уақытша негізде мінез-құлық проблемалары бар немесе оқуда айқын қиындықтары бар және бағдарламаны меңгеруде үлкен олқылықтары (артта қалушылық) бар, (эмоциялық-ерік бұзылыстары бар (қарым-қатынас және әлеуметтік өзара әрекеттесу бұзылыстары (аутизм), мінез-құлық бұзылыстары және қиындықтары) бар балаларға;
тұрақты негізде – зият бұзылыстары бар оқушыларға жекелеген оқу пәндерінен жеке оқу бағдарламасы бойынша ұсынылады;
4) мінез-құлық бұзылыстары бар 4-6 бала болса және қажетті жағдайлар (кадрлық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету) жасалған кезде білім беру ұйымдарында қолданбалы мінез-құлықты талдау қағидаттары негізінде балаларды оқытатын кабинет ашылады;
5) үйде оқыту мерзімін және ПМПК ұсынған бағдарламаны көрсете отырып, баланың денсаулық жағдайы туралы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы бойынша үйде оқыту. Үйде оқыту мектептегі жекелеген сабақтарға, оның ішінде емдеуші дәрігердің рұқсаты (анықтамасы) болған кезде түзету-дамыту сабақтарына қатысумен үйлестіріледі.
9. Кедергісіз орта құру Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңына сәйкес қозғалысы шектеулі оқушыларға (мектепке жеткізу, арнайы жабдықталған оқу орны) әмбебап дизайнмен және оқу орнын бейімдеу арқылы ұсынылады.
10. Оқу орнын бейімдеу оқу ортасын білім алушының жеке ерекшеліктеріне бейімдеуді көздейді (бірінші партаға отырғызу, қосымша жарықтандырудың болуы (үстел шамы) және т.б.
11. Оқу процесінде қозғалысы шектеулі, есту, көру, сөйлеу қабілеті зақымдалған білім алушылар «Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысына сәйкес белгіленген тәртіппен алынған жеке техникалық және компенсаторлық құралдарды пайдаланады.
12. Әлеуметтік педагогтің көмегі мүгедектігі бар балаларға және аз қамтылған отбасылардан және әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға ұсынылады.
13. Жеке көмекшінің қызметі медициналық-әлеуметтік сараптаманың оңалту-сараптамалық қорытындысы негізінде өз бетінше жүріп-тұруда қиындықтары бар балаларға (тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға, көзі көрмейтін балаларға) ұсынылады. «Медициналық –әлеуметтік сараптама жүргізу Ережесін бекіту» туралы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігінің 2015жылғы 30қаңтарда бекітілген №44 бұйрықтың негізінде.
Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау негізінде білім алу үшін арнайы жағдайлар жасалады, онсыз ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдардың (балалардың), оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балалардың оқу бағдарламаларын меңгеруі мүмкін емес. Білім беру ұйымында оқытудың арнайы жағдайларын жасау үшін мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың саны (1-топтағы ерекше білім беру қажеттіліктері) тәрбиеленушілердің/білім алушылардың жалпы санының 4-6% - ынан аспауы тиіс.
Оқушылардың қажеттіліктерін бағалау және қолдау деңгейлерін қарастырайық.