Жүзеге асыру қадамдары 1-қадам: синкуейн жазу үшін негізгі тақырыпты анықтау – бес жол өлең (көбіне сабақ тақырыбы алынады).
2-қадам: синкуейннің алгоритмі жазуға беріледі:
Бірінші жол-тақырыптың атауы (әдетте зат есім алынады).
Екінші жол – тақырыпты сипаттайтын екі сөз (әдетте сын есім алынады).
Үшінші жол – тақырып туралы қимылды білдіретін үш сөз (әдетте етістік).
Төртінші жол – тақырыпқа қатысты төрт сөзден тұратын сөз орамы .
Бесінші жол – бір сөз – тақырыптың мәнін ашатын синоним сөз.
Немесе мынадай схема ұсынылады:
Тақырыптың аты:
Сипаты:
Қимылы:
Нақыл сөз
Тақырыпқа синоним сөз
3-қадам үйренген синкуейнді дәптерге жазып алу. Мысалы:
Синкуейн
Келісті, қысқа
Ойлайды, қорытады, жинақтайды
Ескеріңіз: қысқа сөйлеу де-талант.
Түйіндеме
4 -қадам: қызығып оқиды, жұпта және топта талқылайды .
5 – қадам : ең үздік синкуейн (топтардың пікірі бойынша) класта оқылады.
«Сұрақ қою, қайта сұрақ қою» әдісі Күтілетін нәтиже. Оқушы жасай алады:
өз бетінше ойлап, ақпаратты меңгере алады ;
мәтінмен өз бетінше жұмыс жасау дағдысы дамиды;
ақпаратпен ықыласты жұмыс жасайды;
мәтінге сұрақ қою, белгілеу, тұжырымдау;
кластастарының жауаптарын ықылас қоя тыңдау және сұрақтар қою;
өз оқуына және кластастарының оқуына жауапкершілікпен қарау;
таным әрекеті процесінде қарым-қатынас шеберлігі
Жүзеге асыру қадамдары 1-қадам: мәтінді толық немесе бір бөлігін оқыту (мәтіннің күрделілігіне қарай, балалардың жас және даму ерекшелігіне қарай), оқылған мәтіннің мазмұнына әр деңгейлі сұрақтар қою – сұрақтарды мәтін бойынша оқушылардың өздері немесе мұғалімнің өзі қоюына болады.
2 -қадам: оқушылар оқығандары бойынша бір-біріне сұрақ қояды және талқылайды.