02 басылым / издание 02


 Еуразиялық экономикалық одақтағы білімді дамыту тенденциялары



жүктеу 12.11 Kb.
Pdf просмотр
бет3/38
Дата06.03.2017
өлшемі12.11 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38

5.5 Еуразиялық экономикалық одақтағы білімді дамыту тенденциялары 
ЕЭО елдерінің білім беру жүйесінің көпшілігінде келесі тенденциялар байқалады: 
1)
 
ЖОО санын оңтайландыру 
2)
 
Мемлекет тарапынан білімге шығатын шығындар үлесінің болмауы 
3)
 
Қызметтің  басым  салаларына  мамандарды  дайындауға  мемлекеттік  тапсырысты 
қалыптастыру 
4)
 
Болон процесінің қағидаларын енгізу (магистратура, PhD) 
5)
 
Интернационализация 
6)
 
Нострификацияны болдырмау (өзара мойындау) 
 
Ресейлік білім беру 
ЖОО  санын  қысқарту:  2008  және  2012  жылдары  аралығында  88  оқу  мекемесі 
жойылып кетті, ал студенттер саны 1 460 000 адамға қысқарды
5
. Таяу арада студенттер үшін 
университеттер арасындағы бәсекелестік күшейе түспек. 
ЖОО-ларға қойылатын талаптарды арттыру: ғылыми зерттеулерге қатысу және 
инновациялық қызметті  жүзеге асыру қажеттілігі. Бұрын бұл  рөлді дәстүрлі  түрде Ресей 
ғылым  академиясы  атқаратын,  бірақ  ол  жаңа  талаптарға  бейімделе  алмады,  сондықтан 
айтарлықтай дәрежеде заңдылығын жоғалтты. 
Білім  беру  интернационализациясы:  2020  жылға  қарай  әлемнің  үздік 
университеттерінің  алғашқы  жүздігіне  (топ-100)  ресейлік  бес  ЖОО  кіреді.  Шетелдік 
студенттерді  тартудан  түсетін  экономикалық  пайдадан  басқа,  мұндай  жетекші  ЖОО-лар 
Ресейдің халықаралық білім беру мен ғылыми имиджін жақсартуы тиіс. 2003 жылы Ресей 
Болон процесіне қосылды, алайда ресейлік жоғары білім беру интернационализациясы әлсіз 
күйінде  қалып  отыр:  2010  жылы  Ресейде  әлемнің түрлі  елдерінің  жалпы  контингентінен 
шетелдік студенттердің 3,9 %-ы оқыды,басым көпшілігі ТМД елдерінен болды. Салыстыра 
қарасақ, Қазақстанда – 1,9% шетелдік студенттер (10 мыңдай шетелдік студент).
 
Білім  беруді  мемлекеттік  қаржыландыру:  Жоғары  білім  беруді  мемлекеттік 
қаржыландыру 119 млрд. рубльға өсті, 2005 жылы ($ 4 млрд) 402,4 млрд. рубльға дейін 
2011  жылы  ($  13  млрд).
6
2012  жылдың  қазанында  Премьер-министр  Дмитрий  Медведев  
2020  жылға  қарай  білім  беру  шығыны  қорғаныс  бюджетіне  теңеседі  деп  уәде  берді. 
                                                 
5
Новые миссии и амбиции российских университетов. 
http://ihe.nkaoko.kz/archive/331/2665/
 
6
 Новые миссии и амбиции российских университетов. 
http://ihe.nkaoko.kz/archive/331/2665/
 

 
С-03.1.1-05-2016 
Алматы Менеджмент 
Университетінің 2015-2020 
жылдарға арнаған даму 
стратегиясы / Стратегия 
развития 
Алматы Менеджмент 
Университета 
на 2015-2020 годы
 
Күні/Дата 
22.02.2016ж./г. 
Басылым/Издание 
02 
Беті:стр.18 
из 320 
 
Ресейдің тарихында алғаш рет білім мен қорғанысқа бірдей басымдық берілді. Сонда да 
бір студентке жұмсалатын шығын жетекші ЖОО-лардың өзінде төмен ($ 8000 - $14 000 
орнына, орташа алғанда экономикалық ынтымақтастық пен даму Ұйымы бойынша немесе 
$ 30 000 орташа алғанда АҚШ бойынша).
7
 
 
Белоруссия білімі 
Халықтың  10  000  адамға  шаққанда  студенттер  саны  бойынша  жоғары 
көрсеткіш:  Белоруссияда  әрбір  бесінші  жас  адам  —  студент.  2013/2014  оқу  жылының 
басында елдегі 54 жоғары оқу орында 395,3 мың студент білім алды. Оның ішінде 13,9 мың 
шетел  азаматтары  (3,4%  студенттер  мен  магистранттардың  жалпы  санынан). 
Демографиялық  жағдайға  байланысты  —  балалар  мен  жастар  санының  азаюы  — 
студенттер саны төмендеді. Бұрынғы оқу жылында олар 428 мың болды. 
2013/2014  оқу  жылында  студенттер  саны  бойынша  Белоруссия  халқына  10  000 
адамнан, ТМД елдерінің арасынан ең жоғары көрсеткішке ие болды — 417 адам (Ресей — 
394, Қырғызстан — 391, Украина — 380). Бұрынғы жылдардағы бұл көрсеткіш бұдан да 
жоғары: 2008 жылы — 425, 2012 жылы — 453. 
Белоруссияда  студенттер  санын  халық  санына  шаққанда  91,5%.  Бұл  рейтингте 
Белоруссиядан Корей Республикасы озуда — 98,4%, АҚШ — 94,3% және Финляндия — 
93,7%.
8
 
Білім  интернационализациясы:  Белоруссияда  ЖОО  студенттері  мамандықтың 
(бакалавр)  және  магистр  академиялық  дәрежесін  ала  алады,  алайда,  республика  Болон 
декларациясына қол қоймаса да. Белоруссия жоғары оқу орындарындағы мамандықтардың 
көпшілігі бес жылдық оқу мерзіміне есептелген. Алайда,  2012-2013 оқу жылынан бастап 
студенттерді  төрт  жылдық  оқу  бағдарламасымен  оқытатын  230-  дан  астамжоо 
мамандықтарына ауыстыру жоспарланған. 
Белоруссияда (2011жыл деректері бойынша) жоғары білімді мемлекеттік үлгідегі 45 
жоғары оқу орнында және жекеменшік түрдегі 10 жоғары оқу орнында оқуға болады. Білім 
берудің  ұлттық  жүйесінде  алдыңғы  қатарлы  жоғары  оқу  орындары  болып  Белоруссия 
мемлекеттік  университеті  (БМУ)  және  Белоруссия  ұлттық  техникалық  университеті 
(БҰТУ) болып табылады. 
Британдық  танымал  QS  агенттігінің  рейтингі  бойынша    2011  жылы  Белоруссия 
мемлекеттік университеті әлемнің үздік университеттері ТОП-700 қатарына енді, 501–550 
ұстаныммен  айналысатын  ЖОО-лар  тобына  кірді.ТМД  елдерінің  жоғары  оқу  орындары 
ішінде  Белмемуниверситет    QS  рейтингі  бойынша  9-шы  орында,  Орталық  және  Шығыс 
Еуропа ЖОО арасында да осы деңгейде. Әлемдік вебометрикалықWebometrics Ranking of 
World  Universities  университеттерінің  рейтингтік  мәліметтері  бойынша,  әлемдегі  20372 
университеттерінің  арасынан  БМУ  843-ші  орынды  иеленді.  Белоруссия  мемлекеттік 
университеті сонымен қатар планетаның үздік университеттерінің үш пайызына кіреді.
9
 
                                                 
7
 Новые миссии и амбиции российских университетов. 
http://ihe.nkaoko.kz/archive/331/2665/
 
8
Владимир Дунаев: Лидерство, которое стало приговором высшему образованию Беларуси 
http://belprauda.org/vladimir-dunaev-liderstvo-kotoroe-stalo-prigovorom-vysshemu-obrazovaniyu-belarusi/ 
9
Высшее образование в Беларуси. http://president.gov.by/ru/university_ru/ 

 
С-03.1.1-05-2016 
Алматы Менеджмент 
Университетінің 2015-2020 
жылдарға арнаған даму 
стратегиясы / Стратегия 
развития 
Алматы Менеджмент 
Университета 
на 2015-2020 годы
 
Күні/Дата 
22.02.2016ж./г. 
Басылым/Издание 
02 
Беті:стр.19 
из 320 
 
Республиканың  статистикалық  басқармасының  мәліметі  бойынша  2013  жылмен 
салыстырғанда  оқу  бағасы  17,9  %-ға  өсті.
10
  Яғни,  Белоруссия  ЖОО-да  бюджеттік 
орындарды қысқарту арқылы ақылы оқу пайдасы көзделген тенденция қадағаланып отыр. 
ЖОО  бітірушілерін  жұмысқа  орналастыру  жүйесі:  Елде  ЖОО  бітірушілерін 
жұмысқа  орналастырудың  кеңестік  жүйесі  сақталған.  Бұл  о  бастан  халықты  жұмыспен 
қамту  саясатын  шешу  үшін  қажет  болатын  механизм  ретінде  қаралды,  қазіргі  уақытта  
маңыздылығы  елде  қарама-қайшы  жағдайда  тұр  және  бұрын  жарияланған  мақсаттарын 
жүзеге  асыруға  болыса  алмай  отыр.  «Білім  туралы»  Заңындағы  2006  жылғы  түзетулер 
жұмысқа  орналастыру  бойынша  жұмыс  мерзімін  орындай  алмаған  республикалық  және 
(немесе) жергілікті бюджеттен студенттерді дайындауға жұмсалған қаражатты қайтаруды 
нормативпен бекітті.Осы жыл бюджеттік оқу нысанындағы бітірушілерге бетбұрыс болды, 
ал 2007 жылдың өзінде, жүзден астам қылмыстық істердің пайда болуымен қатар, таратуға 
келмеген жас мамандардың санын аяқ астынан қысқарту байқалады. Соңғы жылдары бөлу 
бойынша  жұмысқа  барғысы  келмейтін  бітірушілер  саны  бірқалыпты  азаюда,  жас 
мамандардың  мемлекет  тарапынан  берген  бірінші  жұмыс  орнында  тәжірибе  жинақтауға 
(төмен  ақылы,  беделді  емес  және  тұрғылықты  тұратын  жерінен  алыста  орналасқан) 
талабының  болмауымен  байланыстыруға  болады,  мемлекет  тарапынан  қысымдық 
шаралары қаншалықты қорқыныш тудырады. 
Белоруссия  білім  министрлігінің  міндетті  бөлу  мәселесі  ойластырылған  деп 
есептегеніне  қарамастан,  жастар  арасында  қызметкердің  ең  аз  қажеттілігін 
қанағаттандырмайтын  орында  жұмыс  істеуді  мәжбүрлеуге  қарсылық  күн  санап  өсуде. 
Бұдан  басқа,  әуелі  мектеп  бітірушілерінің  арасында  (тегін  негізде)  Чернобыль  АЭС 
апатынан кейінгі лас алыс ауылдарға бөліну қорқынышынан өздерінің білімдерін одан әрі 
жалғастыруға құлқының жоқтығы байқалады. 
Бітірушіге игерген мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі болмаған кезде бірінші 
жұмыс  орнының  берілуі  оң  жағдай  екенін  атап  өтпеуге  болмайды.  Алайда,  белорустар 
жағдайындағы  мұндай  жұмысқа  орналастырулар  еріксіз  сипатқа  ие  және  еңбектің 
өркениетті  нарығын  қалыптастыруды  қиындатады.  Осыған  Белоруссияның  Болон 
процесіне қосылуға ұмтылуын қосатын болсақ, онда міндетті, немесе директивтік жүйе, 
бөлу дамыған еуропалық мемлекеттің жолындағы басты кедергі болып табылады. 
5.6 Қазақстанда білім беруді дамыту тенденциялары 
Қазақстанда білім беруді дамытудың негізгі тенденциялары:  

 
ЖОО санын оңтайландыру 

 
Сапалы жоғары білімге сұраныстың тұрақты өсуі 

 
Оқытушылардың жаңа формацияға әлсіз кіруі 

 
ЖОО интернационализациясына қажеттіліктің өсуі 

 
Халықаралық және ішкі бәсекелестікті күшейту 

 
Ағылшын  тілді  шетелдік  ЖОО-ларға,  ресейлік  ЖОО-ларға  орыс  тілді 
талапкерлердің кетуі 
Соңғы  он  жылда  Білім  және  ғылым  Министрлігі  саясатының  талапты  күшейтуі 
негізінен ЖОО-лар саны айтарлықтай азайды. 
                                                 
10
Получать высшее образование в Белоруссии станет дороже // http://academica.ru 

 
С-03.1.1-05-2016 
Алматы Менеджмент 
Университетінің 2015-2020 
жылдарға арнаған даму 
стратегиясы / Стратегия 
развития 
Алматы Менеджмент 
Университета 
на 2015-2020 годы
 
Күні/Дата 
22.02.2016ж./г. 
Басылым/Издание 
02 
Беті:стр.20 
из 320 
 
1  диаграммадан  көрініп  тұрғандай,  2005  жылдан  бастап  ЖОО  саны  біртіндеп 
төмендеуде. 2013 жылы 2005 жылға қарағанда төрт есе азайды. ЖОО-ларды оңтайландыру 
тенденциясы  жалғасатын  болады.  Жуық  арада,  олардың  саны  100-ден  аспайды  деп 
ұйғарылуда
11

 
Сурет1. ҚР жоғары оқу орындарының саны 
ЖОО білім алушыларының саны үнемі қысқаруда. Бұл жоғарыда айтылғандай
демографиялық жағдайға негізделген. 2012-2013 оқу жылында ЖОО-да студенттер саны  
26%-ға  аз болды,  2005-2006 оқу жылына қарағанда (диаграмма 2)
12

 
Сурет2. 2003-2013жж. ҚР ЖОО студенттерінің саны 
 
Сурет3. ПОҚ саны 
                                                 
11
http://www.stat.gov.kz
 
12
http://www.stat.gov.kz 
658106
747104 775762 768442 717053
633814
610264
620442
629507
571691
0
100000
200000
300000
400000
500000
600000
700000
800000
900000
2003/04 2004/05 2005/06 2006/07 2007/08 2008/09 2009/10 2010/11 2011/12 2012/13
180
181
181
176
167
143
148
149
146
139
0
50
100
150
200
2003/04 2004/05 2005/06 2006/07 2007/08 2008/09 2009/10 2010/11 2011/12 2012/13

 
С-03.1.1-05-2016 
Алматы Менеджмент 
Университетінің 2015-2020 
жылдарға арнаған даму 
стратегиясы / Стратегия 
развития 
Алматы Менеджмент 
Университета 
на 2015-2020 годы
 
Күні/Дата 
22.02.2016ж./г. 
Басылым/Издание 
02 
Беті:стр.21 
из 320 
 
 
2003  жылмен  салыстырғанда,  10  жылдан  кейін,  2013  жылы  қазақстандық  ЖОО-
лардағы ПОҚ саны өте аз өзгерді – 252 адам. Алайда, экономикалық дағдарыс кезеңінде,  
2008-2009 оқу жылында оқытушылар саны кенеттен  –  3158 адамға азайды, немесе 7,7%-
ға, 2012-2013 оқу жылында біртіндеп қайта өсті. 
Егер  білімге  жұмсалған  бюджет 
шығынын  салыстырсақ,  онда  ЕЭО  көптеген  елдері  әлемнің  басқа  дамыған  елдерімен 
салыстырғанда  айтарлықтай  төмен  деңгейде  білімнің  қаржылануын  қамтамасыз  етеді. 
АҚШ, Германия, Норвегияда білім беруге жұмсалатын бюджет шығыны 5,5 % шамасында,  
Канадада,  Францияда,  Швецияда  –  7  %.  Қазақстанда  бұл  көрсеткіш  2013  жылы  3,3% 
деңгейінде болды.  
ҚР-дағы білім беруді  дамытудың соңғы жылдардағы басты тенденцияларының бірі 
біріккен  ұлттық  тенденциялар  мен  елдің  ұлттық  бірегейлігін  сақтау  кезінде  енген 
жаңалықтарды  тарату  болып  табылады.  Бұдан  күтілетіні,  білім  беру  кеңістігі  біртіндеп 
саяси  мәдени  бола  бастады  және  адами  даму  мен  өркениетке  тұтастай  алғанда, 
тұспалданған,  халықаралық  білім  беру  ортасында  қалыптастыру  үшін,  білім  сипаты  мен 
адамды  әлемдік  құндылықтарға  тартуға  барынша  ашық  бола  түсті.    Бұл  2010  жылы 
Қазақстанмен қол қойылған Болон келісімдерінің орындалуымен түйіндес. 
2012  жылы    20  ЖОО  әлемдік  агенттіктердің  академиялық  рейтингтеріне  қатысты: 
Quacquarelli  Symond  World  University  Ranking,  Webometrics  (Cybermatrics  Lab),  4 
International Colleges and Universities, Webomatrix/Ranking Web by Country: Top Colleges and 
Best Universities of Kazakhstan, SMBG-Eduniversal, Тimes higher education (THE).  
Соңғы жылдары қазақстандық  білім беру жүйесін дамыту 2010  жылы қабылданған 
«Қазақстан  Республикасында  білімді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған 
мемлекеттік бағдарламасы» бойынша жүзеге асырылады. 
Қазақстан  жоғары  білімнің  интернационализациясын  тәуелсіздік  алған  соң 
бастады.1991жылдан  бастап  2000  жыл  аралығында  Түркиямен,  Ресеймен,  АҚШ, 
Германиямен,  Ұлыбританиямен  және  Аға  хан  қорымен  байланысы  бар  университеттер 
құрылған  болатын,  1992  жылы  ашылған  Қазақстандық  менеджмент,  экономика  және 
стратегиялық зерттеу институты, оның бірі оқуды ағылшын тілінде жүргізеді. 2010 жылы 
әлемдік сатыдағы университет болуға ұмтылған Назарбаев Университеті ашылды. 
Білімді  дамытудың  аймақтық  тенденциялары  аймақтың  дамуының  болашағын 
қамтамасыз етуші кадрларды лайықты дайындау (құрамы, мамандар саны, олардың білім 
сапасы) қажеттілігін талап ететін аймақтағы экономиканың дәстүрлі салаларын нығайтуға 
40 972
42 333
43 382
42 788
41 207
37 814
39 155
39 600
40 531
41 224
35 000
36 000
37 000
38 000
39 000
40 000
41 000
42 000
43 000
44 000
2003/04
2004/05
2005/06
2006/07
2007/08
2008/09
2009/10
2010/11
2011/12
2012/13

 
С-03.1.1-05-2016 
Алматы Менеджмент 
Университетінің 2015-2020 
жылдарға арнаған даму 
стратегиясы / Стратегия 
развития 
Алматы Менеджмент 
Университета 
на 2015-2020 годы
 
Күні/Дата 
22.02.2016ж./г. 
Басылым/Издание 
02 
Беті:стр.22 
из 320 
 
бағытталған.  Білім  жүйесі  аймақтағы  мамандар  құрамы  мен  сапасының  өндірістік 
талаптарына сәйкес келсе тиімді және осы талаптарға сәйкес дамытылады. 
Елде тұтастай алғанда, 629 мың студент білім алуда. Олардың тең жартысы сырттай 
бөлімде – 260 мың. Сонымен қатар, олардың қатарында колледжде білім алушылар үлесі 
бар (60%). Нәтижесінде жоғары білімді кадрлар саны кенеттен өсе түсті (58% жыл сайын), 
бірақ  тиісті  деңгейдегі  сапасы  жоқ.  Осыған  байланысты  бұл  жағдайды  түзету  бойынша 
шаралар  қолданатын  болады.  ЖОО  желісін  оңтайландыру  бойынша  жұмыс  жүргізілуде. 
Қазіргі  күні  елде    133  ЖОО  бар,  біраз  жыл  бұрын  147  болатын.  Сырттай  бөлімнің 
контингентін төмендету үшін орта мектеп базасында қабылдау тоқтатылды және колледж 
бітірушілері үшін ЖОО-ға түсу кезінде міндетті кешенді тест тапсыру енгізілді. 
Экономиканың  нақты  сұранысына  толық  жауап  бере  алмайтын  мамандықтар 
классификаторын  жетілдіру  бойынша  жұмыстар  жүргізілуде.  Бүгінгі  күні  қазақстандық 
және  әлемдік  практикада  жалпы  қабылданған  мамандықтарды  салыстырмалы  таңдауы 
бойынша  жұмыстар  жүруде.  Жұмыс  берушілермен  және  кәсіби  қоғамдастықпен  кадрлар 
дайындау  мәселесіндеөзара  әрекеттестік  күшейтілуде,  біліктіліктің  Ұлттық  жүйесі 
қлыптасуда. Біліктіліктің ұлттық рамкасы Еуропалық біліктілік жүйесімен салыстырмалы. 
Еңбек нарығына қажет мамандықтар тізбесі мемтапсырыстың негізі ретінде қызмет 
етеді.  Мамандардың  сұранысқа  ие  болуын  арттыру  жөніндегі  міндет  маңызды  боп  қала 
береді. БҒМ бұл жұмыс Қазақстандағы экономиканың дамуы мен еңбек нарығы мен қоғам 
алдындағы  ЖОО  әлеуметтігінің  жауапкершілігін  үйлестіруші  барлық  меморгандардың 
жұмысы деп есептейді. 
ЖОО-ның басты міндеті – нақты экономика үшін кадрлар дайындау. Олар алдын-ала 
маманға  кәсіби  құзіреттілік  кешенін  салуы  тиіс.  Сондықтан  ЖОО  жұмыс  берушілермен 
тиімді  байланыстар  орнатуы  және  олардың  қатысуымен  білім  беру  бағдарламаларын 
қалыптастыруы қажет. 
Сонымен қатар, ЖОО бітірушілері үшін біліктілікті растаудың тәуелсіз жүйесін жасау 
жөніндегі жұмысты белсендіру міндеті тұр. 
ҚР  БҒМ-де  педагогикалық  мамандықтар  бойынша    біліктілікті  растау 
Орталықтарының 
пилоттық 
тәртібін 
жасау 
бойынша 
іс-шаралар 
Жоспары 
дайындалды.Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жұмыскерлер мен 
жұмыс  берушілердің  салалық  бірлестіктерімен  бірлесіп  осы  бағыттағы  жұмыстарды 
жүргізуде.  Жоспар  бойынша  2012  жылдан  бастап  педагогикалық  мамандықтар 
бітірушілерінің  сертификациясы  пилоттық  тәртіппен  біліктілікті  растау  Орталығында 
жүргізіледі. 
Жұмыс берушілер мен ЖОО серіктестері кадрлар дайындауға тартылуда.  МҮИИДБ 
бойынша  әр  объектіден  5  грант/стипендия  бөлінуі  тиіс:  базалық  69  ЖОО-ға  2336  грант 
бөлінді. 
Жоғары  оқу  орындарының  бизнес  қоғамдастықпен  ынтымақтастығы  кадрларды 
дайындауда  жұмыс  берушілерді  инвестициялау  түрінің  бірі  болып  табылады.  
«ҚазМұнайГаз»,  «Қазақтелеком»,  «Қазақстан  теміржолы»,  «Kazenergy»  сияқты 
компаниялар,  «KEGOC»  АҚ,  ТОО  «Қазақмыс  корпорациясы»  ЖШС,  «Атамекен» 
Корпорациясы  атаулы  стипендиялар  мен  білім  гранттарын  бөліп  тұрады.  Осылай,  2011 
жылы 37 ЖОО-ға кадрларды дайындаудағы әлеуметтік серіктестік аясында, жеделдетілген 
индустриалды-инновациялық дамудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша 
әлеуметтік  серіктестермен  (компаниялармен  және  кәсіпорындармен)  2336  грант  және 

 
С-03.1.1-05-2016 
Алматы Менеджмент 
Университетінің 2015-2020 
жылдарға арнаған даму 
стратегиясы / Стратегия 
развития 
Алматы Менеджмент 
Университета 
на 2015-2020 годы
 
Күні/Дата 
22.02.2016ж./г. 
Басылым/Издание 
02 
Беті:стр.23 
из 320 
 
стипендиялар  тағайындалды.  Сонымен  бірге,  өндірістік  кәсіпорындар  базасында  ПОҚ 
біліктілігін арттыру жүзеге асырылады. Қазіргі кезде ПОҚ біліктілігін арттыруды жүзеге 
асырушы (инженерлік зертханасы бар 15 ЖОО) базалық ЖОО мен біліктілікті арттырудың 
курстық бағдарламалар тізбесі айқындалды. 
Назарбаев  Университет  нысаны  бойынша  басқару  жүйесін  енгізу  механизмдері 
әзірленуде. 2012 жылдан бастап еліміздің 4 жетекші университетінде бақылаушы кеңестер 
жұмыс  істеуде.  Нормативтік  бекіту  және    ұйымдық  қолдау  ЖОО-ларда  корпоративтік 
басқаруға ие. Қазіргі кезде Қамқоршылық кеңесі бар Қазақстандағы ЖОО-лар үлесі  48,5%-
ға тең (65 ЖОО). 
Қазақстандық  жоғары  оқу  орындарын  дамыту  әлемдік  тенденциялар  арнасында 
жүзеге  асырылады.  Қазақстандық  ЖОО-ларда  интернационализация  және  академиялық 
ұтқырлықты дамыту процесі жүзеге асырылуда. 
Екі  жыл  ішінде  900  студент  пен  магистрант  бір  оқу  семестрі  бойынша  әлемнің  40 
еліндегі озық университеттерінде оқуға мүмкіндік алды. 
Тарту бағдарламасы бойынша  2000-нан астам шетелдік ғалымдар мен оқытушылар 
қазақстандық ЖОО-ларға келді. 
11 ЖОО университеттердің Еуропалық қауымдастығына қосылды. Болон процесінің 
принциптерін  жүзеге  асырудағы  маңызды  мәселе  студенттерді  білім  беру  процесіне 
белсенді түрде тарту болып табылады.Ұлттық Студенттік Кеңес құрылады және таяу арада 
оны Еуропалық Студенттер Одағына тарту жоспарлануда. 
Әлемдік тенденциялар контексінде тәуелсіз аккредитацияның жүйесін құру бойынша 
оны бәсекелес ортаға  ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. 
Аккредитациялық  органдардың  ұлттық  реестріне  6  агенттік  кірді,  оның  ішінде  2 
қазақстандық  және  Еуропа  мен  АҚШтан  4  шетелдік  агенттік  бар.  ЖОО-лар  қоғамдық 
ұйымдар  мен  жетекші  шетелдік  сарапшылардың  қатысуымен  аккредитациядан  өтеді. 
Аккредитация процесіне студенттер өкілі белсене қатысады. 
Сонымен бірге, ЖОО-лар ұлттық және әлемдік рейтингтерге қатысады. 
Көптілді  кадрлар  дайындау  процесі  басталды.  Тұтастай  алғанда,  2012-2013  оқу 
жылынан  бастап  32  ЖОО-да  5,5  мың  адамнан  асатын  білім  алушылардың  жалпы 
контингентімен 
арнайы 
бөлімшелер 
ашылады. 
Бұл 
бөлімшелердегі 
білім 
бағдарламаларының  құрылымы  мынадай  болмақ:  гуманитарлық  пәндер  –  тарих,  әдебиет 
және  басқалары  мемлекеттік  тілде.  Жаратылыстану-ғылыми  пәндер,  химия,  математика, 
физика, биология ағылшын тілінде берілсе. Білім беру жүйесі ерекшеліктерінің бірі 2000 
жылдар  басынан  демографиялық  мәселелердің  болуы  болып  табылады.  Мектептік  және 
студенттік  жастағы  жастар  санын  қысқарту  демографтар  болжамы  бойынша  2017-2018 
жылдарға дейін жалғасатын болады. Демографиялық жағдайды қиындату жоғары мектеп 
дамуындағы қарама-қайшы процестерді көрсетеді. Бір жағынан, білім беру нарығындағы 
тұтынушылар жетіспеушілігі ЖОО-ларды қандай жағдайда да студенттер жинауға әкеліп 
соғады,  бұл  талапкерлерге  қойылатын  талаптың  төмендеуіне  және  бәсекелестіктің  адал 
болмауына әкеледі. Екінші жағынан ЖОО мен студенттер санын қысқарту оқу сапасының 
өсуіне себепші болады. 
Осындай  жолдармен,  Қазақстан  әлемдік  білім  беру  кеңістігіне  білім  жүйесін 
интеграциялауға  себепші  болатын  түзілген  білім  беру  саясатын  сауатты  жүзеге  асыруға 
ұмтылуда. Бір жағынан, ол өзінің ғана шешімін талап ететін мәселелермен бетпе-бет келеді. 
Қазақстанда жоғары білім берудің негізгі проблемалары: 

 
С-03.1.1-05-2016 
Алматы Менеджмент 
Университетінің 2015-2020 
жылдарға арнаған даму 
стратегиясы / Стратегия 
развития 
Алматы Менеджмент 
Университета 
на 2015-2020 годы
 
Күні/Дата 
22.02.2016ж./г. 
Басылым/Издание 
02 
Беті:стр.24 
из 320 
 
1.  Бітірушілердің  нақты  практикадан  қол  үзуі  (жұмыс  беруші  студенттер 
дайындығына қатысуы тиіс) 
Академиялық адалдық пен зерттеу мәдениеті деңгейінің төмендігі 
Мемлекеттік білім беруді қолдаудағы патернализм 
ЖОО интернационализациясын дамыту деңгейінің жоғары болмауы 
Әлемдік рейтингке кіретін, университеттер үлесінің жоғары болмауы 
Зерттеу тиімділігінің төмендігі (дәйектілеу дәрежесі) 
ЖОО автономдығының болмауы 
ЖОО-лардағы  жаңашылдық  дәрежесінің  төмендігі  («Мемлекет-бизнес-ЖОО» 
байланысының болмауы) 
Кәсіпкерлік ЖОО тұжырымдамасының дамымауы 
Шетелдік ЖОО-ларда PhD дәрежесін алған оқытушылар мен зерттеушілер санының 
жеткіліксіздігі 
Олардың  бірі–талапкерлер  саны  мен  ҰБТ-дан  іріктелген  студенттердің  объективті 
жүйесінің  дәрежесі.ҰБТ  орта  жалпы  білім  беру  сапасын  бағалауға  арналған  ұлттық 
емтихандар  түріндегі  тәуелсіз  сыртқы  бақылаудың  нысаны  ретінде  әлемнің  көптеген 
мемлекеттерінде  жүзеге  асырылады:  Ұлыбритания,  АҚШ,  Нидерландия,  Чехия,  Польша 
және кеңестік одақ кезіндегі  бірқатар елдерде:  Ресей, Қырғызстан, Украина, Белоруссия, 
Әзірбайжан, Тәжікстан, Литва, Латвия және басқалары. 
Мамандардың көпшілігі: ҰБТ өзінің функциясын тұтастай орындап отыр әрі бүгінгі 
күні білімді бақылауға бұған балама болатын ештеңе жоқ деген пікірде. Сонымен қатар, 
ҰБТ ЖОО-ға түсу кезіндегі жемқорлықтың жаппай сипат алмауына себепші болды. Мәселе 
ҰБТ мазмұны мен ұйымдастырылу сапасының жатықтығына ауысуы тиіс. 
Жоғары білім беру жүйесіндегі маңызды мәселе ЖОО-ның өзіндегі жемқорлық болып 
табылады. Оның жүйелік сипаты бар, сондықтан оның шешімінің де жүйелік сипаты болуы 
керек. Жемқорлықтың ПОҚ материалдық мотивациясының төмендігімен, университеттік 
автономияның  жоқтығымен,  академиялық  адалдық  мәдениетінің  болмауымен  тікелей 
байланысты  екендігі  бәріне  белгілі.  Тек  посткеңестік  кеңістікте  адамдар  екі  рет  төледі, 
нақтырақ  айтсақ,  алған  құзіретіне  емес,  диплом  үшін:  университет  кассасына  және 
оқытушының немесе деканның қалтасына. 
Бұл  жүйелік  мәселелер  уақыт  өте  келе  оқытушымен  жұмыс  істеу  мәртебе  емес,  өз 
кезегінде кадрлардың ескіруіне әкелді. Кейбір университеттерде ПОҚ орташа жасы 50-55 
жас деңгейінде. Бұл дабыл қағатындай жағдай. 
Келесі бір үлкен мәселе жұмыс берушілердің ЖОО бітірушілерінің сапасына күдікпен 
қарауы.  Ғылым,  оқу  және  өндіріс  арасындағы  байланысқа  көбінесе  қадағаланбайды.  Бұл 
мәселе де жүйелік сипатқа ие. Әзірге жұмыс берушілер ЖОО басқаруға тікелей араласпаса, 
білім  беру  бағдарламаларының  мазмұны  мен  сапасының  жүйелік  бағасына,  ғылымның 
дамуына  қаражат  салынбайды,  мамандарды  дайындау  сапасында  үлкен  жылжулар 
болмайды. 
 
Каталог: images -> uploads -> files
images -> Байқау сынағы сұРАҚ кітапшасы 7005 НҮСҚА
images -> С. Бегалин «Бала Шоқан» “Толағай”
images -> Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының
images -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
images -> Краткое содержание проекта Екі елдің данышпан ақындары Абай және Пушкин өмірі мен шығармашылығы қазіргі
files -> Іс әрекет уақыты!
files -> Ежегодной научно-практической конференции студентов и магистрантов
uploads -> Внедрение новых новых форм форм и и методов методов обучения обучения


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет