1. 3-ресурс инклюзивті білім беру негіздері ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау. Ерекше қажеттіліктері бар бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру



бет2/12
Дата14.06.2023
өлшемі49,54 Kb.
#101318
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
1.3-ресурс-ЕБҚ бағалау 2

Бірінші топ

Екінші топ

Оқу қиындықтарының себептеріне байланысты бірінші топты әртүрлі психикалық функциялардың (ақы-ой әрекеті, қабылдау, зейін, есте сақтау) жеткіліксіздігінен мектептегі белгілі бір дағдыларды меңгеруде қиындықтары бар балалар, сондай-ақ даму мүмкіндігі шектеулі балалар:
1) 1-3 деңгейдегі жалпы сөйлеу қабілеті жетілмеген есту қабілетінде бұзылыстары бар (есту аймағында есту қабілеті орташа 40-тан 80 децибелге дейін естімейтін және нашар еститін, оның ішінде кохлеарлық имплантациядан кейінгі балалар);
2) көру қабілетінде бұзылыстары бар (көзі көрмейтін балалар – көру сезімінің толық болмауы, жарықты сезіне алатын немесе жақсы көрінетін көзге көзілдіріктің түзетуімен 0,04 дейін көздің көруінің зақымдалуы және нашар көретін балалар - жақсы көрінетін көзге көзілдіріктің түзетуімен 0,05тен 0,4 -ке дейін көздің көру өткірлігімен).
3) зият бұзылысы бар балалар (ақыл-ой кемістігі бар);
4) психикалық дамуы тежелген балалар;
5) сөйлеу қабілетінде бұзылыстары бар (1-3 деңгейдегі жалпы сөйлеу қабілеті жетілмеген, фонетикалық-фонематикалық сөйлеуі жетілмеген, ринолалия, дизартрия, ауыр тұтығу, жазуда, сөйлеуде бұзылыстары барбалалар (дислексия, дисграфия);
6) тірек-қимыл аппараты бұзылысы бар балалар;
7)эмоциялық-ерік бұзылыстары бар балалар (қарым-қатынас және әлеуметтік өзара әрекеттесу бұзылыстарымен (аутизммен), мінез-құлық бұзылыстарымен және қиындықтарымен);
8) күрделі (біріктірілген) бұзылыстары бар балалар.

Екінші топқа ақыл-ой және физикалық дамуы бұзылмаған балалар кіреді, олардың ерекше білім беру қажеттіліктері олардың білім беру процесіне енуіне кедергі келтіретін әлеуметтік-психологиялық және басқа факторлармен анықталады:
1) әлеуметтік осал топтағы отбасыларда тәрбиеленетін, микроәлеуметтік және педагогикалық қараусыз қалған балалар;
2) жергілікті қоғамға бейімделуде қиындықтарға тап болған балалар (босқындар, мигранттар, қандастар);
3) мүгедектігі бар балалар.



Даму мүмкіндіктерінің шектелуіне байланысты оқу қиындықтары бар бірінші топтағы балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау келесі қажеттіліктерді анықтау үшін жүргізіледі:
1) оқу жоспары мен оқу бағдарламаларын өзгерту;
2) оқу нәтижелерін бағалау тәсілдері мен критерийлерін өзгерту;
3) оқытудың вариативтік, арнайы және баламалы, оның ішінде мінез-құлықты қолданбалы талдау қағидаттарына негізделген әдістерін пайдалану;
4) оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер (бұдан әрі – ОӘК) іріктеу, жеке оқу материалдарын дайындау;
5) педагог-психологты, арнайы педагогті (оның ішінде олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог, логопед (логопед-мұғалім), педагог-ассистентті арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау;
6) оқу бағдарламасын таңдау (жалпы білім беретін, арнайы);
7) кедергісіз орта құру және оқу орнын бейімдеу;
8) компенсаторлық және техникалық құралдармен қамтамасыз ету;
9) әлеуметтік педагогтің сүйемелдеуі;
10) сәйкес жүріп-тұруы қиын мүгедектігі бар балаларға арналған жеке көмекшінің қызметі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет