№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015



Pdf көрінісі
бет6/19
Дата03.03.2017
өлшемі6,16 Mb.
#5570
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Жаһандану, ғаламдану, әлемдік  ауқымдану,  глобализация  (ағылш.  Global  – 
әлемдік, дүниежүзілік, жалпы)  – жаңа жалпы әлемдік саяси, экономикалық, мәдени 
және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. 
Терминді  ғылыми  айналымға  алғаш  рет  енгізген  (1983  жылы)  америкалық 
экономист  Теодор  Левитт.  Жаһанданудың  жаңа  сатысының  түрлі  аспектілерін  ХХ 
ғасырдың  ортасынан  бастап  Уолт  Ростоу,  Дэниел  Белл,  Алвин  Тофлер, Питер 
Дракер, Джон  Нейсбитт, Лестер  Туроу  зерделеді.  Олар  ғылымға  «интеллектуалдық 
индустриялар  экономикасы»,  «ақпараттық  қоғам»,  «техникалық  революция», 
«ақпараттық  жарылыс»,  «ғаламдық  ауыл»  деген  ұғымдарды  енгізді. 2-ші 
дүниежүзілік  соғыстан кейінгі  әлемдік  тәртіп  үшін  жаһандық инфрақұрылым құру 
идеясы  алғаш  рет  ХХ  ғасырдың  40-50-жылдары  АҚШ-тың  зерттеу  орталықтары: 
Халықаралық  қатынастар  жөніндегі  кеңесте  (ХҚК),  «Рэнд»  корпорациясында, 
Стратегиялық  және  халықаралық  зерттеулер  орталығында  (СХЗО),  Психологиялық 
стратегиялар басқармасында (ПСБ) тұжырымдалды. 
Жаһандану  ұғымы,  жалпы  алғанда,  әлемдік  өркениеттің  аса  маңызды 
өлшемдерінің  жалпыадамзаттық  өлшемге  ие  болуы  деп  түсіндіріледі.  Қоршаған 
орта,  түпкі  ресурстар  (энергия,  су,  азық-түлік), демография,  көші-қон  толқындары, 
есірткі  тасымалы,  халықаралық  терроршылдық  проблемалары  жекелеген  елдер 
күшімен шешілуі мүмкін емес. 
Ақпараттық  төңкеріс  бұл  проблемалардың  жаһандық  өлшемге  ие  болуына 
ықпал етті. Зерттеушілер жаһандануды әр текті, бірақ әлемнің біртұтастыққа айналу 
логикасымен  біріктірілетін  өзгерістердің  жиынтығы  деп  түсіндіреді.  ЖаҺандық 
өзара тәуелділік және бүкіләлемдік даму үрдісі жаһандануға алып келмей қоймайды. 
Бұл  үрдіс трансұлттық  экономика мен  жалпыадамдық  құндылықтарды  қорғауға 
негізделген халықаралық ұйымдар жүйесі ықпалын күшейтеді. 
Жаһандану  әлеуметтік феномен ретінде  көп  қырлы  және  көптеген  құрамдас 
бөліктерді  қамтиды.  Негізінен,  оны  ұлттық  және  әлемдік  шаруашылықтың 
техникалық  және  қаржылық  жағынан  дамуының  нәтижесі  деп  есептейді.  Алайда 
әлеуметтік-мәдени  өзгерістер,  адамдар  тұрмысының  өзгеруі,  адамзаттың  қоршаған 
ортамен қарым-қатынасының күрделенуі де жаһандануға елеулі ықпал жасап отыр. 

№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015         ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
35 
Жаһанданудың төмендегідей негізгі құрамдас бөліктері бар: 
1)  «Менталдық»  немесе  мәдени  жаһандану  –  дәстүрлердің,  діндердің, 
мәдениеттер мен идеологиялардың «ұқсастануының» кешендік үрдісі. 
Қазіргі  таңда  бүкіл  әлем,  негізінен,  6  жаһандық  діни  жүйеге  (христиандық, 
ислам, иудаизм, индуизм, буддизм,  конфуцийшілдік)  бөлінеді.  Адамзаттық  мәдени 
құндылықтар  ортақтығының  күшею  үрдісі  «менталдық»  жаһанданудың  бір  көрінісі 
болып  табылады.  Соның  ішінде  америкалық  мәдени  дәстүр  «планетарлық»  деп 
аталып  жүр.  Мәдени  жаһандану  саласында  бүгінгі  күннің  өзінде  біртұтас 
жалпыадамзаттық  мәдениеттің нышандары  – жаңа  нысандармен (желілік мәдениет, 
кибермәдениет)  ұштасқан  ежелгі  мәдени  дәстүрлердің  (классикалық,  еуропалық, 
америкалық,  шығыстық,  мұсылмандық  және  үнділік)  синтезі  көріне  бастады.  Бұл 
жағдай әрбір ұлттық, халықтың өзіне тән ділі мен мәдениетін сақтап қалуы жолында 
орасан зор күш-жігер жұмсауын талап етеді; 
2)  Экономикалық  жаһандану екі  үрдістің  жиынтығын  –  нарықтардың 
жаһандануын  (капиталдық,  еңбек  ресурстарының,  тауарлардың  және  қызмет 
көрсетулердің)  және  экономикалық  нысандардың  жаһандануын  білдіреді  және 
экономиканың  ұйымдық  құрылымдарының  –  компаниялардың,  фирмалардың, 
корпорациялардың іріленуімен түсіндіріледі. 
Қазіргі уақытта экономикалық жаһанданудың нақты сипаттары бар: 
а) үлкен компаниялардың жетекші рөлі; 
ә) жаhандық қаржы, валюта және қор нарықтарының қызмет етуі; 
б)  жаhандық  ақпараттық  желілердің  қызмет  етуінің  нәтижесінде  көлік 
ағындары құрылымының өзгеруі; 
в)  жаhандық  сауда-экономикалық  бірлестіктер  мен  одақтардың  құрылуы  мен 
қызмет етуі; 
г) барлық ұлттық және халықаралық қаржылық, валюталық трансакциялардың 
жаhандық желіге аударылуы; 
ғ) бөлшек саудалық, банктік, сақтандыру және сауда операцияларын жаhандық 
желіге аударылуы; 
3) Аумақтық жаһандану – мемлекетаралық құрылымдардың күшею үрдісі. 
Мемлекетаралық  экономикалық  және  әскери-саяси  одақтар  жаһанданудың 
барынша  жоғары  деңгейдегі  мәнін  көрсетеді.  Бұл  ретте  жаһандану  нәтижесінде 
болашақта  ұлттық  мемлекеттерге  немесе  басқа  да  аумақтық  құрылымдарға 
бөлінбейтін  біртұтас  өркениет  құрылуы  мүмкін  деген  болжам  айтылады.  Бірақ  ол 
ұлттар  мен  халықтар  арасындағы  этникалық  және  мәдени  айырмашылықтар 
барынша жойылған жағдайда ғана жүзеге асуы мүмкін. 
Кейбір  мамандар  дәстүрлі  мемлекеттерді  аймақтық  қауымдастықтардың 
ығыстыру  үрдісі  дами  түседі  деп  есептейді.  Ал  енді  бір  зерттеушілер  аймақтық 
қоғамдасу  үрдісін  бүкіләлемдік  жаһанданудың  зиянды  әсерінен  қорғанудың  бірден 
бір жолы деп қарайды; 
4) Ақпараттық-коммуникациялық жаһандану  –  қазіргі  заманғы  интеграциялық 
үрдістердің ішінде аса ықпалдысы. Оған: коммуникациялық мүмкіндіктерді дамыту 
және  ғарыштық  кеңістікті  ақпарат  беру  үшін  пайдалану;  жаhандық  ақпарат 
желілерінің  пайда  болуы  және  тез  дамуы;  адамзат  тұрмысындағы  көптеген 
үрдістердің компьютерлендірілуі жатады. 
Сонымен қатар, келешекте екі бағыттағы ғарыштық жүйелерді басымдылықпен 
дамыту;  байланыстырудың  жеке  жүйесі  мен  жаhандық  позицияланудың  дамуы; 
ақпараттық  коммуникациялық  кешендердің  негізінде  бизнесті,  өндірістік  үрдістер 
мен  үй  шаруаларын  басқарудың  жаhандық  жүйесін  құру;  өмір  сүру  үрдістерінің 
мейлінше үлкен бөлігін компьютерлендіру мен роботтау жүреді; 

№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015         ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
36 
5)  Этникалық  жаһандану  негізгі  екі  үрдістен  тұрады  –  планета  халқының 
санының өсуі және әр түрлі этникалық топтардың өзара ассимиляциясы. 
Жаһанданудың  жағымды  нәтижелеріне  мыналар  жатады:  неғұрлым 
жылдамырақ  экономикалық  даму,  өмір  деңгейінің  жоғарылауы,  техникалық 
жаңалықтар мен басқару дағдыларын жеделдетіп енгізу және тарату, жеке тұлғалар 
үшін де, ел үшін де жаңа экономикалық мүмкіндіктер туғызу. 
Жаһандану  тұңғыш  рет  біртұтас  ақпараттық  кеңістік  арқылы  әлемдік 
экономиканың  барлық  құрамдас  бөліктерін  –  өндірісті,  ғылымды,  қаржыларды, 
тұтынуды  біріктіруде.  Олардың  қазіргі  өзара  тәуелділігі  соншалықты,  ұлттық  және 
аймақтық  нарықтардың  әлемдік  нарықтан  кез  келген  оқшаулануы  ол  ұлтты  немесе 
аймақты құлдырауға ұшыратады. 
Жаһандану кері айналмас сипатқа ие болып, экономикалық дамудың шартына 
айналуда.  Нарықтар  арасындағы  кең  ауқымды  қаржылық  ағындарға  байланысты 
қазіргі  күнде  триллион доллармен өлшенетін,  тауардың  өзіндік  құнын  10-12%-ке 
түсіретін  және  сонымен  бүкіл  циклдық  дамуды  өзгертетін  электрондық 
сауданың елеулі өсуі байқалады. Дегенмен де, жаһанданудың қазіргі үрдісі бірқатар 
кері  зардаптар  әкеледі.  1990  жылы  адам  басына  есептегенде  орташа  кіріс  аса 
дамыған  17  елде  басқалармен  салыстырғанда  4,5  есе  жоғары  болған.  1999  жылы 
жердің аса бай тұрғындарының 20%-і әлемдік ЖІӨ-нің (жалпы ішкі өнімнің) 86%-не, 
ал аса кедейлері 1%-ке ие болды. Планета халқының 30%-і күніне бір доллардан кем 
қамтамасыз  етілген.  Постиндустриалдық,  индустриалдық  және  дамушы  елдердің 
арасындағы алшақтық кему орнына, керісінше, өсе түскендігі байқалып отыр. Ашық 
нарықтық принциптерге шартты түрде сүйенетін, ал шын мәнінде дамыған елдердің 
бәсекелестік артықшылығын пайдаланатын «Вашингтондық консенсус» адамзаттың 
аз бөлігі үшін ғана қызмет етеді. 
Жаһандық  ақпараттық  кеңістік  және  ғаламдық  ақпараттық  қоғамның 
қалыптасуы.  Ғаламдық  ақпараттық  кеңістікті  қалыптастыруда  технологиялық 
түпқазық  болып  табылатын,  ақпараттық  қоғам  дамып,  қызмет  ететін  қазіргі 
компьютерлік 
технологиялардың 
маңызы 
зор. 
Қазіргі 
компьютерлік 
технологиялардың дамуында ғаламдық компьютерлік желі Интернеттің құрылуы аса 
маңызды кезең болды. Интернет желісі – бүкіл әлемде бірнеше миллион адамдарды 
қамтып,  біріктіретін  біртұтас  ақпарат  кеңістігі.  Интернетті  қолданушылар  өте  кең 
көлемдегі  ақпараттық  қызметтерге  қол  жеткізе  алады:  баспасөз  сайттарын,  радио, 
теледидар,  электронды  пошта,  электрондық  коммерция,  телеконференциялар, 
хабарландырулар  тақтасын,  жаңалықтар  топтамасын,  чаттарды  және  т.б.  көптеген 
қызмет түрлерін қолдана алады. 
Ақпараттық  қоғам  –  өндіріс  пен  ғылыми-техникалық  және  басқа  ақпаратты 
қолдануды қоғам дамуының басты факторы ретінде қарастыратын  әлеуметтік және 
футурологиялық  тұжырымдама;  өндірістің  жоғары  деңгейімен  және  ақпарат  пен 
ақпараттық  қызметтер  мүддесімен  сипатталатын  қоғам.  Әлемнің  мәдениетті  елдер 
қатарында 
болған 
компьютерлік 
өркениет 
адам 
жандүниесінің, 
қоғам 
идеологиясының, 
білім 
мазмұнын 
анықтау 
мен 
жаңа 
ақпаратты 
білім технологияларын құрастыру жолдарының өзгеруіне әкеліп соқтырады [2]. 
Ақпараттық қоғам тұжырымдамасы З. Бжезинский, Д. Белл, А. Тоффлер негізін 
қалаған постиндустриалды қоғамның бір түрі болып табылады. 
«Ақпараттық  қоғам»  ұғымынан  басқа  әртүрлі  авторлар  әркелкі  атаулар 
қолданады:  «ағартылған  қоғам»  (К.  Флекснер),  «қатер  қоғамы»  (У.  Бек), 
«посткапиталистік  қоғам»  (П.  Друккер),  «ашық  қоғам»  (Дж.  Сорос). 1950-1970 
жылдары  техниканың,  компьютердің  қарқынды  дамуы,  жалпы  ғылыми-техникалық 
өркениет салған жол арқылы адамзат баласының жаңа дәуірге аяқ басқандығы айқын 

№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015         ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
37 
байқалды. 
Адам 
баласының 
толық 
«техникаландырылған» 
және 
«ақпараттандырылған»  әлемде  өмір  сүру,  тіршілік  ету  мәселесі  философтарды  да 
толғандырмай қоймады, соның әсерінен «ақпараттық қоғам» тұжырымдамасы пайда 
болды (Тоффлер) [3]. 
«Ақпараттық  қоғам»  тұжырымдары.  XX  ғасырдың  70-80-ші  жылдарында 
болашақты  супериндустриалды,  технотронды,  кибернетикалық,  ақпараттық 
қоғамдар  шеңберінде  қарастырған  бірнеше  тұжырымдама  пайда  болды.  Оларға 
мынадай екі алғышарт тән: 
1) қоғамның негізгі  факторларының бірі  ретінде ақпараттық  техника аталады, 
соның арқасында «ақпараттық қоғам» ұғымы біртіндеп басқаларды ығыстырады; 
2)  ақпараттық  қоғамды  техносфераның,  қоғамның  тарихи,  мәдени  және 
әлеуметтік-экономикалық дамуының ерекше кезеңі ретінде қарастырады. 
Тоффлердің  айтуынша,  техникалық  өзгерістер  үш  кезеңнен  өтеді:  біріншісі 
аграрлық  мәдениетпен  байланысты,  екіншісі  –  индустриалды,  үшіншісі  – 
ақпараттық. Жер, еңбек, капитал, шикізатқа қарағанда ақпарат аса маңызды мәнге ие 
болады,  ал  бұқаралық  стандарттандырылған  өндіріс  информатика  мен 
супертехнологияларға  сүйенетін  қолөнері,  ой  еңбегі  негізінде  жасалатын  жеке 
«кәсіптік»  жаңа  жүйемен  алмастырылады.  Мұндай  өндірістің  соңғы  өнімі 
стандарттандырылған  миллиондаған  бірдей  тауарлар  емес,  жекелеген,  қайталанбас 
тұтыну  және  қызмет  өнімі  болып  табылады.  Көптеген  авторлардың  пікірінше, 
мұндай қоғамды орнатудың ең жақсы тәсілі бюрократия емес, адхократия (қандай да 
бір нақтылы міндетті шешуге бағытталған уақытша ұйым). 
Тоффлердің пікірінше, ақпараттық қоғамға тән ең басты белгілер мыналар: 
-  экономикалық және әлеуметтік өмірдің  барлық  қырын  бұқаралық  және 
стандарттық сипаттардан арылту; 
-  қоғамда  болып  жатқан  өзгерістердің  қарқындылығы,  инновациялардың 
жоғары деңгейлілігі. 
Қалыптасып  келе  жатқан  ғаламдық  ақпараттық  қоғамда  ақпараттың  рөлі  мен 
мәні  артып  отыр.  Ақпараттық  технологиялардың  төңкерістік  іс-әрекеттері 
ақпараттық 
қоғамда 
таптарды 
әлеуметтік 
жіктелмеген 
«ақпараттық 
қауымдастықтармен» алмастыруға алып келеді (Е. Масуда). 
Тоффлер  дәстүрлі  епетейсіз  корпорацияларға  «шағын»  экономикалық 
қалыптарды  –  үйдегі  жеке  индивидуалды  қызметті,  «электронды  коттеджді»  қарсы 
қояды.  Олар  ақпараттық  қоғамның  инфо,  техно  және  адам  тұрмысының  басқа  да 
салаларының жалпы құрылымына енгізілген. 
Теледидар,  компьютер  қызметі  және  энергетика  синтезі  негізінде  «Ғаламдық 
электрондық  өркениет»  жобасы  –  «телекомпьютер  энергетика»  жасалуда  (Дж. 
Пелтон).  «Компьютерлік  төңкеріс»  біртіндеп  дәстүрлі  баспаны  «электрондық 
кітаптармен»  алмастыруда,  идеологияны  өзгертіп,  жұмыссыздықты,  бос  уақытын 
қызықты өткізуге айналдыруда (X. Эванс). 
Әлеуметтік  және  саяси  өзгерістер  ақпараттық  қоғам  теориясында 
«микроэлектронды  төңкерістің»  тікелей  нәтижесі  ретінде  қарастырылады. 
Демократияны 
дамыту 
болашағы 
ақпараттық 
техниканы 
таратумен 
байланыстырылады.  Тоффлер  және  Дж.  Мартин  оның  басты  рөлін  азаматтар  мен 
үкіметті  тікелей  байланыстыратын,  шешім  қабылдауда  олардың  пікірін  есепке 
алатын телекоммуникациялық «кабельдік желіден» көреді. 
Ақпараттық қоғам тұжырымдамасы технологиялық детерминизмнің әлсіздігін, 
қоғамды  компьютерлендірудің  жағымсыз  қырларын  алға  тартқан  гуманистік 
бағытты ұстанатын философтар мен ғалымдардың тарапынан сынға ұшырады [4]. 

№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015         ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
38 
«Лоббизм»  ұғымының  ерекшеліктері  және  оның  ақпараттық  саясаттағы 
көрінісі.  Лоббизм    заңдарды  қабылдау,  мемлекеттік  тапсырыстарды  орналастыру 
кезінде  ірі  монополиялардың  мүддесіне  бола  заң  шығарушылар  мен  мемлекеттік 
шенеуніктерге  ықпал  ететін  заң  шығарушы  органдардың  жанындағы  осы 
монополиялардың кеңселері мен агенттіктері жүйесі. 
Лоббизм    жеке  тұлғалардың,  саяси  субъектілер  мен  ұйымдардың  белгілі  бір 
заң  жобаларына,  қабылданатын  шешімдерге  ықпал  ету  мақсатында  жасайтын  іс-
әрекетін білдіретін ұғым. 
Лобби ұғымы алғаш рет  1808 жылы АҚШ  Конгресінің хаттамаларында пайда 
болды. Лоббиді АҚШ саясаттанушылары «Конгрестің үшінші палатасы», «үкіметтің 
төртінші  билігі»  деп  сипаттады.  1864  жылы  лоббистік  іс-әрекет  арқылы  АҚШ 
Конгресіне қажетті шешім қабылдату мақсатымен сенаторлар дауысын ақшаға сатып 
алу  орын  алды.  Кейін  заңсыз  лоббизмнің  таралуына  орай  оны  заңдастыру  міндеті 
қойылды. 
1946 жылдан АҚШ-та лоббилік әрекеттер заңға сәйкес деп танылып, қаржылық 
қадағалауға  алынды.  Лоббилік  әрекеттер  мемлекет  бюджетті  бөлу,  қаржыландыру, 
әр  түрлі  жеңілдіктерді  талап  етуге  бағытталады.  Ірілі-ұсақ  өндірістік-қаржылық 
топтар әкімшілік саяси және қаржы технологияларын кеңінен пайдалана отырып, өз 
мүдделерін лоббистік топтар арқылы қорғай алады. 
Лоббистік  қызметке  саяси  және  қаржылық  технологияларына  орай  мемлекет 
билік  органдарына  ақпарат,  құжаттар  мен  жобалар  ұсынуы;  парламент  комитеттері 
мен  комиссияларының,  атқарушы  билік  органдарының  мәселелерді  талқылауына 
қатысуы; белгілі бір адамның мақсат-мүдделерін қорғау мақсатында депутаттармен 
және мемлекет билік органдарының лауазымды тұлғаларымен ауызша және жазбаша 
байланыстары, т.б. жатады. 
Лоббистік  ұйымдарға  көптеген  заңдық-құқықтық  фирмалар,  әр  түрлі  кеңесші 
кеңселер және жұртшылықпен байланыс жөніндегі агенттіктер жатады. Қазіргі кезде 
лоббизм  мемлекет  билік  органдарына  ықпал  етудің  күшті  механизміне,  саяси 
жүйенің бейресми институтына айналып отыр [5]. 
Лоббизм  –  (ағылшын  тілінде  «lobby» –  мәжілістен  тыс  жерлердегі  күңкіл 
сөздер)  –  билік  институттары  ресми  қызметінен  тысқары  жүзеге  асырылатын, 
ықпалды  іскерлер  мен  саясаткерлердің  –  лоббистердің  –  нақтылы  бір  топтардың 
мүдделерін  қорғайтын  заң  жобасын  жақтап,  талап  етілетін  үкімет  шешімін 
қабылдауға немесе өздеріне пайдалы мемлекеттік тапсырысты алу үшін талаптануы. 
Осы  мақсатпен  жеке  кездесулер,  байланыстар,  келіссөздер  ұйымдастырылады, 
ғылыми 
зерттеулердің 
нәтижесі 
баяндалған, 
қоғамдық 
пікірді 
зерттеу 
қорытындылары  көрсетілген  хат  және  телеграммалар  табысталады.  Әдетте, 
лоббистер  өз  мақсаттарына  жету  жолында  ештеңеден  тайынбайды:  «ауыз 
бастырық»,  пара  беру,  қызмет  көрсету,  қоқан-лоқы  жасау,  арандату  және  т.б. 
әрекеттерге дейін барады. 
Лоббизм АҚШ саяси өміріне анағұрлым жақын. Алайда, мұнда лоббизм  – тек 
мәжілістен  тыс  жерлерде  уағдаласу  (ол  да  кеңінен  таралған)  ғана  емес,  сонымен 
қатар, заң жобаларын, биліктік-нұсқаулық актілерді сарапшылар, кеңесшілер ретінде 
дайындап, қабылдауға қатысудан көрініс табады. 
Лоббизмді  заңды  және  заңсыз  деп  бөлуге  болады.  Екеуінің  аражігін  ажырату 
қиынға  соғатындықтан,  оған  саяси  құбылыс  ретінде  қарау  да  біржақты  емес. 
Лоббизмге  екі  тәсіл  қолдану  қалыптасқан:  тыйым  салушы  және  құқықтық-
реттеушілік. 
Бірінші тәсілді жақтаушылар лоббизмді қылмыстық әрекетпен теңестіреді және 
осы негізде заңнамалық санкциялар енгізу арқылы оны жоюға талпынады. 

№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015         ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
39 
Екінші  тәсілдің  жақтаушылары  лоббистік  белсенділікті  құқықтық  шеңбермен 
шектеуді  ұсынады.  Мысалы, Францияда лоббистік  әрекет  заңсыз  болып  танылса, 
Үндістанда  сыбайлас  жемқорлыққа  теңдестірілген,  АҚШ  пен  Канадада  заңмен 
реттеледі [6]. 
Парламент  депутаттарына,  үкімет  мүшелеріне  әлдебір  не  басқа  әлеуметтік 
немесе  саяси  күштердің  пайдасы  үшін  әлдебір  не  басқа  шешімдердің  пайдасына 
(ресми  емес кездесулер, пікір  алмасулар, құлағдар қоғамдық аялардағы ресми емес 
әңгімелер  мәжіліс  залынан  тыс  жерде)  ұйымдастырылған  қысым  көрсетулер  тобы. 
Кәсіподақтардың,  соғысқа  қарсы  қозғалыстардың,  кәсіпорын  директорларының, 
экономиканың  аграрлық  секторы  өкілдерінің  және  т.б.  парламентте  өз  лоббилары 
болуы мүмкін; осы топтардың агенттері – лоббистер [7]. 
2006  жылы  Қазақстанда  «Лоббизм  туралы  заң»  жобасын  Парламентке  енгізу 
жоспарланып отырғаны туралы мәселе талқыға салынды. Бұл туралы Астанада 2006 
жылғы сәуірдің 4-і күні Әділет министрлігінде хабарланды. 
Министрлік  өкілдерінің  айтуынша,  экономикалық  көрсеткіштері  тез  көтеріліп 
келе жатқан Қазақстан үшін мұндай заң қажет. Бірақ, кейбір заңгерлер бұл пікірмен 
келіспей отыр. 
Қазақстанда  лоббизм  туралы  заң  қажет  дейтін  заңгерлердің  айтуынша  қазір 
бәрібір бірнеше компанияның қызығушылығын ойлайтын лоббистер бар. «Олар пара 
арқылы,  таныс-тамыр  арқылы  өз  дегендеріне  жетіп  келеді.  Ал,  егер  олардың 
жұмысын  заңдастыратын  құжат  болса,  мемлекетке  одан  тек  табыс  түседі»,  -  дейді 
мамандар.  Өйткені  бұған  дейін  көлеңкеде  істеп  келген  адамдар  енді  ашық  жұмыс 
істеп, салық төлейтін болады. Оның үстіне бұған дейін жасырынып келген ақпарат 
заң шыққан соң нақты, түсінікті жазылады деген пікір және бар. 
Парламент  мәжілісінің  депутаты  Амангелді  Таспихов  жаңа  заң  жобасының 
тиімді  тұстары  басым  дейді:  «Ең  тиімдісі  –  кімдердің  кімнің  мүддесіне  жұмыс 
істейтінін бүкіл халық білетін болады. Солар мемлекеттің алдында өздерінің есебін 
беретін  болады.  Парламентке  кез  келген  адам  келіп,  кез келген  адамға  өз  мүддесін 
өңгеріп алып үгіттемейді. Лобби мен құжатым бар, осындай мәселемен келдім дейді. 
Оны өзі де, өзгелер де, мемлекеттік органдар да білетін болады». 
Әйтсе  де,  депутат  Амангелді  Таспихов  заңның  өрісін  кеңейту  керек  деп 
санайды. «Лобби бар екені рас, әр түрлі деңгейде. Бірақ, бұл заңда тек парламенттегі 
лобби туралы айтылған. Ал, негізінде үкіметте қабылданатын шешімдерде де лобби 
бар.  Меніңше,  заңның  өрісін  кеңейтіп,  тек  парламент  шешімдеріне  ғана  емес, 
үкіметте қабылданатын шешімдерге де әсерін тигізетіндей етіп қарастыру керек»,  - 
дейді Парламент мүшесі. 
Ал, лоббизм туралы заң қажет емес дейтіндер болса, «лоббизм мен жемқорлық 
сөзінің  арасындағы  айырмашылық  үлкен  емес»  деген  уәж  айтады.  Егер  бұл 
заңдастырылатын  болса,  онда  байлар  ақшасының  арқасында  өздеріне  қолайлы 
жағдай  жасау  үшін  лобби  заңын  кең  қолданады,  ал,  кедейлер  ол  түгілі,  салық 
заңдарына өзгеріс енгізе алмай қинала береді деген пікірлер айтылып жатыр. 
Өзін  лоббист  санайтын  Орталық  кәсіпкерлер  қауымдастығының  төрағасы 
Талғат  Доскенов  мұндай  қауіп  бар  екенін  растайды.  Ол  қазірде  елдегі  ірі  капитал 
мен шағын және орта бизнес арасында қайшылық барын, біреулері өз монополиясын 
кеңейткісі  келсе,  келесілері  бәсекелестік  жағдайында  жұмыс  істеуге  ықыласты 
екенін айтады. 
Қазақстан  Республикасы  Президентінің  жанындағы  адам  құқы  жөніндегі 
комиссия  мүшесі,  заңгер  Марат  Башимовтың  пікіріне  салсақ,  лоббизмді 
заңдастырған  жақсы  болғанымен,  ең  әуелі  ол  заң  шикі  болмауы  керектігін 
ойластырған дұрыс. 

№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015         ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
40 
«Бір  жағынан,  ретіне  келтіретіндігі,  заңгер  ретінде  маған  ұнап  тұр.  Бірақ, 
түсінбей  тұрғаным  –  бай  лоббистер  –  мұнайшылар,  құрылысшылар  өз  лоббиін 
өткізіп жіберуі мүмкін. Ал, әлеуметтік жағына барғанда олардың ақшалары жоқ қой? 
Олардың лоббистеріне ақшаны кім төлейді?» - дейді заңгер Марат Башимов. 
Лоббизм  туралы  заң  қажет  дейтіндер,  керісінше,  бұл  құбылыс  бәрібір  бар,  ал 
егер оны өркениетті елдердегідей Қазақстан да заңдастыратын болса, тек көпшілікке 
қолайлы шешімдер қабылданатын болады дегенді алға тартады. 
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің өкілі Тамарахан Сафарованың 
айтуынша,  егер  ондай  заң  болса,  онда  лоббистер  тіркеледі,  олардың  жұмысына 
лицензия беріледі, лоббистер кәсіби заңгерлер болады, бастысы – олардың жұмысы 
ашық болмақ. 
Бұған  дейін  өткізілген  әлеуметтік  сауалнама  мәліметіне  сүйенсек, 
тұрғындардың  62  пайызы  лоббистер  үкіметте  көп,  ал,  35  пайызы  парламентте  көп 
деп  жауап  берген.  Бірақ,  ондағы  лоббистер  көбінесе  қалталы  азаматтарға  қолайлы 
жағдай жасау үшін жұмыс істейді деген пікір бар. Өзін лоббист санайтын Орталық 
кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы Талғат Доскенов болса, парламентте шағын 
және орта бизнестің қызығушылығын ойлайтын бірде бір лоббист жоқ деп санайды. 
Қазақстанда бұған дейін лоббизм туралы заңды енгізу ұсыныстары бірнеше рет 
жасалғанымен,  әзірге  өзгерген  ештеме  жоқ,  дейді  бақылаушылар.  Кейбір 
сарапшылар ірі компаниялардың басшылары қазіргі жағдайдың сақталуын қалайды 
деген пікір білдіреді [8]. 
Мүдделік  қолдау  заңының  қажеттілігі  Қазақстанның  Әділет  министрлігі 
тарапынан қозғала бастады. Лоббизмді заңдастыру әрекеттері алғаш рет 1998 жылы 
жасалған  болатын.  Алайда,  үкімет  және  парламент  тарапынан  пікірлер  бір  арнада 
тоғыспағандығы себебінен, заң жобасын талқылау кейінге қалдырылып келген. 
Қазақстандық кейбір сарапшылар лоббизмді көлеңкеден алып шығу қажеттігін 
айтуда. Тек, қалай болған күнде де, мүдделік қолдау заңы қоғамның емес, қалталы 
азаматтар мен қаржылық топтардың пайдасына жасалуы мүмкін деген қаупін заңды 
жақтаушылар да жасырмайды. 
Тәуекелдерді бағалау тобының директоры Досым Сәтпаев өзін лоббизм туралы 
заңның  жақтаушыларының  қатарына  жатқызады.  Саясаттанушы  кезінде  осы 
тақырыпта өзінің кандидаттық диссертациясын жазған көрінеді. 
«Қазақстанда  лоббизм  бар,  тек  ол  көлеңкелі  деңгейде  ғана,  -  дейді  Досым 
Сәтпаев.  –  Іс  жүзінде  Қазақстандағы  лоббизмнің  деңгейін  біз  түрлі  астыртын 
шешімдердің  қабылдануынан,  түрлі  қаржылық  топтардың  қатысатын  жабық 
тендерлердің  өткізілуінен  көріп-біліп  жүрміз.  Ал  лоббизм  туралы  қандай  да  бір 
заңдық күші бар құжат дүниеге келсе, азаматтық институттар үшін кішкене болса да 
заңнамалық процесске қатысуға мүмкіндігі пайда болады. Негізі, заң қабылданса да, 
қабылданбаса  да  –  олигархтар  мен  қалталыларға  одан  келіп  кетері жоқ.  Кез-келген 
жағдайда олар ұтылмайды». 
«Transparency  Kazakhstan»  қоғамдық  қорының  атқарушы  директоры  Сергей 
Злотников  болса,  Қазақстанға  лоббизм  туралы  заңның  мүлдем  қажеті  жоқ  деген 
пікірде. «Қазақстан заңнамасы мұндай заңның қабылдануына мүлдем дайын да емес. 
Көп мемлекеттер осы заңсыз-ақ өмір сүріп жатыр ғой. Еуроодақта мұндай заң жоқ. 
Тек  қана,  мен  білетінім,  Америкада  бар.  Бірақ  лоббизм  заңын  қабылдау  үшін  біз 
біржола америкалық заң жүйесіне өтуіміз керек», - дейді Сергей Злотников. 
Қазақстан  Республикасы  Парламенті  Мәжілісінің  депутаты  Амангелді 
Таспихов  лоббизм  уралы  заңның  жоқтығынан,  жемқорлық  өсіп  келеді  дейді.  «Бұл 
заңның  қоғам  үшін  маңызы  зор  болады.  Лоббизм  туралы  заң  дүниеге  келсе, 
қалталылардың қолы шамалы болса да қысқарады», - де 
ді ол. 

№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015         ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
41 
Лоббизм  туралы  заң  саясаттанушы  Досым  Сәтпаевтың  айтуынша,  қоғамның, 
мемлекеттегі  әрбір  азаматтың  заң  шығару  процесіне  тікелей  араласуы  қажеттігінен 
туындап отырғандығынан көрінеді. «Қазақстандық заңнама лоббизм туралы заңның 
жасалуына  дайын  емес  деген  бос  сөз.  Қазақстандағы  әрбір  азаматтың  партиялар, 
депутаттар, қандай да  бір басқа құрылымдар  арқасында, мемлекеттің саяси өміріне 
қатыса  алатындығы  жөнінде  Конституцияда  да  айтылған.  Шикі  болса  да,  лобби 
туралы заң қабылдануы тиіс», - дейді ол. 
Қазақстан  Республикасы  Парламенті  Мәжілісінің  депутаты  Тито  Сыздықов 
болса,  мұндай  заңның  Парламентке  өтуі  екіталай  деген  пікірде.  «Мен  лоббизм 
туралы  заңның  жобасын  жасауға  қатысқан  да  емеспін,  оның  мәтінімен  де  таныс 
емеспін.  Одан  кім  пайда  көретінін  де  айта  алмаймын.  Оның  қабылданбақ  түгіл, 
Парламент қарауына өтеді дегенге де күмәнданамын», - дейді ол. 
Еуропалық  елдерде  лоббизм  туралы  заң  жоқ,  Францияда  ол  –  қылмыс  түрі. 
Үндістанда  лоббизм  –  жемқорлық  деп  саналады.  Көршілес  Ресейде  лоббизмді 
заңдастыру  1992  жылдан  бері  сөз  болып  келеді.  Бірақ,  әлі  күнге  дейін  бұл  мәселе 
шешілмеген. 
Қазақстанда «Лоббизм туралы» заңды талқылау үкіметтің 2006 жылғы жұмыс 
жоспарына  кіргізілген  болатын.  Алайда,  қазіргі  кезде  аталған  заң  жобасының 
тағдыры белгісіз болып отыр [9]. 
2014  жылдың  10  сәуірде  Алматыда  өткізілген  Х  Халықаралық  тәуекел-
менеджмент  конференциясында  Тәуекелдерді  бағалау  тобының  директоры, 
саясаттанушы  Досым  Сатпаев  «Қазақстандағы  лоббизм  және  ақпараттық 
қауіпсіздік» мәселесі туралы талдау жасады. 
Сарапшы мынадай мәселелер бойынша түйіндемелерін ұсынған: 
Саяси  ақпарат  топ  арасындағы  егес  құралына  айналды.  Қазақстанда  қандай 
саяси  коммуникация  тәсілдері  басым?  Қазақстанның  саяси  жағдайында  шешім 
қабылдау  орталығы  мен  қоғам  арасындағы  байланыс  арналары  қалыпты  ақпарат 
айналымы болатындай аса көп емес. Оның негізгі көздері – саяси жүйенің өз ішінде. 
Бұл жағдайдың себептері мынада: 
1.  Посткеңестік  мемлекеттердің  басым  бөлігіне  «іштен  кіру»  жүйесі  тән,  бұл 
шешім  қабылдауға  саяси  жүйенің  өз  ішіндегі  қысым  көрсететін  топтардың  елеулі 
түрде ықпал етуі. 
2.  Бұл  жерде  негізінен  мемлекеттік  аппарат  бөлігінің  мүддесін  білдіретін 
немесе  онымен  тығыз  байланысты  қысым  көрсетудің  институттық  топтары  жұмыс 
істейді. 
Соңғы  кездері  тікелей  лоббизмнің  өзгергенін  көруге  болады.  Қазақстанда 
өздерінің лоббистік ниеттерін жасырмайтын құрылымдар пайда бола бастады. Оның 
үстіне  оларды  құру  мақсаты  бастапқыда-ақ  лоббистік  құрал  ретінде  пайдалану 
болды. Мысалы, 1 млн. 600 мың мүшесі бар Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы (КҰП). 
2013  жылдың  қыркүйек  айында  КҰП  төралқасының  төрағасы  болып  КаzEnergy 
мұнай-газ және энергетикалық кешен ұйымдары қауымдастығының төрағасы Тимур 
Құлыбаев  тағайындалды.  КҰП  құрылтайшыларының  бірі  –  Үкімет.  Осылайша, 
палата, бәлкім, ең бірінші елдегі ресми лоббистік құрылым болды. 
Сарапшылардың  ойынша,  отандық  лоббизмді  зерттегенде  қысым  көрсететін 
топтардың ақпараттық қызметіне, оның қазақстандық саяси жүйедегі орны мен саяси 
ақпарат айналымындағы рөліне көп көңіл бөлу керек. 
Саяси қатынастың негізгі екі нысаны: 
1. Бейресми байланыстарды пайдалану (тікелей немесе ішкі, лоббизм). Мұндай 
қатынас делдалы  –  «knowhow»  (қалай екенін) +  «knowwho»  (кімнің пайдала екенін 

№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015         ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
42 
білетін) технологиясын білетін адам. Мұндай қатынас түрін саяси жүйенің өз ішінде 
жұмыс істейтін институттық қысым көрсету топтары белсенді түрде пайдаланады. 
Біздің  жағдайда  саяси  ақпарат  саяси  дамуды  түзететін  рөлін  ойнауды 
тоқтатады,  себебі  топтар арасындағы егес құралына айналады. Яғни, саяси ақпарат 
айналымы бұзылған. Бұл сырттан түсетін ақпараттың іріктеу мен сүзгіден өткізудің 
барлық  деңгейінде  позитивтік  оқиғалар,  үрдістер  мен  нәтижелерге  қарай 
бұрмалануына  байланысты.  Әншейін  ақиқат  ақпараттың  шешім  қабылдайтын 
орталыққа жетпей қалатыны сирек құбылыс емес. Соңында орталық қате деректерді 
пайдаланады да, жеткен дабылға қатысты қате әрекет қолданады. Бұл кешігу әсерін 
беріп,  елеулі  жанжалды  жоюға  кедергі  келтіреді.  Мысалы,  Жаңаөзен  –  ең 
дәлелділердің  бірі.  2011  жылдың  желтоқсан  айындағы  қайғылы  оқиға  Ақордаға 
баратын ақпарат ағымын оқшаулауды жойды деп сенгіміз-ақ келеді, бірақ... 
Тағы бір көрнекті ақпараттық индикатор  – Қашағандағы жағдай. Мемлекеттік 
құрылымдар  мен  консорциумға  қатысушылардың  кереғар  мәлімдемелеріне 
қарағанда,  Ақорда  аса  үмітке  толы  болжамдармен  жұмыс  істеп  отырған  сияқты. 
Қалай  болғанда  да,  «Bloomberg»  алған  сұхбатта  Елбасы  2014  жылдың  бірінші 
тоқсанының  аяғына  қарай  жөндеу  жұмыстары  аяқталып,  Қашағанда  мұнай  ірі 
көлемде өндіріле бастайды деп мәлімдеді. Осы жерден-ақ Елбасыға кен орнындағы 
нақты жағдай туралы қаншалықты дұрыс ақпар берілгенін түсінуге болады. 
Қалаулылар  арасында  саяси  қатынастың  қалай  жұмыс  істейтініне  еліміздің 
ұлттық  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  тәуелді.  Атап  айтқанда,  Елбасыны, 
Парламентті,  Үкіметті  және  ұлттық  қауіпсіздік  қамтамасыз  ететін  күштерді 
ақпараттық  оқшаулауға  жол  бермеу  туралы  «Қазақстан  Республикасының  ұлттық 
қауіпсіздігі туралы» ҚР заңының 23-бабында айтылған. 
2. Офлайн- және онлайн-медианы пайдалану (тікелей немесе жанама лоббизм). 
БАҚ  және  әлеуметтік  желілер,  сондай-ақ  жаппай  наразылық  акцияларын 
ұйымдастыру  арқылы  өз  мүдделерін  тықпалаудың  жанама  нысаны  биліктің  қандай 
да  бір  шешіміне  қарсы  шығып,  қысым  көрсетуге  тырысатын  «бір  мақсаттық»  деп 
аталатын әлеуметтік топтар үшін кейде белгілі бір пайда әкеледі. 
Мысал ретінде бірнеше жыл бұрынғы Қазақстан Республикасындағы «оң рөлді 
машиналарға» тыйымға қарсы наразылықты немесе еңбек және халықты әлеуметтік 
қорғау  министрін  орнынан  кетірген  зейнетақы  реформасына  қарсы  аты  шулы 
науқанды еске алуға болады. Қайткенмен де, бұл  ішінара табыс әкелетін бір реттік 
акциялар, себебі тура сол зейнетақы реформасы толық тоқтатылмай, тек уақыты ғана 
созылды. 
Қалаулылар  арасында  қысым  көрсету  топтары  үшін  жанама  лоббизм  – 
компроматтар  соғысы  аясындағы  немесе  орталықтағы  және  аймақтардағы  топ-
шенеуніктердің 
тиімділігін 
бағалайтын 
түрлі 
рейтингілер 
көмегімен 
бәсекелестерінің  беделін  түсіру  құралы.  Бұл  жерде  негізгі  екпін  қоғамдық  пікірді 
емес, қандай да бір үміткерге деген Ақорданың көзқарасын қалыптастыруға беріледі. 
Қазақстандықтар  бөтеннің  ақпараттық  соғысының  құрбаны  болды.  Бірақ  бұл 
ағаштың  екі  басы  сияқты  дүние.  Жанама  лоббизм  медианарықта  қолға  үйретілген, 
басқаруға  болатын  БАҚ-тың  басым  болуын  білдіреді,  олар  бір  жағынан 
компроматтар  соғысында  аса  ыңғайлы,  ал  екінші  жағынан  шетелдіктермен 
салыстырғанда бәсекеге қабілеті жоқ. Ал бұл Қазақстанды ақпараттық шалғайлыққа 
ұшыратады,  ол  жерде  біз  көбіне  бөтендердің  ақпараты  мен  идеологиясын 
тұтынушыға айналамыз, бұл бүкіл саяси жүйе үшін қауіпті. 
2013 жылы сол кездегі мемлекеттік хатшы, қазір Қазақстан Республикасының 
Ресейдегі  елшісі  Марат  Тажиннің  әлсіз  идеологиялық  жұмысы  үшін  мемлекеттік 
БАҚ-ты  сынағанын  еске  алайық.  Одан  ертеректе,  2009  жылы  премьер-министр 

№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015         ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
43 
Карим  Масимов  Қазақстан  халқының  55%-ына  жуығының  ресейлік  ақпараттық 
кеңістікте  өмір  сүретінін  мәлімдеген.  Ал  2010  жылы  ол  шетелдік  сериалдардың 
қазақстандық  жастарға  деген  теріс  ықпалына  қатысты  мазасыздық  білдірді.  Яғни 
мемлекеттік құрылымдар тарапынан мәселені түсініп отырғандық байқалады. 
Қазақстандағы ақпараттық басымдылықтың төрт негізгі орталығы: 
1. Ресейлік БАҚ. 
2. Трансұлттық медиакорпорациялар. 
3. Трансұлттық әлеуметтік желілер. 
4. «Сыбыс». 
Келешекте Қазақстандағы орыс тілді ақпараттық сегменттің қысқаруына қарай 
ақпараттық  ықпал  тұрғысынан  белгілі  бір  орынды  Түркия  алуы  мүмкін.  Атап 
айтқанда,  түркі  тілдес  мемлекеттер  саммитінің  аясында  ортақ  ақпараттық  кеңістік 
құру жобасы туралы бірнеше рет айтылды. 
Бірақ  бүгінде  барлық  трансұлттық  медиаимпериялар,  сондай-ақ  әлемдік 
әлеуметтік  желілердің  бас  кеңселері  дамыған  елдерде  отыр.  Сондықтан  жаңалық 
ағымының негізгі бағытын өзгерту ғаламдық ойыншылар көзқарасын көрсетеді. 
Айтпақшы,  Украинаға  қатысты  қазақстандық  қоғамның  қақ  айырылуы  да  ел 
ішіндегі  қоғамдық  пікірге  ресейлік  және  батыстық  БАҚ  ықпалының  зор  екенін 
айқындап  отыр.  Украинаға  қатысты  оқиға  өзінің  объективті  ақпаратын  таратуға 
қабілетсіз  қазақстандық  медиаойыншылардың  әлсіздігінен  отандастарымыз 
бөтендердің  ақпараттық  соғысының  құрбанына  қалай  тез  айналатынын  жақсы 
көрсетіп берді. 
Медианарықтағы жағдайды өз бақылауына алуға тырысқан мемлекеттің кезекті 
бір әрекеті – Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат агенттігін құруы. 
Дегенмен,  биліктің  ақпараттық  кеңістіктегі  жұмыста  стратегиялық  бастаманы 
жоғалтып алғаны айдан анық байқалады. Ал ұлттық қауіпсіздік туралы заңда елдің 
ақпараттық  тәуелділігіне  жол  бермеу  және  басқа  мемлекеттер,  ұйымдар  мен  жеке 
тұлғалар  тарапынан  ақпараттық  экспансия  мен  қоршауды  болдырмау  туралы  тайға 
таңба басқандай етіп жазылған. 
Қазіргі  кезде  қоғамдық  пікірмен  көптен  бері  түрлі  қатынас  арналары  жұмыс 
істеп,  өз  пікірлерін  белсенді  түрде  тықпалап  жатыр.  Бұл  –  әлеуметтік  желілер, 
шетелдік  БАҚ  түріндегі  баламалы  идеологиялық  орталықтар,  жастармен  қатары 
толығып  келе  жатқан  діни  салада  жұмыс  істейтін  экстремистік  ұйымдар,  сонымен 
қатар қуаты бүкіл ресми БАҚ-тың басын қосқанда да асып түсетін «сыбыстар». 
2012  жылдың  маусым-тамыз  айларында  Қазақстан  Республикасы  сараптау 
ұйымдарының альянсы сауалнама жүргізген. Мақсаты  – еліміздің саяси келешегіне 
қатысты  халықтың  үрейі  мен  қорқынышын  зерттеу.  Елдің  4  аймағындағы  фокус-
топтарда 8 пікірталас, сондай-ақ оған қатысушылар арасында сауалнама (барлығы 78 
сауалнама)  өткізілген.  Жұмыста  Орта  Азиялық  демократияны  дамыту  қоры 
жүргізген  әлеуметтік  сауалнамалардың  нәтижелерін  екінші  қайтара  сараптау  да 
пайдаланылған. 
Девальвациядан  кейінгі  күндері  бірқатар  қазақстандық  банктер  тақырға 
отырады  деп  жіберілген  арандатқыш  SMS хабарламалар  Қазақстандағы  қаржылық-
экономикалық көңіл-күйді Үкімет те, Ұлттық банк те емес, БАА («бір апам айтты») 
дегеннің айқындайтынын тағы да көрсетіп берді. 
Мемлекеттің  сыбыс  таратқаны  үшін  12  жылға  дейін  жазаламақ  ниеті  – 
шыбынды  балтамен  өлтіруге  тырысуға  ұқсайды.  Сыбыс  деген  ақпараттық  вакуум 
мен ресми көздерге сенімсіздіктің туындауы. Ал вакуум мен сенімсіздік мемлекеттік 
құрылымдардың  тиімсіз  ақпараттық  жұмысына  байланысты.  Түптеп  келгенде, 
сыбыс таратқанды емес, сыбысқа жағдай жасағанды жазалаған дұрыс. 

№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015         ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
44 
Ақпаратты билемеген – мемлекетті де билей алмайды. Ия, қоғам санасына әсер 
ететін ақпаратты билей алмаған, өз мемлекетін де билей алмайды. Адамдар еліміздің 
медиакеңістігін  кереғарлығына  қарай  жеке  бөліктерге  жаратын  түрлі  көздерден 
ақпарат алады, олар: 
- мемлекеттік/оппозициялық БАҚ; 
- қазақ тілді/орыс тілді БАҚ; 
- offline/online БАҚ; 
- жергілікті/шетелдік БАҚ; 
- ресми көздер/бейресми қатынас арналары. 
Жыл  өткен  сайын  ел  азаматтарының  баламалы  ақпарат  ақиқатына  ығысуы 
артып барады, ол жерде билік орны тым әлсіз. 
Қалаулылар «таққа таласып» жүргенде, қоғаммен байланысын мүлдем жоғалту 
тәуекелі  бар,  ол  басқалардың  толық  ақпараттық  бақылауында  қалуы  мүмкін.  Бұған 
сыртта отырғандар да кіреді [10]. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет