№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015



Pdf көрінісі
бет11/21
Дата14.02.2017
өлшемі6,89 Mb.
#4086
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21

Өсімдіктер  тарихынан.  Адамзат  дамуының  алғашқы  дәуірінде  олардың 
негізгі  қорегінің  өсімдіктер  болғаны  мәлім.  Тағам  үшін  ішіп-жейтін  өсімдік 
түрлерінің  көбеюіне  байланысты  адамдар  олардың  әрқайсының  ерекше  дәмі,  иісі, 
қасиеті барын да байқаған. 
Ертедегі мысырлықтар да алоэ, қараған, анис, медуница, зығыр, лотос, көкнар, 
жалбыз, тал, аршаның шипалық қасиеттерін біліп, үй бөлмесінде, үй ауласында өсіре 
бастаған.  Мұнан  4  мың  жыл  бұрын  үндістандықтар  760  дәрілік  өсімдіктікті 
пайдалана біліп, гүлдер отырғызумен де әуестенген. Кейін өсімдіктердің далада, үй 
ауласында, үй бөлмесінде өсетін түрлері пайда болып, олар сәндік қызмет атқарды. 
Адамдар үйінде, ауласында өсетін гүлдерді бір-біріне сыйлап, оның жұпар иісінен, 
әсем түрінен ләззат алады. 
Үй  өсімдіктерінің  үш  талабы.  Үй  өсімдіктерін  өсіруде  қойылатын  талаптар: 
оларды іріктеп алу; өсіру; баптап күту. 
Үй жағдайында гүлдейтін, шашақ жаятын өсімдіктерді дұрыстап іріктеп алуда 
олардың өсуіне қажетті жағдайларды алдын-ала оқып, біліп, сұрап, онымен танысып 
алған  жөн.  Үй  өсімдіктерінің  қай  түріне  қаншалықты  жарық,  температура, 

№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015     ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
88 
ылғалдылық қажет, оны жақсы білмейінше, отырғызған өсімдіктеріңіз қурап, солып, 
түрлі  ауруларға  ұшырап,  шіріп  кетуі  мүмкін.  Үй  өсімдіктерінің  ішінде  жарықты 
сүйетіні де, көлеңкеге төзімдісі де, өзіне жарықтың шашырап түскенін қалайтыны да 
бар. 
Біз енді соған тоқталсақ. 
Жарық  сүйгіш  өсімдіктер.  Олардың  көбісі  шөл  дала  мен  таулы  жерлерде 
өсетіндер.  Оның  негізгі  түрлері:  кактустар,  сабақтарында  ылғал  сақтайтындар 
(суккуленттер)  –  сүттіген,  сенецио,  стапелия,  литопса,  фаукария,  толстянка, 
каланхоэ, очитка, агава, сансевиерия, зониум және тағы да басқалар. Қараңғыда және 
көлеңкеде  өңін  жоғалтатын  теңбіл  жапырақты  өсімдіктер:  колеус,  кротон, 
сеткреазия, кордилина, стробилантес. 
Жарықтың  шашырап  түсуін  қажет  ететін  өсімдіктер.  Үй  өсімдіктерінің 
ішінде  жарықтың  мол,  аз  түскенін  ғана  емес,  шашырап  түскенін  де  қалайтындары 
кездеседі.  Гүл  өсірушілердің  айтуынша,  олар  мыналар:  аспарагус,  бегония, 
глоксиния, севполия, фуксия, зухарис, пенеромия және т.б. 
Жылылықты  сүйетін  өсімдіктер.  Бұларға  тропиктік  өсімдіктер  жатады. 
Олардың  ішінде  кең  тараған  түрлері:  бегония,  пеперомия,  ароид  тұқымдас 
өсімдіктер  (антуриумдер,  аглаонемдер,  диффенбахия,  сингониум),  кордилиндер, 
дроцендер,  бромелия,  геснерия  тұқымдастар.  Бұлар  қыста  200
0
С  температурада 
жақсы  өсіп,  өнеді.  Кактус  тәрізді  субтропиктік  өсімдіктер  үшін  қыста  температура 
60
0
С-тан 120
0
С аралығында болуға тиіс. Егер де үй өсімдіктері тұрған бөлмелердегі 
температура  режимі  бұзылатын  болса,  өсімдіктер  сарғайып,  жапырақтары  түсіп 
қалады. Үйде өсетін өсімдіктер аспалы өсімдіктер, сәнді жапырақ жаятындар, әдемі 
гүл шашатындар болып сан алуан түрге бөлінеді. 
Аспалы өсімдіктер. Оларды ампель өсімдіктері деп те атайды. Өйткені бұлар 
ампельдерде,  яғни,  аспалы  вазалар  мен  құмыраларда  өсіріледі.  Олардың  сабақтары 
жайылып,  төмен  түсіп  тұрады  немесе  өрмелеп  өсіп,  жан-жағына  көрік  береді. 
Аспалы  өсімдіктер  үнемі  жасыл,  көпжылдық,  сәнді  жапырақ  жаятын,  әдемі  гүл 
шашатындар.  Оны  терезе  алдына,  қабырғаға  бекітілген  тіреуіштермен  сәндік 
құмыраларда, ағаш, тоқыма кәрзеңкелерде өсіріп, іліп қояды. 
Аспалы өсімдіктердің құрғақтылықты сүйетіндерінен (суккуленттер) басқасын 
күн сайын суарып, қоңыр салқын су бүркіп тұру қажет. Құмырадағы топырақ толық 
ылғалды болуы үшін аптасына бір рет бұл ыдыстарды суға батырып алады, көктемде 
топырағын  жаңалайды.  Гүлдейтін  аспалы  өсімдіктер:  қалампыр  тектес  эписция, 
әдемі эсхинантус, боз шырмауықты хойя, жалаң хипоцирта, геспериев тұқымдасына 
жататындар, әсем колумнея. 
Сәнді жапырақ жаятындар. Бұлар бөлмені көріктендіру үшін өсіріліп, баптап 
күтіледі.  Сәнді  жапырақ  жаятын  өсімдіктердің  кең  тараған  мынадай  түрлері  бар: 
өрмелеп  өсетін  фуксия  тәрізді  бегония,  кәдімгі  шырмауық,  аспарагус,  көкшіл 
селагинелла, аспалы зебрина, тау фикусы, кішкене фикус, айдарлы хлорофитум. 
Әдемі  гүл  шашатындар.  Мұны  да  пәтерді  сәндеу,  оған  айрықша  сипат  беру 
үшін  өсіреді.  Олардың  көп  тараған  түрлері:  жапырақтары  біркелкі  қоңыраубас, 
колумнеяның  бірнеше  түрлері,  әсем  эсхинантус,  ветуния,  шырмауық  жапырақты 
пеларгония. 
Өсімдіктерді  дұрыс  орналастыру.  Үй  өсімдіктерін  бөлменің  кез-келген 
жеріне  қоя  салмай,  олар  өсіп  тұрған  ыдыстарды  тиімді  де  ыңғайлы  әрі  сәнді  етіп 
орналастырудың маңызы зор. Негізінен, көп үйде өсімдіктерді қабырғаға іліп қоятын 
гүл  өсіргіштерде,  журнал,  жазу  столдарына  бекітілетін  ағаш,  пластмасса 
жәшікшелерде 
отырғызу 
әдістері 
қолданылады. 
Өсімдіктерді 
шоғырлап 
отырғызудың көп орын алмайтынын білетіндер сол тәсілді де пайдаланып жүр. 

№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015     ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
89 
Өсімдіктерді  шоғырлап  отырғызғанда  есте  болатын  жағдай,  ондағы  гүлдер 
түсінің  әртүрлі  болуын  қамтамасыз  ету.  Кейбір  үй  иелерінің  бөлмелер  мен  дәліз, 
залда  ірі  өсімдіктерді  отырғызатын  әдеті  бар.  Олар:  пальма,  монстерлер,  фикус, 
драцендер. Бұл ірі өсімдіктерді тұғырға орнатылған жеке ағаш кеспектерге, арнайы 
ыдыстарға  отырғызған  жөн.  Ампель  (аспалы)  өсімдіктер  сөрелерде,  қабырғаларда 
сәнді болып көзге түседі. Өсімдіктерді орналастыруда мұны ұмытпау қажет. Көшет 
отырғызу  үшін  дұрысы  –  жас  өсімдіктерді  сатып  алу.  Және  де  өсімдіктерді  өз 
ұрығынан, сабағынан өсірсе, олар тез өсіп-өнеді, жағдайға тез бейімделеді. 
Үй  өсімдіктеріне  топырақ  таңдау.  Өсімдіктердің  қай-қайсы  да  өзінің  өсіп, 
өнуіне  қолайлы  топырақтарды  қажетсінеді.  Сол  себепті  барлық  үй  өсімдіктеріне 
біркелкі  топырақты  пайдаланбайды.  Үй  өсімдіктеріне  қажетті  топырақтар:  қорда, 
қарашірік, шым тезек, шым және құм араласқан топырақ, сазды топырақ, көң. 
Қорда  топырағы.  Оны  өсімдіктердің  қалдығынан  (шөптен,  қурап  түскен 
жапырақтардан, т.б.) дайындайды. Оларды бір жерге үйеді де (не шұңқырға салады), 
үстіне  жуынды,  сабынды  су,  көң  бөкпесін  құяды.  Тез  шіруі  үшін  күрекпен  әлсін-
әлсін  араластырып  тұрады,  2-3  жылдан  соң  бұл  қорданы  гүл  өсіруге  пайдалана 
береді. 
Жапырақ  араласқан топырақ.  Оны  еменнен  басқа  ағаштардың  қурап  түсіп, 
шіріген  жапырақтарынан  әзірлейді.  Ол  үшін  көктемде  әлгіндей  жапырақтарды  бір 
жерге  жинап  үйеді,  жазда  оны  2-3  рет  күрекпен  қопарыстырып  қояды.  2-3  жылдан 
соң бұл топырақ пайдалануға жарамды болады. 
Шымтезек  топырағы.  Оны  дайындау  үшін  ми  батпақты,  саз  қоқысты 
жерлердің  шіріген  шым  тезегі  қажет.  Мұндай  топырақтың  бойындағы  зиянды 
қышқылын кетіру үшін бір жерге үйіп, 1-2 жыл ашық жерде кептіріп алады. 
Жылыжай қарашірік топырағы. Мұндай топырақты жылы қорада жатып, 2 
жылдай жақсы шіріген көңнен дайындайды. 
Саздық  топырақ.  Оны  даладағы  шабындық  жерлердің  сазды  жерінен  алады, 
қыс түсерде бір жерге жинап үйеді, көктемде қопарыстырып араластырып, кептіреді. 
Шым  топырақ.  Жазда,  ерте  кезде  ойылған  шымды  (ені  10-15  см,  ұзындығы 
30-35 см) арасына сиыр көңін салып, топырағын бетіне қаратып, биіктігі 1 метр етіп 
жайып қояды. Бір жылдан соң ол шіриді, сосын оны пайдаланады. 
Өсімдіктерді  суару.  Үй  өсімдіктеріне  суды  көп  құйған  дұрыс  емес.  Ол 
өсімдіктердің тамырын шірітіп жібереді. Өсімдіктерге құятын судың температурасы 
бөлме  температурасына  шамалас  немесе  одан  5-7  градус  жоғары  болғаны  жөн.  Үй 
өсімдіктерін суаруға өзен, жаңбыр, қар, тоған, ол болмаса құбыр суын пайдалануға 
болады. Құбыр суын алдын-ала ыдысқа құйып, тұндырып, хлорынан тазартып алып 
барып  үй  өсімдіктеріне  құяды.  Өсімдікке  су  құйғанда  ыдыстағы  барлық  топырақ 
жібіп, оның түбінен су ағуға тиіс. Өсімдік жапырақтарына да су бүркіп немесе оны 
жұмсақ, ылғалды шүбірекпен ептеп сүртіп, шаң-тозаңынан тазартып тұру қажет. 
Үй өсімдіктері түкті жапырақты болса, оны сумен жууға болмайды. 
Өсімдіктердің 
табиғатпен 
биологиялық 
байланысы. 
Ғылыми 
қорытындыларға арқа сүйесек, өсімдіктер өмірінде уақыт пен биологиялық жиілікке 
бағынатын  таңғажайып  заңдылық  бар.  Мысалы,  таңғы  сағат  үште  «ешкі  сақал» 
дейтін  гүл  бүр  жарып  ашылады,  түн  жарымында  «түн  патшасы»  деп  аталатын 
кәдімгі кактус қауызын қайта жабады. 
Өсімдіктердің  осындай  қасиеті  бар  екенін  XVIII  ғасырда  француз  астрономы 
Мэран байқап, зерттеген. Ол жердің өз осінен айналуына бақылау жүргізген кезінде 
кейбір  өсімдіктердің  бір  тәуліктің  ішінде  біресе  жапырақ  пен  гүл  жарып,  біресе 
қауызын  қайта  жауып  отырғанын,  оның  уақыттың  белгілі  бір  мерзіміне  дәлме-дәл 
келетінін анықтаған. 

№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015     ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
90 
Ғалымдар  бұл  күннің  сәулесіне  қатысты  шығар  деп  ойлап,  әлгі  өсімдіктерді 
жарық  түспейтін  қараңғы  бөлмеге  қойып,  бақылағанында  олардың  бір  мезгілде 
жапырақ  пен  гүл  жарып,  бір  мезгілде  қауызын  қайта  жабатынының  куәсі  болған. 
Содан олар: «Өсімдіктерде сыртқы ортаға байланыссыз уақытты өлшегіш жүйе бар», 
- деген қорытынды жасаған. 
Өсімдіктерде де сезім бар... Ғылыми басылымдардағы зерттеулер бойынша ой 
қорытсақ,  өсімдік  әлеміне  қандай  көзқараспен  қарасаң,  ол  да  саған  солай  «жауап» 
береді екен. Егер де саған біреу гүлді құмырасымен сыйға тартса, сен ол адамға әлгі 
гүл  үшін  аз  болса  да  ақы  төлеуге  тиіссің.  Себебі,  құмырадағы  гүл  оған:  «Мені 
бағалады»,  -  деп  «риза»  болып,  одан  әрі  жайқалып  өсетін  көрінеді.  Ал,  үй 
өсімдіктеріне  дұрыс  қарамасаң,  уақытында  тыңайтып,  суарып  тұрмасаң,  ол 
«ренжіп»,  адам  ағзасына  зиянды  улы  химиялық  заттарды  бөліп  шығарады.  Яғни, 
қызанақ  көшетін  бөлмеде  өсіріп,  су  құюды  ұмытып  кетсең,  түнімен  дөңбекшіп, 
ұйықтай алмайсың. Мұны жазып отырғандар – өсімдік өсіруші ғалымдар, мамандар 
болған соң сенбей көр. 
Сезімтал 
өсімдіктер 
туралы 
аңызға 
ұқсас 
мамандардың 
ғылыми 
қорытындылары көп. 
Өсімдіктерге  қатысты  қызық  көп.  Кейбір  өсімдіктердің  қожайынын  басқа 
бір  адамнан  қызғанатыны  да  белгілі  болып  отыр.  Биохимия  маманы,  доцент  Дина 
Балясова  көп  жылдар  бойы  адам  мен  өсімдіктердің  қарым-қатынасын  зерттеген. 
Ағылшын  физиологы  А.  Мейсонның  бөлмесінде  көп  жылдар  бойы  фикус  өсіп 
тұрған. 
Әрине, өсімдіктердің бәрі зиянды емес. Ғалымдардың пайымдауынша, фиалка 
(шегіргүл) өз қожайынын жақсы көретіні соншалықты, ол басқа жаққа кетсе, қатты 
сағынады  екен.  Қазтамақ  (герань)  басқа  өсімдіктерден  өзін  бірінші  суармаса, 
«ренжіп қалады». Ол осы ренішін көпке дейін гүл ашпай білдіреді. 
Зерттеушілердің  пікірінше,  ең  жағымды  гүлдердің  бірі  –  қазтамақ.  Ол  тұрған 
бөлмеде  ұрыс-керіс  болмайтын  көрінеді.  Ұрыс-керіс  бола  қалса,  өсімдік  адамның 
жүйкесін  тыныштандыратын  зат  бөле  бастайды  да,  ренжіскендер  тез  татуласып 
кетеді. 
Гүлді әркімнің өз қолымен егіп, күтіп-баптап, өз үйіне өзінің орналастырғаны 
дұрыс.  Гүлді  сәбиіңді  баққандай  күтсең,  ол  өскен  соң  денсаулығыңа,  отбасыңа  оң 
әсерін  тигізеді.  Ал  гүлдердің  қасында  бір  сағаттай  отырсаң,  көңіл-күйің  көтеріліп, 
барлық жаман ойдан арыласың. 
Біздің ауылдың бір абыз қариясы: «Ағаш, гүлдің де жаны бар. Оларды тектен-
текке  сындырып,  жұлып,  обалына  қалмаңдар»,  -  дейтін  еді,  мүмкін,  шын  шығар. 
Әйтеуір,  табиғаттың  жамандықты  да,  жақсылықты  да  сезіп,  біліп,  соған  сай  жауап 
қайтаратынын көріп те, естіп те жүрміз. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015     ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
91 
ЖАРЫЛҚАСЫН Жанель Жанбырбайқызы, 
Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын 
Әл-Фараби атындағы арнаулы гимназиясының 3 «А» сынып оқушысы, 
Алмалыбақ ауылы, Қарасай ауданы, Алматы облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: ШЫНТАЕВА Оразкул Көшекбайқызы, 
Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Әл-Фараби атындағы 
арнаулы гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі, Алмалыбақ ауылы, 
Қарасай ауданы, Алматы облысы, Қазақстан Республикасы 
 
      
 
 
АСТРОФИЗИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ОБСЕРВАТОРИЯСЫ – ЖҰЛДЫЗ 
ӘЛЕМІНІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ 
 
Мақсатым: Аспан әлемімен танысу және жұлдыздарды зерттеуге үлес қосқан 
ғалымдармен танысу. 
Міндетім:  Астрофизикалық  зерттеулер  обсерваториясы  туралы  балалар  мен 
мектеп оқушыларына айтып беру және оның қыр-сырымен таныстыру. 
Практикалық мәні: Сыныптан тыс іс-шараларында кеңінен қолданған жөн. 
Жұмыс  барысы:  Астрофизикалық  зерттеулер  обсерваториясына  арнайы 
барып,  телескоппен  таныстым.  Сол  жердегі  таныстырушылармен  әнгімелесіп,  көп 
мағлұмат жинадым. Жұлдыздар әлемі туралы мәліметтерді оқыдым. 
Кіріспе. Жұлдызды аспан. Бұлтсыз және Айсыз түнде қала жарығынан алыс 
жерде көз алдымызға жұлдызды аспанның ғаламат көрінісі ашылады. Бір қарағанда 
жұлдыздар шашырағандығын ажыратып білу мүмкін емес сияқты көрінеді. Ал мұны 
көптеген адамдардың білгісі келеді. 
Жұлдызды аспанды танып-білу қызық әрі пайдалы. Ол ежелден-ақ адамдардың 
назарын  өзіне  аударған.  Мыңдаған  жылдар  бұрын  адамдар  неғұрлым  жарық 
жұлдыздарды  неше  түрлі  фигураларға  (шоқжұлдыздарға)  топтап,  оларды  ежелгі 
мифтер мен аңыздар кейіпкерлерінің есімдерімен, жануарлардың немесе заттардың 

№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015     ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
92 
аттарымен атады. Жұлдыздар туралы әр халықтың өз мифі мен аңызы, өздері қойған 
аттары бар, оған қоса шоқжұлдыздар саны әр түрлі болады. 
  
Бүгінгі  аспан  шартты  түрде  қатаң  белгілі  шекарасы  бар  88  бөлікке  бөлінген. 
Бұл  бөліктер  шоқжұлдыздар  деп  аталады.  Ол  шоқжұлдызға  оның  шекарасының 
ішіндегі барлық жұлдыздар жатады. Мысалы, Үлкен Аю шоқжұлдызына  «ожауды» 
елестететін  жұлдыздар  ғана  емес,  сонымен  бірге  көптеген  көмескі  жұлдыздар  да 
кіреді. 
 
Жұлдыздың  қандай  да  бір  шоқжұлдыздарға  жататыны  Жерде  тұрған 
бақылаушының  бұл  жұлдыздарды  қатар  көретіндігімен  ғана  анықталады.  Шын 
мәнінде  бұл  «көршілік»  шартты  көрініс  қана.  Өйткені  кеңістіктегі  жұлдыздар  бір-
бірінен аса үлкен қашықтықта орналасқан. 

№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015     ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
93 
Жұлдызды  аспан  суреттерінің  көрінісі  барлық  суреттердің  ішіндегі  ұлысы 
болып қала береді, ал аспан кітабы – барлық кітаптың ең қызықтысы. Үңіле отырып 
ақылды, мейірімді, өнегелі болу үшін  құнды кітапты оқимыз. 
 
Негізгі  бөлім.  Астрофизикалық  зерттеулер  обсерваториясының  негізгі 
міндеті.  Қазақстанда  оқушылардың  ғарыштық  білім  жүйесін  дамытудың  (ғарыш 
кеңістігін,  ракеталық-ғарыштық  техниканы,  «Астрономия»  ғылымының  негізін 
оқыту)  ғылыми-әдістемелік  тәсілін,  бағдарламалық-әдістемелік,  құқықтық-
нормативтік мазмұнын ұйымдастыру, мәліметтік-сараптамалық қамтамасыз ету. 
Оқушылардың ғарыштық білім алуларына жағдай жасау, рухани адамгершілік 
білім, олардың мамандық таңдауына, ғарыштық технологияның қоғамдық өмірденегі 
ерекшеліктеріне үйрету, ғарыш кеңестігін меңгерту, шығармашылығының дамуына 
жағдай жасау және қабілетін дамыту маңызды. 
Обсерваторияға  әрбір  келуші  көтеріңкі  және  мәңгі  ерекше  кездесудің 
болатынын сезінеді. Ғаламшардың қозғалу заңын, жұлдыздар мен күнді бақылауды, 
балалар адамзатты ойландырған Жердің келешегі, күн жүйесі туралы мәселелермен 
өз  ойларын  бөліседі.  Әлемді  тану  арқылы  балалар  өздерін  әлем  мен  әлемдегі  өз 
орындарын таниды. Оны олар еліміздің шеңберінде ғана емес, Жер мен бүкіл әлемді 
түсінеді. 
Обсерваторияға  келген  балалар  адамды  үйлесімді  дамыту  институтына  білім 
жетілдіруге  келген  тындаушылар  әлемнің  құпияларына  араласу  арқылы  дүниені 
таниды. Уақытпен болашақтың байланысын сезініп, тәжірибелік зерттеулер арқылы 
өздерінің ашылуларын жасайды. Заманауи балалар обсерваториясы – Қазақстандағы 
оқушыларға ғарыштық білім беруде болашаққа қарай өткеніне лайықты бүгінгісіне 
жаңаша  үлкен  қадам  жасап  келеді.  Обсерватория  заманауи  құралдармен 
жабықталған – диаметрі 10 м болатын күмбез, объективінің диаметрі 60 см болатын 
телескоп орналасқан. 
В.Г. Фесенков атындағы астрофизикалық зерттеулер обсерваториясының 
тарихы.  Каменское  платодағы  астрофизикалық  зерттеулер  обсерваториясы  теңіз 

№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015     ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
94 
деңгейінен 1 450 м шамасында биіктікте орналасқан обсерваториясы 1941 жылдың 
10 қазанында құрылған. 
1941  жылдың  21  қыркүйегінде  Мәскеу  мен  Ленинградтан  физика  және 
геофизика  ғалымдары  7  экспедиция  құрып,  Қазақстан  жеріне  аспан  әлемін  зерттеу 
үшін  келген.  Алайда,  Ұлы  Отан  соғысы  басталғандықтан  ғалымдар  өз  еліне  қайта 
алмай,  Қазақстанда  қалуға  мәжбүр  болды.  Сөйтіп  В.Г.  Фесенковтың  ұсынысы 
бойынша астрофизикалық зерттеулер институтының ұжымы пайда болды. Институт 
ғимаратын соғыс жылдары жапон тұтқындары салған. 
Астрофизикалық 
зерттеулер 
обсерваториясы 
қызметінің 
негізгі 
бағыттары.  В.Г.  Фесенков  атындағы  астрофизикалық  зерттеулер  обсерваториясы 
галактикалық жүйелер, галактиканың белсенді  ядролары, жұлдыздар, тұмандықтар, 
Күн, күн маңындағы кеңістік, ғаламшарлар, Жердің жасанды серіктері және ғарыш 
қалдығы бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізеді. 
В.Г. Фесенков атындағы астрофизикалық зерттеулер обсерваториясы құрамына 
бір бөлім және төрт зертхана кіреді: 
1.  Келешекті  астрофизикалық  зерттеулер  бөлімі  (бөлім  басшысы  –  ф.-м.ғ.д., 
профессор, ҚР ҰҒА кореспондент-мүшесі Леонид Михаилұлы Чечин); 
2. Жұлдыздар және тұмандықтар физикасы зертханасы (зертхана меңгерушісі – 
ф.-м.ғ.к. Любовь Илларионқызы Шестакова); 
3.  Космология,  жұлдыздар  динамикасы  және  есептік  астрофизика 
зертханасының  Ядролық  астрофизика  секторы  (сектор  меңгерушісі  –  ф.-м.ғ.д., 
профессор Сергей Борисұлы Дубовиченко); 
4.  Ай  және  ғаламшарлар  физикасы  зертханасы  (зертхана  меңгерушісі  –  ф.-
м.ғ.д., профессор Виктор Германұлы Тейфель); 
5.  Ғарыштағы  белсенді  үрдістер  зертханасы  (зертхана  меңгерушісі  –  ф.-м.ғ.д., 
профессор Эммануил Яковлевұлы Вильковиский). 
Обсерваториядағы телескоптар: 
- Негізгі айнасының диаметрі 70 см болатын АЗТ-8 телескобы; 
- Негізгі айнасының диаметрі 60 см болатын Цейс-600 телескобы; 
- Негізгі айнасының диаметрі 50 см болатан Герц телескоп-рефлекторы
- Негізгі айнасының диаметрі 50 см болатын Мақсұтов жүйесін жарығы күшті 
менискті телескобы. 
АЗТ-8  телескобында  сейферттік  галактикаларға,  симбиотикалық  нысандарға, 
ренген  компоненттері  бар  қос  жүйелерге,  геостационар  серіктерге  бақылаулар 
жүргізіледі. Цейс-600 телескобында ғаламшарларда бақылаулар жүргізіледі. 
Каменское  платодағы  астрофизикалық  зерттеулер  обсерваториясы  ғарыш 
саласының стратегиялық нысандарының қатарына жатады. 
Қазіргі  таңда  обсерваторияда  барлығы  116  қызметкер,  сонымен  бірге  47 
ғылыми  қызметкер  (9  ғылым  докторы  және  24  ғылым  кандидаты),  29  инженер-
техник  кызметкері  жұмыс  істейді,  басшысы  физика-математика  ғылымының 
кандидаты Шыңғыс Төкенұлы Омаров. 
Қорытынды.  Қазақстан  Республикасының  болашақ  ұрпақтары  аспан  әлемін 
зерттеп,  жаңа  жетістіктерін  ашатынына  мен  сенемін.  Өйткені  аспан  әлемінде  әлі 
зерттейтін аспан денелері  өте көп. Әрқашан еңсеміз биік, жапырағымыз жайқалып, 
өсіп-өнейік. 
Бүгінгі ұрпақ – біздер ертеңгі кемеңгер ұлы тұлға болып, тәуелсіздіктің таңын 
бірге  қарсы  алайық.  Бейбітшілігіміз,  ынтымағымыз  мәңгі  және  тәуелсіздігіміз 
баянды болсын, Қазақстаным! 
 
 

№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015     ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
95 
ҚУАНЫШБЕК Шаттық Қалмұратқызы, 
«Қ. Дәрімбаев атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет