1-15 дәрістер. Микроскопиялық техниканың негіздері Дәріс Тақырыбы



бет40/44
Дата17.02.2023
өлшемі152,73 Kb.
#68830
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
Байланысты:
1-15 дәрістер Микроскопиялық техника негіздері(7)

Гистохимиялық әдістер. Клеткалардың және ұлпалардың химиялық құрылысын зерттеу үшін ұзақ уақыт бойы классикалық биохимиялық әдістер қолданылды: олардың негізінде үгітілген ұлпалардың құрамындағы химиялық заттардың суммалық көрсеткішін анықтау жатады.
Гистохимиялық реакцияларда клетка құрамына кіретін органикалық және бейорганикалық заттар түрлі реактивтермен (бояғыштармен) химиялық реакцияға түседі де, реакцияның боялған өнімдерін түзеді. Бұл өнімдердің белгілі дәрежеге дейінгі интенсивтілігі бойынша құрылымдағы химиялық заттар құрылысын белгілі мөлшерге дейін анықтауға болады. Көптеген гистохимиялық реакциялардың негізінде жалпы принциптер жатады.
1. Белгілі химиялық топтар белгілі бір бояғышпен боялады. Мысалы, РНҚ фосфатты топтары негіздік бояулармен (пиронин, толуидинді көк және т.б.) тұзтәрізді боялған қосылыстарды түзеді.
2. Бояғыш клеткалық құрылымға кіретін белгілі субстратта ериді. Мысалы, клеткадағы май қосылыстарының боялуы суданның май тамшысында еруіне негізделген.
3. Клетканың ДНҚ, полисахаридтер сияқты кейбір химиялық компоненттері бояғыштармен реакциясала алмайды. Ондай жағдайларда химиялық топтардан реакциялық-активті күйге (ДНҚны хлорсутек қышқылымен гидролиздеу, йод қышқылымен полисахаридтерді тотықтыру) айналдыруға жүгіну керек. Бұл жағдайда химиялық топтар не босайды, не қайта түзіледі және олар сәйкес келетін реактивтермен реакцияға түсе алатын болады.
Жаңа әдіс зерттеу практикасында кең таралды. Қазіргі уақытта бірде бір морфологиялық лаборатория гистохимиялық әдіссіз жұмыс жүргізбейді. Гистохимиялық реакция нәтижесін бағалаудағы критериі болып химиялық заттардың локализациясы ғана емес, сонымен бірге зерттелетін клетка компоненттерінің боялу дәрежесі болып табылады, өйткені дәл сол анықталған заттардың концентрациясы туралы хабар береді. Егер материалды гистологиялық өңдеу кезінде кейбір ақаулықтар болса, онда гистохимиялық реакцияларды жасайтын материалға қолданылатын барлық шараларды қатаң сақтау керек, кері жағдайда зерттеу бағыты дұрыс жүрмей, препаратты қате бағалауға әкеледі.
Химиялық реакциялардың дұрыс жүруін қамтамасыз ету үшін жұмыс ерітінділерін дайындауға ерекше көңіл бөлу керек, сонымен қатар қолданылатын ыдыс тазалығына, реактив сапасына, т.б.
Қазіргі уақытта гистохимиялық зерттеу арнайы приборлардың (цитоспоектрофотометр) қолданылуымен сандық деңгейде жүреді. Бұл осы зерттеулер жүргізілуіне жоғары талап қояды. Дәл осы мақсатта алғашқы орында салыстырмалы үлгілердің бір блокта орналастырылып, бір қалыңдықты кесінділерді алады.

Қолданылатын әдебиеттер:


1. С.М. Шалгимбаева, Ж.С. Омарова, Г.Б. Джумаханова Микротехника негіздері Алматы, Қазақ университеті, 2021, 71 б.
2. Хегай И.В., Кобегенова С.С. Методическое руководство по курсу «Основы микротехники» Алматы. Қазақ университеті. 1999.
3. Нуртазин С.Т. Жалпы гистология, Алматы – 2010 . 220 б.
4. Афанасьева Ю.И., Юрина Е.Ф., Котовский и др Гистология. Учебник М.: Медицина 2011 Н.А.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет