1- дәріс болашақ МҰҒалімнің КӘсіби дайындығын қҰзырлылық ТҰРҒыдан қарастыру


ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰЗЫРЛЫЛЫҚ – МҰҒАЛІМІНІҢ КӘСІБИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАУШЫСЫ



бет3/13
Дата15.11.2023
өлшемі74,09 Kb.
#123286
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Құзырлылық. Лекциялар 2к

ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰЗЫРЛЫЛЫҚ – МҰҒАЛІМІНІҢ КӘСІБИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАУШЫСЫ

Ғалымдар әдістемелік құзырлылықтың құрамында тұлғалық, іс-әрекеттік, танымдық, аналитикалық-синтетикалық, болжамдау, үйлесімді жобалау және т.б. компоненттерді кәсіби-педагогикалық құзырлылықтың құрамынан айырып келтірген. Әдістемелік құзырлылықтың құрамына:



  • тұлғалық компонентіне мұғалім тұлғасының психологиялық жағымен байланысты біліктері (коммуникативтік, перцевтивтік, рефлексивтік);

– іс-әрекеттік компонентке жинақталған білім мен біліктер, зерттеушілік және шығармашылық біліктер;

  • танымдық компонентке мұғалімнің теориялық дайындығы;

– аналитикалық-синтетикалық компонентке бағдарламалық-әдістемелік документтерді талдай білу, әдістемелік мәселелерді анықтап, оны шеше білу, әдістемелік білімді жіктей және жүйелей білу;
– болжамдау компонентіне таңдап алған құралдар, оқытудың түрлері, әдістері ментәсілдерінің тиімділігін болжамдай білу; үйлесімді жобалау компонентіне оқыту үдерісін үйлесімді құру, сабақ жүргізудің мазмұны мен түрін, әдістемесін, әдістері мен тәсілдерін үйлесімді таңдау, әдістемелік іс-әрекетті жоспарлай білу жатады.
Әдістемелік құзырлылықтың бұл аталған компоненттері барлық пән мұғалімдеріне ортақ қасиет болады.
Әрбір педагогикалық саладағы маманның бойында кәсіби-педагогикалық құзырлылық педагогикалық іс-әрекетті меңгеру дәрежесін көрсететін бір-бірімен байланысты интеллектуалдық және практикалық амалдар жүйесі. Болашақ мұғалімді кәсіби дайындауда оның әдістемелік құзырлылығын, мұғалімнің кәсіби-педагогикалық құзырлылығының негізгі құраушысы ретінде қалыптастыруды зерттеу керектігінде күман жоқ. Кезкелген педагог белгілі бір пән маманы. Ол кәсіби-педагогикалық құзырлы бола тұра өз пәнінің мазмұнын жетік біліп, оны оқушыларға жеткізе алатын әдістемелік құзырлылығы болмаса, ондай мұғалім мектепте жұмыс істей алмас еді. Олай болса, әдістемелік құзырлылық, кәсіби-педагогикалық құзырлылықтың өзегі. Әдістемелік құзырлылық кәсіби-педагогикалық құзырлылықтың құрамында бола тұра, ол кезкелген пән маманының аса қажетті негізгі қасиет-қабілеті. Әдістемесі жоқ ұстаз қаламсыз ақын, жазушымен парабар. «Әдістемелік құзырлылық» ұғымының түсініктік аппаратын 3-кестеде келтірілді.
Сонымен, кәсіби-педагогикалық құзырлылықтың теориялық-педагогикалық деректемелерін талдау арқылы төмендегідей тұжырымға келдік. Зерттеліп отырған «әдістемелік құзырлылық» ұғымы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет