1) негізгі педагогикалық категориялар жүйесінде лайықты орын алады; 2) мұғалімнің кәсіби-педагогикалық құзырлылықтың негізгі құраушысы; Осыған орай, біз әдістемелік құзырлылықты кәсіби-педагогикалық құзырлылықтың теориялық-педагогикалық негіздеріне сүйеніп зерттедік. «Кәсіби құзырлылық», «кәсіби-педагогикалық құзырлылық» ұғымдарына 2-кестедегі (37-39 б.б., 40 б.) берілген анықтамаларға талдау жасау арқылы біз әдістемелік құзырлылықты психологиялық, педагогикалық, әдістемелік, пәндік білімді, кәсіби іскерлігі мен дағдылары бар, тәжірибелі, өзіне-өзі сеніммен ілгері ұмтылатын, еңбегінде жоғары нәтиже мен сапаға жете алатын педагог тұлғасының біріккен қасиеті екені анықталды.
Әдістемелік құзырлылық кәсіби-педагогикалық құзырлылықтың негізгі құраушысы болғандықтан кәсіби-педагогикалық құзырлылықтың «мұғалімнің психологиялық, педагогикалық, пәндік білімділігі, оқытудың әдістемесі мен дидактикасын меңгерген теориялық және практикалық дайындығы, кәсіби тұлғалық қасиеттерін дамыта білу қабілетері және оқытудың қазіргі технологияларын меңгергендігі»,– деген анықтамасы негізінде және зерттеу мәселесіне арналған ғалымдардың еңбектерін пайымдау арқылы «мұғалімнің әдістемелік құзырлылығы – әдістемелік нәтижеге жеткізетін мұғалімнің тұлғалық кәсіби қасиеттілігі, оқытудың қазіргі технологияларын пайдаланып, пәнді оқытуға теориялық және практикалық дайындығының үйлесімділігі», – деп екшеленді.
3-4 дәріс. Болашақ мұғалімнің әдістемелік құзырлылығын қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздері. Болашақ математика мұғалімінің әдістемелік құзырлылығы. Педагогика ғылымының тарихынан мұғалімнің іс-әрекетінің нәтижелілігі және тиімділігі оның кәсіби шеберлігінің қалыптасу деңгейіне байланыстылығы мәлім. Ғылым жаңа білімдермен толықтырылып отырғанда ғана дамиды. Ол білімнің ақиқаттығы зерттеу әдіснамасына байланысты болады. Әдіснама – (грек сөзі methodos зерттеу немесе таным жолы, теория, ілім және logos сөз, ұғым): 1) теориялық және практикалық іс-әрекетті құру және ұйымдастыру әдістері мен қағидалар жүйесі; 2) ғылыми танып білу әдісі туралы ілім; 3) белгілі бір ғылым саласында қолданылатын әдістер жиынтығы [136].
В.А. Сластенин, «әдіснама – жоғары педагогикалық білімнің құбылыстары мен процестерін зерттеудің кілті», деді [137, Б. 6]. Қазіргі ғылымда «әдіснаманы ғылымитанымдық іс-әрекетті құру қағидалары, түрлері және тәсілдері туралы ілім» деп түсіну керек [137, Б.З].
В.И. Загвязинский әдіснамаға мынандай анықтама берді: «Әдіснама – ғылыми талдау талаптарын жүзеге асырудың нақты тәсілі және ғылыми зерттеудің құралы, басқарушы қағидасы рөлін атқаратын теориялық білім жүйесі» [138, с.9].
Э.Г. Юдин әдіснамалық білім құрылымында: философиялық, жалпы ғылыми, нақты ғылыми және технологиялық компоненттерін алады [139].
«Педагогика әдіснамасы – табиғат пен қоғам құбылыстарын зерттеуге негіз болған, әрі сол құбылыстардың теориялық түсіндірмесіне шешімді ықпал етуші философиялық бастау идеялар жиынтығы. Құрылым, әдістерді логикалық ұйымдастыру және педагогикалық шындықтың құралдары, педагогикадағы ғылыми танымның қабілеттері мен пішіндері туралы ілім» [140].
Сонымен, педагогика ғылымының әдіснамасы – педагогикалық іс-әрекетті танып білудің және жаңартудың әдіс-тәсілдері, түрлері, қағидалары туралы ілім.
Білім беру саясаты кезкелген ел саясатының құрамдас элементі, тұлғаның іргелі құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің аса маңызды құралы болып табылады. Ол елдің білім беру әлеуетін дамытудың стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін анықтайды, оларды мемлекет пен қоғамның үйлестірілген іс-қимылдары арқылы жүзеге асыруды кепілдендіреді. Білім беру саясаты арқылы әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық даму қарқынын арттыру ғана емес, сонымен қатар қоғамды ізгілендіру үдерісі мен оның мәдени деңгейінің өсуі де қамтамасыз етіледі [141].
Дүниеде болып жатқан бар жақсылық та, бар жамандық та, ақыл-оймен, ғылыммен жасалады. Мәселен, космосты игеру, компьютерлік технологияны өмірдің бар саласында қолдану, адам баласын қырып жоятын қару ойлап табу, адамды апаттан алып қалу және т.б.
Осы себеппен ғылымды тек жақсы ниеттегі, халқын сүйетін, адамгершілігі зор, адал, еңбекқор адамға үйрету керек.