Балалардың санаттары
|
Қолдау көрсетушілер
|
Мінез-құлық және эмоционалдық проблемалары, қолайсыз психологиялық факторлары (отбасындағы тәрбиенің бұзылуы, бала-ата-ана және отбасыішілік қарым-қатынастар) бар балалар.
|
Педагогтер сабақтар, факультативтік сабақтар, пәндік үйірмелер мен қосымша сабақтар барысында жүзеге асырады, сондай-ақ педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтер арнайы білім беру қажеттіліктерін бағалау негізінде педагог-психологпен және әлеуметтік педагогпен бірлесіп жүзеге асырады.
|
Әлеуметтік-психологиялық, экономикалық, лингвистикалық мәдени сипаттағы кедергілері (әлеуметтік қауіпті отбасы балаларының педагогикалық немқұрайлылығы, жергілікті қоғамға бейімделуде қиындықтарға тап болған балалар (босқындар, мигранттар, кандастар және т.б. отбасылар) бар балалар.
|
Даму мүмкіндіктері шектеулі (есту, көру, интеллект, сөйлеу, тірек-қимыл аппараты, психикалық дамуы тежелген және эмоционалдық-еріктік бұзылыстар) балалар.
|
Педагогтер, сондай-ақ арнайы педагогтер, психологтар, әлеуметтік педагогтер, педагог-ассистенттер, топтық сабақтарды ұйымдастыру негізінде жүзеге асырады.
|
Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің мазмұны келесі әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық жағдайларды қамтиды:
Жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын бейімдеу арқылы немесе жеке оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу арқылы оқу жоспары мен оқу бағдарламаларын өзгерту.
Оқу жоспары мен оқу бағдарламасын өзгертуге қажеттілік туралы шешімді:
Мектеп кеңесі;
психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (ПМПК) қабылдайды.
ПМПК оқушыны оқытуға арналған өз ұсыныстарын келесі редакцияда тұжырымдайды:
«Жалпы білім беру бағдарламасын жеке тәсілдеме қолдану арқылы оқыту: жеке оқу жоспары, қысқартылған білім беру оқу бағдарламасы бойынша» немесе « Жеке оқу бағдарламасы бойынша оқыту».
|
ПМПК оқу жоспары мен бағдарламасын өзгерту қажеттілігін ұсынады, бірақ өзгеріс мөлшері қандай болатындығын психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі мамандарының көмегімен: психолог, логопед, арнайы мұғалім оқушының бағдарламаны игерудегі ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін терең зерттеу нәтижелері бойынша сынып мұғалімі анықтайды.
Егер білім алуда қиындықтары бар оқушыны мектеп өз бетінше анықтаса, онда психологиялық-педагогикалық қызметінің ұсыныстары негізінде Мектеп кеңесі шешімімен мұғалім бір немесе бірнеше оқу пәні бойынша оқу бағдарламасын қысқарта алады.
Алайда, Мектеп кеңесінің шешімімен қысқартылған (бейімделген) бағдарлама бойынша оқыту тек белгілі бір кезеңге (2-3 оқу тоқсанынан артық емес) қолданылатын уақытша шара болып табылатынын атап өткен жөн. Осы кезең ішінде мұғалім және психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі қажетті көмек көрсетеді, оның түпкі мақсаты оқушыларды әдеттегі бағдарлама бойынша оқуға көшіру болып табылады. Егер белгіленген мерзім барысында баланың оқу бағдарламасын одан әрі қысқартуды талап ететін оқытудың тұрақты қиындықтары сақталса, онда мұндай оқушы ПМПК-ға тексеруге жіберіледі.
Балаларды жеке бағдарлама (МЖМБС бағдарланбаған) бойынша оқыту ПМПК-ның ұсынысы негізінде ғана іске асады. Себебі, мұндай бағдарламамен оқытуға баланың ақыл-ойындағы ауытқушылықты анықтаған жағдайда ғана рұқсат беріледі.
Жалпы сыныпқа енгізілген зерде бұзылыстары бар оқушылар үшін Үлгілік арнайы оқу бағдарламалары негізінде жеке оқу бағдарламалары әзірленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |