1-15 дәрістер. Микроскопиялық техниканың негіздері Дәріс Тақырыбы



бет41/44
Дата17.02.2023
өлшемі152,73 Kb.
#68830
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
Байланысты:
1-15 дәрістер Микроскопиялық техника негіздері(7)

15 дәріс. Тақырыбы: Гистологияда изотоптарды пайдалану. Авторадиография әдісі.
Дәрістің мақсаты: Гистологияда изотоптарды пайдалану.
Жоспары:
1. Авторадиография әдісі.
2. Иммунофлюоресценция әдісі.
3. Ұлпаларды тіршілік жағдайында (витальді) бояу.
4. Биопсиялық материалды өңдеу.

Химиялық заттардың локализациясы мен концентрациясын ғана анықтайтын гистохимияға қарағанда, авторадиография түрлі заттарлың клеткаларда, ұлпалар мен органдарда орналасуын зерттеуге, оларға келу және бөліну механизмдерін анықтауға мүмкіндік береді. Авторадиография әдісінің негізінде фотографиялық әдіске аналогиялық процесс жатыр, тек бір айырмашылығы – авторадиографияда «жарықтандырғыш» фактор болып жарық емес, иондағыш сәулелерендіру болып табылады. Ол радиоактивті атомдардың ыдырауында шығарылады.


Авторадиография әдісінің егеуқұйрықтың аш ішегінің эпителий клеткаларының митотикалық бөліну кезіндегі ДНҚ процессін зерттеуінде қолданылуын көрсетеміз.
1. Егеуқұйрыққа Н-тимидинді 1 мк Ки-ді 1 г дене массасына есептеп (ДНҚ молекуласының бір компоненті) кұрсақішілік енгізеді және 1-12 сағ кейін жансыздандырады.
2. Аш ішектің бөлігін бекітеді (көбіне 10% формалинде немесе Карнуа сұйықтығында), сусыздандырады және парафинге құяды Қалыңдығы 5-7 мкм гистологиялық кесінділерді дайындайды.
3. Ксилолдың 2-3 порциясында 1-2 мин-тан депарафиндейді.
4. Құрғатылған кесінділерді эмульсияны 420С температурада бетіне құяды (фотобөлмеде қүңгірт қызыл фонарьда).
5. Жарық өтпейтін қорапқа салады және тоңазытқышта 14-30 тәулік ұстайды.
6. Амидолды анықтағышта анықтайды.
7. Дистилденген сумен шаяды.
8. «Стоп-ерітіндіге» 0,5-1 мин салады (1 % сірке қышқылының ерітіндісі).
9. Натрий тиосульфатының 30-40% ерітіндісінде 1 мин бекітеді.
10. Ағын сумен 20-30 мин жуады.
11. Ауада кептіреді.
12. Гематоксилин-эозинмен бояйды.
13. Концентрациясы өсетін спирттерде сусыздандырады.
14. Жарықтандырып, бальзамға қатырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет