1. 3-ресурс инклюзивті білім беру негіздері ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау. Ерекше қажеттіліктері бар бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру



бет9/12
Дата14.06.2023
өлшемі49,54 Kb.
#101318
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
2) Оқу нәтижелерін бағалау тәсілдерін өзгерту (оқушының оқу жетістігі).
Бағалау әдістері өзгерген кезде бақылау тапсырмалары мен бағалау критерийлері білім алушының жеке мүмкіндіктерін ескере отырып және жүзеге асырылатын оқу бағдарламасының мазмұнын ескере отырып таңдалады.
Оқушылардың оқу үлгерімін бағалау әдістерін төмендегі көрсетілген жағдайларда өзгерту қажет болады:

  • оқушы арнайы, қысқартылған (бейімделген) немесе жеке оқу бағдарламаларымен оқытылған кезде;

  • оқушыларды оқытуда альтернативті әдісті қолданғанда.

Мұндай ерекше білім беру қажеттілігін қанағаттандыру ПМПКның «Оқушының оқу жетістігін бағалауда жеке тәсілдеме және вариативтілігін қолдану» түрінде берілген ұсынысы негізінде жүзеге асырылады:
Егер оқушы үшін мектеп өз бетінше оқу бағдарламасын уақытша қысқарту туралы шешім қабылдаса, онда сол мектеп кеңесі баланың оқу жетістігін бағалаудың жеке тәсілдемесін және вариативтілігін ұсынады. Мұнда қысқартылған (бейімделген) немесе жеке оқу бағдарламасының мазмұнына оқушының мүмкіндіктерін ескере отырып бағалау критерийлерін өзгерту көзделеді. ЕБҚ бар білім алушыларды бағалау кезінде мұғалім сараланған және/немесе жеке тапсырмаларды қолдануға міндетті. Зерде бұзылыстары бар балаларды оқыту кезінде кез-келген оқу жетістігі оң нәтиже ретінде саналады. Жеке оқу бағдарламасы аясында оқу жетістіктерін бағалауда оқушының ілгерілеуіне баса назар аударылады.
3) Вариативті, арнайы және альтернативті оқыту әдістерін қолдану.
Бұл білім беру қажеттілігін анықтау, ең алдымен, мұғалімнің және мектептің психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі мамандарымен жүзеге асырылады, алайда баланы арнайы немесе альтернативті әдістерді қолдану арқылы оқыту қажеттілігін ПМПК ұсынуы мүмкін.
Мұғалім арнайы және альтернативті әдістерді ұштастыра отырып, барлық сынып үшін оқытудың қарапайым әдістерін қолдану арқылы ЕБҚ бар балаларды оқытуды жүзеге асырады.
Оқыту формасы немесе қарапайым әдістерді қолдану оқушының жеке ерекшеліктеріне бейімделіп алынады. Көбінесе мұғалім бүкіл сыныпқа қолданатын тапсырмаларды және де оны балаға беру тәсілдерін бейімдеу талап етіледі.
Психикалық және дене дамуы бұзылған балаларды оқыту кезінде оқытудың арнайы әдістерін қолдану қажеттілігі жиі туындайды. Арнайы оқыту әдістері арнайы педагогикамен әзірленген және әртүрлі санаттағы балаларға (есту, көру, ақыл- ойы кем, тірек-қимыл аппараты бұзылған, психикалық дамуы тежелген, сөйлеу қабілеті бұзылған) арналған арнайы мектептерде қолданылады.
Жалпы сынып жағдайында мынандай арнайы әдістер қолдануға болады: «кіші қадамдар»; заттық қызмет пен көрнекі құралдарға; «сөйлеу тілін жандандыру»; заттық және ақыл-ой әрекетіне «алдағыны болжау», меңгергенді үзбей қайталау; меңгерілген ұғымды салыстыру және қарама-қайшы қою амалдарын қолдану және т.б. Бұл әдістер сыныптың басқа оқушыларына да оқу материалдарын жемісті меңгеруге септігін тигізеді.
Оқытудағы баламалы (альтернативті) әдістер жеке психикалық қызметтердің (қабылдау, есте сақтау, зейін, праксис) бұзылыстарына негізделген оқытуда ерекше қиындықтары бар балаларға жиі қолданылады. Оқытудың баламалы әдістеріне мына әдістер кіріктіріледі: глобальды оқыту, «нумикон» әдісі арқылы санауға үйрету, монтессори жүйесі және басқа да жаңа психологиялық-педагогикалық әдістер.
Оқытудың баламалы әдістерін бірінші кезекте жеке-дамыту жұмысын жүргізетін мамандар білуі және пайдалануы тиіс: психологтар, логопедтер, арнайы педагогтар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет