1- дәріс болашақ МҰҒалімнің КӘсіби дайындығын қҰзырлылық ТҰРҒыдан қарастыру


Болашақ математика мұғалімінің әдістемелік құзырлылығын қалыптастыру әдістері мен құралдары



бет8/13
Дата15.11.2023
өлшемі74,09 Kb.
#123286
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Құзырлылық. Лекциялар 2к

Болашақ математика мұғалімінің әдістемелік құзырлылығын қалыптастыру әдістері мен құралдары
Математиканы оқыту әдістері белгілі бір оқыту құралдарымен бірге қолданылады. Оқыту құралдары – білім алу және білікті қалыптастырудың қайнар көзі. Оқыту құралдарына оқу құралдары, көрнекілік құралдар, демонстрациялық тетіктер, техникалық құралдар және т.б. жатады. «Оқыту құралдары» термині білім беру мақсатына жетудің барлық әдістері, мазмұны, және оқытудың арнайы құралдары ретінде кең мағынада да қолданылады. Оқыту құралдары әлем заңдылықтарын тануды жеңілдетеді. Оқыту құралдарының оқыту әдістері секілді оқыту, тәрбиелеу және дамыту функциялары бар және оқуға түрткі болушы ретінде, оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін басқаруда, бақылауда қолданылады. Ғылымда оқыту құралдарының қатаң түрде жіктелуі жоқ. Кейбір ғалымдар оны оқушының білім алуына қолданатын құралдар (көрнекі және техникалық құралдар) және оқушылардың жеке құралдары (мектеп оқулықтары, дәптерлер, жазу жабдықтары және т.б.). Ал, дидактикалық құралдарға оқытушының да оқушының да іс-әрекетімен байланысты (кабинет, компьютер, спорт жабдықтары) құралдарды жатқызады. Көпшілік жағдайда дидактикалық құралдар сезім түйсіктеріне байланысты (көру, есту, көру-есту) жіктеледі: 1) көру құралдары – таблицалар, карталар, натуралды объекттер және т.б.; 2) есту құралдары – радио, магнитофон, музыкалды инструменттер және т.б.; 3) көру-есту құралдары – дыбысты фильм, телевидение, компъютер және т.б.
Адамзат іс-әрекетінің барлық салаларындағы өзгерістер: ақпараттық өрістің кеңейуі, педагог қызметінің жаңаруы, тұлғаның дамуы, кәсіби қасиеттерді қолдану, тез әрекеттік, интернет желісіне еркін кіру, интертақтаны қолдану және т.б. педагогты жаңа жағдайға алып келді. Осыған орай, мұғалімге жаңа талаптар қойылып отыр. Оның ішінде ақпараттық технологияны қолдану, электрондық оқулықтар жасау.
Польшалық дидакт В. Оконь оқыту құралдарын мұғалімнің іс-әрекетін біртіндеп ауыстырып, оқушылардың жұмысын тездететін мүмкіндігіне байланысты қарапайым және күрделі құралдар деп жіктеді. Қарапайым құралдарға оқулықтар, нақты заттар, моделдер, суреттер және т.б., ал күрделі құралдарға диаскоп, микроскоп, кодоскоп, магнитофон, радио, телевидение, компъютер, ақпараттық жүйелер, телеқатынастық жүйелер және т.б. жатқызды [238].
В. Оконьның оқыту құралдарын жіктеуімен толық келісуге болады. Дидактикалық құралдар күннен күнге оқыту үдерісінің құнды элементіне айналып отыр.
Жалпы орта білім беретін, техникалық және кәсіптік мектептерде математикалық білім беру мәселелерінің бірі - оқушылардың білім сапасын артуына, белсенділігі мен іскерлігінің дамуына, оқуға және өзбетімен білім алуға құштарлығын қалыптастыруға ықпал жасайтын оқыту құралдары (оқу-әдістемелік және бағдарламалық құралдар, интерактивті тақта, электрондық басылымдар және т.б.) жетіспеді және мектеп мұғалімдерінің басым көпшілігі қазіргі педагогикалық технологияларды, ақпараттық телеқатынастық жүйелерді пайдаланбайды. Осыған орай, болашақ математика мұғалімінің әдістемелік құзырлылығының компоненті ретінде маманның технологиялық құзырлылығын қалыптастыру мәселесін шешу барысында МОТӘ курсынан оқу құралдары мен электрондық оқулықтар жасалған.
050109- «Математика» мамандығы бойынша оқу жоспарларын және жұмыс бағдарламаларын талдау арқылы болашақ математика мұғалімінің әдістемелік дайындығы «Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» курсында және «Математиканы оқытудың жаңа технологиялары», «Математиканың инновациялық әдістері» арнайы курстарында жүргізіледі. Әрине, бұл курстар әдістемелік құзырлылықтың технологиялық компонентін (АТТ-құзырлылығын) қалыптастыруға жеткіліксіз.
Математиканы оқыту үдерісінде оқушылардың математикалық ойлау, математикалық шығармашылық қабілеттерін дамытуда математиканы оқытудың тиімді әдістері мен құралдарын қолдана білудің маңызы зор.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет