5.3 Қазақстан экономикасын дамытудың 2020 жылға дейінгі тенденциялары
Қазақстан Республикасының 2020 жылға арналған стратегиялық мақсаттары
Тұтастай алғанда, 2020 жылы Қазақстан экономиканың жеделдетілген
әртараптануының келесі негізгі нәтижелеріне жетуі тиіс. Қазақстан бизнес-климаты ең
қолайлы 50 елдің қатарына кіруі тиіс. Осы онжылдықтың аяғында ЖІӨ бюджетінің мұнай
емес тапшылығы3% -дан аспауы тиіс. Әрі қарай оны нөлге төмендету қажет. 2020 жылы біз
келесі көрсеткіштерге жетуге тиіспіз. ЖІӨ өсуі — кемінде 30 пайыз (2009ж. қатысы
бойынша). Қайта өңдеу салаларындағы өсу өндіруші салалардың деңгейін асыратын немесе
соған жететін болады. Халық саны 18 миллион адамға жуықтайды. Білікті мамандар үлесі
40 пайызды құрайды. Жұмыссыздық деңгейі 5 пайызға дейін төмендейді. ЖІӨ
өңдеуші
С-03.1.1-05-2016
Алматы Менеджмент
Университетінің 2015-2020
жылдарға арнаған даму
стратегиясы / Стратегия
развития
Алматы Менеджмент
Университета
на 2015-2020 годы
Күні/Дата
22.02.2016ж./г.
Басылым/Издание
02
Беті:стр.10
из 320
өнеркәсіп үлесі кемінде 13%-ды құрауы тиіс. Экспорттың жалпы көлемінен шикізат емес
экспорт үлесі 27-ден 45%-ға дейін өсуі тиіс. Өндіруші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігі 2 есе
артуы тиіс, ауыл шаруашылығында – кемінде 4 есе. ЖІӨ
энергосыйымдылығы кемінде
25%-ға төмендетілуі тиіс. Инновациялық белсенді кәсіпорындар үлесі 4-тен 20%-ға дейін
өсуі тиіс. 2015 жылы аграрлық саланың экспорттық әлеуеті 4-тен 8%-ға артуы тиіс, ал
құрылыстың ішкі қажеттілігі 80% қазақстандық құрылыс материалдармен қамтамасыз
етілуі тиіс.Үкімет бес жылдың ішінде металлургиялық өнімдерді өндіру мен экспорттауды
екі еселендіру, химиялық өнімдер өндірісін үш еселендіруді қамтамасыз етуі тиіс. 2015
жылға жаңа жобалар есебінен бюджет табысы 300-400 миллиард теңгеге өсуі тиіс. 2016
жылы Қазақстан халық басына шаққанда табысты 15 мың долларға өсіріп, табыс деңгейі
жоғары елдер тобына кіруі тиіс. Онжылдықтың аяғына қарай ЖІӨ шағын және орта бизнес
үлесі 40%-ға дейін артуы тиіс.
Қазақстан экономикасын 2020 жылға дейін дамытудың негізгі тенденциялары:
1)
Бастапқы сектор басымдығы (мұнай өндіру және т.б.)
Қазақстан көмірсутегі шикізатын өндірушілердің бірі боп қала береді. Сонымен
бірге, республика энергетиканың технологиялық модернизациясын дамыту мен энергия
үнемдеуді жеделдете отырып, ғаламдық жылыну мәселелерін шешуге қатысады. Еліміз
табиғи ресурстарын тиімді пайдалануды, әсіресе суға қатысты, инфрақұрылымды
модернизациялау мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі міндеттерді ескере отырып,
табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саясатын қалыптастыру есебінен өсе түседі.
2)
Бастапқыдан экономиканың екінші секторына өтуді қолдау жөніндегі
мемлекеттік саясат (Бизнестің жол картасы 2020, Өнімділік 2020, Экспорт 2020,
Жұмыспен қамту 2020, Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға
арналған
индустриялды-инновациялық
дамуының
Мемлекеттік
бағдарламасы)
2020 жылға еліміз диверсифицияланған экономиканы дамыту үшін қажет адами
ресурстарға ие болады, сондай-ақ отандық кәсіпкерлер мен экспортерларға қызмет көрсету
үшін қажет болатын инфрақұрылымы болады. Көлік инфрақұрылымы мен
телекоммуникацияны интенсивті дамыту есебінен дүниежүзімен үздіксіз байланыспен
қамтамасыз етілетін болады. Өңдеуші өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және Қазақстанның
қызмет көрсету саласы тау-кен өндіру өнеркәсібімен қатар экономика құрылымында
лайықты орын алады. Әлеуметтік салада және қоршаған ортаны қорғау саласында
айтарлықтай нәтижеге жететін болады.
2020 жылы қазақстандық экономика 2009 жылғы деңгейге қарағанда нақты өсе түсуде.
Экономиканы диверсификациялау бойынша жоспарларды ойдағыдай жүзеге асыру
есебінен өсу көрсеткіші экономиканың қайта өңдеу салаларының 2020 жылға өндіруші
салалармен өсу көрсеткіші көбірек болады немесе олармен тең болады.
3)
Үшінші сектордың дамуы – инфрақұрылымдық жобалар (Нұрлы жол
Саясаты)
2014 жылдың қарашасынан бастап негізі Қазақстанда «Инфрақұрылымды дамыту
жоспары» болып табылатын Жаңа Экономикалық Саясат қабылданды. Бұл жоспарды
жүзеге асыру мерзімі бойынша МҮИИДБ Екінші бесжылдығының жүзеге асуымен сәйкес
келеді. Бұл саясатты жүзеге асыруда 100-ден аса шетелдік компаниялар қатысуды көздеп
отыр. Жалпы инвестициялық қоржын 6 триллион теңге, мемлекет үлесі – 15 пайыз.
С-03.1.1-05-2016
Алматы Менеджмент
Университетінің 2015-2020
жылдарға арнаған даму
стратегиясы / Стратегия
развития
Алматы Менеджмент
Университета
на 2015-2020 годы
Күні/Дата
22.02.2016ж./г.
Басылым/Издание
02
Беті:стр.11
из 320
Жаңа экономикалық саясат аясындағы мемлекеттің негізгі күші транспорттық-
логистикалық, энергетикалық инфрақұрылымның дамуына бағытталатын болады.
Сонымен бірге индустриалды инфрақұрылым, ең алдымен арнайы экономикалық зоналарда
құрылады. Аймақтарда ШОБ өндірісін дамытуға және қосымша инвестицияларды тартуды
көздеген жаңа индустриалды зоналар салынатын болады. ТКШ инфрақұрылымы мен су
және жылумен жабдықтау желілерін модернизациялау, сондай-ақ тұрғын үй
инфрақұрылымын нығайту жоспарлануда. Мысалы, мемлекет әлеуметтік жалға берілетін
тұрғын үйлер салып, оны халыққа ұзақ мерзімді сатып алу құқығымен беретін болады.
4)
Экономиканың ғылыми сыйымдылығын жасау (Әлемнің дамыған 30 елінің
құрамына кіру тұжырымдамасы)
Экономиканың ғылыми сыйымдылығын жасау, өндірілетін және өңделетін
өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сондай-ақ өндірістің жаңа жоғары
технологиялық саласын кезегімен дамыту жолдарымен қол жеткізіледі. Сонымен бірге
негізгі тірек өңделуші өнеркәсіпті жеделдетіп дамытуға жасалады. Модернизацияның
негізгі механизмі мен экономика салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру өсудің
барлық факторларын – еңбек, капитал және ресурстар өнімділігінің өсуі болып табылады.
Осыған байланысты Қазақстан мемлекеті алдына келесі міндеттерді шешуді қояды
1
:
1) өсу факторларының өнімділігін арттыру;
2) әлемдік деңгейдің агломерациясын қалыптастыру;
3) ұлттық инновациялық жүйені дамыту;
4) инфрақұрылымдық шектеулерді болдырмау;
5) мақсатты озық инвесторларды тарту арқылы тартымды инвестициялық климат
қалыптастыру;
6) «жасыл экономикаға» өту арқылы тұрақты даму.
5)
Аграрлық секторды инновациялық рельстерге ауыстыру («Агробизнес-2020»
салалық бағдарламасы)
Әлемде азық-түлікке қажеттілік өсе түсетін болады. Агроөндірістік кешенде
бәсекелестікті арттыру үшін озық технологияларды енгізуге, экспериментальді агро-
инновациялық кластерлер жасауда, аграрлық ғылымды дамытуға инвестициялар
тартылатын болады.
6)
Инфрақұрылымдық триада – агломерация, көлік, энергетиканы қарқынды
дамыту
Қазақстанда экономиканың ғылыми сыйымдылығын құру мақсатында Астана мен
Алматы, Шымкент пен Ақтөбе сияқты ірі қалалар Қазақстанда урбанистикалық орталықтар
құрылып, дамытылатын болады. Бүгінде қалаға шоғырланудың жоғары көрсеткіші Астана,
Алматы және Алматы облысында байқалады. Алдағы 20 жылда қалаға шоғырлану тағы да
10%-ға өседі деп күтілуде, ол елдің әлеуметтік саласының жүктемесін ұлғайтады.
1
Концепция по вхождению Казахстана в число 30-ти самых развитых государств мира
http://economy.gov.kz/pressservice/78/55525/
С-03.1.1-05-2016
Алматы Менеджмент
Университетінің 2015-2020
жылдарға арнаған даму
стратегиясы / Стратегия
развития
Алматы Менеджмент
Университета
на 2015-2020 годы
Күні/Дата
22.02.2016ж./г.
Басылым/Издание
02
Беті:стр.12
из 320
Энергетика мен көлік саласын дамыту бойынша ұлттық компаниялар қытайлық
серіктестермен бірқатар жобаларды жүзеге асырады: Іле өзенінде Кербұлақ ГЭС-інің
құрылысы бойынша жоба, «Қазақстан-Қытай» магистральді газ құбырының бірінші
бөлігінің құрылысы, Алматы облысында Мойнақ ГЭС-і, Қазақстанда битум заводын салу,
ядролық энергетика саласын дамыту, дизельдік жағар май өндірісін құру, синтетикалық
табиғи газ және басқа да химиялық-мұнай өнімдерін өндіру.
7)
Шағын және орта бизнесті дамыту
Бүгінгі күні Ұлттық қордан ШОБ-ты қолдау және оны несиелеуге бағытталған 100
миллиард теңге толығымен игерілді. Бұл 4,5 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Бұл
шараға сұраныс 23 миллиард теңгеге ұсынысты арттырды. Бизнесті несиелеуге 10 жылға
бар-жоғы 6 пайызбен беріліп, бұрын-соңды болмаған жағдай жасалды. ШОБ үлесі 2050
жылға қарай 50 пайыз ЖІӨ-ға дейін өседі. Ел Үкіметі шағын және орта бизнесті, сондай-ақ
ірі кәсіпкерлікті жеңілдікпен несиелеуге 100 миллиард теңге бөледі. Бұл тамақ өнеркәсібін
және химиялық өнеркәсіпті, машина жасау, сондай-ақ қызмет көрсету саласындағы
жобалардың іске асуын қамтамасыз етеді.
5.4 Білім беруді дамытудың жаһандық тенденциялары
1)
Білім беру гуманизациясы
Білім гуманизациясы білім беруді «адамға жақындастыру», білім алушылардың
қызығушылықтарын, мүмкіндіктерін және жеке қабілеттерін ескеру; адамның жан-жақты
дамуына тиімді жағдай жасау, оқытуды дамыту басымдықтары, оқыту процесіне
рефлексияны, өзін-өзі тексеру мен өзін-өзі бағалауды қосу.
Білім гуманизациясы тұлғалық тұспалданған оқыту, деңгейлік және бейіндік
жіктелу, білім берудің жекелігі мен оқу және кәсіптік бағдары арқылы жүзеге асырылады.
Көптеген елдердің жоғары оқу орындарының оқу жоспарларына жаңа «адамдарға
бағдарланған» ғылыми және оқу пәндер енгізіледі: философия, психология, саясаттану,
әлеуметтану, культурология, экология, эргономика, экономика және басқалары.
Жоғары білім беру гуманизациясы:
ЖОО бітірушілерінің кәсіби және жалпы мәдени дайындық интеграциясына
олардың тұлғалық қасиеттерін дамыту, білім беру руханиятын қайта жандандыру
тұтастығында;
таңдауы көп элективті курстардың оқу жоспарларын блок бойынша жасау кезінде,
білімді бағалаудың рейтингтік жүйесі, тереңдетілген кәсіпқой мамандану
мүмкіндігінің кең түрдегі спектрі;
оқу процесіне оқудың ашық жүйелерін енгізуде, жеке бағдарламалар бойынша
студенттерді оқытуды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін, олардың әрқайсысына
өзінің білімі мен кәсіби қабілеттеріне барынша толық сәйкес келетін білім
траекториясын құруға мүмкіндік береді.
2)
Білімді интеграциялау
Білімді интеграциялау білім беру мазмұнының компоненттеріне өзара сіңісуден
(ішкі интеграция) және әртүрлі елдердің білім беру жүйесін жақындастыру және жалпы
білім беру кеңістігін қалыптастырудан (сыртқы интеграция) көрінеді.
С-03.1.1-05-2016
Алматы Менеджмент
Университетінің 2015-2020
жылдарға арнаған даму
стратегиясы / Стратегия
развития
Алматы Менеджмент
Университета
на 2015-2020 годы
Күні/Дата
22.02.2016ж./г.
Басылым/Издание
02
Беті:стр.13
из 320
Білім беру интеграциясы білім саласындағы интеграцияланған бағдарламалар мен
курстар және халықаралық ынтымақтастықты құру арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар,
жоғары білім берудің «университизациясы» мен барлық жоғары оқу орындарын еліміздегі
және әлем университеттерінің жүйесіне интеграциялау процесі күшейтілуде, ол күшті
университеттік кешендердің, мемлекеттік, континентальдық және аймақаралық
мазмұндағы ғылыми-білім беру мегаполистерінің пайда болуына әкеп соғады.
Мұндай білімнің көпшілігі ойдағыдай әрі нық болып қала береді. Табысты
консорциумдар тізімі ұдайы өсуде, жиырмасының ішінен, барынша танымалдар, ол —
Академиялық консорциум 21, Африкалық университеттер Қауымдастығы, Британдық
ынтымақтастық елдеріндегі университеттер Қауымдастығы, Тынық мұхит аймағындағы
университеттер Қауымдастығы, Университеттердің Халықаралық желісі, Университас 21,
университеттердің Әлемдік желісі және басқалары.
Жаһандық университеттер қызметінің сапасы мен нәтижесін рейтингтік бағалаудың
жаңа тенденциялары айқындалады («жаңа логика» БҰҰ университеттерінің халықаралық
рейтингі).
3)
Білім беруді стандарттау
Жаһанданумен байланысты, бірыңғай кедендік кеңістік, визасыз алмастыру,
бірыңғай валюта, медициналық сақтандырудың бірыңғай жүйесін орнату, Еуропалық Одақ
азаматтары үшін ЕО-қа кіретін, кез келген елде жұмысқа орналаса алу мүмкіндігін ашты.
Бұл тенденция ЕО-тың әртүрлі елдерінде мамандарды дайындау қажеттілігін бір
іздендіруге әкелді. Болон процесінің қатысушылары қол қойылған уағдаластыққа сәйкес,
Бірыңғай еуропалық білім беру мен ғылыми кеңістік құру негізінде жатқан барлық идеялар
мен қағидалардың жүзеге асуын қамтамасыз етуге міндетті. Жоғары білім берудің
халықаралық консультанттары Болон процесінің тек 47 қатысушы-елдерде ғана емес,
сонымен қатар Еуропадан тысқары жерлерде де өзгерістер әкелгенін атап өтті
2
.
Болон процесінің міндетті параметрлері:
- Жоғары білім берудің үш деңгейлі жүйесі
- ECTS академиялық кредиттері
- ЖОО студенттерінің, оқытушылары мен әкімшілік қызметкерлерінің академиялық
ұтқырлығы
- Дипломға Еуропалық қосымша – Жоғары білім беру сапасын бақылау
- Бірыңғай еуропалық зерттеу кеңістігін құру
2
http://www.universityworldnews.com/article.php?story=20150130162701188
С-03.1.1-05-2016
Алматы Менеджмент
Университетінің 2015-2020
жылдарға арнаған даму
стратегиясы / Стратегия
развития
Алматы Менеджмент
Университета
на 2015-2020 годы
Күні/Дата
22.02.2016ж./г.
Басылым/Издание
02
Беті:стр.14
из 320
Кесте1. Ұлттық біліктілік шеңберін жүзеге асыру (ҰБШ) (2010/2011)
3
ҰБШ жүзеге асырудың бастапқы сатысы
Консультациялар мен бүкілхалықтық талқылаулар өткізілді, ҰБШ жобасы мүдделі
топтармен мақұлданды
ҰБШ заң деңгейінде қабылданды
ҰБШ жүзеге асыру басталды: ЖОО-лар мен басқа да органдардың жауапкершілігі
мен рөлі келісілді
Оқу бағдарламалары ҰБШ бойынша қайта қаралды
Біліктіліктер ҰБШ-ға енгізілген
ҰБШ жоғары білім берудің Еуропалық шеңбердегі стандарттарына сәйкес
сертификатталған
Мәліметтері қол жетімді емес
Пайдаланылған әдебиеттер: The Bologna Process: Its impact on higher education
development in Europe and beyond
3
The Bologna Process: Its impact on higher education development in Europe and beyond
С-03.1.1-05-2016
Алматы Менеджмент
Университетінің 2015-2020
жылдарға арнаған даму
стратегиясы / Стратегия
развития
Алматы Менеджмент
Университета
на 2015-2020 годы
Күні/Дата
22.02.2016ж./г.
Басылым/Издание
02
Беті:стр.15
из 320
4)
Демократизация
Білімді демократияландыру барлық халық үшін білімнің қолжетімділігін
қамтамасыз ету екенін, білім беру мекемелеріне үлкен құқықтар мен автономдығын, білім
алуға әрбір адамның құқығын жүзеге асыру мақсатында педагогтар мен білім алушыларға
академиялық еркіндік беру.
Білім беру мекемелерінде демократия қағидаттары қалай жүзеге асырылуда? Бұл
басқарудың бөлшектенуі және басқарудың мемлекеттік-қоғамдық жүйесін жасау, білім
беру жүйесінің ашықтығы, білім алушылардың өздік жұмыстарының үлесін және білім
беру мекемесінің өзімен дайындалатын оқу жоспарының үлесін ұлғайту.
5)
Білімді ақпараттандыру және компьютерлендіру
Білімді ақпараттандыру мен компьютерлендіру компьютерлік және электронды-
есептеу техникаларын кең түрде пайдаланумен, Ғаламтор желісіне қосылу, оқу процесін
жабдықтау мультимедиасы арқылы көрінеді.
Білімді ақпараттандырудың кең түрдегі мағынасы – бұл білім беру жүйесіндегі білім
мен ақпараттар айналымының қарқынын жеделдету. Болашақта, ақпараттандыру мен
жаһандандыру барысында, «білім» ұғымының мазмұнының өзі өзгереді және үздіксіз
өзгеріп тұратын орта ретінде білімнің ашық мазмұны пайымына өту, осы өзгерістерді
барынша жедел көрсететін ақпараттық және телекоммуникациялық ортаны қосқанда
жүзеге асырылатын болады.
Қашықтықтан білім беру ерекше тез қарқынмен дамуда. Вебинарлар, электронды
курс материалдары, видеоконференциялар пайдаланылады. Үйіңізден шықпай-ақ, тек
Ғаламтор ресурстары арқылы алуыңызға болады. Мысалы, Массачусетс технологиялық
институты өздерінің интернет-трафик жүйесі арқылы Оқытудың ашық курстары дамытушы
жобасының (Open Course Ware project) барлық оқу материалдарын ашық пайдаланымға
қойды.
Дүниежүзі бойынша қашықтықтан оқытуға қатысушы студенттер санын санап шығу
қиын, алайда, 24 мега университеттерінің болуы, миллион студентімен мақтана алу – бұл
көрініс масштабтылығын көрсетеді.
Виртуальды білім беру процесінің технологиялық жағынан қарқынды өзгеруі
күндізгі бөлім өзгешеліктерінің қарқынды өзгерісінен кем болмауы тиіс. ЖОО-ларға
аудиторияда білімді бірлесіп жасай білетін харизматтық оқытушылар қажет. Оқытушылар
рөлінің өзі фасилитириялық және коммуникациялық болып өзгерді. Оған барлық жағынан
көшбасшы болу керек – оқыту барысында негізгі рөлді сол атқаратын болады. Осы әдістеме
синергетикалық әсер алуға және білім берудің жеке формасын растауға мүмкіндік береді.
Студенттермен жұмыс істеудің жаңа түрі тез және икемді енгізілуі тиіс. Бұл жерде
жоғары білім дамуын «қуып жететін» емес, алдын алатын қарқын талап етіледі. Таяу арада
ерте білім алу жүйесімен өскен, ақпараттық технологияларды 4-5 жас кезінен меңгерген
барынша білімді ұрпақпен жұмыс істеуге тура келеді.
6)
Білім фундаментализациясы
Білім фундаментализациясы білім алушылардың әдістемелік, теориялық және
практикалық дайындықтарының бірлігін тереңдету мен қамтамасыз етуге негізделген.
Фундаментализация білім мазмұнының ядросын қысқартуға, базистік компоненттерге
оқытуға әкеледі, халықаралық негіздегі білім мазмұнын модульдік құру, ғылымның
білімдегі рөлін арттыру.
Жоғары білім беру фундаментализациясы төмендегілер арқылы көрінеді:
С-03.1.1-05-2016
Алматы Менеджмент
Университетінің 2015-2020
жылдарға арнаған даму
стратегиясы / Стратегия
развития
Алматы Менеджмент
Университета
на 2015-2020 годы
Күні/Дата
22.02.2016ж./г.
Басылым/Издание
02
Беті:стр.16
из 320
жалпы гуманитарлық пәндер циклын жаратылыстану мен техникалық білімге енгізу
және жалпы жаратылыс-ғылыми пәндерді гуманитарлық білімге адамдардың
дүниетанымдық мәдениеті бастарының бірікпеуін жеңе білу мақсатында жүргізу;
барынша әмбебап және жалпылауыш білімі бар, қолданбалы зерттеулер мен
әзірлемелердің негізі болып табылатын, адамдардың жалпы және кәсіби мәдениетін
қалыптастыруға арналған базаны, жаңа мамандықтарға тез бейімделуге интегралды
пәнаралық курстар құру;
Фундаментальді білім мен кәсіби оқу арасындағы сәйкессіздікті фундаментальді
білімнің сөзсіз басымдығымен меңгеру.
білім беру интеллектуализациясы, білім мазмұнына ғылыми білім енгізу, білім беру
жөнінде ғылымдар кешенін қалыптастыру, сондай-ақ интеллекті дамытуға
бағытталған білім беру технологиялары арқылы көрінеді.
7)
Білім беру технологиясы
Білім беру технологизациясы білім алушылардың қоғам мен өндірістің
технологиялық мәдениетін, жаңа технологияларды пайдаланумен және жастарда
технологиялық сауаттылық пен құзіреттілікті қалыптастыра отырып, оларды продуктивтік
және қауіпсіз өзгертілген қызметтің субъектісі ретінде дамытуды білдіреді. Оқу
мекемелерінде оқытудың ең жаңа технологиялары кең түрде пайдаланылады, оқытудың
жобалық әдісі енгізіледі, мұғалімдер мен оқытушылардың технологиялық мәдениетінің
деңгейі артуда.
Тек білімді адам ғана, өзінің қызметін технологиялармен немесе нарық
талаптарымен байланыстыруға қабілетті болса ғана өзін әлеуметтік қорғалған санауына
болады.
8)
Озық және үздіксіз білім беруге бағдарлау
Озық және үздіксіз білім беруге бағдарлау ғылым мен білім деңгейін қоғамдық даму
мен өндірістің даму деңгейінің қажеттілігіне,кез келген жастағы адамдардың бүкіл өмірінде
үздіксіз өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі білімін көтеруіне негізделген. Бұл үшін білім беру
сапасын арттыру бойынша тұрақты жұмыс, перспективалы мамандықтар бойынша
мамандарды дайындау және қайта дайындау, үздіксіз білім беру жүйесін құру, білім алу
нысанының әртүрлілігі талап етіледі.
9)
Оқу
мекемелерінің
автономизациясы
(тәуелсіздік,
орталықтандыру,
қаржыландыру көздерін диверсификациялау)
Жоғары білімді Басқару жүйесі орталықтандырылған елдерде жоғары білім
айқындылығы ЖОО автономиясының өсуіне бағытталған жоғары білім беру жүйесіне ең аз
үлеспен мемлекеттің қатысуы елдерде, оны басқару децентрализация тенденциялары болып
табылады. Еуропалық университеттердегі қаржылық басқару реформаларының негізгі
бағыттары келесі жолдармен айқындалуы мүмкін
4
:
өздік экономикалық қызметтің дамуымен және шаруашылық нәтижелеріне
жауапкершілікті арттырумен байланысты, жоғары университеттік менеджменттің
рөлі мен функциясын өзгерту;
4
Децентрализация финансового менеджмента в высших учебных заведениях: зарубежный опыт.
В.В.Тараканов
С-03.1.1-05-2016
Алматы Менеджмент
Университетінің 2015-2020
жылдарға арнаған даму
стратегиясы / Стратегия
развития
Алматы Менеджмент
Университета
на 2015-2020 годы
Күні/Дата
22.02.2016ж./г.
Басылым/Издание
02
Беті:стр.17
из 320
ЖОО-ның қаржылық-экономикалық қызметін, стратегиялық және қаржылық
жоспарлауға жауаптылардың фунциясын ұлғайту, жоо бюджетін құру және оның
орындалуын бақылау;
қаржылық жоспарлауды орталықтандыру мен демократияландыруы аясында,
факультеттер мен басқа да дәстүрлі университеттік бөлімшелер қызметін
бюджеттеуге көшу, факультеттер басшылары мен университет мектептері, сосын
кафедралар құқығы мен жауапкершілігін ұлғайту;
«университеттің шеті» аталатын, жоо-ның құрылымдық бөлімшелерін дамыту,
шаруашылық есептеу, маркетинг және бюджеттеу негізінде кәсіпкерлік қызметке
тұспалданған түрлі салаларда дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: |