1-15 дәрістер. Микроскопиялық техниканың негіздері Дәріс Тақырыбы



бет43/44
Дата17.02.2023
өлшемі152,73 Kb.
#68830
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
Байланысты:
1-15 дәрістер Микроскопиялық техника негіздері(7)

Таспалы препараттарды дайындау.
Таспалы құрылысты (сероздық және ми қабықтарры, қосқыш мембраналар) объектінің микроскопиялық құрылымын зерттеу керек болған жағдайда тұтас (тотальді) препараттар дайындайды. Ол үшін зерттелетін объект таспаснының аймағын кесіп алады және қатпарлардың пайда болуының алдын алу үшін жайылған күйінде балауыз (восковая) жастықшаға қадап қояды.
Фиксация біткен кезде материалды қарапайым тәсілмен өңдейді: фиксаторды жуып тастайды, бояйды, сусыздандырады, жарықтандырады және сәйкес орталарға қатырады.
Ұлпаларды тіршілік жағдайында (витальді) бояу.
Алдыңғы айтып кеткен микроскопиялық әдістер мынадай кемшіліктерге ие: препарат зерттеушінің қол астында объектінің статикалық жағдайында, яғни тіршілік процестері кезінде немесе тоқтағанда бекітілген жағдайда болады. Биологтар тірі органдар мен ұлпалардағы процестерді бақылауға ұмтылды. Мұндай мүмкіндік объектіні тіршілік жағдайында бояу тәсілі енгенде ашылды.
Тіршілік жағдайындағы бояйтын бояғыштарға деген негізгі талап: минималды токсиндік және бөлек құрылымдық элементтерді таңдамалы бояғыштық.
Кәдімгі гистологиялық бояғыштар секілді, бояғыштардың бұл түрі де негіздік, қышқылдық және бейтарап болып бөлінеді.
Негізідк бояуларды барлық дерлік клеткалар қабылдайды, әсіресе липоидтарға бай клеткалар мен құрылымдар. Соңғы айтылған қасиет нерв ұлпаларының негіздік бояумен тіршілік жағдайындағы жақсы боялуын қамтамасыз етеді.
Қышқыл бояулар тек кейбір клеткалар топтарын, ең алдымен ретикулоэндотелиалды жүйенің клеткаларын бояйды. Бұл клеткалар жоғары фагоцитарлық белсенділікке ие, яғни организмнің қорғаныштық реакциясында маңызды рөл ойнайды. Олар тіршілік кезінде қышқылдық бояғыштардың бөлшектерін жақсы қабылдайды. Ондай бояғыштарға трипанды көк, тушь, литийлі кармин жатады.
Витальді бояғыштарды қолданудың әртүрлі әдістері бар. Ірі лабораториялық жануарларға бояғыш ерітінділерді венаішілік, құрсақішілік немесе теріастылық инъекция көмегімен енгізеді, боялу жылдамдығы енгізу тәсіліне байланысты (жоғары – венаішілік, төмен – теріастылық). Құрбақаларға бояғышты арқа лимфатикалық қапшығына немесе құрсақ венасына енгізеді. Майда су жануарларын бояу үшін аквариум суына бояды енгізеді.
Бояуды тамаққа қосып, ауыз арқылы енгізу тәсілі де бар.
Әдетте, бояғыштарды дистилденген суда немесе натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісінде ерітеді. Алайда ең қолайлы еріткіш сәйкес келетін жануардың қан сарысуы болып табылады, ол бояғыштың жақсы сіңірілуін қамтамасыз етеді. Ондай ерітіндіні алу үшін стерильді жағдайларда керек бояғыштың 1% сарысу ерітіндісін дайындайды, оны центрифугтейді (3000-5000 айн/мин) және тұнбаүстілік фракцияны пипеткамен сорып алады.
Ерітіндіні дайындау. 1 г трипанды көкті 100 мл натрий хлоридінің изотондық ерітіндісінде (немесе дистилденген суда) ерітеді. Ерітіндіні салқын жерде сақтаса 3-4 аптаға дейін жетеді. Қолданар алдында ерітіндіні сүзеді, сүзіп, стерильдейді (10-15 мин бойы қайнатып) және 250-350С дейін суытады. Онымен біруақытта екі граммдық шприц пен инелерді стерильдейді.
Теріасты инъекциясы. Көмекші корнцангпен егеуқұйрықтың шүйдедегі терісін ұстап тұрады, ал екінші қолмен жануарды үстелде құйрық ұшынан ұстап, арқасымен жоғары қарай созады. Тәжірибені орындаушы шприцке бояғыш ерітіндісін құйып (0,5 мл 20 г дене массасына), бос қолымен арқадағы теріні (немесе жануар денесінің бүйір бетіне) созады және тері астына инені салып, бояғышты енгізеді.
Құрсақішілік енгізу. Көмекші егеуқұйрықты алдыңғы тәжірибедегідей алады, бірақ басын төмен қаратып, тігінен созады. Дененің мұндай күйінде құрсақ қуысындағы органдар диафрагмаға қарай жылжиды, бұл құрсаққа органдарды зақымдамай инъекция жасауға мүмкіндік береді. Инені іш қабырғасының төменгі бөлігіне сүйір бұрыш бойымен енгізеді. Әдіс денені арқамен жатқызып, аяқтарын байлап қоюға қарағанда әлдеқайда ыңғайлы. Бояғыштың концентрациясы мен мөлшері теріасты енгізудегідей.
Венаішілік енгізу. Құйрық венасы немесе күре тамырға алдын ала егеуқұйрықты арнайы станокта құрсағын жоғары қаратып енгізеді. Бояғыш мөлшері алдындағы екі тәсілге қарағанда екі есе аз, концентрация өзгеріссіз. Венаішілік инъекция бірінші реттен сәтті өтсе, жақсы боялу 24 сағ кейін жүреді, құрсақішілікте – 48 сағ кейін. Теріастылық енгізуді әдетте 3-4 күннен кейін бірнеше рет қаййталады. Жалпы боялудың жүруін шырышты қабықшалардың және көздің нұрлы қабықшасының көкке боялуынан оңай анықтаса болады. Тері жабындарының жалпы көгеруі кешірек жүреді.
Жануарды қабылданған әдістердің бірімен жансыздандырады (декапитация, эфир немесе хлороформ), сояды және зерттелетін органдар мен ұлпаларды алады.
Фиксация. Ұлпалардағы шөккен трипанды көктің бекітілуі күрделі фиксатор – Буэн, Штив және т.б фиксаторларымен бекіткенде жақсы жүреді. Алайда, егер олар қол астында жоқ болса, формалинді де қолдануға болады. Ол кезде нәзік түйіршіктер түссізденетінін, ал бояғыш басқа құрылымдарға диффузденетінін есте сақтаған жөн. Сынама препараттарды мұздатқыш микротомда дайындалған кесінділерден жасауға болады. Әдетте материалды парафинге құяды, қалыңдығы 5-7 мкм кесінділер дайындайды және бояйды: трипанды көкті қолданғанда (немесе тушь) – карминмен немесе бейтарап қызылмен, литийлі карминді қолданса – метил көкпен және т.б. кейін сусыздандырып, жарықтандырып, бальзамға қатырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет