 
қадіріне 
жетіп 
шүкірана
қылмағандарыңнан  болып  жатыр. 
Қүдайдың  сейдерге  берген  сансыз, 
есепсіз  Нығыметінің  қайсы  бірін 
айтып 
ш арш айын. 
Сонда 
да 
шүкіранасы  өте  тиісті  болғав  зор 
нығыметтердің  біреуін  айтайын.
Әй 
... 
көзбен 
қарап, 
ынсапты 
қүлақпен  тындайтүғын,  ағайындар! 
Бүл  дүниеде  үстіңнен  қарап  түрған 
патша  ағзам  Хазіреттерінің  бар- 
лығын, 
басында 
болған
нығыметтерден  артық  нығымет  деп 
білуге керек.  Не үшін десеңіз,  патша 
ағзам  Хазіреттерінің  тахт  тасыры- 
пында, 
сая-дәулетінде 
болумен 
әркімнің басы,  малы  есендікте түра- 
ды.  Осы  нығымет  бір-біріне  үстін 
қарап 
түрған 
патшасына 
шын 
көңілмен  тілеулес  болу  ең  зор 
шүкіршіліктен  саналады.
Алыстан 
зілалл-сүлтан 
алланың 
көлеңкесі 
деп 
айтылған. 
Қүдай 
тағаланың  көлеңкесі  бар делінбейді, 
К әгбатолланы - Бәйталла  деп  атаған 
есепті.  Бәйт деуменен  ол  қүдайға  ой 
болып  табылмайды.  Тек  шарапатты, 
қүрметті 
басқа 
ойлардан 
ар- 
тықтығын  білдіру  үшін  айтылады. 
Бү  да  сол  сықылды  сүлтандардың 
шарапаты,  қүрметі  басқалардан  ар- 
тық  болғандығы  үшін  айтылады. 
Сүлтан  деген  сөздің  мағынасы  не 
қыламын  десе  өзі  ерікті,  кісіден 
сүрап  іс  қылмайды,  көңілі  нені 
тілесе,  соны  қылуға  шамасы  келеді 
деген  сөз. Ол сүлтан болушының кім 
болмағанымен  жүмысыңыз  болма- 
сын.  Алла  тағала  оттағала  кәләм  ха- 
димінде  ...  бүйырды  мағынасы  ... 
айтқыл,  ей  Мүхаммед,  Мәліктердің 
мәлігі  алла  тәбәрак  оттағала  кімді
тілесе,  өзінің  мүлкіне  соны  ие 
қылады  деп.  Олай  болса,  қүдіреті 
күшті  қүдай  өзі  қалап  бір  сыпыра 
мүлкіне ие қылып  қойған  соң,  біздер 
сол 
патша 
ағзам 
хазіреттерінің 
қазған  жолында,  шашылған  топы- 
рағында 
болып, 
кеше, 
күндіз 
дәулеттерінің артылмағанына дүғада 
болсақ  керек.
Біз  осы  күнде  ел  аралайтын  жаудан, 
ірге  аралайтын  даудан,  аузы  қанды 
бөріден,  қолы  қанды  үрыдан,  аман- 
тыныш 
түруымыз 
патша 
ағзам 
хазіретгерінің* 
жәмиясында
болғандықтан.
Кеше  ХҮІІІ  ғасырдың  ішінде  Қазақ 
уалаятында  „Қоқан  заманы"  деген 
заман  болды.  Сонда  қазақта  мақал 
боп  қалды  „Ақ  жалау  барда  малым 
бар  деме,  әзірейіл  барда  жаным  бар 
деме"  деген  сөз.  Ол  ақ  жалау  деген 
Қоқан  хандарының  ел  шабатүғын 
қосыны  екен.  Ол  ақжалау ат үстінде 
жүргенде қазақтың малында,  басын- 
да,  қатын-қыздарында ерік болмады. 
Қазақты  шапқанда  қандай  шапты, 
атқа  мінер,  сойыл  үстарын  тегіс 
қырып,  бесіктегі  балалардың  үят 
жерін 
қаратып, 
еркек 
кіндіктен 
дәнеме  қалдырмай,  мал  жан,  үй- 
мүкәмалын  қосындағыларға  олжалы 
қылып,  қатындарын  апарып  күң ор- 
нына  жүмсады.  Ж алғыз-жарым  ер-
кектерді 
ақжалаудың 
ат
үстіндегілері 
хандарынан,
қолбасыларынан  жасырып,  үрлап, 
өлтірмей,  тірі  алып  кетіп  Тәшкентте 
Қоқанның  ар  жағында  Қанбағыс, 
Досбағыс  деген  қырғыздың  еліне 
жиырма бес ісек-түсаққа сатады.  Со- 
нан өлмей, тірі  қүтылып келген шал- 
дардың  талайымен  сөйлесіп,  осы 
әңгімені  өздерінен  естідім.  Сонда 
аса  зорлық  қылып  шапқанда  біздің 
арғынды,  оның  ішінде  Қуандық, 
Қаракесекті  баса  шапқан  екен.  Сол 
шабыншылықта  жетім-жесір  болып, 
Алатау, 
Қаратаудың 
Қоқан, 
Тәшкентке  қараған  қазақтарының 
қолында  жеті-сегіз  жасында  олжа- 
сыНда  қалғандардың  кемпір  болған 
күнінде 
талайына 
жолығып 
сөйлестім.  Баяғы  арғын  ауғанда 
ақжалау 
шапқанда 
олжада 
қалғандарымыз  деп  сөйлесті.
Осы  Қоқан  заманы  өтіп,  император 
ағзам 
хазіреттеріне 
бағынға^нан 
бері жесір қатын,  жетім бала малына 
ие болып,  қазақ жүрты асын тыныш- 
тықпен  ішті.  Бізді  осындай  аман-
107

дықта  сақтап  келген  үлы қ  патшаға 
әркім ш ы н  көділімен дүға қылса,  өзі 
а қ   ниетте  болып,  ш ы н  көз  жасыме- 
нен 
за м а н н ы д  
түзелмегін 
үміт 
қы лы п  қүдайдан  сүраса,  заманнын, 
түзелуіне  әркім н ің   істеген  ісі  ілгері 
басуы на  мен  кепіл.  Қүдай  тәбарак 
оттағаланың сөзі қүранды қараңдар, 
пайғамбар сөзі хадисті қараңдар,  сол 
екеуінде  айтылған  сөз  хәләп  болса, 
не  қылсаңдар,  о  қылыңдар,  мен  ри- 
замы н.
Бар 
білгендерің 
жүрт 
бүзылды 
дейсіңдер,  жүрттың  бәрін  аралап 
жүріп,  іш ек-қарны н  ақтарып  көріп 
қойды ң  ба?!  Ө зің   бүзылған  үшін 
айтасы ң.  Қ азақ   мақалында  да  айта- 
ды:  „Өзі  үры   ж ү р п ы ң   бәрін  үры 
дейді,  өзі  қары   жүрттың  бәрін  қары  
дейді",  —  деп.  Сенде  өзіңді  үйіңде 
отырып  түзетші,  а қ   жүрек,  ақ  пейіл 
болып  ш ы н  ы қы ласы ң  көз  жа- 
сы ңмен  халық-жүрттың  пайдасына 
һәм  жүрттың  басқаруш ы сы   болып 
түрған  патш а  ағзам  хазіреттеріне 
ғаділетті, 
мархабатгы 
болуына 
тілектес  болшы  зам ан  да  түзеледі, 
адам  да түзеледі.
Ж ү р т  жиылған  жерде  патша  ағызам 
үш ін  тілек  тілеп,  дүға  қылудың 
нүсқасы   мынау:  „Ярып!  Ө зің н ің  
пақы р  қүлдары ң ны ң  дүғасын  қабыл 
ет.  Ярып!  Осы  күнде,  осы  сағатга 
бірнеш е  жүрттың  бастығы  болған 
патша  ағзам н ы ң   ғүмырын  үзын, 
өзін  бақытгы  қылып,  әр  жерде керек 
соғыста,  керек  ояу,  керек  үйқыда 
болсын  көңіл ты ны ш   қы лсаң еді. 
Ярып! 
Саған 
ғана 
ғибадат 
қы ламы з... 
Ғазиз 
патшамыз 
біз 
қүлдары на 
әрдайым 
ғаділ, 
ша- 
пағатгы  болып  өзінің  ғақыл,  нүрын 
бүтін  мемлекеттің  пайдасына  сарып 
етсе  еді.
Ярып!  Әумин.
>м|
Біреуден  біреу  көре  қалған  заман 
ғой.  Біздің қ аза қ  бейш ара ораза жоқ, 
намаз  жоқ,  қүдай  деген  жан  біз  деп 
жүрген жайылулы мйл сықылды,  жо- 
сулы  а ң   сықылды,  союға,  сатуға  мал 
емес,  атып  алуға  а ң   емес.  Сары- 
а р қ а н ы ң  
иен 
ш өбінің 
бай- 
лығыменен  ш аруа  күтіп,  мал  бағып, 
ғылым-білімнен  әр  түрлі  үлгілі- 
ғибратлы  өнерлерден  ...  единиция 
болмай,  нөл  орнында  қалған  жүрт
еді.  Солдаттықтан  қаш қан   қүмы ра 
бөрікті,  толағай  басты  ноғайлар 
келіп  „Бәдәуім",  „Кесікбас",  „Ақыр 
Заман" деген кітаптарын оқытып, өзі 
қүдайдың  бүйрығынан,  а қ   патша- 
н ы ң   қүрығынан  қаш ы п  жүрген 
қулап  Россияның жүртын  жамандап 
патш аны ң 
бізге 
қы сымш ылығы 
осындай,  қаһары   қаттылығы  осын- 
дай"  деп  қүдайды  үзы нқүлақтан 
зорға  естіп  жүрген  қазақты   ш өйтің 
басынан  \^ріккен  қойдай,  ай  жа- 
рықта 
көлеңкесінен 
қоры ққан  
қояндай  қылып.
Россияның  бас  хакімдері  қазаққа 
қала  сал,  баланды  оқытуға  бер  десе, 
біздің  ноғай  да  осыларды  айтқан, 
осындай 
қиялап 
барып  тозаққа 
түсірген деп қала  салсаң,  ш іркеу  сал 
дейді,  балаларынды оры сш а оқытуға 
берсең,  солдаттық  алады  деп,  көне- 
ктен шошыған биедей қылып шошы- 
тып,  ғүмыр  бойы  өзіменен  жерлес, 
сулас,  оттас,  ораздас  болып  түрған 
Россия 
жүртыменен 
ынтымағын 
қосуға келтірмей, қазақты ң  ақы лсы з 
надан  қатындарды  дуана  келеді  деп 
өз  баласын  өзі  қорқақ қылып  үйрет- 
кендей  жаман  қылып,  көк  милы 
қылып  жіберді.
Ферғана  зам аны нан  а қ   патшаға 
қарамай  қашты,  қуды,  бірін-бірі  ит- 
тей  талап  жүрген  зам ан н ы ң   кезінде 
өз  басын өлімнен алып қаш қан   сарт- 
сауанны ң  қулары  олар  да  келіп, 
қазақ  іш іне  молдалық  қылып,  бала 
оқытып,  ол  кеше  Батыр  ханнан, 
Мәделі  ханнан,  Қүдияр  ханнан  — 
солардан  қорқып  қаш қандар.  Қайда 
патша  болса,  халыққа  қылатүғыны 
осындай 
зорлық-зомбылық 
деп 
ғылым-білімі  жоқ  надан  жүрттың 
қылған  патшалығын  ғылым-білімді 
әдебиеттен  камыл  жүрттардың  пат- 
ш аларымен  бір  бәс  қылып  сөйлеп, 
қара  қазақты ң  көңілін  жақсы  ниет- 
тен, ізгі  пиғылдан айы руға көп себеп 
болды.  Қ азақ  мақалында  бүрынғы 
әулие өткен ата-бабалары айтып  кет- 
кен  „Қойды  ш арты қ  бүлдіреді,  елді 
қортық 
бүлдіреді" 
деп. 
Сол 
мақалдың  хақиқатын  міне,  біздер 
көзімізбен 
көріп, 
қолымызбен 
үстағандай  болып  нандық.  Қ азақ 
ішіне  кім  келеді?  О н ан   қаш қан, 
мүннан  қаш қан  жамандықпен  көзін 
аш қан  келеді.  Ж ә н е  соны ң  бәрі  де 
қазақты  жер-көкке  түсірмей  мақтай 
келеді:  „Дін  де  сенде,  әулиелік  те 
сенде,  адамгершілік  те  сенде"  деп.
108

Әсір.гсе  бір  әпендемін  деген  қулар 
араб  жұртын  жамандап,  меке  ...  ме- 
дине...  екі  ш әріптің  адамдарын  жа- 
мандап, ол жақта кісінің аузына өліп 
барамын  десе,  бір  қасық су тамызар 
жан  жоқ,  Әулие  онда  емес,  мұнда  ... 
Шарапат онда емес,  мұнда.  Машайх- 
та  осында,  дін  де осында...  өзге  жұрт 
бәрі  аштан  өлейін  деп,  қырылайын 
деп  түр.
Сонан соң қайтсын бұл сорлы қазақ! 
Ноғайдан 
келді 
қазақты ң 
өзін 
мақтады,  өзгенің  бәрін  жаманға 
қойды.  Сарттан  келді,  о  да  осыны 
айтты.  Әпенді  келді,  ол  бәрінен 
асырды.  Сонан  соң  бүл  қазақ  ойла- 
ды:  „Біз  болған  екенбіз,  жетілген 
екенбіз, дүние де бізде екен, әулиелік 
те  бізде  екен.  Дүниеде  не  жақсылық 
бәрі  бізде  екен  деп.  Дәнемені  керек 
қылмайтын  мүңсыз  болды.  Қүдай- 
дың  бізден аяған  дәнемесі  жоқ екен. 
Осы  келіп  ж үргеннің  бәрі  судырап 
түрған  молда  ғой,  әулиелікке  жеткен 
ишандар  ғой,  дүние  жаман  болса, 
сонша 
жерден 
осындай 
жақсы 
жетілген  кісілер  неге  келеді.  Дүние- 
де  төрт  түлік  малдан  асылды  қүдай 
жаратқан  жоқ  екен,  қазақтан  асыл 
жүртты  жасаған  жоқ  екен  де,  Сарь*- 
арқадай  жер  қайда  барсаң  да  жоқ 
екен  деп.  Қыс  болса,  жылқының
қазы-қартасындай 
тамақ 
қайда?
Ж аз  болса,  қымыздан  артық  шарап 
қайда  деп,  ш алқасынан  түсіп  жатты 
да 
қалды. 
Наданшылық 
пенен 
ғапылдықты  екі  жағына  екі  қыз 
алып жатқан кісідей қүшақтап қатты 
да  қалды.  Елді  қортық  бүлдіргені 
осы.  Айта  берсем,  ақыры   және  бар.
М әніһур  Жусіп  Кепее
а
Бұлбұл
С айрайсы ң  мүнды  күймен
жүз  қүбылтып,
Кейде аяң,  кейде желіс, кейде сылтып.
Суытасың дүниені,  ысытасың
Түрасың  маужыратып  кейде
жылытып.
Қоясың тәтті  дауыс  тамылжытып, 
Түрады  жан-жануар  демін  жүтып.
У,  шу жоқ,  қарық, ш иы қ еткен қарға,
торғай,
Үялған  әлдеқайда  кеткен  жытып.
Үста  сөз,  мүнды  дауысың  басты
байлар.
Тоқтаған  шабуынан  қүлын-тайлар, 
Дауысыңнан елжіремес нәрсе бар ма, 
Ж ас төгер бойы балқып терең сайлар.
Бүлбүл  қүс!  Көзімде жас, кеудемде от, 
Болып  мен  саған  келдім  ішімде  жоқ. 
Дертіме  сен  ғана дәрмен  болар, 
Анық білдім басқадан еш пайда жоқ.
Бүл  жерден  үшып  кетші
зәулім  жаққа,
Барып  қон  нәзік  ғана  бір  бүтаққа. 
Ашындырып сөйле оған менің жайым, 
Елжіретпеи  көңілін  қанат  қақпа.
Ж үз құбылтдауысынды,  өртеөзегін, 
Өртенсін,  қызыл жалын қылтөсегін. 
Ойын ал,  бойын балқыт;  сүйдір мені, 
Қалсын  ол  ойлай  алмай  өз  есебін.
Тез,  бүлбүл,  мүнды  дауыс,
сиқыр  тілдім,
Дәрмені  қалың дерттің
сенсің білдім.
Қылмасаң бір мейірім, сорлы пендең,
Қайғыдан  қолым  жетпей,  міне,
өлдім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет