1- дәріс болашақ МҰҒалімнің КӘсіби дайындығын қҰзырлылық ТҰРҒыдан қарастыру


- ДӘРІС. «МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ» КУРСЫ БОЛАШАҚ МАТЕМАТИКА МҰҒАЛІМІНІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛЫ



бет9/13
Дата15.11.2023
өлшемі74,09 Kb.
#123286
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Құзырлылық. Лекциялар 2к

8- ДӘРІС. «МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ» КУРСЫ БОЛАШАҚ МАТЕМАТИКА МҰҒАЛІМІНІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛЫ
Қазіргі дәуірдің талабына сай, адамның кәсіби іс-әрекетінде еңбекке көзқарасы, маманға қойылатын талаптар мен білім берудің мақсаттары, стратегиялары, міндеттері мен мазмұны түбегейлі өзгеруіне байланысты «Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» курсында студенттерді әдістемелік іс-әрекетке кәсіби дайындықтар жүргізуге де өзгерістер енгізілді. Болашақ математика мұғалімінің әдістемелік құзырлылығын құзырлылық тұрғыда қалыптастыруды жүйелеу психологиялық, теориялық және практикалық дайындықтарда жүзеге асты. Болашақ мұғалімдердің әдістемелік құзырлылығын қалыптастырудың психологиялық, теориялық және практикалық дайындықтарын жүргізуге педагогикалық университетте оқылатын әдістемелік курстардың дидактикалық мүмкіндіктері аса зор. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты физика-математика факультетінің «математика» мамандығының бірінші курстан бастап төртінші курсқа дейін әдістемелік циклдағы курстар жүргізіледі. I курста «Педагогика мамандығына кіріспе», «Математикаға енгізу курсы» – атты курстар жүргізіледі. «Педагогика мамандығына кіріспе» курсында студенттер педагогикалық жұмыс, оның түрлері, құрылымы және компоненттерімен танысады. «Математикаға енгізу курсының» мақсаты: болашақ кәсіби мамандыққа математикалық сапалы дайындық жүргізу. Бұл курста: 1) студенттердің мектеп курсында алған білім, білік, дағдыларын бір жүйеге келтіру; 2) мектеп курсы математикасына қайталау жүргізу; 3) есеп шығару тәсілдерін меңгеру; 4) математиканың қосымша тарауларынан сұрақтар қарастыру; 5) жоғары математиканы оқуға дайындық жұмыстары жүргізіледі. II курста «Математикалық есептер шығару әдістемесі», III-IV курстарда «Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» (МОТӘ) курстары оқылады.
«Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» курсы арқылы болашақ математика мұғалімінің әдістемелік құзырлылығын құзырлылық тұрғыда қалыптастыру оқу-әдістемелік кешенмен басқару арқылы жүргізілді. Себебі МОТӘ курсының барлық сабақтарында әдістемелік құзырлылықтың компоненттері біртұтас қалыптасады. Қазіргі педагогикалық университетте МОТӘ курсында әдістемелік білім, білік, дағдыларды қалыптастыруда білім беру және оны меңгерудің түрлерін жаңарту, мәдениеттілік қалыптастыру, оқыту құралдары мен стратегияларын таңдай білу мәдениетін қалыптастыру, жекеленген білім алу бағытын жүзеге асыру, таңдамалы технологияларды қолдану нақты мақсат етіп қойып, жүзеге асырудың мүмкіндігі болды. Ол жаңарту студенттерді, мектептегі қызметінде ертеңгі ел тағдырын шешетін тұлғаны қалыптастыратын болашақта жалпы мемлекеттік мәні бар қызмет атқаратынын психологиялық даярлауымызбен, оқытудың ақпараттық функциясынан гөрі дамытушылық функциясына мән беріп, студенттерге көп мағлұмат беруге тырысқаннан гөрі олардың алған мағлұматтарын қолдана білуін қалыптастыруға назар аударғанымызбен, студенттерді мектепте математиканы оқыту тек математикалық білім беруге емес, математика көмегімен білім беруге бағыттауға дайындағанымызбен, болашақ мұғалімді МОТӘ ғылымының негізін меңгеру емес, оны оқып отырған студентті жалпы интеллектуалды дамыту, яғни қазіргі қоғамда өмір сүруге, мұғалім болып қызмет жасауға қажет ойлай білетін кәсіби тұлға қалыптастыруды жүргізгенімізбен түсіндіріледі.
«Әдістеме» – гректің «жол» деген сөзінен шыққан. Математиканың әдістемесі (немесе математиканың дидактикасы не педагогикасы деп те айтылады) – қоғамның талабы бойынша, оқыту мақсаттарына сәйкес, математика ғылымының белгілі бір даму деңгейінде математиканы оқыту заңдылықтарын зерттейтін педагогиканың бір тарауы.
Математика әдістемесі математиканы оқытуға байланысты негізгі үш сұраққа жауап береді:
1. Математиканы неге оқытамыз?
2. Математикадан нені оқытамыз?
3. Математиканы қалай оқытамыз?
Математика мұғалімін кәсіби дайындауда оның әдістемелік құзырлылығын қалыптастыруда педагогикалық, әдістемелік циклдағы және математика курстарының мүмкіндігі мол. «МОТӘ» курсының студенттердің әдістемелік құзырлылығын қалыптастырудағы дидактикалық мүмкіндіктерін қарастырайық.
Кәсіби білім беретін кез келген оқу орнында әрбір өтілетін пән студенттерге тек белгілі бір бағытта ақпараттар жиынтығын ғана беріп қоймай, болашақ маманның кәсіби құзырлылығын қалыптастыруға да өз үлесін қосатыны мәлім.
Жоғары педагогикалық оқу орындарының физика-математика факультеті математика мамандығындағы студенттерге «МОТӘ» курсын оқытуды, ұйымдастырушылық және әдістемелік жағынан қамтамасыз етуге арналған Баймуханов Б.Б. [241], Беспалько В.П. [242], Ә. Бидосов [237], Г.И. Горская [243], М.В. Кларин [244], Ю.М.Колягин, В.А.Оганесян [235], Г.Г. Левитас [245], О.С. Сатыбалдиев [246], А.А. Столяр [247], Эрдниев П.М. [248] және т.б. ғалымдардың дидактикалық құралдарын және зерттеушінің оқу-әдістемелік кешені мен «МОТӘ» оқу құралын қолдандық.
Студенттердің әдістемелік құзырлылығын қалыптастыратын оқу үдерісінің мүмкіндіктерін зерттеу, бізді Дж. Ревеннің «Қазіргі қоғамда құзырлылық: айқындау, дамыту және жүзеге асыру» екенін толық мойындатты. Осыған байланысты, біз, оқу үдерісінде оқытушылар мен студенттер үшін ең маңызды мақсаттарды айқындауға тырыстық. Студенттердің «МОТӘ» пәнін оқып үйренгендері, олардың болашақ мамандыққа азды-көпті қалыптасқан қызығушылықтарының барлығын және мектепке мұғалімдік жұмысқа баратындықтарын білдіреді. Студенттердің болашақ мамандыққа ішкі ықыластары бар болған жағдайда, оларды әртүрлі әдістемелік идеялармен таныстырып, оқу материалын күрделендіріп беруге және әдістемелік құзырлылықты қалыптастыру әдістерін кеңінен қолдануға болады. «МОТӘ» курсының негізгі мақсаты – болашақ мұғалімдерді жалпы білім беретін орта мектепте математиканы оқытуға даярлау, теориялық біліммен, практикалық іскерлікпен қаруландыру, олардың әдістемелік құзырлылықтарын қалыптастыру. Бұл мақсатқа жету үшін болашақ мұғалім оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруды, математиканы оқытуды ұйымдастыру түрлері мен әдістерін меңгеру, оқушылармен жұмыс жасаудың әртүрлі педагогикалық тәсілдерін және әдістерін қолдана білу, оқушылардың математикалық ойлау қабілеттерін дамыту әдістемесін үйренуі керек.
«МОТӘ» курсын оқымастан бұрын, болашақ мұғалім, оқытудың жалпы білім беру, дамыту, тәрбиелік, практикалық мақсаттарын және оқытудың негізгі дидактикалық қағидаларын педагогика пәнінен оқып үйренген еді. Математиканы оқытудың жалпы білім беру мақсаты қазіргі қоғам өміріндегі математиканың рөліне байланысты. Математиканың көптеген қолданыстары адамның логикалық ойлау қабілетінің дамуына әсері мол.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет