Макроглия элементтерін (астроциттер) импрегнациялау. Астроциттерді алтын хлоридімен импрегнациялауда жақсы әдіс Кахаль әдісі болып табылады. Материалдың фиксациясын формалиннің 12% ерітіндісінде немесе арнайы бромды фиксаторда жүргізеді (14 мл формалин, 2 г аммоний бромиді және 100 мл дистилденген судан тұрады). Фиксация 2-8 күн жүреді (одан аспайды). Кейін құбыр суында шайып, мұздатқыш микротомда кеседі. Кесінділер қалыңдығы 20-30 мкм. Микротомдық пышақтан кесінділерді қайта бромидті фиксаторға салады және 2 тәулік ішінде 370С термостатта ұстайды. Осыдан кейін дистилденген суға тез шаяды және келесі құрылысты импрегнирлендіргіш қоспаға салады: 1% алтын хлориді ерітіндісі 10 мл
5% кристаллдық сынап дихлориді ерітіндісі 8 мл
Дистилденген су 50 мл Қоспа жаңа дайындалған және күңгірт әйнектен жасалған ыдыста сақталу керек. Бұл импрегнирлеуші қоспада кесінділерді 4-8 сағ ұстайды. Кесінділер бос және жайылған күйінде қалу керек. Ол үшін 25 мл қоспаға 6-8 кесіндіден артық салмау керек. Импрегнация процесінде кесінділер қызғылт реңкі бар қоңыр түсті болады. Егер импрегнация әлсіз болса, кесінділерді бұл сұйықтықта тәулік немесе одан көп ұстауға болады. Кесіндінің құрылымындағы металлдық алтынды бекіту үшін алғашқысын 10% натрий тиосульфатының ерітіндісіне 15-20 мин салады, онда кесінділер ашық түсті және күлгін түске ие болады. Сосын оларды 40-50% спиртте шайып, абсолютті спирт, ксилол арқылы жылдам өткізеді және бальзамға қатырады. Сәтсіз нәтижелер нашар фиксацияға немесе реактивтердің ластануына байланысты. Импрегнация үшін оптимальді температура 200С.
Нәтиже. Өсінділері қызыл-күлгін, сұр-күлгін немесе қоңыр түсті астроциттер.
Микроглия элементтерінің В.К.Белецкий әдісі бойынша импрегнациясы. Импрегнация мүмкіндігін тек мидың гистоциттері емес, сонымен қатар бауырдың, теріасты клетчаткасы, капиллярлардың адвентициалды клеткаларының гистсоциттері береді. Әдіс күміс аммиакатының импрегнирленгіш қасиетіне негізделген. Бильшовский-Грос әдісіндегі барлық шарттарды бұл әдісте де қатаң сақтау керек. Материалды бекіту: 10% бейтарап формалин ерітіндісінде (ғ күнге дейін). Қысқа уақыт бекітілген материал жақсы импрегнтрленеді. Фиксациядан кейін материалды құбырдың ағын суында (24 сағ), ал сосын дистилденген судажақсылап шайып жіберу керек. Кейін материалды: 1) қатырмай, мұздатқыш микротомда кесуге; 2) желатинге қатырып қоюға; 3) целлоидинге қатырып қоюға болады. Ең жақсы нәтижелерді желатинге қатыру кезінде күтуге болады (карболды немесе кәдімгі), бірақ белгілі бір тәжірибе болғанда жақсы нәтижеге қатырусыз-ақ қол жеткізуге болады. Кесінділерді мұздатқыш микротомда жасайды (кесінділер қалыңдығы 10-20 мкм) және дистилденген су арқылы өткізеді. Импрегнация үшін жаңа дайындалған 10% күміс нитрат-аммиакат ерітіндісі және 10% бейтарап формалин ерітіндісі қол астында болу керек. Жұмысты төрт кең бюксте жүргізеді. Біріншісіне 10% күміс аммиакаты ерітіндісін құяды, екіншісіне – дистилденген суды, үшіншісіне - 10% бейтарап формалин ерітіндісін, төртіншісіне – дистилденген суды. Кесінділерді дистилденген судан күміс аммиакаты бар бірінші бюкске 20-30 сек салады, сосын дистилденген суға (үшінші бюкс) 1 сек және осыдан кейін үшінші бюкске салады. Осы әрекеттерді кесінді 2 сек аспайтындай жылдам істейді. Формалиндегі күміс қалпына баяу келу керек: кесінді алдымен күңгірттенеді, кейін сұр-сары немесе қоңыр-сары болады. Осыдан кейін кесінділерді дистилденген суы бар төртінші бюкске ауыстырады, сол жерден оларды заттық шыныға төгіп, микроскоптың аз мөлшерлі үлкейтуімен қарайды. Әлсіз импрегнация кезінде кесінділерді соңғы бюкстегі формалинде ұзағырақ ұстау керек.
Кесіндіде күмістің түйіршіктері немесе үлпектері түрінде тұнба түзіліп, көп ядро анықталуы мүмкін, бұл дегеніміз импрегнация шарттары берілген материал үшін өте «қышқыл» екендігін білдіреді. Оған жол бермеу: а) күміс нитратындағы импрегнация уақытын ұзарту; б) күміс нитраты ерітіндісін сілтілендіру; в) формалинді қыздыру және оның концентрациясын 1-5%-ға дейін төмендету. Кесінділерді қажетінше жылы немесе ыстық формалинге салу керек. Егер кесінділер формалинде жылдам күңгірттеніп, тіпті қарайса, материал «сілтілік». Материалды артық «сілтіліктен» кесінділерді импрегнация алдында 1-2% сірке қышқылы ерітіндісіне 15-20 сек немесе одан көп уақытқа салып арылтса болады. Шайғаннан соң импрегнацияны жүргізеді. Кесінділерде талшықты құрылымдардың жақсы анықталуы сол материал үшін импрегнация шарттары өте «сілтілік» екендігін білдіреді. Оған жол бермеу: а) импрегнация уақытын қысқарту; б) күміс нитраты ерітіндісін араластыру; в) күміс нитраты ерітіндісінің сілтілігін азайту; г) бейтарап формалинді қышқыл формалинге ауыстыру; д) қышқыл формалин ерітіндісінің концентрациясын 20% дейін көтеру.