1. 3-ресурс инклюзивті білім беру негіздері ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау. Ерекше қажеттіліктері бар бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру



бет3/12
Дата14.06.2023
өлшемі49,54 Kb.
#101318
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Бірінші топтағы балалардың ерекше білім берілуіне қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің, (немесе) білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінің шешімі ПМПК қорытындысы мен ұсыныстары және негіз болып табылады.





Екінші топтағы балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау:
1) оқу жоспары мен оқу бағдарламаларын өзгертпей оқытуда жеке тәсілді қамтамасыз ету;
2) үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен қосымша сабақтарды ұйымдастыру;
3) оқу орнын бейімдеу;
4) мектеп психологінің қолдауы;
5) әлеуметтік педагогтің қолдау қажеттіліктерін анықтау үшін жүргізіледі.

Екінші топтағы балалардың ерекше білім берілуіне қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің және (немесе) білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінің шешімі негіз болып табылады.



Білім алушыларға арнайы білім беру шарттары ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 бұйрығымен бекітілген әдістемелік-нұсқаулық хатта ашып көрсетілген. Әдістемелік -нұсқаулық хатта ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау негізінде барлық көмек түрлері мен қызметтері көрсетілген:



  1. Оқу жоспары мен оқу бағдарламаларын өзгерту түрлері:

    1. Жалпы білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын бейімдеу:

Қысқартылған (бейімделген) оқу бағдарламасы – білім алушының жеке мүмкіндіктері ескеріле отырып, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының Жалпы білім беретін және арнайы үлгілік оқу бағдарламасы негізінде жасалған оқу бағдарламасы;

  1. жалпы сыныпта/топта оқитын психикалық дамуы тежелген, сөйлеу тілі ауыр зақымдалған, есту, көру қабілеттері зақымдалған, тірек-қимыл аппараты бұзылған, эмоциялық-ерік бұзылыстары бар (қарым-қатынас және әлеуметтік өзара әрекеттесу бұзылыстары (аутизм), мінез-құлық бұзылыстары және қиындықтары бар балалар үшін іске асырылады. Оқу бағдарламаларын бейімдеу білім алушы меңгеруде қиындық көретін оқу пәндері бойынша ұсынылады. Қалған оқу пәндері үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес оқытылады. Оқу бағдарламаларын бейімдеу бастауыш және негізгі орта білім беру деңгейлерінде жүргізіледі.

  2. психологиялық-педагогикалық қолдау мамандарының шешімі бойынша белгілі оқу пәндерін меңгеруде қиындықтары бар балалар үшін іске асырылады. Бейімделген оқу бағдарламасы белгілі бір мерзімге дейін .(1-3 тоқсан) екі оқу пәнінен артық емес пәндер бойынша ұсынылады. Қалған оқу пәндері үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес оқытылады. Егер бейімделген оқу бағдарламасы бойынша пәндерді меңгерудегі қиындықтар 2—3 тоқсан бойы сақталатын болса, білім беру ұйымы баланы ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау үшін және де баланың мүмкіндігіне сәйкес оқу бағдарламасын анықтау үшін ПМПК-ға жолдайды;

    1. Жалпы сыныпта/топта оқитын зият бұзылысы бар балалар үшін ПМПК ұсынымы бойынша жеке оқу жоспарлары мен жеке оқу бағдарламаларын құрастыру. Зият бұзылысы бар балаларға жеке оқу бағдарламалары негізгі оқу пәндері бойынша құрастырылады. Жетістіктері балдық бағалаумен жүргізілмейтін оқу пәндері жалпы білім берудің үлгілік оқу бағдарламасы бойынша жүргізіледі. Жеке оқу бағдарламалары бастауыш және негізгі орта білім беру деңгейлерінде жүзеге асырылады.

    2. Жеке оқу жоспары негізгі орта білім беру деңгейінде (5-9сынып) жалпы сыныпта оқитын зият бұзылысы бар оқушыларға құрастырылады. Жеке оқу жоспары жалпы білім беретін мектептер үшін негізгі орта білім берудің үлгілік оқу жоспары негізінде жасалады. жеке оқу жоспарына білімге қойылатын ең төмен талаптарды орындауға оқушының мүмкіндігі жоқ (танымдық қабілеті шектеулі) оқу пәндері кірмейді.

2. Оқу нәтижелерін бағалау тәсілдері мен критерийлерін өзгерту арнайы, жеке және бейімделген оқу бағдарламалары бойынша оқыту кезінде ұсынылады.
3. Вариативті, арнайы және балама технологияларды, оқытудың әдістері мен тәсілдерін, оның ішінде қолданбалы мінез-құлықты талдау қағидаттарына негізделген әдістерді пайдалану.
4. Оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендерді іріктеу, жеке оқу материалдарын дайындау ұсынылған оқу бағдарламасының мазмұнына және қолданылатын оқу әдістеріне сәйкес жүзеге асырылады.
5. Арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау ұсынылады:
1) логопед – сөйлеу қабілеті зақымдалған балаларға;
2) олигофренопедагог (дефектолог) – зердесі зақымдалған, психикалық дамуы тежелген балаларға;
3) сурдопедагог – есту қабілеті зақымдалған балаларға;
4) тифлопедагог – көру қабілеті зақымдалған балаларға;
5) педагог-психолог – қарым-қатынас және әлеуметтік өзара іс-қимылы бұзылған, мінез-құлқы бұзылған балаларға.
6. Мінез-құлқының бұзылысы бар оқушылар үшін педагог-ассистенттің жеке сүйемелдеуі келесі жағдайларда ұсынылады:
1) бала сабақта мінез-құлық ережелерін орындай алмайтын жағдайларда: партада отыра алмайтын, орнынан тұрып кетіп, сынып ішінде жүретін, мұғалімнің талаптарын орындамайтын балалар;
2) мұғалімнің жалпы нұсқаулары мен ауызша түсіндірмелерін қабылдауда немесе түсінуде қиындықтар туындағанда, оқушының не істеу керектігін түсінуін қамтамасыз ету үшін мұғалімнің тұрақты жеке көмегі мен қолдауы қажет болған кезде;
3) сабақта өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі бақылауда қиындықтар туындаған жағдайда: оқушы сабаққа өз бетінше дайындала алмайды, ересек адамның көмегінсіз сыныпта жұмыс жасай алмайды, сыныпта тапсырмаларды орындамайды;
4) мінез-құлық және эмоционалдық бұзылыстары бар жағдайда: оқушы дауыстап сөйлейді, ешқандай себепсіз күледі, айқайлайды, жылайды, басқа балаларды алаңдатады және сынып/топ жұмысына кедергі келтіреді; өзіндік агрессия көрсетеді және/немесе сыныптастарына, мұғалімдерге, басқа адамдарға агрессия көрсетеді (ұрып-соғу, тістеу, заттарды лақтыру және т.б.).
Педагог-ассистенттің мектептегі көмегі уақытша негізде – баланың сыныпта/топта өз бетінше оқу қабілеті қалыптасқанға дейін немесе тұрақты түрде – қарым-қатынас және әлеуметтік өзара әрекеттестік жасауда тұрақты бұзылыстары бар балаларға ұсынылады. Бейәлеуметтік әрекеттерде (айқын агрессияда) көрінетін мінез-құлқы айқын бұзылған оқушылардың ата-аналарына психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің шешімі негізінде балаға денсаулық сақтау ұйымында психиатр-дәрігер кеңес беруі ұсынылады.
7. Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында арнайы психологиялық-педагогикалық көмек ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға жеке дамытушы бағдарламалар бойынша жеке, кіші топтық және топтық сабақтар нысанында көрсетіледі.
8. Мүмкіндігі шектеулі балаларды (1-топ) оқыту мен тәрбиелеу ұйымдастырылады:
1) арнайы мектепке дейінгі және арнайы білім беру ұйымдарында;
2) даму бұзылыстарының түрлері бойынша жалпы білім беретін мектептерде (балабақшаларда) құрылатын арнайы сыныптарға (топтарға) қабылдау ПМПК қорытындысы мен ұсынымдарына сәйкес және баланың ата-аналарының (заңды өкілдерінің) келісімімен жүзеге асырылады. Балаларды оқыту мен тәрбиелеу арнайы оқу жоспарлары мен арнайы бағдарламалар бойынша жүзеге асырылады. Қажет болған жағдайда білім алушының (тәрбиеленушінің) жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, арнайы оқу бағдарламаларын бейімдеуге болады;
3) бейімделген оқу бағдарламалары бойынша немесе жеке оқу жоспары мен жеке оқу бағдарламалары бойынша жалпы білім беру сыныбында.
Жалпы білім беретін сыныпта оқытуды психологиялық-педагогикалық қолдау мамандарының кабинеті жағдайында оқу процесін ұйымдастыру арқылы үйлестіруге болады.
Мұндай оқыту:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет