Оқушының қажеттіліктері мен қолдауын бағалаудың бірінші деңгейі. Бағалау мен қолдауды тікелей мұғалім жүзеге асырады. Мұғалім бірінші болып қалыптастырушы бағалау барысында оқудағы қиындықтарды анықтайды. Мұндаға мұғалімнің міндеті – қиындықтардың сипатын, олардың пайда болу себептерін өз бетінше анықтау, оқушының біліміндегі олқылықтарды анықтау. Мұғалім алынған ақпарат негізінде жеке тәсілдемені қолдана отырып, сабақта оқушыға қолдауды ұйымдастырады.
Мұғалім тарапынан оқушыны қолдау тәсілдері келесідей болуы мүмкін:
1) оқытудың вариативті, арнайы әдістерін қолдану: «шағын қадамдар» әдісін қолдану, пәндік іс-әрекетке және көрнекілік құралдарына сүйену, заттық және ақыл-ой әрекеттерін «сөйлету», «ілгері озу», өткенді үздіксіз қайталау, оқылатын ұғымдарды салыстыру және қарсы қою тәсілдерін пайдалану және т.б.;
2) сабақта жеке оқу материалдарын қолдану: көрнекі құралдарды, жаднамаларды, алгоритмдік нұсқамаларды, жеңілдетілген оқу тапсырмаларын, оқу және жазу мәтіндерін қысқарту, тапсырмаларды орындау нұсқаулықтарын қысқа түрде және кезең-кезеңмен беру, жатқа білуге берілетін ақпарат санын азайту және т.б.;
3) оқу нәтижелерін бағалау тәсілдерінің (процедураларының) өзгеруі: мұғалімнің қысқаша, баяу түрде, қайталау арқылы берілетін ауызша нұсқауы (жазбаша нұсқаудың орнына); жұмысты орындау үшін қосымша уақыт беру; тапсырмаларды тек ауызша/жазбаша орындауға мүмкіндік беру; планшетті, ноутбукты пайдалана отырып, жазбаша бақылау тапсырмасын орындау мүмкіндігі;
4) бақылау материалдарын өзгерту: нұсқаулықтарды бейімдеу – тапсырманы орындау кезеңдеріне сәйкес оны бірнеше бөліктерге бөлу; бақылау тапсырмаларының санын азайту; барлық сынып үшін бақылау тапсырмаларынан ерекшеленетін жеке бақылау тапсырмалары (жеке оқу мақсаттарына сәйкес); бақылау тапсырмасын орындауды жеңілдететін иллюстрациялық және басқа да тірек материалдарын (кестелерді, сызбаларды, үлгілерді, анықтамалық материалдарды) пайдалану және т.б.;
5) сыныптағы оқу орнын анықтау және бейімдеу (бірінші партада, беделді оқушының жанында, соңғы партада, партада жалғыз, оқу тапсырмаларының бір бөлігін биік үстелде тұрып/отырып орындайды және және т.б.);
Егер баланың күш-жігеріне және мұғалімнің жеке көмегіне қарамастан, бір және одан да көп негізгі пәндер бойынша оқу бағдарламасын меңгеруде қиындықтар бір тоқсан бойы сақталатын болса, онда мұғалім мектептің психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі (психолог, логопед, арнайы педагог, әлеуметтік педагог) көмегіне жүгінеді. Бұндай жағдайда мұғалім «Мұғалімге арналған сауаланаманы» пайдалана алады. (И. Г. Елисеева, А. К. Ерсарина «Жалпы білім беретін мектепте ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету» әдістемелік нұсқаулық, А қосымшасы, 7-формасын қараңыз). (1-кесте).
1-кесте. Мұғалімге арналған сауалнама.