1- дәріс болашақ МҰҒалімнің КӘсіби дайындығын қҰзырлылық ТҰРҒыдан қарастыру



бет2/13
Дата15.11.2023
өлшемі74,09 Kb.
#123286
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Құзырлылық. Лекциялар 2к

Кәсіби жарамдылық – қандай да бір мамандық болмасын қоғамға жарамды жетістікке жетуге қажетті және жеткілікті адамның психикалық және психофизиологиялық ерекшеліктер жиынтығы» [15, Б. 298].
Т.И. Руднева «педагогикалық кәсібилік – әлеуметтік, кәсіби және тұлғалық болып жіктелетін педагогикалық мәселелерді шешуге тұлғаның іс-әрекеттік дайындығының біріккен көрсеткіші», – дейді [16, Б.97]. Психологтар мұғалімнің кәсібилігінің жалпы мәдениеттік, психологиялық-педагогикалық, пәндік-технологиялық үш компоненттерін атап көрсетті.
Кәсібиліктің психологиялық концепциясы алғаш рет А.К. Маркованың «Кәсібиліктің психологиясы» кітабында құрылып берілген. А.К. Маркова кәсібилік ұғымын анықтағанда, оны нормативті және реалды кәсібилік деп ажыратады. Нормативті кәсібилік адамға қойылатын мамандықтың талаптарының жалпы сипаттамасын білдіреді. Нақты кәсібилік деп «нақты адамның, ақыры оның ішкі мінездемесі болатын, психикалық қасиеттер жиынтығын» түсінеді.
Сонымен, осы уақытқа дейін «мұғалімнің кәсібилігі» ұғымының мағынасын ғалымдар бірдей анықтамаған және педагогикалық терминологияда тыңғылықты анықтамасы берілмеген. Дегенмен «педагогикалық кәсібилік» ұғымының мазмұнына мамандыққа және ғылыми зерттеудің мақсатына байланысты, бірнеше белгілер енгізгенмен, қарастырылып отырған ұғымның мағынасының негізі бірдей. Біз А.К. Маркованың «кәсібилік» ұғымына берген анықтамасымен және психологтардың атап көрсеткен мұғалімнің кәсібилігінің жалпы мәдениеттік, психологиялық-педагогикалық, пәндік-технологиялық үш компоненттерімен толық келісеміз,
Жоғарыда айтылғанды ескере отырып, білім алу үдерісінде кәсібилікті, білім стандартындағы, маманның моделіндегі немесе квалификациялық мінездемесінде, маманның дайындығының белгілі деңгейіне қойылған кәсіби талаптардың жүзеге асқан түрі ретінде қарастырамыз. Яғни, мамандық алу үшін кәсібиліктің негіздері, яғни кәсіби мәселелерді жемісті шеше алатын кәсіби маңызды білім, білік, дағды және тұлғалық қасиеттер жиынтығы қалану керек.
«Кәсіби дайындық – нақты бір мамандық бойынша жұмысты жемісті орындау мүмкіндігін қамтамасыз ететін арнайы білім, білік және дағды, сапа, еңбек тәжірибесі және тәртіп нормаларының жиынтығы» (Педагогикалық энциклопедия) және «мұғалімнің кәсібилігінің компоненттері құрамына: кәсіби құзырлылық; шығармашылық; мәдениет; технологияны білу; жеке стилінің болуы; рефлексия; іс-әрекетке инновациялық және зерттеушілік тұғыр, оның нәтижелілігі енеді [29, Б.179]. Болашақ мамандарды кәсіби дайындаудағы меже кәсіби құзырлылық қалыптастыру. Осыдан мұғалімдердің кәсіби дайындығын құзырлылық тұрғыдан қарастыру қажеттігі туады.
Жоғары педагогикалық оқу орындарында болашақ мұғалімдердің кәсіби дайындығының нәтижесі ретінде оған кәсібилік қалыптасады. Онда маманның кәсібилік деңгейінің көрсеткіші мұғалімнің құзырлылығы болады.
Болашақ пән мұғалімінің кәсіби дайындығын, студенттердің білім, білік, дағды арқылы оқушылардың дамуына, өзін-өзі дамытуына жағдай жасау арқылы оларға әлеуметтік-мәдени тәжірибесін нәтижелі бере алу секілді кәсіби маңызды қасиеттердің белгілі бір қалыптасқандық деңгейіне жетуін түсінеміз.
Құзырлылық көп мағыналы және кешенді ұғым болғандықтан, философия, педагогика, экономика, психология және т.б. ғылымдардың зерттеу объектісі. Ғылыми әдебиеттерде «құзыр» терминінің мағынасы тек білім жиынтығынан басқа, іскерлік деңгейі және білімді практикаға қолдана білу тәжірибесін білдіреді.
С.И. Ожеговтің орыс тілі сөздігінде «құзырлылық (лат. сөзі competеns- сәйкес, қабілетті) – орындалатын жұмыстың мән мағынасын терең білгендік және қойылған мақсатқа жетудің әдіс тәсілдерін меңгергендік, іскерлік, тәжірибелілік», – делінген [6].
А.Ю. Левагиннің пікірі бойынша «құзырлылық – қоғам жұмысы жүйесінде, адамды субъект түрінде қарастырғанда, оның маманданған іс-ірекетін бағалайтын ұстаным». Кәсіби жұмысты меңгеруге көмектесетін тұлғалық қасиеттерді ол үш топқа бөледі. Олар: 1) психологиялық-физиологиялық қасиеттер: 2) психологиялық қасиеттер: 3) психологиялық-педагогикалық қасиеттер. А.Ю. Левагин: Тұлғалық қасиеттердің құрамына төмендегідей компоненттерді енгізеді: а) білім, тәжірибе; ә) орындалатын мақсаттар мен проблемаларды терең түсіну; б) әдіс тәсілдерді орынды таңдай білу; в) қол жеткен нәтижелерге жауапкершілікпен қарау; г) мақсаттарға жету барысында қателерді түсініп түзей білетін қабілеттер [30].
Л.М. Устич «құзырлылық» ұғымын «маманның білім, білік, дағдыларын тек кәсіби жұмысында ғана емес, өзінің кәсібінің әлеуметтік мән-мағнасын түсінуге пайдалана алатын кәсіби тұлғалық, әлеуметтік құнды мінездемесі»,– деп түсінеді. Құзырлылықтың құрамына: 1) кәсібилік; 2) білім, білік, дағды; 3) құнды-мағыналы жай; 4) қойылған мақсаттың мән-мағнасын терең түсіну; 5) адамгершілікті сақтаудың мән-мағынасын терең түсінуді, тапсырылған жұмысқа жауапкершілікпен қарау енген [31].
Джон Ревен құзырлылыққа былай анықтама берген: «Құзырлылық – нақты бір салада белгілі бір жұмысты орындауға қажет арнайы пән бойынша білімділік, саналылық, өзінің жұмысына жауапкершілік қасиеттері» [32].
А.В. Хуторской зерттеулерінде «құзыр» және «құзырлылық» ұғымдарын ажыратып түсіндірген. Ол құзырға «белгілі бір мәселені немесе жұмысты тиімді орындауға байланысты қажет, тұлғаның өзара байланысты қасиеттері (білім, білік, дағды, әдістер)», ал құзырлылыққа «белгілі бір мәселеге немесе жұмысқа сәйкес қасиетке ие болуды және оған жеке адамның тұлғалық қатынасын» жатқызады [33]. «Құзырлылық» ұғымына М.А.Чошанов толық анықтама берген. Ол: «Құзырлылық тек білім алу ғана емес, сол алған білімді үнемі толықтырып, жаңартып отыру және оны қажетті шарттарда қолдану; тиімді шешім таңдай білу; жалған пікірді әшкерелей білу. Оның құрамы: ойлау икемділігі; сыншыл ақыл; шапшаң ойлау; жылдам қимылдау; тиімді шешім қабылдай білу; қиыншылықтарды жеңе білу және қойылған мақсатқа жете білу; дұрыс мотивация; дұрыс нәтиже», – дейді [34].
М.П. Лапчик пен Н.В. Чекалева «Құзырлылық – ауыспалы әлеуметтік шарттарда конструктивті әрекет жасауға мүмкіндік жасайтын, белгілі бір құзырлылықтың дәрежесін көрсететін тұлғаның біліктілік деңгейі», – деп түсінеді [35].
Әртүрлі авторлардың «құзырлылық» ұғымына берген анықтамаларының пайымдауы да мұғалімдердің кәсіби дайындығын құзырлылық тұрғыдан қарастыру қажеттігін дәлелдейді.

2-ДӘРІС




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет