1. 3-ресурс инклюзивті білім беру негіздері ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау. Ерекше қажеттіліктері бар бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру


Оқушының қажеттіліктері мен қолдауын бағалаудың екінші деңгейі



бет7/12
Дата14.06.2023
өлшемі49,54 Kb.
#101318
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
1.3-ресурс-ЕБҚ бағалау 2

Оқушының қажеттіліктері мен қолдауын бағалаудың екінші деңгейі.
Қажеттіліктерді бағалау мен қолдауды тек мұғалім ғана емес, сонымен қатар психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі мамандарының командасы (психолог, логопед, арнайы педагог, әлеуметтік педагог) жүзеге асырады. Оқушының мамандардың көмегіне қажеттілігін бағалауды жүргізу үшін оқушының ата-анасының жазбаша келісімін алу қажет. (И. Г. Елисеева, А. К. Ерсарина «Жалпы білім беретін мектепте ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету» әдістемелік нұсқаулық, А қосымшасы, 6-формасын қараңыз). Зерделеу нәтижелері бойынша мамандар:
- оқушы үшін оқу бағдарламасын қысқарту қажеттілігін;
- оқушыға оқу қиындықтарын жеңуге жәрдемдесетін мамандар (психолог, логопед, арнайы педагог) көмегінің қажеттілігін;
- оқытудың неғұрлым тиімді әдістері мен тәсілдерін;
- оқу орнын оқушыға қалай бейімдеуді анықтайды.
Психолог, логопед, арнайы педагог, әлеуметтік педагог анықтаған оқу қиындықтарының себептері негізінде мамандар мен мұғалімдер командасы оқушыға арналған психологиялық- педагогикалық қолдаудың жеке оқу бағдарламасының мазмұнын белгілейді.
Мұғалім мен мамандардың көмегі оқушының қысқартылған (бейімделген) оқу бағдарламасын (1-3 тоқсан бойы) табысты меңгеруіне әкелмеген жағдайда, қолдау қызметі (ППҚҚ) ұсынымдар алу үшін (ата-аналардың келісімімен) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияға (ПМПК) жіберу туралы шешім қабылдауы мүмкін.
Оқушының қажеттіліктері мен қолдауын бағалаудың үшінші деңгейі.
Оқушының қажеттілігін бағалау психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (ПМПК) мамандарымен анықталады. ПМПК-ның шешімі негізінде, оқушының қажеттілігін бағалау нәтижелері бойынша дефектолог мұғалімнің, педагог- ассистенттің көмегі, келесідей білім алу нұсқалары ұсынылуы мүмкін: тұрғылықты жері бойынша жалпы білім беру сыныбында, арнайы сыныпта, арнайы мектепте.


Ерекше қажеттіліктері бар бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру.
Мектепте білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау негізінде жүзеге асырылады.
Мамандар мен мұғалімдер оқушының қызығушылығы, оқу және тапсырмаларды орындау стилі туралы мүмкіндігінше көбірек білуі керек, оқушының үлгерімінің күтілетін нәтижеге сәйкес болуын/болмауын білуі керек, мүмкін болатын өзгерістерді жоспарлап, қажет болған жағдайда қосымша қолдау көрсетуі керек. Бағалау нәтижесінде алынған ақпарат оқушының нені үйренуі керектігін, сондай-ақ оқытудың әдістері мен тәсілдерін анықтауға негіз ретінде пайдаланылады.
Білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы «Білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдау қағидалары» №6 бұйрығына сәйкес іске асырылады.
Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету:
1) тәрбиеленушінің/білім алушының ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтауды және бағалауды;
2) ерекше білім беру қажеттіліктері бар педагогтер мен тәрбиеленушінің/білім алушының отбасына консультативтік-әдістемелік көмек көрсетуді;
3) ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарды (балаларды) табысты оқыту, дамыту және әлеуметтендіру үшін әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық жағдайлар жасауды қамтиды.
Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету адамдардың (балалардың) білім беру қажеттіліктерін бағалау негізінде жүзеге асырылады (4-кесте).
4-кесте. Білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдау



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет