1-15 дәрістер. Микроскопиялық техниканың негіздері Дәріс Тақырыбы



бет39/44
Дата17.02.2023
өлшемі152,73 Kb.
#68830
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
Байланысты:
1-15 дәрістер Микроскопиялық техника негіздері(7)

Сүйек ұлпасын өңдеу және бояу. Сүйек ұлпасы физикалық қасиеті жағынан организм ұлпалары арасында ерекше орын алады. Оның клеткааралық заттардың құрамында болуы ұлпаға қаттылық береді және ол гистологиялық препарат жасауға кедергі келтіреді, сондықтан сүйек ұлпасын дайындау өзіндік ерекшеліктерге ие. Гистологиялық препараттарды алудың екі негізгі тәсілі бар: 1) кесінділерді сүйек ұлпасынан бейорганикалық тұздарды ерітіп, жоюдан (декальцинация) кейін дайындайды; 2) жіңішке сүйек пластинкаларын бекітілмеген шағын сүйектен қайрап дайындау.
Декальцинация. Декальцинацияны жүргізбей тұрып, сүйекті фиксацияға ұшырату керек. Фиксаторды таңдау зерттеу мақсаты мен мазмұнына байланысты. Көрсету үшін арналған препараттарды жасау үшін және сүйек ұлпасының фибриллярлық компонентін анықтау үшін таза формалинді қолданады, ал цитологиялық зерттеулер үшін формалині бар күрделі құрамды фиксаторлар керек.
Фиксация үшін қыл арамен сүйектің кішкене бөліктерін аралап алады (0,5-1 см қалыңдық), өйткені ұлпаның жоғары тығыздығы үшін фиксатор сүйекке баяу енеді. Фиксация мерзімі бөлшектің қалыңдығына байланысты (48 сағ кем емес).
Фиксация аяқталғаннан соң объектті құбырдың ағын суына немесе спиртте мұқият жуады, өйткені қышқылдармен келесі өңдеулерде қиын еритін тұнбалар пайда болуы мүмкін. Осыдан кейін майсыздандыру мақсатымен препаратты концентрациясы өсіп тұратын спирттер (50,70,96%) қатарынан өткізеді, ал сосын концентрациясы төмендейтін спирттер арқылы суға дейін жеткізеді.
Декальцинацияға жеткізу сүйек ұлпасын декальцинациялаушы сұйықтықтармен өңдейді, ол сұйықтық бейорганикалық тұздарды сүйектің құрылымдық элементтерін бұзбай ерітуге қабілетті.
Декальцинация кезінде келесі ережелерді ұстану керек:
1) Декальцинациялаушы сұйықтықтың көп мөлшерін қолданып және оны күн сайын ауыстырып тұру керек.
2) Декальцинациялаушы объектіні сұйықтықтың жоғары қабатына салу керек, өйткені ыдыс түбіне еріген тұздардың түсуін қамтамасыз ету керек (бөлшектреді жіпке немесе шыны торға (сита) салады).
3) Декальцинацияны минералды тұздар толық ерігенше жүргізу.
Декальцинация объект жұмсақ және пышақпен жеңіл кесілгенде толық болып саналады.
Азот қышқылының сулы ерітіндісіндегі декальцинация (5-7,5%) кең таралған әдіс болып табылады. Ерітіндіні дайындау үшін өлшегіш ыдысқа 5-7,5 мл химиялық таза концентрленген азот қышқылын құяды және 100 мл дейін дистилденген сумен толықтырады. Төменірек немесе жоғарырақ ерітінді концентрациясын декальцинацияға қолданбаған жөн, өйткені алғашқысы ісінуге әкеп соқтырады, ал екіншісі – клеткалық құрылымның жойылуына. Бұдан жоғары концентрацияны тістердің декальцинациясына пайдаланады.
Керекті мөлшердегі сұйықтықты сәйкес шыны ыдысқа құйып, оған декальцинацияға дайындалған сүйек бөлшегі ілінеді. Ерітіндіні күн сайын толық декальцинация жүргенше ауыстырып тұрады. Декальцинация мерзімі объектінің қасиеттеріне (тығыздық, мөлшер) және азот қышқылының концентрациясына байланысты. Кішкене сүйек ұлпасын декальцинациялау орта есеппен 10-12 тәулік. Декальцинация аяқталғаннан кейін талшықты құрылымдардың ісінуін жою үшін препаратты 24 сағ 5% натрий немесе литий сульфатына іліп қояды, тек осыдан кейін 1-2 тәулік ішінде құбырдың ағын суымен шаяды. Декальцинацияның басқа да тәсілдері бар, бірақ олардың барлығы бір принципке негізделген және жоғарыда аталып кеткен жалпы ережелерге бағынады. Декальцинациядан кейін ұлпаны мұздатқыш микротомда кесуге болады, сонымен қатар целлоидинге немесе целлоидин-парафинге қарапайым әдіспен құюға болады.
Бояу. Декальцинацияланған сүйекті бояудың ең кең тараған әдісі болып Шморль бойынша бояу болып табылады (тионинпикринді қышқыл). Жұмыс ерітінділері: А – тиониннің 50% спирттегі қаныққан ерітіндісі, Б – 1% фенолдың сулы ерітіндісі, В – пикрин қышқылының қаныққан ерітіндісі. Қолданбас бұрын А ерітіндісінің 1 бөлігін Б ерітіндісінің 10 бөлігімен араластырады. Судағы кесінділерді 10 мин шыққан қоспаға салады, осыдан кейін дистилденген суда шайып, 30-60 сек пикрин қышқылының қаныққан ерітіндісіне салып қояды. Кейін кесінділерді дистилденген суда қайта шаяды және 700 спиртте күңгірт қызыл түске енгенше дифференцирлейді. Одан кейін оларды 960 спиртке ауыстырады, онда дифференцировканы кесіндінің жалпы фоны қоңыр түске ие болғанша, ал сүйек клеткалары мен олардың өсінділері қоңыр түске ие болғанша ұстайды. Боялған кесінділерді кейін 96% және абсолютті спирт арқылы, карбол-толуол, толуолдан өткізеді және бальзамға қатырады.
Егер кесінді азот қышқылындағы ұзақ декальцинация себебінен нашар боялса, оны алдын ала 2-3 сағ 0,5% аммиактық суға салу керек, осыдан кейін дистилденген суда жақсылап шайып, бояу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет